Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
171
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 291

r

І

S

r1

Е

r0

І

r2

S

S0= I0

 

I , S

19.3-сызба. Пайыз нормасы r , инвестициялар І жəне жинақтаулардың S өзара байланысы

Сөзсіз, инвестициялар – пайыз нормасының функциясы. І = f (r), сондай-ақ бұл функция кемуші: пайыздық мөлшерлеме деңгейі жоғары болған сайын, инвестиция деңгейі төмен болады.

Жинақтау да пайыз нормасының функциясы: S = S (r). r0 -ға тең пайыз деңгейі бүкіл экономика масштабында тепе-теңдік пен инвестициялардықамтамасызетеді, r1 r2 деңгейлерібұлжағдайданауытқу.

Пайыз деңгейі жəне инвестициялар мен жинақтаулар мөлшері арасындағы осындай функционалды байланыстардың классикалық мектеп теоретиктері еңбектерінде сипатталғанын баса айтып кету керек. Инвестициялардың кейнсиандық тұжырымдамасында классиктердегідей пайыз нормасының қызметі бар, ал жинақтау Дж. Кейнс бойынша – бұл табыс функциясы: S = S (Y). Бұл пункт бойынша Дж.Кейнстің, жинақтауды пайыздық мөлшерлеме шамасымен байланыстырған А. Маршаллдан айырмашылығы бар.

Сонымен, инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің, ал жинақтаулартабысфункцияларыболыптабылады. Қазіргікейнсиандық тұжырымдама инвестициялар мен жинақтаулар динамикасы түрлі факторлармен анықталады деп бөліп көрсетеді.

292 Экономикалық теория

Инвестиция салық салу деңгейіне, жалпы осы елдегі салықтық климатқа байланысты болады. Салық салудың өте жоғары деңгейі инвестицияны ынталандырмайды. Ал салықтың қандай мөлшерлемесінің жоғары немесе төмен деп есептеу керектігін шешу өте қиын.

Инвестициялықүдеріскеақшаныңинфляциялыққұнсыздану қарқыны əсер етеді. Шығындарды есептеу елеулі белгісіздік тудыратын өршімелі (галопирующая) инфляция жағдайында нақты капиталды құру үдерісі тартымсыз бола түседі, басымдылық алыпсатарлық операцияларға берілуі мүмкін.

19.4. МУЛЬТИПЛИКАТОР ЭФФЕКТІСІ

Мультипликатор дегенде, инвестиция өзгеруіне байланысты табыс өзгеруін көрсететін коэффициентті түсінеміз.

Мультипликатор тұжырымдамасының мəні автономды инвестициялар мен жалпы ішкі өнім өзгерістері арасында тұрақты тəуелділік əрекет етуінде болып табылады.

Рыноктық экономикадағы мультипликатор эффектісі инвестиция өсуі ұлттық табыстың өсуіне, инвестицияның алғашқы өсуіне қарағанда үлкен шамаға өсуіне əкелуінде болып отыр. Бейнелі сөзбен айтсақ, суға лақтырылған тас айналасында қандай шеңбер жасаса, экономикаға «лақтырылған» инвестициялар да табыс пен жұмысбастылық өсуі сияқты тізбекті реакция тудырады.

Экономика өзінің тепе-теңдік жағдайына жететін ЖІӨ оңтайлы мөлшерін анықтайтын кейнсиандық теория инвестиция өсуі кезінде ЖІӨ өсімі алғашқы қосымша инвестицияларға қарағанда əжептəуір үлкен мөлшерде жүретінін көрсетеді. Бұл инвестициялардың өспелі эффектіге əкелуінен туындайды. Алғашқы эффектіден басқа екінші, үшінші жəне тағы басқа эф-

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 293

фект құбылысы пайда болады, яғни бір саладағы шығындар басқа саладағы өндіріс пен жұмысбастылықтың кеңеюіне əсерін тигізеді.

Мультипликатор табыс өсуінің инвестиция өсуінен артуын көрсететін сандық коэффициентті көрсетеді.

