Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
171
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

17-тақырып. Өндіріс факторларының рыноктары... 261

4.Жаңа технологиялар, тұтыну тауарларының жаңа рыноктарының пайда болуы капиталға деген сұраныс қисығының ауытқуына қалай əсер етеді? Бұл пайыз мөлшерлемесі деңгейіне қалай əсер етеді?

5.Бейнемагнитофондардың жаңа класын өндіруге капиталды салу кезінде күтетін пайда нормасы 12% болады. Инвестицияның бұл жобасын пайыз мөлшерлемесі 3%, 8%, 13% болған кезде іске асыруға бола ма?

II. Жер рентасы – жер иесінің факторлық табысы.

1.Төменде келтірілген қағидалардың бəрін ғылыми тұрғыдан қатесіз деп есептейсіңдер ме?

а) жалақы мөлшерлемесінің артуы еңбек ұсынысын кеңейтуге əкеледі.

ə) жер рентасының (жал ақысының) артуы жер ұсынысын кеңейтуге əкеледі.

б) пайыз мөлшерлемесінің артуы капитал ұсынысын кеңейтуге əкеледі.

2.Өндіріс факторларының (еңбек пен капитал) сұранысы менұсынысыныңграфикалықбейнеленуіекіқиылысатынқисықтың теріс еңкеюі (сұраныс) пен оң еңкеюімен (ұсыныс) берілген. Осы қисықтар көмегімен жер ресурстары рыногындағы тепе-тең- дікті сен қалай бейнелер едің? Олардың еңкеюі қандай болады?

3.Сенің қолыңда белгілі бір ақша сомасы бар делік. Сенің алдыңда осы ақшаны пайдаланудың түрлі балама жолдары тұр: жер учаскесін сатып алу, оны банкке жедел салымға орналастыру; үлкен сұранысқа ие жəне үлкен табыс əкелетін өнімді шығару үшін күрделі құрал-жабдық сатып алу.

Қай жағдайда сен өз таңдауыңды жерді сатып алуға тоқтатасың? Бұл жағдайда қандай экономикалық көрсеткіштерді ескересің? Жер учаскесі бағасын анықтау үшін қандай теориялық формула қажет?

Үшінші сабақ.

I. Пайда кəсіпкердің факторлық табысы ретінде.

1. Мен кəсіпкерлік қызметтің барлық мүмкін бағыттары бойынша өзімді сақтандырсам, көбірек пайда аламын. «Осы про-

262 Экономикалық теория

цедураны (яғни сақтандыруды) менсінбеген бизнесмендер ештеме алмайды немесе зиян шегеді». Сен осы тұжырымдамамен келісесің бе?

2. «Пайда – бұл əлеуметтік жəне экономикалық жамандық. Осы пайдаға ұмтылу фирмаларды рынокта монополиялық билік орнатуға итереді; ал монополиялық билік – бұл ресурстарды тиімсіз бөлу». Сен осы тұжырымдамамен келісесің бе?

а) пайда, нақтырақ айтсақ, пайдаға ұмтылу жетілген бəсеке рыногындағы тепе-теңдік жағдайды бұзады.

ə) жетілген бəсеке рыногы – бұл экономиканың ең жақсы жағдайы.

б) сондықтан, пайда – шаруашылықтың рыноктық жүйесіндегіқажетемесқұбылыс, бұнымензаңорнатқантəртіппен күресу керек.

Сен осы 3 пункттен тұратын ой логикасын қалай түсіндірер едің?

II. Өндіріс факторлары рыногындағы тепе-теңдік.

1.Неге ресурстар рыногы мен баға белгілеуде кез келген басқа тауарлар рыноктарында сияқты талдау жасауға болмайды?

Неге ресурстар рыногындағы баға белгілеу макроэкономикалық талдаудың жеке проблемасы ретінде бөлініп алынады?

2.Еңбекпенкапиталдыңтөмендекелтірілгенүйлесіміфирма

үшін оңтайлы болады (MRPL; MRPK – ақшалай көріністегі еңбек пен капиталдың шекті өнімдері; PL жəне PK – осы факторлардың бағалары):

а)

MRPL

= 9;

ə)

MRPL

= 11;

б)

MRPL

= 14;

в)

MRPL

= 1;

PL = 12; PL = 11; PL = 7; PL = 3;

MRPK = 3; MRPK = 15; MRPK = 18; MRPK = 21;

PK = 4; PK = 15; PK = 6; PK = 23.

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Ресурстыңқосымшабірлігінпайдалану кезіндегітүсімніңжалпы размерінің өзгеруі – бұл:

а) өндіріс факторының шекті өнімі; ə) экономикалық пайда;

17-тақырып. Өндіріс факторларының рыноктары... 263

б) ресурстың шекті табыстылығы; в) амортизация.

