Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

18-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде... 271

арқылы ТҰӨ құрылады. Экономикалық ресурстардың ағымдық үлесінкөрсетпейтінТҰӨжалғызкомпонентібизнескесалынатын жанама салық болып табылады.

Сондықтан, ҰТ есептеу кезіндегі жанама салық шамасы ТҰӨ-нің ақша көлемінен шегеріліп отырады.

Жеке табыс халықтың дербес тұтыну мақсатына қанша ақша түсетінін жəне бұның ҰТ қозғалысындағы қайта бөлу үдерісін қалай бейнелейтінін көрсетеді. Жеке табысты есептеу кезінде ҰТ-дан корпорация пайдасына салынатын салық, олардың бөлінбеген пайдасының көлемі жəне əлеуметтік сақтандыру жарналарының шамасы алынып тасталады, бірақ халыққа төленетін трансферттік төлемдер (зейнетақы, стипендия, жəрдемақы) қосылады.

Халықтың өз қалауы бойынша жұмсай алатын табысын сипаттауүшінқолдағытабысдегенкөрсеткішпайдаланылады. Оны есептеу үшін ЖТ халық төлейтін салықтың жалпы көлемі алынып тасталады.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – жыл бойы өндірілген соңғы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ақшамен көрсетілген жиынтық көлемі.

Соңғы өнім – ары қарай өңдеу немесе сату мақсатында сатып алынатын аралық өнімге қарағанда тура немесе тікелей тұтыну үшін сатып алынатын өнім. Міне сондықтан ЖІӨ-ні есептеген кезде соңғы өнім пайдаланылады. Сонымен қатар осы себептен ЖІӨ-ге үй жəне жеке қосымша шаруашылықта өндірілген жəне ішкітұтынуғаарналғанөнімдерқұны, жасырынжəнеқылмыстық экономикада өндірілген өнім енгізілмейді.

СоңғыөнімнысаныболыпөндірісəдісарқылыЖІӨ-ніесептеу негізінде алынған қосылған құн табылады. Қосылған құн – фирма өндірген өнім құны мен басқа фирмаларға шикізат, материалдар, көрсетілетін құн, яғни аралық құнды сатып алу үшін төленген сомаарасындағыайырмашылық. БұлжағдайдаЖІӨшамасыЖІӨніқұруүшінбарлықфирмаларменсалалардыңқосылғанқұнының сомасын көрсетеді. Жалпы экономика үшін барлық қосылған құн сомасы соңғы тауарлар құнына тең болуы керек.

272 Экономикалық теория

ЖІӨ-ні анықтаудың екінші маңызды көзі оны ақша нысанында есептеу болып табылады. Натуралды-заттық нысан сай келмейтіндіктен, яғни өнімнің сан алауан түрлерін салыстыруға болмайтындықтан экономикалық даму динамикасының дəл көрсеткіші бола алмайды. Олардың салыстырмалығының жалпы көрсеткіші ретінде киімді, зеңбіректі, кітапты жəне т.б. салыстыруға жəне қосуға мүмкіндік беретін құндық баға жүреді.

Бұл кезде өндірілген өнім ағымдық нарықтық бағамен бағаланады, яғни бұл номиналды ЖІӨ болады. Егер бағалау кезінде инфляция есебінен баға өсімі алынып тасталса, онда бұл нақтыЖІӨболады. НоминалдыжəненақтыЖІӨқатынасынЖІӨ дефляторы (көрсеткіші) көрсетеді. Біздің ары қарайғы талдауымызда, басқа көрсеткіш туралы ерекше көрсетілсе, əдеттегідей нақты ЖІӨ пайдаланылады. Себебі ол өндіріс көлеміндегі шын өзгерістерді толығырақ көрсетеді. Біздің талдауымыз үшін, инфляцияның тұрақты деңгейі жəне жұмысбастылықтың ең жоғарғы мүмкін деңгейі кезіндегі нақты ЖІӨ ең жоғары деңгейі ретіндегі анықталатын потенциалды ЖІӨ көрсеткіші аса маңызды болып табылады. ЖІӨ көлемін екі жолмен анықтауға болады: соңғы өнімді тұтынуға (сатып алуға) жұмсалған барлық шығындарды немесе оны сатудан түскен барлық табысты қосу қажет. Шығындар ағыны ретінде қарастырылатын елдің жалпы ішкі өнімі келесідей компоненттерден құралады:

халықтың тұтыну шығындары (С);

ұлттық экономикаға салынатын жалпы жəне жеке инвестициялар (І);

тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу (G);

таза экспорт (NХ).

