Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

13-ТАҚЫРЫП

КƏСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕР, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

 

13.1. Кəсіпкерліктің мəні, оның

 

негізгі сипаттық белгілері.............................

182

13.2.Кəсіпкерліктің ұйымдық нысандары:

олардың басымдылықтары мен

кемшіліктері....................................................

184

13.3. ҚР кəсіпкерліктің дамуы................................

187

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

189

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

191

182Экономикалық теория

13.1.КƏСІПКЕРЛІКТІҢ МƏНІ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТЫҚ БЕЛГІЛЕРІ

Шаруашылық субъектілердің ерекше қызметі ретінде кəсіпкерлік ғасырлар бойы экономистердің назарында болған. Мысалы А. Смит «Халықтар байлығы» еңбегінде оған пайда табу мақсатындағы шаруашылық тəуекелділігі ретінде анықтама берген. Жан-Батист Сэй кəсіпкерлік дегенді өндірістік факторларды қиыстыруарқылыпайдалануүдерісідептүсіндірсе, АльфредМаршалл оны менеджментпен үйлестірді. Ал, өзінің «Экономикалық даму теориясында» Йозеф Шумпеттер бұл мəселені тереңірек қарастырып, кəсіпкерліктің үйлестіруші элементі ретінде жаңашылдықты бөліп көрсетті.

Кəсіпкерліктің мəндік белгілері шаруашылықты жүргізуші субъектілердің табиғатымен байланысты болады. Толық жауапкершілік кезіндегі шығындар мен нəтижелерді өлшеу негізіндегі тауар өндірушілер қызметі сипатының өзі белсенділік пен шаруашылық тəуекелділікті кəсіпкерліктің міндетті атрибуттары ретінде сөзсіз ұсынады. Кəсіпкерлік толық шаруашылық дербестікті ұсыну кезінде іске асырылуы мүмкін болатын ерекше материалдық қызығушылықболуынкөздейді. Өндірушілердіңэкономикалықоқшауланужағдайындамұндайдербестіккəсіпкерліктіңнегізгіқасиетіболып табылатын бəсеке арқылы ғана іске асырылуы мүмкін. Жақсы нəтижелер үшін күрес объективті түрде шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүліктік жауапкершілігін көздейді. Сондықтан, пайда үшін жəй ниет бөлу дегендердің бəрін кəсіпкерлер ретінде қарастыруғаболмайды. Адамдаркəсіпкерболуүшінменшікиесіқұқығын немесетолықшаруашылықжүргізуқұқығыніскеасыруқажет.

Рыноктық шаруашылықтың негізгі субъектілерінің бірі фирма болып табылады. Фирма деп өндірістік қызметпен айналысатын жəне шаруашылық дербестілігі бар (өз өнімін қандай көлемдеөндірукерекжəнеонықайда, кімгежəнеқандайбағамен сату туралы шешім қабылдайды) экономикалық субъектіні айтамыз. Фирма үстеме пайда алу мақсатында белгілі бір экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстарды біріктіреді.

13-тақырып. Кəсіпкерлік қызметтер, оның негізгі түрлері...

183

Р. Коуздың жəне оның ізбасарларының пікірлері бойынша фирманың негізін өндірістің белгілі бір факторларының иелері арасындағы келісімшарттар жиынтығы құрайды.

Қазіргі жаңа институционалдық теориялар бойынша фирманы келісімшарттар желісімен өзара байланысты, соның нəтижесінде трансакциялық шығындарды төмендетуге қол жеткізетін өндіріс факторлары иелерінің коалициясы деп түсіндіреді. Келісім-шарттар жүйесі белгілі бір ресурстар иелері арасында жасалады. Америкалық заңгер Я. Макнейлдің идеясын ары қарай дамыта отырып, О. Уильямсон барлық ресурстарды үш топқа бөлді: жалпы, ерекшеленген жəне интеререкшеленген.

Жалпы ресурстар – бұл құндылығы фирма ішінде одан тыс жерде орналасқанына қарамастан бірдей бағаланатын ресурстар.

Ерекшеленген ресурстар – бұл құндылығы сыртқа қарағанда фирма ішінде жоғары болатын ресурстар.

Интеререкшеленген ресурстар – ресурстардың максималды құндылығына тек осы фирмада жəне сол арқылы қол жеткізілетін бірін-бірі толықтыратын, өзара байланысты ресурстар. Егер фирма тараса, интеререкшеленген ресурстардың əрқайсысы рынокта немесе басқа ұйымдар шеңберінде өзіне сай алмастырушыны таба алмайды.