2.Ресурсқа деген сұраныс ..... байланысты.

а) осы ресурстың бағасына; ə) осы ресурс көмегімен дайындалған өнім бағасына;

б) еңбек өнімділігіндегі өзгерістерге; в) а), ə), б) дұрыс.

3.Өнімді өндіруде еңбек пен капитал пайдаланылады.

Еңбектің шекті өнімі 8-ге, капиталдың шекті өнімі 9-ға, еңбек бағасы 2 долларға, капитал бағасы 3 долларға тең. Шығындарды минимумға жеткізу мақсатында фирма:

а) еңбекті қолдануды өсіруі керек; ə) еңбек пен капиталды қолдануды өсіруі керек; б) капиталды қолдануды өсіруі керек; в) жабылуы керек.

4.Ресурстың шекті табыстылығының оның бағасына теңдігі, бəсекелес фирманың ....білдіреді.

а) шығындарды минимумға жеткізуші өндіріс деңгейіне қол жеткізе алмағанын;

ə) шығындарды минимумға жеткізген, бірақ максималды пайда əкелмейтін өндіріс деңгейіне қол жеткізгенін;

б) минимум шығын кезінде максималды пайда алатынын; в) зиян шегіп отырғанын.

5.Еңбекке деген сұраныс қисығы:

а) кез келген басқа ресурсқа деген сұраныс қисығына ұқсас; ə) аса икемді;

б) сұраныстың бағадан қарама-қарсы тəуелділігін көрсетпейді; в) көлденең сызық.

6.Жеке адам өз еңбегін сату мөлшері туралы шешім.....байланысты болады.

а) еңбекке деген сұранысқа; ə) бос уақыт пен сатып алынған тұтыну игіліктері арасындағы

компромиске; б) номиналды жалақыға; в) қарыз пайызына.

7.Еңбекке деген рыноктық сұраныс....көрсетеді:

а) еңбек рыногындағы жеке фирманың сұранысын; ə) жекелеген салалар фирмаларының дербес сұраныстарының со-

масын;

264 Экономикалық теория

б) осы ресурсты сатып алушы барлық фирмалардың дербес сұраныстары сомасын;

в) дұрыс жауап жоқ.

8.Пайыздың нақты мөлшерлемесі – бұл:

а) инфляцияға байланысты түзету енгізілген ақша түріндегі пайыздық мөлшерлеме;

ə) инфляция пайызына азайтылған атаулы пайыздық мөлшерлеме; б) а) жəне ə) дұрыс; в) дұрыс жауап жоқ.

9.Ақшаға деген сұраныс:

а) пайыз мөлшерлемесіне байланысты болмайды; ə) пайыздық мөлшерлеме өскен кезде өседі; б) пайыздық мөлшерлеме өскен кезде азаяды; в) дұрыс жауап жоқ.

10.Экономикалық рента:

а) бұл – кез келген ресурстың бағасы; ə) табиғи ресурстың бағасы;

б) ұсынысы қатаң бекітілген ресурс бағасы; в) дұрыс жауап жоқ.

11.Жерге деген сұраныс өскен кезде:

а) жер рентасы өседі; ə) жер ұсынысы өседі;

б) жерге деген баға төмендейді; в) дұрыс жауап жоқ.

12.Егер ... жер иелері жер рентасын алмайды.

а) жер учаскесі сұранысы мен ұсынысы тең болса; ə) жерге салық енгізілсе;

б) ұсыныс қисығы сұраныс қисығының оң жағында орналасса; в) баға құнға тең болса.

13.Егер жерге деген сұраныс қисығы оңға жылжыса, бұл жер рентасы мөлшерінің .....білдіреді.

а) азайғанын; ə) өскенін; б) өзгермейтінін;

в) нөлге теңдігін.

18-ТАҚЫРЫП

ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ. ҰЛТТЫҚ ШОТТАР ЖҮЙЕСІ

ДƏРІС

ЖОСПАРЫ:

 

18.1. Ұлттық экономика жүйе ретінде ...................

266

18.2. Жалпы ішкі өнім жəне оны

 

 

есептеу əдістері.............................................

269

18.3. Ұлттық есеп жүргізу жүйесінің

 

 

рөлі жəне қызметтері.....................................

276

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ.......................

280

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

280

266Экономикалық теория

18.1.ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

Ел ауқымында (масштабында) экономика макроэкономикалық жүйе ретінде сипатталады. Оның негізгі элементтері болып:

біріншіден, жиынтық өндіріс – игіліктің барлық қырларын құратын кəсіпорындардың жалпы жиынтығы;

екіншіден, жиынтық қоғамдық өнім – белгілі бір кезең ішінде елде дайындалған игіліктердің (өнімдер мен қызмет көрсетулердің) барлық сомасы;

үшіншіден, жиынтық қажеттіліктер – қоғамның барлық мүшелерінің қажеттіліктерінің жалпы сомасы табылады.