Тұтыну шығындары – халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді соңғы тұтыну. Бұл жерге азық-түлік, киім, ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттардысатыпалуға, коммуналдышығындарменбасқатауарларғаақытөлеугежұмсалатынүйшаруашылығышығындарыжатады.

Инвестициялар – болашақта көбірек тұтыну мүмкіндігіне ие болу үшін, бүгін ертеңгі күнге «қалдырылатындар». Инвес-

18-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде... 273

тицияның бір бөлігі – ағымдық кезеңде пайдаланылмайтын, босалқы қорға қалдырылатын (босалқы қорды көбейтуге арналған инвестициялар) тұтыну игіліктері. Басқа бөлігі – өндірісті ұлғайтуға бағытталған ресурстар (ғимараттарға, машиналар мен құрал-жабдықтарға салынатын). Бізді екінші бөлік есептегіжылы іске асырылатын өндірістік бағыттағы жалпы инвестициялар қызықтырады. Жалпы инвестициялар сомасынан тозған негізгі капиталды ауыстыруға жұмсалған бөлікті алып тастасақ, біз таза инвестицияны аламыз. Тозған бөлікті амортизациялық аударымдар сомасы бойынша анықтауға болғандықтан, жазуға болады:

Тазаинвестициялар= Жалпыинвестициялар= Амортизациялық аударымдар

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу немесе үкіметтік тұтыну – бұл мемлекеттік қажеттілікті қанағаттандыруға арналған соңғы өнім. Ол мемлекеттің шығыны (мемлекеттік аппаратты, əскерді, тəртіп сақтау органдарын, əлеуметтік инфрақұрылым мекемелерін жəне басқаларды ұстау) мен экономиканы реттеу мақсатында жұмсалатын мемлекеттік шығындардан құралады. Бізді мемлекеттік шығындардың екінші бөлігінің қозғалысы қызықтырады.

Елде өндірілетін өнімдердің бір бөлігі экспортқа шығарылса, сонымен бір мезгілде осы ел тұрғындары мен кəсіпорындары тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шет елден алады. Сондықтан ЖІӨшамасынсыртқысаудабалансынсальдобелгісіне(жағымды немесе жағымсыз) қарай экспорт пен импорт арасындағы айырмашылыққа, яғни таза экспорт шамасына өсіру немесе азайту керек.

Сонымен, жалпы ішкі өнімді былай анықтауға болады: ЖІӨ = С + І + G + NХ

ТабыстарағыныретіндеЖІӨқарастырғанда, оныңкелесідей негізгі құрамдастардан құралатынын байқауға болады:

салық төленгенге дейін қызметкерлер жалақысы мен қызметшілер айлығынан;

пайыздар мен ренталардан;

пайдадан.

18-3/108-11

274 Экономикалық теория

Тауар құнына енгізілетіндіктен біз бұл жерге жанама салықтарды жəне амортизациялық аударымдарды да қосуымыз керек. Осы екі бап ешкімнің жеке пайдаланылуына енбейді. Сондықтан ЖІӨ-нің бөлігі бола отырып, бұлар оның табыстық құрамдасбөлігінеенбейді. Шығындарментабыстарағындарының жалпы қалыптасуын қарастырайық. Шығындар бойынша есептеген ЖІӨ-ге төрт құрамдас бөлік енеді, олар: жеке кəсіпкерлік инвестициялары, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу, халықтың тұтынушылық шығындары жəне таза экспорт. Табыстар ағындары көрсеткіштерінің өзара байланысы келесідей түрде болады:

ЖІӨ – Амортизация = Таза ішкі өнім (ТІӨ); ТІӨ+ Тазафакторлықтабыс(ТФТ) = Тазаұлттықөнім(ТҰӨ);

ТҰӨ – Бизнеске салынатын жанама салықтар = Ұлттық табыс

(ҰТ);

ҰТ – Əлеуметтік сақтандыру жарналары – Корпорация пайдасына салынатын салықтар – Корпорацияның бөлінбеген пайдалары + Трансферттік төлемдер = Жеке табысқа (ЖТ);

ЖТ – Жеке салықтар = Жеке қолдағы табыстар (ЖҚТ). Сонымен, ЖІӨ-ні өлшеудің үш тəсілі болады:

шығындар бойынша;

табыстар бойынша;

қосылған құн бойынша.

ЖІӨ-ні шығындар бойынша есептеу кезінде барлық экономикалық субъектілер шығындары жинақталады (үй шаруашылығы, фирмалар, мемлекет, шетелдік сектор):

ЖІӨ = С + І + G + NX,

мұндағы:

С – тұтыну; І – жалпы жеке ішкі инвестициялар;

G – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу,

NX – таза экспорт.

