Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
171
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

21-ТАҚЫРЫП

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ АУЫТҚЫМАЛЫЛЫҒЫ (НЕМЕСЕ ЦИКЛДІЛІГІ)

ЖƏНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

ДƏРІС

ЖОСПАРЫ:

 

21.1. Рыноктық экономика дамуының

 

 

ауытқымалылығы. Циклдік

 

 

тербелістердің себептері: сыртқы

 

 

жəне ішкі.........................................................

322

21.2. Экономикалық цикл жəне оның

 

 

əртүрлілігі.......................................................

325

21.3.Экономикалық өсім ұғымы, оның өлшемдері. Экономикалық өсудің

типтері мен факторлары...............................

330

21.4. Экономикалық өсудің үлгілері ......................

333

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

341

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

342

21-3/108-11

322 Экономикалық теория

РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКА 21.1. ДАМУЫНЫҢ АУЫТҚЫМАЛЫЛЫ-

ҒЫ. ЦИКЛДІК ТЕРБЕЛІСТЕРДІҢ СЕБЕПТЕРІ: СЫРТҚЫ ЖƏНЕ ІШКІ

Макроэкономикаға екі жағдай тəн болады:

1)қоғамдықөндіріспенқоғамдықтұтыну (рыноктасұраныс пен ұсыныс) жеткілікті түрде баланстандырылған кездегі тепетеңдік жағдайы. Онда экономикалық өсу тікелей траектория бойынша жүрген сияқты болады (өнімді шығару өндіріс факторларының өсуіне үйлесімді ұлғаюы);

2)теңсіздік жағдайы (қоғамдық ауқымда өндіріс пен тұтынудың теңгерімсіздігі).

Теңсіздік тұрақты жағдайдан экономиканың маңызды өндіріс көлемі, баға деңгейі, жұмысқа қабілетті халықтың жұмысбастылығы, пайда нормасы жəне т.б. параметрлері ауытқыған жағдайда көрінеді. Тепе-теңдік жағдайынан болған осындай ауытқулар ең үлкен сандық мəндерге жетсе, онда экономикалық өсууақытшакенеттенқарама-қарсыүдеріс– дағдарыспен(грекше krisis – бітуі, түбірлі өзгеріс) бітеді.

Экономикалық дамудың ауытқымалылығының сыртқы жəне ішкі факторларын бөліп көрсетеді.

Сыртқы факторларға экономикалық жүйеден тыс орналасқан мынадай жағдайлар жатады; халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкерістер мен басқа да саяси сілкіністер, жаңа аумақтарды игеру, алтын, уран, мұнай жəне басқа бағалы ресурстардың жаңа кен орындарының ашылуы, технология мен инновацияда алға шығу. Сыртқы факторлар болуымен экономикалық циклді түсіндіретін теориялар экстериалды деп аталады.

Интериалды теориялар экономикалық циклді экономикалық жүйеніңөзінетəнішкіфакторлартууыретіндеқарастырады. Ішкі факторларғамыналаржатады: капиталқызметініңнақтымерзімі; қысқаруы немесе өсуі өндіріс пен жұмысбастылық көлеміне əсер

21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 323

ететін өзіндік тұтыну; ақша қаражаттарын өндірісті жаңғырту менкеңейтугеинвестициялау, жаңажұмысорындарынашуға, сұраныс пен тұтынуда өндірісті реттеуге бағытталған мемлекеттің экономикалық саясаты.

Ұзақтығына байланысты экономикалық циклдердің келесідей типтерін бөліп көрсету:

1.ƏдеттеДж. Китчинциклдерідепаталатынқысқамерзімді циклдер. Ол цикл ұзақтығын алтынның əлемдік қорларының ауытқуымен байланыстырып, цикл ұзақтығын үш жыл төрт айға тең деп қабылдаған.

2.К. Жуглар циклдері атауын алған орта мерзімді циклдер. Ол экономикалық циклдер себептері ақша айналымы, дəлірек айтсақ несие саласымен байланысты деп есептеген.

3.Құрылыс циклдері немесе С.Кузнец циклдері. Ол экономикалық циклдер себептерін дүркін-дүркін тұрғын-үй жəне өндірістік ғимараттардың белгілі бір типтерін жаңартумен байланысты деп есептеген.

4.Инфрақұрылымның жаңа элементтерін құруға жеткілікті капиталдың қорлануы, аккумуляциялау мен шашырату механизмімен байланысты Н.Д. Кондратьевтің үлкен циклдері. Ең ұзақ кезең қызмет ететіндерге көпірлер, жолдар, ғимараттар мен басқа инфрақұрылымдар жатады. Оларды құру үшін капиталды қорлануы бойынша көп уақыт қажет болады. Бұл циклдердің ұзақтығы – 48-55.

