Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
171
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

18-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде... 281

3.ШығындарнемесетабыстартарапынанЖІӨесептеудетөменде келтірілгеннен қандай параметр енгізілмейді?

а) жалақы; ə) рента;

б) пайда мен пайыз; в) сату.

4.«Өнім ағыны» тəсілмен есептелетін ЖІӨ «шығындар ағыны» тəсілімен есептелетін ЖІӨ-ге теңесуі үшін не істеу керек?

а) аралық өнімді «өнімдер ағыны» сомасынан алып тастау; ə) аралық өнімді сөйлемнің екі бөлігінен де алып тастау; б) қызмет көрсету құны «өнімдер ағынына» енгізілуі керек;

в) трансферттік төлемдер мен амортизация «шығындар ағынына» енгізілуі керек.

5.Егер атаулы табыс өссе, нақты табыс:

а) төменірек қарқында өсуі керек; ə) тұрақты болып қалуы керек;

б) өсуі мүмкін, тұрақты болуы немесе құлдырауы керек; в) сол қарқынмен өсуі керек.

6.Жиынтық шығындар енбейді:

а) инвестициялар; ə) үкіметтік сатып алулар; б) тұтыну;

в) дербес жинақтаулар.

7.Табыстар бойынша ЖІӨ келесідей баптар енеді:

а) жалақы, рента, пайыз, пайда; ə) жалақы, ұлттық табыс, трансферттер, пайыз;

б) жалақы, ұлттық табыс, жеке табыс, пайыз; в) қолда бар табыс пен дербес табыс.

8.Номиналды ЖІӨ анықтаңдар:

а) ағымдық бағалардағы ЖІӨ; ə) баға деңгейі өзгеруі;

б) толық жұмыс бастылық жағдайындағы өндіріс көлемі; в) шығындар бойынша ЖІӨ.

282 Экономикалық теория

9.Потенциалды ЖІӨ анықтаңдар:

а) құрылымды жұмыссыздық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі;

ə) фрикциондық жəне құрылымдық жұмыссыздық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі;

б) циклді жұмыссыздық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі;

в) толық жұмысбастылық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі.

19-ТАҚЫРЫП

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК

ДƏРІС

ЖОСПАРЫ:

 

19.1. Макроэкономикалық тепе-теңдіктің

 

 

классикалық теориясы..................................

284

19.2. Тұтыну мен жинақтауды

 

 

кейнсиандық талдау......................................

285

19.3. Инвестиция мен жинақтауды

 

 

кейнсиандық талдау......................................

289

19.4. Мультипликатор эффектісі...........................

292

19.5. Туынды инвестициялар мен

 

 

акселератор. Ұқыптылық оғаштығы

 

 

(парадокс бережливости)..............................

294

19.6. «AD - AS» моделіндегі

 

 

макроэкономикалық тепе-теңдік..................

295

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

300

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

301

284 Экономикалық теория

МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ 19.1. ТЕПЕ-ТЕҢДІКТІҢ

КЛАССИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

Əлемдік экономикалық əдебиетте рынок жағдайында ұлттық өндірістіреттеумеханизмініңекінегізгібағытынбөліпкөрсетуге болады. Бірінші– рыноктықжүйеніңөзін-өзіавтоматтыреттеудің классикалық бағыты. Оның өкілдері – Д. Рикардо, Д.Ст. Милль, Ф. Эджоурт, А. Маршалл жəне А. Пигу. Екінші əсіресе, депрессия* жағдайында рыноктық жүйеге мемлекеттің міндетті түрде араласу қажеттілігінен туындайтын кейнсиандық бағыт.

P

A1

A

S

 

 

 

 

 

AS – жиынтық ұсыныс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

К

AD – жиынтық сұраныс

 

 

 

 

D

A1D1 – жаңа жиынтық

 

 

 

 

К1

 

 

 

 

D1

сұраныс

О

 

 

А

 

ЖІӨ

 

 

 

 

19.1-сызба. Экономикалық тепе-теңдікке деген классикалық жол

Экономист – классиктер баға, жалақы, пайыздық мөлшердің икемділігінен, яғни жалақы жəне баға сұраныс пен ұсыныс арасындағыбаланстыкөрсетеотырып,жоғары,төменеркінқозғала алады дегеннен шығып отыр. Олардың пікірінше AS жиынтық ұсынысы ЖІӨ өндірісінің потенциалдық көлемін көрсететін вертикалды тік түрде болады. Баға төмендеуі жалақы төмендеуіне əкеледі, сондықтан толық жұмысбастылық сақталады. Нақты ЖІӨ шамасының қысқаруы болмайды. Бұл жерде барлық өнім басқа бағалар бойынша сатылады. Басқаша айтқанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі ЖІӨ мен жұмысбастылықтың төмендеуіне емес бағаның төмендеуіне əкеледі. Сонымен, клас-

*Депрессия – тоқырау, кері кету.