ЖІӨ-ні табыстар бойынша есептеу факторлық табыстардың барлық түрлері (жалақы, сыйлық, пайда, ренталық табыстар,

18-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде... 275

пайыздар) мен табыс болып табылмайтын – амортизация мен бизнеске салынатын жанама салық сияқты екі компонентті қосу арқылы жинақталады. Бұл жерге мемлекеттік борыш бойынша төленетін пайыздар енгізілмейді.

ҰШЖ-де шығыс бөлігі табыс бөлігіне тең болуы керек, яғни осы жылы өндірілген өнімді сатуда алынған ақша табысы ЖІӨ мен осы жылы өндірілген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жұмсалған шығындар көлеміне тең болады: Y = C + I + G + NX – бұл теңдеу негізгі микроэкономикалық ұқсастық деп аталады.

Қосылған құн бойынша ЖІӨ-ні есептеу кезінде соңғы өнімді өндірудің əр кезеңінде қосылған құн жинақталады. Бұл əдіс ЖІӨ-ні өндірудегі түрлі фирмалар мен салалардың үлесін анықтауға мүмкіндік береді. Қосылған құн сомасы соңғы тауарлар мен көрсетілетін қызметтер құндарына тең болады. Қосылған құн – бұл құнның өсуі, яғни өнімді өндіру мен сатудың əр кезеңінде фирмалардың сатып алынған материалдар мен қызметтерге қосатын құнының бөлігі.

Ұлттық шоттар жүйесіндегі барлық көрсеткіштер ағымдық рыноктық бағалармен есептеледі. Сондықтан ЖІӨ көрсеткіші негізінде жылдық өндірістік жиынтық көлемінің номиналды шамасы бағаланады.

Номиналды ЖІӨ жыл сайын екі себептен өзгертіледі. Біріншісі, игіліктерді шығарудың нақты көлемі өзгеруіне, екінші себеп рыноктық баға өзгеруіне байланысты болады. Рыноктық бағалар динамикасының номиналды көрсеткіштер шамасына əсерін есепке алу үшін олардың өзгеруіне сандық бағалау беру қажет. Базистық жылмен салыстырғандағы ағымдық жылдағы рыноктық бағалар өсуінің қарқынын сипаттайтын көрсеткіш бағалар деңгейі (индексі) немесе ЖІӨ дефляторы деп аталады.

ЖІӨ дефляторы = Номиналды ЖІӨ/Нақты ЖІӨ немесе Р = Y /Q, ондағы, Р – дефлятор, Q – өндірістің нақты көлемі, Y – номиналды ЖІӨ.

Номиналды ЖІӨ – ағымдық, ал нақты ЖІӨ салыстырмалы бағалармен есептеледі.

276 Экономикалық теория

ҰЛТТЫҚ ЕСЕП ЖҮРГІЗУ 18.3. ЖҮЙЕСІНІҢ РӨЛІ ЖƏНЕ

ҚЫЗМЕТТЕРІ

Ұлттық есеп жүргізу – бұл, бір жағынан, ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ), басқа жағынан макроэкономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің маңызды аспаптарының бірі.

Ұлттық шоттар жүйесі бухгалтерлік қос жазу принципіне негізделген жəне қоғамдық өндіріске негізгі қатысушылар арасындағы тауарлар мен табыстар қозғалысын, мемлекет ауқымындағы (масштабындағы) жинақтау үдерісін жəне ұлттық байлық деңгейін біріктірме түрде көрсететін баланстық кестелер жиынтығы болып табылады.

1947 жылы БҰҰ статистикалық бюросы «Ұлттық табысты өлшеу жəне ұлттық есептілікті ұйымдастыру» атты баяндамасын жариялайды. 1953 жылы Р. Стоун басшылығымен мамандар тобы дамыған елдердегі ұлттық шоттарды құру облысындағы тəжірибені ескере отырып, ұлттық есеп жүргізу жүйесін даярлайды. Бұл жүйе бірнеше рет қайта қаралды. Мəселен, 1968 жылы ол шығындар мен шығару кестелері, қаржы шоттарымен толықтырылды. Институционалдық сектор шоттары елеулі орын алып, рыноктық жəне рыноктық емес өндірістер жəне т.б. бөлініп көрсетіле бастады. ҰЕЖ əдістемесін ары қарай жетілдіру Біріккен Ұлттар Ұйымының қазіргі ұлттық есепті жүргізу жүйесін құруға мүмкіндік берді. Бұл жерде өндіріс халық шаруашылығы салалары жəне басқа өндірушілер бойынша бөлінді, ҰЕЖ салааралық балансқа енгізуді, қаржы активтерін бөліп көрсете отырып, қаржы саласының толығырақ есебін берумен қатар мүлік балансын енгізуді ұстаным түрдегі жаңа əдістер деп есептеуге болады.