Дағдарыстың ең жалпы анықтамасын беруге болады. Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс пен рыноктық қатынастардағы дұрыс байланыстардың жоғалуы жəне үзілуімен қатар жүретін шаруашылық жүйедегі тепе-теңдіктің елеулі бұзылуы. Бұл ең соңында, жалпы экономикалық жүйенің қызмет етуінің тепетеңсіздігіне əкеледі.

Дағдарыстардыңбарлықкөптүрлілігінүштүрлінегізбойынша жіктеуге болады.

Бірінші негіз – шаруашылық жүйелеріндегі тепе-теңдіктің бұзылу ауқымы бойынша.

324 Экономикалық теория

Жалпы дағдарыстар бүкіл ұлттық шаруашылықты қамтиды.

Жарым-жартылай болатын дағдарыстар экономиканың қандай да бір саласына тарайды.

Дағдарыстарды жіктеудің екінші негізі – экономикадағы тепе-теңдіктің жүйелі түрде бұзылуы.

Дүркін-дүркін болатын экономикалық дағдарыстар қандай да біруақытаралығындаміндеттітүрдеқайталаныпотырады(басқа аты – циклдік дағдарыстар).

Аралық дағдарыстар толық іскерлік циклге басым бермейді жəне қандай да бір фазада үзіледі, аса терең жəне ұзақ емес.

Тұрақты емес дағдарыстар пайда болуының өзіндік ерекше себептері болады.

Салалық дағдарыс халық шаруашылығының бір саласын қамтиды жəне өндіріс құрылымының өзгеруімен, дұрыс шаруашылық байланыстардың бұзылуымен жəне т.б. пайда болады.

Аграрлық дағдарыс – бұл ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуді кенеттен тоқтату (ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасының түсіп кетуі).

Құрылымдық дағдарыс – бұл өндіріс салалары арасындағы дұрыс арақатынастың бұзылуымен көрінеді (бір салалардың басқаларға зиян келтіре отырып бір жақты жəне кеміс дамуы, өндірістің жекелеген түрлері жағдайының нашарлауы). Мысалы, 70-жылдардың ортасында шикізат жəне энергетика дағдарыстары пайда болды.

Дағдарыстарды жіктеудің үшінші негізі – олардың айырма-

шылығықайтаөндіруүйлесімініңбұзылуысипатыбойынша. Бұл жерде дағдарыстың екі түрін бөліп көрсетуге болады.

Тауарларды артық өндіру дағдарысы – пайдалы заттардың өткізілмей қалатын артық санын шығару.

Тауарды кем өндіру дағдарысы – олардың өте жетіспеушілігі халықтың төлем қабілеттілігі сұранысын қанағаттандыруға аса мұқтаждық.

21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 325

21.2. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЦИКЛ ЖƏНЕ ОНЫҢ ƏРТҮРЛІЛІГІ

Сан алуан дағдарыстар ішінен біз экономикалық дағдарысқа енетін дағдарысты қарастырайық.

Экономикалық цикл – бұл бірнеше жыл бойы экономикалық тиімділіктің бірінен кейін бірі келетін өрлеуі мен құлдырауы.

Бастапқы кезеңнің экономикалық циклдері (классикалық капитализм заманында) мен қазіргі циклдер арасында елеулі айырмашылық бар. Айырмашылықтар экономикалық тепетеңдік бұзылу дəрежесінен, циклдердің фазаларға бөлуінен, фазалар ұзақтығынан, мемлекеттің циклдерді реттеуге қатысуынан көрінеді.

Алдымен классикалық нұсқадағы экономикалық циклді (оны жиі іскерлік цикл деп атайды) қарастырайық. Ол анық 4 фазаға бөлінеді. Олардың əрқайсысында өндіріс көлемінің, баға деңгейінің, қызметкерлер жұмысбастылығы деңгейінің, пайыз нормасының түрлі динамикасы байқалады.

Циклдің бастапқы фазасы – дағдарыс (басқаша аттары; құлдырау, рецессия; латыншы recessus-шегіну). Бұл жағдайда жіктелім бойынша əңгіме артық өндірудің жалпы кезеңдік дағдарысы туралы болып отыр.