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 285

сикалық теория мемлекеттің экономикалық саясаты өндіріс көлемі мен жұмысбастылыққа емес, тек баға деңгейіне ғана əсер ете алады деп есептейді. Сондықтан, оның өндіріс көлемі мен жұмысбастылықты реттеуге араласуы қажет емес (19.1-сызба).

19.2. ТҰТЫНУ МЕН ЖИНАҚТАУДЫ КЕЙНСИАНДЫҚ ТАЛДАУ

Экономикалық тепе-теңдікке деген кейнсиандық жолды қарастырайық. Ағылшын экономисі Д.М. Кейнс «Жұмысбастылық, пайыз бен ақшаның жалпы теориясы» еңбегін жариялаған 30-жылдары экономикалық ғылымда классицизм үстемдік етті. Онда ол өз көзқарасы бойынша нақты өмірмен жиі қайшылыққа баратын классикалық теорияның негізгі ережелерін қатты сынға алды. Біріншіден, экономика бір қалыпты дамымайды, ал жалақы мен баға жаңа классикалық модельде көрсетілгендей өте икемді емес деп дəлелдеді Кейнс. Екіншіден, инвестиция, жинақтау жəне пайыздық мөлшерлеменің өзара байланыстарының негіздері күдік тудырады. Нəтижесінде Кейнс тепе-теңдікке мемлекет араласуынсыз автоматты қол жеткізу мүмкін емес деп есептеді. Кейнс жалақыны қысқарту есебінен толық жұмысбастылық деңгейіне қолжеткізумүмкіндігінесенбеді. Олжұмыссыздыққақарамастан, жалақы төмендемейді жəне еңбек рыногы тең емес жағдайда қаладыдепесептеді. Жалақыныңтөменгішегіəрекетететіндіктен жұмыссыздықтың белгілі бір пайызы əрқашан қалады жəне мұндай жұмыссыздықты жою үшін жиынтық сұранысты кеңейту қажет, ал бұл еңбекке деген сұранысты өсіреді.

Икемді бағаны қолдану мүмкіндігі де Кейнске үлкен күмəн тудырды. Бағаны төмендету экономиканы автоматты түрде құлдыраудан шығара алмайды жəне пайыздық мөлшерлеме деңгейі жинақтау мен инвестиция қисықтарының қиылысында анықталмайды, ол қолда бар ақша сұранысы мен ұсынысына байланысты болады деп дəлелдеді. Басқаша айтқанда, тұтынушылар табыс бөлігін тұтыну шамасын анықтайтын оның шамасы мен

286 Экономикалық теория

размеріне байланысты жинақтау туралы шешім қабылдайды. Пайыздық мөлшерлеме қанша икемді болса да жиынтық сұраныстың төмендеуін тоқтатуға күші жетпейді. Сондықтан тепетеңдікке жұмысбастылық толық емес кезде қол жеткізіледі. Жиынтық ұсыныс қисығын Кейнс жалақы деңгейі өзгеріссіз қалады деген болжам негізінде құрды. Оның шамасы өзгеріссіз болатындықтан, кəсіпкерлер өндіріс шығындарын азайта алмайды. Сондықтан, бұл кезде баға төмендеуі жүре қоймайды. Соның нəтижесінде AS қисығы L – бейнелі түрде болады (19.2-сызба).

Р

 

 

A

А1

S

КК1

А

 

D1

 

D

В

ЖІӨ

В1

19.2-сызба. Жиынтық ұсыныстың кейнсиандық моделі (L – бейнелі түрде)

Осымодельқысқакезеңдегібағаменжалақыныңикемсіздігін жəне бос ресурстардың, оның ішінде жұмыссыздықтың болуын көрсетеді. Жиынтық сұраныс сызығы жиынтық ұсыныс сызығын ЖІӨ көлемі ОВ-ға тең К нүктесінде қиып өтеді. Егер сұраныс өсіп, сұраныс графигі A1D1 жағдайында ауысса, онда баға аса өзгермейді. Өндіріс көлемі өсетіндіктен, яғни ЖІӨ ВВ1 шамасына өседі. Кейнсиандықтар үкімет үкіметтік шығындарды өсіре отырып, ЖІӨ мен жұмысбастылықтың өсуіне көмектесе алады жəне бұл сұранысты DD1 жағдайына дейін өсіреді, ал өндіріс көлеміөсетіндіктенбағаларөзгеріссізқалуымүмкіндепесептеді. ЖІӨ өсуі ВВ1 құрайды. ЖІӨ көлемі өсу кезінде халықтың жұмысбастылығының артуы байқалады.