Инвестиция өсуі 10 млрд. ақша бірлігі болды делік, бұл ЖІӨнің 20 млрд. ақша бірлігіне өсуіне əкеледі, сондықтан мультипликатор 2-ге тең болады. Егер ЖІӨ 30 млрд. ақша бірлігіне өссе, мультипликатор 3-ке тең болар еді.

 

ЖІӨ өсімі

∆ ЖІӨ

Мультипликатор =

инвестиция өсімі

=

∆ инвестиция-

 

 

 

лар

Тұтыну мен жинақтауды зерттеу кезіндегі қорытындыны ала отырып:

MPC + MPS = 1 немесе MPC = 1 – MPS

былай жазуға болады:

K 1 M1 P C M1PS .

Сонымен, мультипликатор жинақтаудың шекті бейімділігіне кері шама болып табылады:

∆ ЖІӨ =

1

x ∆ инвестициялар =

1

∆ инвестициялар

MPC

MPC

Бүгінгі күнге дейін тұтыну шығындары өсуіне байланысты мультипликатор эффектісі қарастырылған. Бірақ алғашқы инвестициялар жұмыс бастылық көлеміне де əсер етеді. Сондықтан, тауарғадегенсұраныстыңөсуіөндірушілердіөндірістікеңейтуге, құрал-жабдық сатып алуға, жұмысшыларды жалдауға итереді. Сонымен, ұзақ мерзімді аспектідегі алғашқы инвестициялар жаңа инвестицияларға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, ЖІӨ-ні өсіре отырып, кеңейтілген ұдайы өндіріске себеп болады.

294 Экономикалық теория

ТУЫНДЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАР 19.5. МЕН АКСЕЛЕРАТОР.

ҰҚЫПТЫЛЫҚ ОҒАШТЫҒЫ (ПАРАДОКС БЕРЕЖЛИВОСТИ)

Жинақтау мен инвестициялау үдерісіне деген классикалық теорияның дəстүрлі көзқарасы жоғары жинақтаудың жағымдылығын ерекше көрсетеді. Жинақтау жоғары болған сайын, инвестициялар алынатын «қор» ауқымды болады. Сондықтан классикалықмектеплогикасыбойыншажинақтауғадегенжоғары бейімділік ұлттың өркендеуіне себепші болады.

Бірақ, жинақтауды ұлғайту əрқашан қоғамды байыта бермейді. Пайда болған қарама-қайшылықты түсіну үшін инвестицияларға көңіл бөлейік. Осы уақытқа дейін əңгіме автономды инвестициялар, яғни ЖІӨ-нің көлемі мен динамикасына тəуелсіз капитал салымдары туралы болды. Автономды инвестициялар ең алдымен техникалық жаңалықтар нəтижесінде іске асырылған күрделі салымдар ретінде берілген.

Шынында, жаңашылдармен жасалған бұл жобалар ЖІӨ жағдайы мен көлеміне тəуелсіз болуы мүмкін. Сонымен бірге, автономды инвестициялар – бұл мемлекеттің күрделі салымдары.

Нақты өмірде, шынында, инвестиция мен табыстың өзара əрекеті байқалады. Мультипликатор эффектісі əсерінен алғашқы «қуат беру» түрінде іске асырылған автономды инвестициялар ЖІӨ-нің өсуіне əкеледі. Іскерлік белсенділіктің жандануы, жұмысбастылықтың өсуі кəсіпкерлердің түрлі топтарының инвестицияларға деген бейімділіктерінің артуына əкеледі. Міне осыларды туынды инвестициялар деп атау қабылданған. Олар ЖІӨ динамикасына байланысты болады. Автономды инвестицияларға «салынған» туынды инвестициялар экономикалық өсуді күшейтеді, оны жылдамдатады, сол себепті акселератор эффектісі (акселератор-жылдамдатушы) атауын алды.

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 295

Бірақ жылдамдату дөңгелегі басқа жаққа да бұрылып кетуі мүмкін. Мультипликатор мен акселерация эффектілері əсерінен табыстың қысқаруы туынды инвестицияларды да қысқартады. Ал бұл өндірістің тоқырауына əкеледі.