Рецессия кезінде экономикалық өсу деңгейі мен қарқынының құлдырауы, содан кейін, əдетте өнімді шығару ауқымының тікелей қысқаруы байқалады. Ондай құбылыстар тауарды артық өндірумен байланысты болады. Бұл кезде тауарлардың өткізілмеген қорлары кенеттен өседі. Жиылып қалған тауарларды сата алмаған өнеркəсіп жəне сауда кəсіпорындарының жаппай банкроттығы (күйзелісі) жүреді. Өндірісті тоқтату себебінен жұмыссыздық тез өсіп, жалақы қысқарады. Қоғамда несие байланыстары, бағалы қағаздар рыногы бұзылып, акция бағамдары төмен түседі. Барлық кəсіпкерлерде тез пайда болған борыштарды қайтару үшін ақшаға деген өткір қажеттілік туады, сондықтан банктік пайыз нормасы елеулі өседі.

326 Экономикалық теория

Дағдарыстан кейін басқа фаза – тоқырау немесе депрессия (латыншаdepressio – төмендеу, керікету) басталады. Бұлжағдайда өндірістің құлдырауымен қатар, баға төмендеуі де тоқтатылады. Тауарлардың босалқы қорлары біртіндеп азаяды. Елеусіз ғана сұраныссалдарынанбосақшакапиталымассасыөседі, албанктік пайыз мөлшерлемесі минимумға дейін төмендейді.

Депрессия кезеңінде тауар ұсынысы сұранысты басып озуды қояды, сондықтан олардың арасында теңдік орнайды (тауарларды шығаруды қысқарту, олардың ұсынысын сұраныс деңгейіне дейін азайтады). Сол кезде дағдарыстан шығудың нақты жағдайлары жасалады. Өндіріс құралдары бағасының төмендеуі мен несиенің арзандауы жаңадан капиталдың қорлануына, жаңа теникалық негіздегі кеңейтілген ұдайы өндірістің жандануына көмектеседі.

Келесі фаза – жандану өндірістің оның дағдарыс алдындағы деңгейіне дейінгі кеңеюін білдіреді. Тауарлардың босалқы қорларының көлемі рынокты үздіксіз жабдықтауға қажетті деңгейде орнатылады. Сатып алушылық сұраныс жандануы тудырған бағаның кішігірім өсуі басталады. Жұмыссыздық ауқымы қысқарады. Ақшакапиталынадегенсұранысөсіп, пайызмөлшерлемесі көбейеді.

Ең соңында, өрлеу фазасы басталады (ағылшынша-серпіліс). Бұл кезеңде өнімді шығару дағдарыс алдындағы деңгейден де артады. Осымен қатар жұмыссыздық қысқарады. Сатып алушылық сұраныс көбеюіне байланысты тауарлар бағасы өседі. Өндірістің пайда əкелуі жоғарылайды. Несие қаражаттары өседі, соған сəйкес банктік пайыз нормасы жоғарылайды.

Артық өндірістің экономикалық дағдарысы алғаш рет Англияда 1825 жылы көрініс тапты. Содан кейін шаруашылықтың ауытқымалы – толқын -тəрізді түрлі дамуы барлық капиталистік елдерге тəн болды. XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысында дағдарыстар кезең-кезең шамамен 10-12 жылдан кейін қайталанып отырды.

Артық өндірудің экономикалық дағдарысының екі жағы бар. Оның біреуі – қиратушы. Ол халық шаруашылығында қалыптасқан дұрыс емес үйлесімдерді қатал қирату, жоюмен байланысты.

21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 327

Басқа жағы – сауықтырушы. Ол сөзсіз керек, себебі депрессия кезінде бағаның құлдырауы өндірісті пайдасыз етеді: ол əдеттегі орташа пайданы бермейді. Пайда болған тұйықтан шығу жолы – негізгі капиталды (оның белсенді бөлігі – машиналар, құрал-жабдықтар) жаңарту. Бұл өнім дайындауды арзандатуға, жеткілікті дəрежеде пайдалы жасауға жəне өндірістің жаңа, жоғарырақ шектеріне шығуға мүмкіндік береді.

XX ғасырдың екінші жартысында қоғамдық өнімнің ұлғаймалы ұдайы өндірісіне əсер еткен бірінші фактор ғылымитехникалық революция болды. Оның əсерінен дағдарыс ағыны өзгеріп, оның жаңа түрі дамыды. Бір жағынан, ҒТР өндірістің құлдырауына төтеп бере алатын ғылымды қажетсінетін салаларды тудырды (микроэлектроника, роботқұрылысы жəне т.б.) Басқа жағынан, ҒТР табиғи заттарды қайта өңдеудің қарапайым (механикалық) технологиясы (көмір, қара металлургия, тоқыма жəне т.б.) басым өнеркəсіптің дəстүрлі салаларындағы құрылымдық дағдарыстарға себеп болды.

