Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
171
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 301

1.Классикалық теория былай дейді: «Қоғамда əрқашан жинақтау (S) мен инвестиция (І) арасын автоматты теңестіруге ұмтылубайқалады. Бұлбағаикемділігіменпайыздықмөлшерлеме арқасында орнатылады». Сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Бұл жөнінде кейнсиандық теория не дейді?

2.Неге Кейнс бойынша баға мен жалақы икемсіз (дəлірек айтсақ, бір жақты икемділігімен – тек олардың жоғарылау жағына ғана)? Неге қазіргі экономикада бұл құбылыс «храповик эффектісі» деген ат алды?

III. Туынды инвестициялар мен акселератор. Ұқыптылық оғаштығы.

1.«Автономды» сөзін «дербес», «тəуелсіз» деп аударуға болады. «Автономды инвестициялар» деген тіркес нені білдіреді?

2.Тазаұлттықтабыстың10 млрд. долларғаөсуіқандайдабір шаманың алғашқы автономдық инвестициясы нəтижесінде болды. Егер МRS 0,2 тең болса, онда осы алғашқы инвестицияның размері қандай?

3.Неге «Ұқыптылық оғаштығы» деп аталатын теория толық жұмысбастылықемесэкономикажағдайындағанаөзінкөрсетеді? Егерхалықинфляциялықалшақтықдепсипатталатынэкономика жағдайында көбірек жинақтай бастаса, не болады?

IV. «AD - AS» моделінің макроэкономикалық тепе-теңдігі.

Макроэкономикалықтепе-теңдікпроблемаларынграфикалық түрде екі модель көмегімен безендіруге болады. 1) «кейнсиандық крест» моделі жəне 2) «жиынтық сұраныс-жиынтық ұсыныс» моделі. Көрсетілген екі модельдің айырмашылығын неден көріп отырсың? Тіпті ол өзі бар ма?

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Жиынтық сұраныс қисығының оңға жылжуы көрсетпейді:

а) бір мезгілде баға деңгейі мен ЖІӨ нақты өнімнің өсуін; ə) ЖҰӨнақтыкөлеміөсуіболмағанкездебағадеңгейініңөсуі; б) баға өсуі жоқ кездегі ЖІӨ нақты көлемінің өсуі;

в) бір мезгілде баға деңгейінің өсуі жəне ЖІӨ нақты көлемінің құлауы.

302 Экономикалық теория

2.Егер ....., жиынтық сұраныс қисығының солға жəне оңға жылжу нəтижелері бірдей болады:

а) бұл жылжу жиынтық ұсыныс қисығының көлденең сызығында жүрсе;

ə) бұл жылжу жиынтық ұсыныс қисығының тікелей сызығында жүрсе;

б) бұл жылжу жиынтық ұсыныс қисығының аралық сызығында жүрсе;

в) экономика дағдарысқа ұшыраса.

3.Жиынтық сұраныс қисығы .... арасындағы қатынасты көрсетеді:

а) баға деңгейі жəне тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алуға жұмсалған жиынтық шығындар;

ə) баға деңгейі мен нақты көріністе өндірілген ЖІӨ; б) сатып алушылар мойындайтын баға деңгейі мен сатушыларды

қанағаттандыратын баға деңгейі; в) нақты көріністе өндірілген жəне тұтынылған ЖІӨ көлемдері.

4.Жиынтық ұсыныс қисығындағы кейнсиандық сызық:

а) оң еңкейеді; ə) теріс еңкейеді;

б) тік сызықпен берілген; в) көлденең сызықпен берілген.

5.Егер ...., жиынтық сұраныс қисығы артады:

а) баға деңгейі төмендесе; ə) баға деңгейі өссе;

б) артық өндірістік күштер артса; в) ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамы төмендесе.

6.Жиынтық ұсыныс қисығы .... арасындағы қатынасты көрсетеді:

а) баға деңгейі мен нақты көріністегі ЖІӨ тұтынылған көлемі; ə) баға деңгейі мен нақты көріністегі ЖІӨ өндірілген көлемі; б) өндірушілер тауарды сатқысы, ал сатып алушылар сатып

алғысы келетін бағалар деңгейі; в) нақты көріністегі ЖІӨ тұтынылған жəне өндірілген көлемдері.

7.Тұтынуға деген шекті бейімділік – бұл...