«AD - AS» МОДЕЛІНДЕГІ 19.6. МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ

ТЕПЕ-ТЕҢДІК

Құндық көріністегі жиынтық сұраныс экономикада өнді-

рілген соңғы тауарлар мен қызмет көрсетулердің барлық шығындарының сомасын көрсетеді. Ол экономикалық агенттер

– халық, кəсіпорындар мен мемлекет сұраныс жасаған жиынтық шығарылым көлемімен экономикадағы бағаның жалпы деңгейі арасындағы байланысты көрсетеді. Жиынтық сұраныс құрылымынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

С тұтыну – тауарлары мен қызмет көрсетулеріне деген сұраныс;

І инвестициялар – инвестициялық тауарларға деген сұраныс;

мемлекеттік сатып алуалар G – мемлекет тарапынан тауарлар мен қызмет көрсетулерге деген сұраныс;

таза экспорт Х – шетелдіктердің отандық тауарларға деген сұранысы мен шетелдік тауарларға деген отандық

сұраныс арасындағы айырмашылық.

Жиынтық сұраныс соңғы өнімге деген сұраныстың жалпы сомасына тең:

C + Ig + G + Xn

Жиынтық сұраныстың бір компоненттері салыстырмалы түрдетұрақтыболады,баяуөзгереді,мысалы,тұтынушығындары. Басқалары – неғұрлым серпінді, мысалы, инвестициялық шығындар, олардың өзгеруі экономикалық белсенділік ауытқуын тудырады.

296 Экономикалық теория

Жиынтық сұраныс қисығы AD (ағылшынның aggregate demand сөзінен) бағаныңəрмүмкіндеңгейікезіндетұтынушылар сатып алуға дайын тауарлар мен қызмет көрсетудің санын көрсетеді. Ол тауар жəне ақша рыноктары тепе-теңдікте болатын экономикадағы бағаның жалпы деңгейі мен шығарылым көлемінің комбинациясын береді. AD қисығы бойымен қозғалыс бағаның жалпы деңгейінің серпініне байланысты жиынтық сұраныстың өзгеруін көрсетеді. Осы тəуелділіктің ең қарапайым көрінісін ақшаның сандық теориясы теңдігінен алуға болады.

Сондықтан, AD ақша массасы мен ақша айналымы жылдамдығына тікелей тəуелділікте жəне баға деңгейіне кері тəуелділікте болады.

Жиынтық сұраныс бағаға кері тəуелділікте бола отырып, бірқатар факторлар əсерінен төмендейді.

Оған жататындар:

1.Пайыздық мөлшерлеме деңгейі, яғни қарызды пайдалану бағасының өсуі. Баға деңгейінің өсуі тұтынушыларды да, өндірушілерді де қарызға ақша алуға мəжбүр ететінін байқадық. Бұл жағдай пайыз мөлшерлемесін жоғарылатады. Сондықтан сатып алушылар өз саудасын кейінге қалдырса, кəсіпкерлер инвестицияны қысқартады. Нəтижесінде жиынтық сұраныс азаяды. Бұл құбылыс «пайыздық мөлшерлеме эффектісі» деп аталады.

2.«Кассалық қалдықтар эффектісі» немесе «байлық эффектісі». Баға өсуі белгіленген құны бар жинақталған қаржылық активтердің(облигациялар, жеделшоттар) нақтысатыпалушылық қабілетін төмендетеді жəне бұл олардың иелерін кедейлендіріп, тауарлардың қысқаруына себеп болады.

3.«Импорттық тауарлар эффектісі». Импорттың тұрақты бағасы кезіндегі ел ішіндегі баға өсуі сұраныс бөлігін ішкі тауарлардан импортқа ауыстырып, экспортты қысқартады жəне экономикадағы жиынтық сұранысты төмендетеді.