Орталықтандырылған жоспарлауы бар елдер соңғы кезге дейін өз ұлттық шоттар жүйесі – халық шаруашылығы баланс жүйесі (ХШБЖ) деген атпен белгілі ұлттық экономика баланстары жүйесін пайдаланды. Рыноктық экономикаға өту кезінде олардың алдында ХШБЖ бас тарту немесе ҰЕЖге қосылу деген мəселе тұрды.

18-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде... 277

Кейбіреулері дамушы елдерде ҰЕЖ-ге қарағанда ХШБЖ тиімдірек деп есептеді. Басқалары екі тұжырымдамада, ХШБЖ жəне ҰЕЖ-де үйлесетін супержүйе құру туралы пікір білдірді.

Еуропаның көптеген елдері ХШБЖ-ден бас тартып, ҰЕЖ қосылды. Əрине, бүгін ұлттық шоттар жағдайы көптеген елдерде бастапқы кезеңде болып отыр.

ХШБЖ немесе ҰЕЖ қолдауды таңдаудағы басты қиыншылық институционалдық бірлік пен оны институционалдық секторда(салада) саралаудыанықтауменбайланыстыболды. Мысалы, орталық банкке енетін банктік жүйе мемлекет реттейтін жағдайда əрекет етеді. Ең басында қаржылық емес институттар секторы жартылай толып, ал мемлекеттік мекемелер секторы толығымен толған болар еді. Орталықтандырылған жүйедегі локалдық бірліктер ҰЕЖ қойған шарттарға жауап бермейді. Оларды институционалдық жеке бірліктер ретінде қарастыру үшін олар орталық мекемелер ретінде саралануы керек. Басқа да қиыншылықтар бар.

Қоғамның экономикалық өміріндегі ұлттық есепті жүргізу рөлі өте зор. Ол, біріншіден, таза баяндаушы аспап бола отырып, ұлттықесептіжүргізуқоғамдықшаруашылықтағыэкономикалық теңдікті(баланстылықты) анықтайтынэкономикалықагенттердің түрлі комбинацияларын қызметтер мен операцияларды түсінуге ғана емес, оларды болжауға да мүмкіндік беретіндігімен түсіндіруге болады.

Бұл ұлттық есепті жүргізу рөлі қызметтермен шарттасылған. ҰЕЖ келесідей қызметтерін бөліп көрсетеді:

1.Экономикалық саясат.

2.Экономикалық болжау.

3.Халықтың түрлі топтарының өмір деңгейін бағалау жəне оны басқа елдердегі өмір деңгейімен салыстыру.

4.Экономикалық теорияның тəжірибемен байланысы.

Алғашқы екі қызмет – негізгі, себебі, ұлттық шоттарда суреттелетін экономикалық қызмет мемлекеттің қазіргі жəне болашақтағы экономикалық əрекетін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

278 Экономикалық теория

Салықтық түсімдер мен мемлекеттік шығындарды анықтау экономикалықсаясатшараларындайындауғакөмектеседі, солкезде өнімді өндірудің материалдық шығындарын салааралық жəне сектораралық салыстыру экономикалық болжауды жеңілдетеді. Үкіметтік шараларды дайындау осы шаралардың экономикаға əсер етуі тұрғысынан орындалмауы керек.

Екінші екі қызмет анағұрлым нақтырақ. Олардың соңғысы белгілі бір уақыт кезеңіндегі шоттарды бейнеленген нақты дамудағы кейбір гипотезалар мен теориялық тұжырымдамаларды тексертуге мүмкіндік береді.

Сонымен, ұлттық есептілік бір мезгілде өткенді жақсы тану аспабы, экономикалық саясат аспабы жəне жоспарлау аспабы болып табылады.

Өткенді жақсы тану аспабы ретіндегі ұлттық шоттар көмегімен біз экономикалық құрылымға, экономикалық тиімділік пен экономикалық теорияның жекелеген тұжырымдамаларына баға бере аламыз.