Сондықтан, фирма өзара келісімшарттар желісі бойынша байланысты ресурстар иелерінің жай коалициясы* түрінде ғана жүрмейді, бұл – негізінде интеререкшеленген ресурстар бойынша қатынастық (немесе имплицитный**) келісімшарт жатқан бірлестік. Мұндай ресурстардың болуы коалицияға қатысушының əрқайсысыныңсалымыныңжайсомасынанартықболатынсинергетикалық эффект береді. Əрине, фирма интеререкшеленген ресурстарменқатар, басқаресурстардыпайдаланады: ерекшеленген жəне жалпы. Фирманың негізін интеререкшеленген ресурстар иелері арасында құрылған ұзақ мерзімді қатынастық келісімшарт құрайды. Фирмада интеререкшеленген жəне ерекшеленген ресурстар болуы траснакциялық шығындарды үнемдеуге, ал иеле- рінеэкономикалықпайдаалуға(квази-рентаны) мүмкіндікбереді.

*Коалиция (одақ).

**Имплицитный (өзінен-өзі түсінікті).

184 Экономикалық теория

КƏСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ 13.2. НЫСАНДАРЫ: ОЛАРДЫҢ

БАСЫМДЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

Кəсіпкерліктің негізгі нысандарына жеке кəсіпкерлік фирмалар, корпорациялар, мемлекеттікфирмалар, тұтынукооперативтері, серіктестіктер жатады. Олардың ішінде ең кең тарағаны жеке кəсіпкерлік фирмалар, серіктестіктер мен корпорациялар.

Жеке кəсіпкерлік фирма – фирма иесі өз мүддесі үшін істі жүргізеді, оны басқарады, барлық пайданы алады (қалдық табыс) жəне барлық міндеттемелер бойынша дербес жауапкершілікті мойнына алады (яғни, шексіз жауапкершілік субъектісі болып табылады). Классикалық фирма иесі басқа ресурстар иелерімен келісімшарт құрайтын орталық фигура болып табылады. Ол жұмысшыларды жұмысқа жалдау жəне жұмыстан шығару құқығына ие болады. Сондықтан, ол бүкіл қалдық табысты – жұмысты жүргізгені үшін, шыққан шығындарды алып тастағандағы қалған барлық пайданы алады. Иелігіндегі заттарды сатуға, басқа адамға беруге құқылы.

Əдетте, классикалық фирманың иесі ең маңызды ресурс иегері (интеререкшеленген) болып табылады. Мұндай интеререкшеленген ресурсқа өндіріс капиталымен қатар, адам ресурстары да жатуы мүмкін. Мысалы, жоба-конструкторлық ұйымдарда немесе жарнама бюроларында адам капиталының рөлі өте жоғары, сондықтан фирма иелері аса талантты адамдар болып табылады.

Жеке кəсіпкерлік фирмалардың сөзсіз жетістіктеріне:

1.Ұйымдастырылу қарапайымдылығы.

2.Əрекет ету бостандығы (шешім қабылдауда келісу қажеттілігімен байланысты емес жəне т.б.).

3.Күшті экономикалық ынталандыру (барлық пайданы бір адамның алуы).

Жеке кəсіпкерлік фирмалардың кемшіліктері арасынан бірінші кезекте мыналарды атауға болады:

13-тақырып. Кəсіпкерлік қызметтер, оның негізгі түрлері...

185

1.Қаржылық жəне материалдық ресурстардың шектеулігі (фирма иесінің қаражатының жетіспеушілігіне, несие алу қиындығына байланысты).

2.Өндірістік жəне басқарушылық қызметтердің дамыған ішкі мамандандырылуы жүйесінің болмауы (əсіресе, меншіктің осы нысанына жақын шағын жəне орта өндіріс жағдайында);

3.Шексіз жауапкершіліктің болуы (меншік иесі банкрот болған жағдайда капиталдағы үлесінен ғана емес, ол өз

меншігіндегі байлықтан да айырылады).

Серіктестік бұл кəсіпорынға бірлесе иелік ететін жəне бірлесе басқарылатын бірнеше адам ұйымдастырған фирма. Бұл жерде негізгі құқық барлық серіктестер иелігінде. Олар бір-бірінің қызметін тиімді бақылауды іске асырады. Серіктестік өнер, юриспруденция, медицинажəнет.б. интеллектуалдықызметтіңтүрлісалаларына тəн. Олар əдетте, қатысушылар саны аз болғанда жақсы қызмететеді. Фирмажұмысынабелсендіқатысатынсеріктестермен қатар, пассивті рөл атқаратын серіктестер пайда болады. Бұл фирма қызметіне толық жауап беретін негізгі қатысушылармен қатар, жауапкершілігі жарна көлемімен шектелетін (жауапкершілігі шектеулі серіктестер) серіктестер бар дегенді білдіреді.