Жиынтық сұранысқа əсер ететін бағалық емес факторларға халықтың тұтынушылық факторларына əсер ететіндердің бəрі жатады: фирманың инвестициялық шығындары, мемлекеттік шығындар, таза экспорт, тұтынушылардың əл-ауқаты, олардың

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 297

күтуі, салықтар, пайыздық мөлшерлемелер, субсидиялар мен инвесторларға жеңілдетілген несиелер жəне т.б. Ақшаның сандық теориясытеңдеуіненжиынтықсұранысқаақшамассасышамасымен экономика секторлары арасындағы ақша айналымы – жылдамдығы əсерететіндігітуралықорытындыжасауғаболады. Сондықтан, AD M жəне V функциясы болып табылады; AD = f (M, V). Жиынтық сұранысқадегенжоғарыдааталғанбағалықемесфакторлардыңəсері ең аяғында ақша массасы мен ақша айналымы жылдамдығының өзгеруіне əкелуі мүмкін. Бағалық емес факторлардың өзгеруі AD қисығының жылжуымен көрінеді. Мысалы, ақша ұсынысының (немесе оның айналым жылдамдығының) артуы жəне сұраныстың экономикадағы төлем қабілеттілігінің сəйкес өсуі графикте AD қисығыныңоңғажылжуыменкөрінеді(19.4-сызба).

Р

A2 A А1

 

 

 

 

S2

S S

1

 

 

 

 

 

 

 

 

вертикалды

Р2

А2

Е

 

 

 

D1

 

Р1

A

 

 

 

 

үдемелі

 

горизонталды

 

 

 

 

D

 

 

А1

 

 

 

 

D2

 

 

 

 

 

 

Q1

Q2

 

ЖІӨ

19.4-сызба. Бағалық емес факторлардың жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа əсері

Ол A1 D1 жағдайына орналасады. Əлемдікрыноктағымұнайға деген сұраныстың төмендеуі жəне осыған сəйкес экспорттың қысқаруы жиынтық сұраныстың қысқаруына əкеледі. Бұны AD солға қарай графикалық жылжуымен көрсетеміз. Жиынтық сұраныс қисығы A2D2 жағдайына орналасады.

298 Экономикалық теория

Жиынтық ұсыныс – бұл экономикада өндірілген (құндық көріністегі) соңғы тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы саны. Бұл түсінік жалпы ішкі өнім синонимі ретінде жиі пайдаланылады.

Жиынтық ұсыныс қисығы AS (ағылшынның aggregate supply сөзінен) экономикадағы бағаның жалпы деңгейінің түрлі мəндері кезінде кəсіпкерлер рыноққа жиынтық шығарылымның қандай көлемі ұсынылатынын көрсетеді.

AS жалпы ішкі өнім шамасына (ЖІӨ) теңестірілуі мүмкін.

AS = ЖІӨ

Экономиканың тауарлар мен қызмет көрсетудің қандай да бір көлеміншығаруқабілетінеқолданылатынөндірісфакторларының (жер, еңбек, капитал) саны мен сапасы əсер етеді.

AS = жалақы + рента + пайыз + пайда

Өндіріс факторларының санын өсіру немесе сапасын арттыру өндірістік күштердің өсуіне, яғни AS өсуіне əкеледі. Жиынтық ұсыныс графигі шартты түрде үш бөліктен тұрады:

көлденең, ол кезде өндіріс бағаның өзгермейтін деңгейі кезінде өседі;

көтерілуші, ол кезде ұлттық өнім көлемі жəне бағалар өседі;

тік, олкездеэкономикаөзініңөндірістікмүмкіндіктерінің

жоғарғы нүктесіне жетеді.

Жиынтық ұсыныс баға деңгейіне тəуелді болады. Жоғарырақ бағалар тауарлар өндірісі мен олардың ұсынысын ынталандырады. Төменірек бағалар, керісінше, тауарлар өндірісі мен ұсынысын қысқартады.