а) жиынтық тұтынудың жиынтық табысқа қатынасы; ə) табыс өзгеруі тудырған тұтыну шығындарындағы өзгерістер;

б) табыстың осы деңгейі кезінде тұтыну шығындары шамасын сипаттайтын қисық;

в) тұтыну шығындары өсуінің қолда бар табыс өсуі бірлігіне қатынасы.

19-тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік 303

8.Тұтыну мен жинақтауға деген шекті бейімділік арасындағы байланыс немен көрінеді?

а) олардың сомасы 1-тең болуымен; ə) олардың арасындағы қатынас тұтынуға деген орта бейімді-

лікті сипаттауымен; б) олардың сомасы қолда бар табысқа тең, себебі ол тұтыну мен

жинақтауға бөлінеді; в) олар тең қисықтағы нүкте, табыстың ең төменгі деңгейіне

сəйкес болады.

9.Дж. Кейнс елдегі тұтыну шығындарының көлемі ең алдымен ....

байланысты болады деп дəлелдеді:

а) отбасы мүшелерінің жасына; ə) ақша ұсынысы өсуінің қарқынына; б) ұлттық табыс деңгейіне; в) қолда бар табыс деңгейіне.

10.Инвестиция көлеміне ... əсер етеді:

а) пайыздық мөлшерлеме деңгейі; ə) кəсіпкерлердің оптимистік немесе пессимистік күтуі; б) технологиялық өзгерістер деңгейі;

в) өндірістік құрал-жабдықтың толық қолданылу деңгейі.

11.Төмендегі аталғандардың қайсысы автономдық шығындар өсуін көрсетеді:

а) тұтыну қызметі қисығының бойымен жоғары қозғалу; ə) ТҰӨ көбеюіне қарай инвестиция өсуі; б) тұтыну қызметі қисығы бойымен жоғары қозғалу;

в) тұтыну қызметі қисығы бойымен төмен қозғалу.

12.Кейнсиандық теорияға классикалық теорияны ығыстыруға мүмкіндік берген басты себеп – бұл ...

а) кейнсиандық теория экономиканың ұзақ кезеңдегі мінез-құлқын түсіндірді;

ə) кейнсиандық теория экономиканың қысқа кезеңдегі мінезқұлқын түсіндірді;

б) классикалық теория экономиканың қысқа мерзімдегі мінезқұлқын түсіндіре алмады;

в) кейнсиандықтеорияөзініңнегізгіережелерінелдегіайналымдағы ақша санымен байланыстырмады.

13.Толықжұмысбастылықпенбарлықресурстардытолықпайдалану кезіндегі өндіріс деңгейіне байланысты емес деген идея .... жатады:

а) кейнсиандық теорияға; ə) марксистік теорияға;

304 Экономикалық теория

б) ақшаның сандық теориясына; в) Сэй заңына.

14.Тұтыну шығындарының кейнсиандық тұжұрымдамасына сай:

а) тұтыну шығындары қолда бар табыстарға тікелей қатынаста болады;

ə) егер қолда бар табыс өссе, тұтыну шығындары төмен түседі; б) егер қолда бар табыс өссе, тұтынуға бағытталған оның үлесі

төмен түседі; в) тұтыну шығындары қолда бар табыстарға тікелей қатынаста

болады.

15.Тепе-теңдіктің классикалық моделіне сай, экономика тепе-тең болады, егер ....

а) ақша ұсынысы динамикасы белгілі бір кезең ішінде тұрақты болса;

ə) жоспарлы тұтыну шығындары + (қосу) инвестициялар жалпы алымдарға тең болса;

б) мемлекеттік бюджет баланстанған болса; в) дұрыс жауап жоқ.

16.Дж. М. Кейнстің қарапайым моделінде, егер жиынтық ұсыныс жиынтық сұранысқа тең болса, онда:

а) босалқы қорлар қысқарып, кəсіпкерлер өндірісті кеңейте бастайды;

ə) босалқы қорлар өзгермейді, бірақ кəсіпкерлер өндірісті кеңейтеді;

б) босалқықорларөсебастайдыда, кəсіпкерлерөндірістіқысқарта бастайды;

в) босалқы қорлар мен өндіріс деңгейі өзгермейді.

17.«Жиынтықсұраныс-жиынтықұсыныс» моделіндебағадеңгейінің өсуі əкеледі:

а) тұтынуға деген шекті бейімділік өсуіне; ə) мультипликатордың табысқа əсер етуі өсуіне;

б) мультипликатордың табысқа əсер етуі төмендеуіне; в) мультипликатордыңтабысқаəсеретудеңгейінеəсерболмауына.