Құрылымдық дағдарыстар аса ұзақ болып келеді. Ескі салалардың тоқырауы мен құлдырауы, олардың техникалық жəне технологиялық жағынан артта қалуы ғана емес, олардың төмен тиімділігі, көп жағдайда ысырапшылдығымен тереңдейді. Егер артта қалғансалаларжаңатиімділігі жоғары техника мен технология негізінде жаңартылса, мұндай дағдарысты меңгеруге болады.

Соныменқатар, ҒТРнегізгікапиталайналымныңелеуліжылдамдатылуына, оны жетілдірілген техникамен тез ауыстыруға көмектесті. Осығанбайланыстыдағдарыстаржиірек, 10-12 жылда емес, 5-6 жылда қайталана бастады.

Мемлекеттің макроэкономикалық үдерістерге барынша белсенді араласуы екінші фактор болады. Бұл дағдарыстардың қиратушы əсерін азайту жəне шаруашылық дамуын тұрақтандыруға қол жеткізу үшін істелетін шара.

Батыс мемлекеттері цикл жəне дағдарысқа қарсы саясатты жүргізуде үлкен тəжірибе жинады. Соның нəтижесінде дағдарыстардыңқиратушыəсерітөмендеді. Іскерлікбелсенділікциклдері көбіне кейбір дəстүрлі фазаларсыз жүреді, бірқалыпты дамиды, құлдырауы аса терең емес жəне өрлеу биіктігі жоғары болмайды.

328 Экономикалық теория

Сонымен, экономикасы дамыған елдердің ұлғаймалы ұдайы өндірісін ұлттық экономиканың толқындар мен қозғалысы деп бейнелеуге болады.

XIX ғ. аяғы XX ғ. басында-ақ көптеген экономистер статистика көмегімен ұзақ кезеңдерде баға мен пайыздық мөлшерлемелердіңжоғарылуыжəнетөмендеуіненазараударғанболатын. Кейінірек басқа экономикалық үдерістердің осыған ұқсас өзгерістері анықталады. Олардың динамикасын немен түсіндіруге болады?

Осындай экономикалық құбылыстарға ең терең түсінікті Ресейдегі халық шаруашылығы конъюнктурасын зерттеу жөніндегіинституттыбасқарып отырғанорысэкономисіНиколайДмитриевич Кондратьев берді. Ол циклдік қозғалыс себептерін айналыс аясынан емес, өндіріс аясынан тапты.

Соңғы140 жылішіндеАнглия, Франция, ГерманияжəнеАҚШ бойынша алынған (XVIII ғ. аяғы – XIX ғ. басы) статистикалық мəліметтер ұзақтығы 48-55 жыл болатын циклдік толқындардың бар екендігін анықтауға мүмкіндік берді. Н.Д. Кондратьевтің пікірі бойынша, мəліметтерді зерттеу «үлкен экономикалық циклдер дамуындағы маңызды төрт экономикалық дұрыстықты анықтауға мүмкіндік берді:

а) əр үлкен циклді арттырушы толқын басталар алдында жəне басталғанда қоғамның экономикалық өмірі жағдайында тереңөзгерістербайқалады. Олартехникалықелеуліөзгерістерден (оның алдында елеулі техникалық жаңалықтар ашылады), жаңа елдерді əлемдік экономикалық байланыстарға тартудан, алтын өндіру мен ақша айналымындағы өзгерістерден көрінеді.

ə) əр үлкен циклдің арттырушы толқындары кезеңіне əлеуметтік сілкіністердің ең көп саны келеді (соғыстар мен революциялар).

б) үлкен циклдердің төмендеткіш толқындары кезеңдерінде ұзақ жəне əсіресе аса анық байқалған ауыл шаруашылығындағы тоқырау қатар жүреді.

в) үлкен циклдердің арттырушы толқындары кезеңінде орта капиталистік циклдер тоқырауының қысқалығы жəне өрлеудің жылдамдығымен сипатталады, ал үлкен циклдердің төмендеткіш толқындар кезеңінде керісінше құбылыс байқалуда».

21-тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалылығы... 329

Н.Д. Кондратьев «зерттелген кезең қорытынды тұжырым үшін жеткіліксіз болса да үлкен циклдердің орын алуы əбден мүмкін» деп есептеді.