Серіктестер жеке кəсіпкерлік фирмалардың жақсы жақтарын пайдаланады, олардыұйымдастыруоңайжəнебасқаруқиынемес. Сонымен бірге, жеке кəсіпкерлік фирмаларға қарағанда олардың артықшылықтарыбар. Бұлжердееңбекбөлінісінжəнеөндіріспен басқаруды мамандандыруды кеңірек пайдалануға болады, бір ісəрекетті бастау мен жалғастыру үшін қаржы кедергілерін оңай жеңіп шығуға болады.

Жеке кəсіпкерлік фирма сияқты серіктестіктің де бірқатар кемшіліктері бар (қаржы қаражаттарының аздығы, шексіз жауапкершілік жəне басқалар). Олардың ең бастысы: қызметтерді бөлу (осының əсерінен əрекеттегі келіспеушілік жəне тіпті мүдделер үйлеспеуі туындауы мүмкін) жəне серіктестіктің тарқау қаупінің пайда болуы (туындаған қайшылықтар немесе серіктестердің біреуінің фирмадан шығуы нəтижесінде).

186 Экономикалық теория

Іскерлік кəсіпорынның негізгі, үшінші түрі – қазіргі (ашық) корпорация. Корпорация – бұл əр меншік иесінің жауапкершілігі осыкəсіпорындағыүлесіменшектелетінзаңдытұлғанысанындағы фирма.

Корпорация – пайға негізделген қоғам. Бағалы қағаздарды (акциялар мен облигацияларды) сатып ала отырып жеке адамдар (үй шаруашылығы) корпорация иесі болады. Бағалы қағаздар рыногы арқылы көптеген адамдардың қаржыларын жұмылдыру мүмкіндігі туады. Акция иелері табыс бөлігін алады (дивиденд) жəне сонымен қатар акцияны (облигация) сатып алуға жұмсаған ақша сомасымен тəуекел етеді. Несие берушілер жалпы корпорацияға талап қойғанымен, жеке тұлға ретіндегі акционерлерге қоя алмайды (шектеулі жауапкершілік құқығы).

Мамандандыруды неғұрлым тереңдете отырып, жоғары білікті мамандарды кеңірек тарту корпорациялардың тиімді өсуіне көмектеседі. Корпорациялар арқасында ғылыми-техникалық прогресті енгізу, шығарылатын өнімдердің ассортиментін тұрақты жаңарту, жаппай өндіріс технологиясын игеру мүмкін болды.

Корпорация – бұл іскерлік кəсіпорындардың ерекше типі. Корпорацияолардыңиелеріакционерлердентəуелсізəрекететеді. Егер коропрацияның жүргізіп отырған саясаты ұнамаса, онда олар өз пайларын сатуға құқылы, бірақ компанияны жоя алмайды. Сондықтан, қазіргі корпорациялар белгілі тұрақтылықпен сипатталады. Жекелеген акционерлерлер өз еріктері мен талаптілектеріне қарамастан олар өздерінің ерекше ресурстарын сақтайды.

Корпорацияның айтарлықтай жетістіктектермен қатар елеулі кемшіліктері де бар.

Корпорация барлық мүмкін қиянатшылыққа кең жол ашады. Меншік қызметі мен басқару қызметі арасында алшақтық пайда болады. Шағын жəне орта акционерлер əдетте, шынайы бақылауды іске асыруға қажетті жəне жеткілікті ақпаратқа ие емес. Корпорацияда меншік талап-таражға салынады, себебі басқарушылар командасы қызметін бақылау мүмкіндігі əлсірейді. Акцияның бақылау пакетін ұстаушылар ғана жоғарғы

13-тақырып. Кəсіпкерлік қызметтер, оның негізгі түрлері...

187

басқарушыларды қадағалап отыра алады. Оппортунистік мінезқұлқы мүмкіндігі кеңейеді. Баюға ұмтылған жоғарғы менеджерлер төтенше тəуекел операцияларға қатысады, ал кейде билікті тікелей қиянатшылыққа пайдалануға барады (бағалы қағаздармен алаяқтық жасау, капиталды еншілес компанияларға құю, күдікті өндірістік қызмет жəне т.б.).

Бірақ мұндай қиянатшылықтар белгілі бір шектерде ғана мүмкін. Тежеуші фактор ретінде рыноктың өзі жүреді. Егер корпорация нашар жұмыс істесе, акционерлердің компанияның ағымды істеріне араласуы мүмкін. Осы фирманы басқасының «жұтуы» жəне команданың толық ауысу қаупі пайда болады (оның жоғарғы эшелонының). Компания менеджерлерінің еңбек рыногындағыменеджерлералдындабеделітүседі. Бұлболашақта олардың табыстарының күрт түсуіне əкелуі мүмкін.