Ұлттық есепті жүргізу ұлттық экономиканың қаржыэкономикалық жағдайын сипаттайтын факторларды сандық суреттеу жəне жинақтау болып табылады. Оның екі нысаны бар:

1.Өткенді қорытындылауға мүмкіндік беретін ретроспективті ұлттық есепті жүргізу. Бұл кезде ол орнатылатын босалқы қорлардыесепкеалу(ұлттықэкономикаауқымындаұлттықкапитал немесе ұлттық байлықты анықтауға мүмкіндік беретін) жəне əрқайсысының өз жекелеген шоттары бар ұлттық экономиканың негізгі салалары арасындағы ағымдарды есепке алу (бұл ұлттық өнім мен ұлттық табысты анықтауға мүмкіндік береді) аспектілерінде жүреді.

Ағым деп шешімдердің біртектес кешенімен анықталатын, объектілер дамуының ұлттық экономиканың бір саласынан басқа саласына қозғалысын айтамыз.

2.Экономикалық қызметтің құрамдас бөліктерінің дамуының түрлі гипотезаларына сай бір немесе бірнеше кезең мəліметтері негізінде болжау жасау немесе зерттеу негізіндегі ұлттық есепті жүргізу. Болжаудың бұл түрі мемлекеттің экономикалық бюджеті деп аталады.

18-тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде... 279

Ұлттық есепті жүргізу бойынша стандарттарды дайындау жекелеген елдерде жиынтық есептеулер статистикасын құру мен жетілдіруде жəне макроэкономикалық көрсеткіштердің кең шеңберінде халықаралық салыстырмалықты қамтамасыз етуде жағымды рөл атқарады.

Ұлттық шоттар – бұл өнім жəне ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу жəне пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер жүйесін көрсететін баланстық құрылыстар түрі.

Формалды жүйе тұрғысынан ұлттық шоттар шаруашылық қызметтің қарапайым актілері мен көрсеткіштер жүйесіндегі базалық түсініктердің бірі – экономикалық операциялар туралы ақпаратты реттеудің белгілі бір тəсілін көрсетеді.

Жалпы экономика үшін ұлттық шоттар негізін алты шот құрайды: игіліктер, қызмет көрсетулер мен өндіріс шоттары, табыспентұтынушоты, жинақтаушоты, баланстыалатынжəнежабатын, өндірістен тыс (артық бағалаудан) құн құратын шот.

Жиынтық ұлттық шоттардың негізгі көрсеткіштері арасында теңдік түріндегі байланыс орын алған. Мəселен, өндіруші бағасы бойынша таза отандық өнім қосу шетелден келетін таза факторлық табыстар өндіруші бағасы бойынша таза ұлттық өнімге тең, сонымен қатар ұлттық табысқа тең. Немесе тағы бір мысал: өндірушібағасыбойыншатазаотандықөнімқосуамортизация қосу жанама салықтардан алынып тасталған субсидиялар рыноктықбағабойыншажалпыотандықөнімгетең; алрыноктық баға бойынша жалпы отандық өнім таза үй шаруашылығын таза тұтыну мен жеке коммерциялық емес ұйымдар шығындары қосу мемлекеттік тұтыну шығындарына қосу жалпы отандық капитал құруқосутазаэкспортқатеңболады. Ұлттықтабыс, жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы қосу фермерлер, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, еркін кəсіп иелері табыстары қосу меншіктен түскен табыс қосу корпорация пайдасы мен табыстардың басқа түрлеріне тең болады.

280Экономикалық теория

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Қоғамдықөнімқоғамдықұдайыөндіріснəтижесіретінде.

1.Жиынтық қоғамдық өнімнің екі нысанын талдаңдар: а) натуралды-заттық; ə) құндық.

2.Ұлттық шоттар мазмұны. Қазақстан мен басқа ТМД елдерінің ҰШЖ-ге өтуі.

II. Экономикалық дамудың келесідей көрсеткіштерін қарастырыңдар:

• Таза ұлттық өнім (ТҰӨ).

• Ұлттық табыс (ҰТ).

• Жеке табыс (ЖТ).

• Қолда бар табыс (ҚТ).

1.ТҰӨ, ҰТ, ЖТ, ҚТ көрсеткіштерінің өзара байланысы қандай?

2.Ұлттық шоттар жүйесіне енетін көрсеткіштердің экономикалық маңызы неде?

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Басқа жағдайы тең болған кезде салықтар мен мемлекеттік шығындардың бірдей шамаға өсуі əкеледі:

а) ЖІӨ өсуіне; ə) ЖІӨ қысқаруына;

б) тек номиналды ЖІӨ өсуіне; в) ЖІӨ өзгеріссіз қалады.

2.Жалпы жеке инвестициялар ............. есептеуде көрсетіледі:

а) табыстар ағымдары əдісі бойынша ЖІӨ; ə) шығындар ағымдары əдісі бойынша; б) қолда бар табысты; в) жеке табысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]