Конъюнктураның үлкен толқындарын түсіндіру үшін бірінші гипотеза ретінде келесідей мағынадағы тұжырымдама ұсынылады. «Үлкен циклдерді экономиканың тепе-теңдік ұзақ кезеңдегі бұзылуы мен қалпына келтірілуі ретінде қарастыруға болады. Негізгі себеп жаңа негізгі өндіргіш күштерді құруға жеткілікті капиталдың қорлануында, шоғырлану жəне шашырату механизмінде болып табылады». Н.Д. Кондратъевтің болжауы бойынша, 1920-1921 жылдардағы экономикалық дағдарыстан кейін əлемдік шаруашылық үлкен циклдің төмен түсетін сызығына енеді. Бұл ерекше үлкен шаруашылық құбылыстар болатынын көрсетеді. Бұл болжам толық іске асты. 1929-1933 жылдары əлемдік экономика аса зор қиратушы толқынды бастан кешті.

1974-1975 жылдары өндірістің ең терең құлдырауы болды. Бұл жағдай Н.Д. Кондратьев тапқан үлкен циклдерін еске түсірді.

Қазіргі отандық жəне шетелдік зерттеушілер «үлкен циклдер» тұжырымдамасына көптеген үлкен жаңалықтар енгізді. Ең алдымен, ғылыми-техникалық прогрестің бір қалыпты еместігі мен циклділігі дəлелденді. Бірақ ұзын толқындардың негізгі капитал айналымымен байланысты еместігі анықталады. Осы толқындар мінезі пайда нормасының ұзақ мерзімді ауытқулары, оның шамамен 50 жыл ішінде төмендеуі мен өсуіне байланысты екендігі байқалды. Пайданормасыұзақуақыттүскенкезде(экономикалық тиімділіктің төмендеуінің көрінісі) елеулі қарама-қайшылықтар жинақталады жəне оларды орташа ұзақтық кезеңдегі əдеттегі толқындар шеше алмайды. Тек «ұлы тоқырау» кезінде өндіргіш күштер мен əлеуметті-экономикалық қатынастарда терең құрылымдық өзгерістер жүреді.

Ең соңында, «үлкен циклдердің» кезеңдері нақтыланды. Олардың əрқайсысының 5 фазасы бар: 1) тоқырау, 2) жандану, 3) өрлеу, 4) өркендеу жəне 5) тұрақтылық. Əр фазаның тербеліс ұзақтығы – 8-12 жыл. Осыған байланысты ұзақ толқындар жүруінің уақыт мөлшері нақтыланады:

330 Экономикалық теория

Бірінші толқын: 1772-1783 ж. тоқыраудан 1812-1825 ж. Тұрақсыздыққа дейін.

Екінші толқын: 1825-1838 ж. тоқыраудан 1866-1873 ж. тұрақсыздыққа дейін.

Үшінші толқын: 1873-1885 ж. тоқыраудан 1913-1929 ж. тұрақсыздыққа дейін.

Төртінші толқын: 1929-1938 ж. тоқыраудан 1966-1974 ж. тұрақсыздыққа дейін.

Бесінші кезең: 1974-1982 жж. тоқыраудан...

Н.Д. Кондратьев «үлкен циклдер» «басқа тең жағдайларда» қайталануы мүмкін деп ескерткен. Бірақ, өмір көптеген түзетулер енгізетіні белгілі. Сонымен қатар ұзын толқындар тұжырымдамасы барлық экономикалық деректерді түсіндіруге арналған əмбебап теория емес. Сонымен бірге ол əлеуметтік-эконо- микалық дамудың ұзақ мерзімді заңдылықтарын зерттеудің маңызды ғылыми аспабы болып табылады.

Жетекші капиталистік елдер – Англия, Франция, Германия, АҚШ-тың Н.Д.Кондратьев құрған «Конъюнктураның үлкен циклдері»

Циклдер

 

Толқындар

 

Жылдар

I цикл

1.

Арттырушы толқын

80 ж. аяғы - 90ж. басынан 1810-1817 ж.

 

2.

Төмендеткіш толқын

дейін

 

 

 

 

1810-1817 жылдардан 1844-1851 ж. дейін

II цикл

1.

Арттырушы толқын

1844-1851 жылдардан 1870-1875 ж. дейін

 

2.

Төмендеткіш толқын

1870-1875

жылдардан 1890-1896 ж. дейін

III цикл

1.

Арттырушы толқын

1890-1896

жылдардан 1914-1920 ж. дейін

 

2.Төмендеткіш толқын

1914-1920

жылдардан

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ 21.3. ҰҒЫМЫ, ОНЫҢ ӨЛШЕМДЕРІ.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТИПТЕРІ МЕН ФАКТОРЛАРЫ

Экономикалық өсу – бұл қоғамдық өнім мен өндіріс факторларының сандық ұлғаюы жəне сапалық жетілдіруі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]