18.Кейнсиандық модельдегі жиынтық шығындар өсуі жиынтық сұраныс қисығының ... жылжуына əкеледі:

а) жиынтық шығындар өсуінің шамасына қарай оңға; ə) мультьипликатор мəніне көбейтілген жиынтық шығындар

өсуінің шамасына қарай оңға; б) мультьипликатор мəніне көбейтілген жиынтық шығындар

өсуінің шамасына қарай солға; в) дұрыс жауап жоқ.

20-ТАҚЫРЫП

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПЕН ИНФЛЯЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚСЫЗДЫҚТЫҢ КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

20.1.Жұмысбастылық пен жұмыссыздық. Қазіргі экономикадағы жұмыссыздықтың

негізгі нысандары..........................................

306

20.2. Жұмыссыздықтың ЖІӨ шамасына

 

əсері. Оукен заңы ..........................................

308

20.3. Инфляция, оның себептері мен

 

қазіргі əлемдегі негізгі түрлері......................

310

20.4. Инфляцияның экономикалық

 

жəне əлеуметтік салдары.............................

312

20.5. Инфляция мен жұмыссыздықтың

 

өзара байланысы. Филлипс қисығы.............

315

20.6. Қазақстан Республикасында

 

жұмыссыздықтың ерекше нысандары

 

мен себептері.................................................

316

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

318

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

319

20-3/108-11

306 Экономикалық теория

ЖҰМЫСБАСТЫЛЫҚ ПЕН ЖҰМЫССЫЗДЫҚ.

20.1. ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ НЫСАНДАРЫ

Адамды 3 топтың біреуіне жатқызуға болады: Жұмысбасты, жұмыссыз немесе жиынтық жұмыс күшінен

тыс болатындар.

Жұмысбасты + жұмыссыз = жиынтық жұмыс күші.

Жұмыссыздық жəне қоғам шығындары:

1.Жұмыссыздық кезінде қоғамның экономикалық потенциалы жеткілікті пайдаланылмайды. Бос жұмыс күші ұлттық байлықтың өсуіне қатыспайды. Сондықтан елде толық пайдаланылмаған өндірістік мүмкіндіктерден ысырап болады.

2.Ұзақ жұмыссыздық кезінде бос қалған қызметкерлер біліктілігін жоғалтады. Тіпті кейін өндірістік үдеріске қатыстырылған қызметкер еңбек өнімділігінің дұрыс тұрақты биігіне жарты жыл шамасында көтеріледі. Осы бейімделу кезеңінде қызметкер кез келген біліктіліктің тұрақты жұмыс кадрларымен салыстырғандаөзеңбекнəтижесіндееңбекөнімділігітөменболыптұрады.

3.Медицина көрсеткендей жұмыссыздықтың өсуі ұлттың психологиялық денсаулығын бұзады. Жұмыстан шығарылды деген хабар алғашында адам баласына жақын туысының қайтыс болғаны немесе түрмеден қашып құтыла алмайсың деген хабар естірткенмен бірдей күйзеліске ұшыратады.

4.Жұмыссыздықтың өсуі қылмыс өсуіне жағымды фактор болады.

5.Жұмыссыздықты қоғам ысырабы ретінде бағалай отырып, жоғарыда айтылған экономикалық тұрақсыздық факторларын да айтып өту керек. Бұл:

• сатып алушылық сұранысының төмендеуі;

• жинақтаудың қысқаруы;

• инвестициялық сұраныстың төмендеуі;

• ұсыныстың қысқаруы, өндірістің төмендеуі.

20-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық... 307

Жұмыссыздық экономикалық тұрақсыздықты сипаттайтын элементтердің бірі болып табылады.

Бірқалыпты жұмыссыздық (жұмысбастылардың 3%-ынан

5%-ына дейін) рыноктық экономика дамуының қажетті серігі деп саналады.

Біріншіден, жұмыссыздық өндірісті кейінгі кеңейту кезінде қолдануға болатын бос жұмыс күшінің резервін көрсетеді; екіншіден, жұмыссыздықтың болуы жалақыны жоғарылату жөніндегі кəсіподақ талабын азайтып, кəсіпкерлік қызметті ынталандыра түседі; үшіншіден, жұмыссыздық еңбек тəртібін нығайту факторларыныңбіріболыптабылады(жұмыстыжоғалтуқаупінен).

Жұмыссыздықтың келесідей түрлерін бөліп көрсетеді:

фрикциондық;

құрылымдық;

институционалдық;

циклдік;

ерікті.