Жиынтық ұсынысқа тек баға факторлары ғана емес, бағалық емес факторлар да əсер етеді. Егер баға факторлары AS жиынтық ұсынысы қисығы бойынша қозғалысты көрсетсе, онда бағалық емес факторлар шығындар азайған кезде A1 S1 қисығын оңға, олар өскенде A2 S2 солға қозғалады. Бағалық емес факторларға шығындарды өзгерту мүмкіндіктері жатады:

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 299

ресурстарға бағалар (жер, еңбек, капитал). Олардың артуы өндіріс шығындарын өсіреді, сондықтан жиынтық ұсынысты төмендетеді. Қисық солға жылжиды. Бағалар төмендеуі кері реакцияны тудырады;

еңбек өнімділігі өсуі өндіріс көлемін, сонымен жиынтық ұсынысты өсіреді. AS қисығы оңға жылжиды;

құқықтық реттеу (салықтар, субсидиялар): егер салық өссе, шығындар көбейеді, жиынтық ұсыныс қысқарып,

қисық солға жылжиды жəне керісінше.

Жиынтық сұраныс жиынтық ұсынысқа тең болғанда, тауар рыногында тепе-теңдік басталады. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс арақатынасы осы кезеңде орнаған нақты ЖІӨ менбағалардеңгейінанықтайды. Жалпытепе-теңдікAD жəнеAS қиылысатын Е нүктесінде болып, сатушылар мен сатып алушылар қанағаттанды дегенді білдіреді. Нақты өмірде тепе-теңдік жиі теңсіздікке өтпелі. Ауытқу нұсқаларын қарастырайық.

1.Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан артық деп ойлайық: AD > AS. Тепе-теңдіккешығуүшінекінұсқаныңболуымүмкін:

өндіріс көлемін өзгертпей-ақ отырып, бағаны өсіру;

өнім шығаруды кеңейту.

Практика фирмалардың екінші жолмен жүретінін көрсетеді. Бірақ өнімді шығаруды арттыру өндіріс шығындары мен бағаның өсуіне əкеледі. Сондықтан тепе-теңдіктің жаңа нүктесі өндіріс көлемі мен баға деңгейінің жоғарырақ деңгейіне сəйкес келеді. Экономикада ұлттық өнім өсуі байқалады.

2.Жиынтық сұраныс жиынтық ұсыныстан азырақ деп болжайық:

AD < AS. Бұл жерде де екі вариант болуы мүмкін:

өндірісті қысқарту;

шығаруды өзгеріссіз қалдыру, бірақ бағаны төмендету. Бұл жағдайда кəсіпкерлер өндірісті қысқартып, өндірілген

өнімді пайдалы баға бойынша сатады. Егер мақсатқа қол жеткізілмесе, онда өндіріс ауқымын өзгертпей отырып, кəсіпкерлер бағаныбіртіндептөмендетебереді. Бұлжұмысшылардыжұмыстан шығару басталғанға дейін жалғаса береді. Нəтижесінде ұлттық өнім төмендей бастайды.

300Экономикалық теория

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы. Жартылай, жалпы жəне нақты тепе-теңдік. Вальрас моделі мен Патинкин моделі.

1. 19.1-сызбада (А жəне Ə графиктері) өндірістің 1000 млрд. долларға тең потенциалды көлемі кезіндегі жиынтық ұсыныстың қисықтары берілген.

 

А графигі

AS

Ə графигі

P

 

 

 

 

 

 

P

AS

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1000 долл.

Q

1000 долл.

Q

19.1-сызба. Жиынтық ұсыныс қисықтары

а) жиынтық ұсыныс қисық конфигурациясына осы графиктердің қайсысы классикалық, қайсысы кейнсиандық көзқарасты білдіретінін анықтаңдар.

ə) осы 2 тұжырымдаманың классикалық немесе кейнсиандықтың қайсысы жиынтық сұраныстың қысқаруы ЖІӨ көлеміне əсер етпейді, бірақ бағаның жалпы деңгейінің өзгеруіне бірден əкеледі деп дəлелдейді?

2. «Леон Вальрастың рыноктық айырбас моделі», «Патинкиннің рыноктағы тепе-теңдік моделі» тақырыптарына жазылған рефераттарды талқылаңдар.

II. Тұтыну, жинақтауменинвестицияныкейнсиандықталдау.

Мультипликатор эффектісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]