Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
география сабак жоспары / 11 сын. ж-м.б. с.ж. (1).doc
Скачиваний:
209
Добавлен:
05.03.2016
Размер:
1.58 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы?

2. Шығыс Еуропа елдерінің аумағының құрамы?

3. Шығыс Еуропа елдерінің табиғат ресурстары?

4. Шығыс Еуропа елдерінің табиғатын қорғау?

5. Шығыс Еуропа елдерінің халқы?

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы, халқы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Тақырыбы: Шығыс Еуропа елдерінің шаруашылығы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Шығыс Еуропа елдерінің өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Болжамдап отырған нәтиже: Шығыс Еуропа елдерінің шаруашылығымен танысқан тұлға.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Б.Ү.Ү. кестесі. 6. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

Vі. Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық жағдайы?

2. Шығыс Еуропа елдерінің аумағының құрамы?

3. Шығыс Еуропа елдерінің табиғат ресурстары?

4. Шығыс Еуропа елдерінің табиғатын қорғау?

5. Шығыс Еуропа елдерінің халқы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Шығыс Еуропа елдерінің өнеркәсібін түсіндіру.

Отын-энергетика

Мұнай тапшылығына байланысты тас көмір мен қоңыр көмірге негізделген.

Машина жасау

Польшада ауыр машина жасау, станок, кеме жасау, Румынияда трактор, комбайн, электровоз, Венгрияда Жолаушы вагоны, өзен кемелері, автобус, Болгарияда кеме жасау т.б. маманданған.

Металлургия өнеркәсібі

Польшадағы Краков пен Катовице, Чехиядағы Острава мен Орталық Чехия, Словакиядағы Шығыс Словакия, Венгриядағы Дунайуварош, Румынияның Галац қаласындағы комбинаттар аймақтағы ең басты қара металлургия комбинаттары болып табылады.Венгрия әлемге ірі боксит-алюминий өнеркәсібімен әйгілі.

Химия өнеркәсібі

Венгриядағы химия-фармацевтика, Польшадағы мұнай-химия, Болгариядағы мұнай-химия кәсіпорындары тез қарқынмен дамуда.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Шығыс Еуропа елдерінің ауыл шаруашылығын түсіндіру.