Фрикциондық жұмыссыздық жұмыс орнын, тұратын жерін ауыстырумен байланысты кадрлар ағымын көрсетеді. Жиынтық жұмыс күшінің қандай да бір бөлігі жаңа жұмыс орындарында ауыса отырып, тұрақты түрде қозғалыста болады.

Құрылымдық жұмыссыздық мəні бойынша фрикциондық-

тың терең түрі. Елде түбегейлі өзгерістер жүргенде салалар арасындағы өзара байланыс өзгереді, жұмыс күшінің тұрақсыздығы күшейіп, жұмыс орындарын салааралық бөлуде жаңа пропорциялар құрылады.

Институционалдық жұмыссыздық рынокты ұйымдасты-

рудың өзі жеткіліксіз тиімді болған кезде туындайды. Мысалы, бос жұмыс орындары туралы жеткіліксіз ақпарат, жұмыссыздық бойынша артық көрсетілетін жəрдемақы немесе табыстардың төмендетілген салықтары (жұмыссыздықтың ұзақтығы өседі жəне жұмыс іздеуге деген ынта жойылады).

Циклдік жұмыссыздық өнеркəсіптік дағдарыс пен тоқырау кезіндегі өндірістің төмендеуін тудырады. Өндірістің жандануы мен көтерілуге өту кезінде жұмыссыздар саны азаяды.

308 Экономикалық теория

Ерікті жұмыссыздық. Кез келген қоғамда өзінің психологиялық қалпы немесе басқадай себептерге байланысты жұмыс істегісі келмейтін адамдар тобы болады.

Экономикалық өсу мен экономикалық тұрақтылық жағдайына сай келетін жұмыссыздық табиғи деп аталады.

Жұмыссыздықтың өзгеруі жəне оны анықтау.

Жұмыссыздық деңгейін өзгерту үшін жалақының ағымдық мөлшерлемесі кезінде қанша адамның жұмыс істегісі келетінін, бірақ шын мəнісінде жұмысы жоқ екенін білу қажет.

Бұд əдетте үй шаруашылығын іріктеп зерттеу арқылы анықталады:

1. Адам соңғы апта бойы жұмыс істеді ме?

Оңжауапболғанкездеадамжұмысбастыдепесептеледі. Егер жауап теріс болса, онда 2-сұраққа назар аударайық.

2. Ол адам соңғы 4 апта ішінде жұмыс іздеді ме? Егер іздесе олжұмыссызретіндеқарастырылады. Егеріздемесе, ондаолжиынтық жұмыс күшінен тыс болып саналады. Сондықтан жиынтық жұмыскүшіжұмысбастыларыменқатаржұмыссыздардыдақамтиды.

Жұмыссыздық қатынас түрінде өлшенеді.

Жұмыссыздық нормасы – бұл жұмыссыздар санының пайызбен көрсетілген жұмыс күші санына қатынасы. Мысалы, егер 1 адам жұмыссыз, 3-і жұмысбасты болса, онда жиынтық жұмыс күші 4-ке тең, ал жұмыссыздар үлесі ј*100 = 25% болады.

20.2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖІӨ ШАМАСЫНА ƏСЕРІ. ОУКЕН ЗАҢЫ

Оукен заңына сай нақты ЖІӨ жыл сайын шамамен 2,5% шамасы деңгейінде өсуі жұмыссыздар үлесін тұрақты деңгейде ұстайды. Нақты ЖІӨ өсуінің əр қосымша 2%-дық пункті жұмыссыздар үлесін 1 пайыздық пунктке азайтады.

Ұқсас түрде: ЖІӨ өсімі қарқынының əр қосымша 2 пайыздық пунктке қысқаруы жұмыссыздық нормасы 1 пайыздық пунктке өсуін тудырады.

20-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық... 309

Осы заңның 2 бөлігі анық.

Бірінші бөлік: ЖІӨ өсуінің белгілі бір шамасы жұмыссыздық нормасының азаюына жол бермеу үшін қажет.

Əр жыл сайын жұмыс күшінің саны өседі жəне оны пайдалану өнімдірек бола түседі. Осы себептерге байланысты нақты ЖІӨ жыл сайын 2,5 пайыздан 3 пайызға дейін өсуі жұмыссыздықты бұрынғы деңгейде ұстауға қабілетті жаңа жұмыс орындарын құру үшін қажет.