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 287

Макроэкономикалық пропорцияларды жетілдіруге сұраныс пен ұсыныс механизмі арқылы қол жеткізіледі. Капитал мен жұмыс күші иелеріне қатысты сұраныс пен ұсыныс келісілу проблемасын қарастырайық.

Капитал өкілі ретінде жүретін фирма əкімшілігі өнім шығарады, сол үшін ақшааладыжəне жұмыскүшінесұраныс қояды. Қызметкерлер өз жұмыс күшін ұсынады, сол үшін сыйақы алады жəне өндірілген өнімге сұраныс жасайды. Тауарлар мен қызмет рыногындағы фирмалар мен үй шаруашылығының өзара əрекеті негізінде ЖІӨ-ні тұтыну мен жинақтауға бөлу пропорциясы қалыптасады.

Тұтыну адамдардың материалдық жəне рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тұтыну игіліктерін жеке жəне бірлесе пайдалануды көрсетеді. Құндық нысанда – бұл халықтың материалдық игіліктері мен қызмет көрсетуді сатып алуға жұмсалатын ақша сомасы. Сонымен, жинақтауға жатпайтынның, салық түрінде төленбейтіндердің, шет елдердегі шоттарда орналаспағандардың бəрі, бұл – тұтыну. Адамдар тұтынуды, ол бүгінге қарағанда көбірек пайда əкеледі деген үмітпен ертеңге қалдыруға бейім. Тұтынудың алғашқы ошағы ретінде отбасы жүреді. Онда тұтыну көлемі мен құрылымы қалыптасады. Отбасылық шаруашылық жалпы тұтынушылық бюджет, тұрғын-үй жəне жинақталған мүлікпен сипатталады.

Халық тұтынуы – экономика жағдайын анықтайтын басты компоненттердің бірі.

Жинақтау – бұл кейінге қалдырылған тұтыну немесе қазіргі кезде тұтынылмайтын табыс бөлігі. Олар табыстар мен ағымдық тұтыну арасындағы айырмашылыққа тең. Жинақтау – бұл өндірістік жəне тұтынушылық мұқтаждықтарды болашақта қамтамасыз етумен байланысты болатын үдеріс.

Сондықтан, жинақтау – инвестициялаумен байланысты экономикалықүдеріс. Жинақтаудыфирмаларменқатар, үйшаруашылықтары жасайды. Фирмалар өндірісті кеңейтуге жəне пайданы өсіруге инвестициялау үшін жинайды. Үй шаруашылығы мынандай бірқатар себептер бойынша сақтайды: кəрілікті қамтамасыз ету жəне балаларға қалдыру, жер, қозғалмайтын мүлік

288 Экономикалық теория

жəне ұзақ мерзімді пайдаланылатын қымбат заттарды сатып алу үшін қаражаттар жинау. Жинақтау жəне инвестициялау бір-бірі- не тəуелсіз түрде, түрлі экономикалық субъектілермен жəне түрлі себептер əсерінен іске асырылады. Тұтыну мен жинақтауға табыс қалай бөлінеді? Бұл сұраққа жауап іздей отырып, ең алдымен тұтыну қызметінің жалпы қасиеттеріне сипаттама беру аса маңызды. Ол тұтыну шығындарының олардың қозғалысындағы табысқа қатынасын көрсетеді.

Үй шаруашылығының С жеке тұтынуы тиімді сұраныстың маңызды құрамдас бөлігін құрайды. Бірақ егер S жинақтауы табыстың тұтыну шығындарынан артатындығын көрсететіндігін еске түсірсек, тұтынуды анықтайтын факторларды талдай отырып, біз жинақтау тəуелді болатын факторларды да бір мезгілде қарастырып отырғанымыз анық болады:

Y = C + S

Бұл теңдеу табыстардың бір бөлігінің жеке тұтынуға жұмсалатынын, алартылыпқалғандарыныңжинақтауS нысанын қабылдайтынынкөрсетеді. Соныменқатар, қоғамшығындары, бір жағынан С тұтыну мұқтаждарына деген сұраныс, басқа жағынан І инвестицияға деген сұраныс түрінде көрсетілуі мүмкін:

Y = C + І

Ұлттық табыс пен тұтыну шығындары көлемдері арасындағы арақатынасты сипаттай отырып, Д. Кейнс тұтыну деңгейі табыс деңгейіне байланысты болады деп атап өтті. «Қоғам психологиясының ерекшелегі сол, – деп жазды Кейнс, – жиынтық нақты табыс өсуіне байланысты жиынтық тұтыну да өседі, бірақ оның өсу шамасы табыстағыдай болмайды». (Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М.: Прогресс, 1978, 80-стр). Формальды түрде тұтынуды келесідей қызмет түрінде көрсетуге болады:

С = C (Y)

Бірақ табыс тұтынуды ғана емес, жинақтауды да анықтайтын негізгі фактор болып табылады:

S = S (Y)

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 289

Тұтыну табыс жылжитын бағытқа қарай қозғалатыны зерттеу нəтижесінде анықталды. Бірақ тұтыну табысқа ғана емес, тұтынуға деген шекті бейімділік деп аталатынға (МРС) да байланысты болады.