Осы элементтер үш шеңбер диаграмма түрінде берілген.

Қоғамдық

Қоғамдық

Жиынтық

қоғамдық

өндіріс

қажеттіліктер

өнім

 

18.1-сызба. Қоғамның макроэкономикалық құрылымы

Енді бізге макроқұрылымның барлық элементтері өзара қалай байланысатынын анықтау керек.

Ең алдымен олардың арасында тікелей байланыс бар. Ол қоғамдық өндірістің қоғамның барлық қажеттіліктерін қанағаттандыратын жиынтық қоғамдық өнімді құру үшін əрекет етуінен көрінеді.

Сонымен қатар, кері байланыс та бар. Ол қоғамдық өндірістегі құрылымдық өзгерістерді іске асыруға мүмкіндік беретін өскен жиынтық қажеттіліктің жиынтық қоғам өнім құрылымы өзгеруіне əсер етуінен көрінеді.

18-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде... 267

Осы тікелей жəне кері байланыстарды анықтау макроэкономикалықреттеудіңбастымақсатынбайқауғамүмкіндікбереді. Оның мақсаты халық шаруашылығы тепе-теңдігін тұрақты ұстап тұру болып табылады. Əңгіме екі өзара байланысты арақатынас туралы болып отыр.

1.Қоғамныңтіршілікəрекетінматериалдықжағдайларымен дұрыс жабдықтау үшін мыналардың көлемдерінің теңдігін қамтамасыз ету қажет:

барлық игіліктердің өндірілуін;

қоғамдық жиынтық өнімді;

қоғамның жиынтық қажеттілігін.

2.Сонымен бір мезгілде мына құрылымдардың бір-біріне сəйкестігін қамтамасыз ету қажет:

қоғамдық өндірістің (оның салалық құрамын);

қоғамдық жиынтық өнімнің (оның игіліктің түрлеріне бөлінуі);

қоғамдық қажеттіліктердің (олардың сан алуан түрлерге бөлінуі).

Сондықтан əңгіме макроэкономиканың пропорционалды дамуының объективті экономикалық заңы туралы болып отыр.

Бұл заң адам ерігі мен тілегіне байланысты дұрыс халық шаруашылық жүйесінің əрекет ету жағдайларын емес, өндірістің қоғамдық өнім мен қажеттіліктің жиынтық шамаларының көлемі мен құрылымының бір-біріне сəйкестігін тұрақты ұстап тұру қажеттілігін көрсетеді.

Макроэкономиканың пропорционалды даму заңын бұзу макроэкономикалық теңсіздіктің өзімізге белгілі түрлерінен көрінеді: а) құрылымдық дағдарыстар (өндірістің элементтік құрамы мен жиынтық қажеттіліктің сəйкес келмеуі); ə) қайта өндірудің экономикалық дағдарыстары (бүкіл өндіріс көлемінің төлем қабілеті бар қажеттіліктердің жиынтық көлемінен артып кетуі); б) жаппай жұмыссыздық (жұмыс түріне деген сұраныстың оныңеңбекрыногындағыұсынысыменсалыстырғандатөмендеуі); в) инфляциялар (ақша ұсынысының оған деген сұраныстан артуы).

268 Экономикалық теория

Тауар-рыноктық шаруашылық жағдайында шаруашылық пропорциялардың өзара байланысының ерекше нысаны ретінде өнімнің айырбас құны қызмет етеді. Сондықтан рыноктық экономикада халық шаруашылығының үйлесімді даму заңы ерекше нысанда – макроэкономикалық сұраныс пен макроэкономикалық ұсыныс теңдігі заңы ретінде жүреді.

Макроэкономикалық сұраныс – бұл қоғам мүшелері барлық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердісатыпалуғажұмсауғадайынақшасомасы. Жиынтық сұраныс көлемі келесі факторларға тəуелді болады:

баға деңгейі;

халық табыстары;

табысты тұтынуға (ағымдық сұраныс) жəне қорлануға (болашаққа қалдырылған сұраныс) бөлу;

салықтар (табыстардың мемлекетке берілген бөлігі);

мемлекеттік сатып алу (мемлекет сұранысы);

несие мекемелері тарапынан ақша ұсыну. Макроэкономикалықұсынысөндірушілерменсаудаделдалда-

ры барлық сатып алушыларға сататын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сомасын көрсетеді. Жиынтық ұсыныс көлемі мынадай факторлармен анықталады:

рыноктық бағалар деңгейімен;

елдегі өндірістің потенциалды мүмкін көлемімен;

өнімді өндіру шығындары деңгейімен;

оны шығарудың коммерциалық пайдасымен. Макроэкономикалық сұраныс пен макроэкономикалық

ұсыныс арасында белгілі бір өзара байланыстар болады. Олар өзара тəуелділік түрінде жүреді. Мəселен, жиынтық сұраныс құрылымы (барлық ақы төленетін қажеттіліктер жиыны) жиынтық ұсыныс құрамына (барлық сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жиыны) əсер ету арқылы ұлттық өндіріс құрылымына (ең соңында қоғамның төлем қабілетті сұранысын қанағаттандыруға қажет шаруашылық қызметтің барлық салалары мен түрлерінің сомасына) əсер етеді. Кері байланыс та əрекет етеді: бүкіл өндіріс құрылымы көп жағдайда

18-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде... 269

жиынтық ұсыныс құрылымын көрсетіп, рынок арқылы сатып алушылық сұраныстың барлық сан алуандылығын анықтайды.

Бүкіл рыноктық шаруашылық ауқымындағы (масштабындағы) реттеуобъектілерінекідөңгелекдиаграмматүріндекөрсетуге болады.

Макроэкономикалық

Макроэкономикалық

ұсыныс

сұраныс

 

18.2-сызба. Рыноктық шаруашылықтың макроэкономикалық үйлесімі

«Рынок заңы» ұсыныс пен сұраныс көлемі теңдігін (яғни, экономикалық дағдарыстар мүмкін емес), жинақтау мен инвестиция шамаларының баланстылығын жəне жұмыс күшінің толық пайдаланылуын (жұмыссыздыққа орын жоқ) қамтамасыз етеді. Міне, жаңа классиктер рыноктық экономиканың тұрақты (пропорционалды) дамуына қол жеткізу проблемасын таза теориялық түрде ойша осылай шеше қойды.

18.2. ЖАЛПЫ ІШКІ ӨНІМ ЖƏНЕ ОНЫ ЕСЕПТЕУ ƏДІСТЕРІ

Теория мен шаруашылық практикада ұлттық экономика қызмет етуінің нəтижелерін өлшеу үшін түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер пайдаланылады.

270 Экономикалық теория

Осындай көрсеткіштердің бірқатары ұлттық өндірістің жиынтық көлемі шамасын бағалауға арналған. Оған жалпы қоғамдықөнім(ЖҚӨ), соңғықоғамдықөнім(СҚӨ), тазақоғамдық өнім (ТҚӨ), таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық табыс (ҰТ), жеке табыс (ЖТ), аралық өнім (АӨ) жатады.

Түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер арасындағы байланысты келесідей түрде көрсетуге болады:

ЖҚӨ – АӨ = СҚӨ; СҚӨ – А = ТҚӨ = ҰТ = ҚҚ + ТҚ,

мұндағы: А – амортизация; ҚҚ – қорлану қоры; ТҚ – тұтыну қоры.

Шет елдердің экономикалық теориясы мен статистикасында жылдық өндірістің соңғы нəтижелерін сипаттау үшін ұлттық шоттар жүйесі негізінде есептелген көрсеткіштер пайдаланылады. БҰҰ-ның статистикалық комиссиясы дайындаған ұлттық шоттардың стандартты жүйесі əлемдік практикада 1953 жылдан бері қолданылып келеді. Қазір ұлттық шоттар дүние жүзінің 100-ден астам елдерінде қарастырылады. Қазақстанда ұлттық шоттар жүйесі 1993 жылы енгізілді.

ҰШЖ негізінде макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу кезінде материалдық жəне материалдық емес өндіріс арасында алшақтық жасамайды. Сондықтан, онда барлық ақы төленген тауарлар мен қызмет көрсетулер ескеріледі. ҰШЖ-де ескерілмейтін жалғыз өндіріс түрлері ішкі тұтыну үшін үй шаруашылығы өндіретін тауарлар мен қызмет көрсетулер жəне бизнес саласы ішінде тұтынылатын аралық өнімді өндіру болып табылады.

ҰШЖбазасындакелесідеймакроэкономикалықкөрсеткіштер есептеледі:

Таза ұлттық өнім есептен шығарылған құрал-жабдық ауыстырылғаннан кейін тұтынуға, қалдырылған соңғы өнім мен қызметтің сомасын көрсетеді. Ол ЖІӨ-нен амортизациялық жарналар сомасынан аз болады.

Ұлттық табыс өндірістік ресурстардың барлық жеткізушілерінің табыстарының шамасын сипаттайды жəне соның көмегі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]