Екінші бөлік: Оукен заңы жұмыссыздық үлесі өзгеруін ЖІӨ өсуі қарқынының қосымша түрлендірмеге байланысты суреттейді. Асатезөсужұмыссыздықтықысқартады, алөсуқарқынына қатысты төмендеуі жұмыссыздық үлесін өсіреді. Егер, өсу қарқыны, мысалы 3 пайыздан 5 пайызға дейін өссе, жұмыссыздар үлесі 1 пайыздық пунктке түседі. Өз кезегінде өсу нормасының 4 пайыздан 2 пайызға азаюы жұмыссыздар үлесін шамамен 1 пайыздық пунктке өсіреді.

Оукензаңыныңеңмаңыздыаспектісіоныңекіншібөлігі, оның ішінде2:1 ережесіболыптабылады. 2:1 ережесіжұмыссыздықпроблемасын шешу үшін экономикалық өсу қандай болу керектігін көрсетеді. Жұмыссыздар үлесі 8 пайызға тең, ал əкімшілік келесі жылы жұмыссыздар үлесін 6 пайыз деңгейіне жеткізгісі келеді деп болжайық. Бұл экономиканы интенсивті түрде ақша жəне фискалды ынталандыру арқылы жылдамырақ өсіруге мəжбүр ету керек деген сөз. Өсу қаншалықты жылдам болуы керек? Жұмыссыздық бір жыл ішінде 2 пунктіге түсуі керек. Бұл үкіметке келесі жыл ішінде нақты ЖІӨ өсуін шамамен 6,5 пайыз деңгейінде өсіруді қамтамасыз ету қажеттігін білдіреді, оның 2,5 пункті, жұмыссыздықты алдыңғы жыл деңгейінде сақтау, тағы 4-і, жұмыссыздар үлесін 2 пунктте сақтау үшін (бұл өте жоғары өсім 1994 жылы АҚШ-та болды) қажет болады. Экономикалық өсу 6,8 пайыз болып, жұмыссыздық нормасы бір жылда шынында 2 пайыздық пунктке түсті. 1994 жылы АҚШта жұмыссыздық үлесінің деңгейі жұмыс күшінің 1,2 пайызын құрады. Нөлдік жұмыссыздық мүмкін емес. Жұмыссыздықтың қандай деңгейі бағытболады? Осымақсатта«жұмыссыздықтыңтабиғинормасы» түсінігі енгізілді.

310 Экономикалық теория

Жұмыссыздықтың табиғи нормасы – бұл экономикадағы

толық жұмысбастылықтың пайдалы деңгейіне сəйкес келетін жұмыссыздар үлесі.

Толық жұмыс бастылық циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын, бірақ табиғи жұмыссыздықтың толықтырылуын көрсетеді.

Толық жұмысбастылық кейбір жұмыссыздықтың болуын білдіреді, себебі жұмыс күші əрқашан қозғалыста болады, бір жұмыс орындары ашылып, біреулері жабылып отырады.

Экономистер жұмыссыздықтың табиғи нормасын база ретінде, экономика жеткілікті тұрақты бағасы бар толық жұмысбастылыққаиеболғанқандайдабіркезеңдіпайдаланады. Əдетте бұл – оның деңгейі 4-5% болған 60-жылдар ортасы (80-жылдары ол 5,5-6,5%-ға дейін өсті).

Содан кейін жұмыссыздықтың бастапқы кезеңі соңғы кезде жұмыс күші құрамында болған өзгерістерді есепке ала отырып, түзетіледі.

ЖұмыссыздықтыңтабиғидеңгейініңтүсінігіЖІӨмүмкіндігі категориясымен байланысты. Потенциалды ЖІӨ дегеніміз толық жұмысбастылық жағдайында өндірілген ЖІӨ көлемі. АҚШ-та 90-жылдардағы жұмыссыздықтың табиғи деңгейі елдің жұмыс күшінің 6-7%-ын құрады.

ИНФЛЯЦИЯ, ОНЫҢ СЕБЕПТЕРІ 20.3. МЕН ҚАЗІРГІ ƏЛЕМДЕГІ НЕГІЗГІ

ТҮРЛЕРІ

Инфляция – бұл қайта өндіріс үдерісінің бұзылуын сипаттайтын жəне қағаз ақша айналымын пайдаланатын экономикаға тəн күрделі көп факторлы құбылыс.

Инфляцияның екі түрін бөліп көрсетеді:

1)ашық;

2)басылған.

Ашық инфляция еркін баға əрекет ететін рынокта жүреді. Ашық инфляция баға артуының теңсіздігі кезінде рыноктық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]