Тұтынуғадегеншектібейімділіктұтынудағыкезкелгенөзгерістің оны тудырған табыстағы өзгеріске деген қатынасын білдіреді.

MPC =

тұтынудағы өзгеріс

=

∆C

табыстағы өзгеріс

∆Y

Жинақтауға деген шекті бейімділік жинақтаудағы кез келген өзгерістің оны тудырған табыстағы өзгеріске деген қатынасын көрсетеді:

MPC =

тұтынудағы өзгеріс

=

∆S

табыстағы өзгеріс

∆Y

Егер С + S = Y (яғни жиынтық табыс тұтыну мен жинақтауға бөлінеді) болса, онда C + S = Y екенін байқау оңай. Онда тұтынуға деген шекті бейімділік пен жинақтауға деген шекті бейімділік сапасы 1-ге тең болады:

MPC + MPS = 1;

M P C M PS

C

 

S

 

(C S)

 

Y

1.

Y

Y

Y

Y

 

 

 

 

 

Сондықтан, MPC = 1 − MPS

 

MPS = 1 – MPC.

19.3. ИНВЕСТИЦИЯ МЕН ЖИНАҚТАУДЫ КЕЙНСИАНДЫҚ ТАЛДАУ

Ел ауқымындағы инвестициялар (күрделі салымдар) кеңейтілген ұдайы өндіріс үдерісін анықтайды. Жаңа кəсіпорындар құрылысы, тұрғын үйлер салу, жолдар салу, сондықтан жаңа жұмыс орындарын құру инвестициялау немесе капитал құру үдерісіне байланысты болады.

19-3/108-11

290 Экономикалық теория

Инвестиция көзі – жинақтау. Бірақ проблема жинақтауды бір шаруашылық агенттері іске асыратынында, ал инвестицияны тіпті басқа шаруашылық субъектілері іске асыруы мүмкін екендігіне болып отыр.

Халықтық жинақтау инвестиция көзі болып табылады. Бірақ бұл адамдар, капиталдық игіліктердің нақты өсуімен байланысты капитал құрумен айналыспайды. Əрине, қызмет етуші түрлі фирмалардың жинақтауы да инвестиция көзі болып табылады. Бұл жерде «жинақтаушы» жəне «инвестор» сəйкес келеді. Бірақ бір мезгілде кəсіпкер болып табылмайтын жалдамалы еңбек адамдарының жинақтаушы рөлі де елеулі, көрсетілген себептерге байланысты жинақтау мен инвестициялау үдерістерінің сəйкес келмеуі экономиканы тепе-теңдіктен ауытқитын жағдайға əкелуі мүмкін.

Инвестиция қандай факторларға байланысты болады? Солардың ең маңыздыларын атап өтейік. Біріншіден, инвестициялау үдерісі пайданың күтілетін нормасына немесе күтілетін капитал салымдарының рентабельділігіне байланысты болады. Егер инвестордың пікірінше, бұл рентабельділік аз болса, онда салым іске асырылмайды.

Екіншіден, инвестор шешім дайындауда əрқашан капитал салымының балама мүмкіндіктерін ескереді жəне бұл жерде пайыздық мөлшерлеме деңгейі шешуші болады. Инвестор ақшаны жаңа зауыт (завод) немесе фабрика құрылысына салуы, не өз ақша ресурстарын банкке орналастыруы мүмкін. Егер пайыз нормасы пайданың күтілетін нормасынан жоғары болса, онда инвестиция іске асырылмайды жəне керісінше, пайыз нормасы пайданың күтілетін нормасынан төмен болса, кəсіпкерлер капитал салу жобаларын іске асырады.

Пайыз нормасы, инвестиция жəне жинақтау арасындағы графикалық өзара байланыс келесідей болады.

19.3-сызбада жинақтау мен инвестиция арасындағы тепетеңдік жағдайы берілген: ІІ қисығы – инвестициялар, SS қисығы

– жинақтау, r ординат өсіндегі пайыз нормасының мəні, абцисс осіндегі –жинақтаулар мен инвестициялар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]