Қазіргі корпорация қызметінің басқа да ірі кемшіліктеріне қосарланған салық салу жатады. Корпорация табысының дивиденд (үлесақы) түрінде акционерлерге төленетін бөлігіне, алдымен корпорация пайдасы ретінде салық салынса, содан соң акция ұстаушылары табысының бөлігі ретінде салық салынады.

13.3. ҚР КƏСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ

Соңғы жылдары елде кəсіпкерліктің ары қарай дамуының жаңа механизмі даярланды.

Бүгін шағын жəне орта бизнеспен айналысатындардың саны 1,8 млн. адам немесе ел халқының еңбекке жарамды бөлігінің төрттен бірі болып табылады.

ЖІӨ көлемінің үштен бірі солардың қолымен өндіріледі. Міне, осы шағын жəне орта бизнес негізгі жұмыс орындарын

құрастырады, орта класты қалыптастырады.

Содан басқа 2009 жылы корпоративті табыс салығы үш есеге төмендеп, 20%-ды құрады. Қосылған құнға салынатын

188 Экономикалық теория

салық мөлшерлемесі 12%-ға қысқарды. Əлеуметтік салық мөлшерлемесінің регрессивті шкаласы орнына 11% көлемінде бірегей мөлшерлеме енгізілді. Инвестициялауды іске асыратын кəсіпорындар үшін салықтық преференциялар қарастырылды. 2008-2009 жылдары шағын жəне орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий* енгізілді.

Кəсіпкерлік белсенділік артуына «Бизнестің жол картасы

– 2020» бағдарламасын қамтитын жедел индустриялық-инно- вациялық даму мемлекеттік бағдарламасы көмектеседі. Сонымен қатар отандық бизнесті қолдау мемлекеттік тапсырыс көмегімен де жүргізіледі. 2010 жылы мемлекеттік сатып алуға 2 трлн. теңге бағытталғалы отыр. «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ сатып алуға 2,6 трлн. жұмсауды жоспарлап отыр. Осы қаражаттардың едəуір бөлігін мемлекеттік тапсырысты орындағаны үшін қазақстандық кəсіпорындар алады. Шағын жəне орта бизнес проблемаларын жедел шешу үшін бизнес-ынтымақтастық пен Үкіметтің бірегей үйлестіруші кеңесі құрылды. 2010 жылы бизнесті мемлекеттік қолдауға бағытталған қаражаттың едəуір бөлігі əрекет етуші кəсіпорындарды сауықтыруға, ал 2011 жылы жаңа жоғарғы технологиялы өндірістерді құруға жұмсалады. Үкімет нақты өндіріспен айналысушы қазақстандық кəсіпорындарға көмектеседі. «Бизнестің жол картасы – 2020» келесідей аспаптар көмегімен іске асырылады:

несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерге субсидия беру, несиелерге жартылай кепіл болу;

өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жəне бизнесті жүргізуді сервистік қолдауды дамыту;

кадрларды дайындау жəне əлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (2011 жылдан бастап);

борышкер кəсіпорынға пайыздық мөлшерлемені субсидияға беру арқылы кəсіпорынды сауықтыру мен борышкерге салықтарды жəне бюджетке төленетін міндетті төлемдерді айыппұл есептемей 3 жылға дейін кейінге қалдыру мүмкіндігін беру;

*Мораторий – бəсеңдету, кейінге қалдыру, тоқтатып тастау, тоқтам салу.

13-тақырып. Кəсіпкерлік қызметтер, оның негізгі түрлері...

189

сыртқы рыноктарға өнімді экспортқа шығаратын кəсіпкерлерді қолдау: 2010 жылы бағдарламаға қатысушы банктердің сыйақысы, мөлшерлемесі 12%-дан аспау керек, бұл кезде экспорттаушы 4%-ды, ал мемлекет 8%-ды

төлейді.

Бизнесті дамыту үшін əкімшілік кедергілер төмендетіліп отыр. Бүгінрұқсатберушіпроцедуралардың1015 түріанықталды. Осы бойынша 2008 жылы 29 млн-нан астам рұқсат беруші құжат берілген. 1015-тің 348 процедурасын тоқтату туралы ұсыныс жасалды. Осының нəтижесінде лицензиялық рұқсат беруші құжат айналымы жылына шамамен 881 мың бірлікке азаяды деп күтуге болады. Дүниежүзілік банк бизнесін жүргізу жеңілдігі рейтингіндегі республика позициясын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады. Қазір республика позициясы жақсарып келеді. Егер 2009 жылы Қазақстан 64-орында болса, 2010 жылы 63-орынға көтерілді.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Кəсіпкерліктің мəні мен сипаттық белгілері.

1.Осы сұрақты зерттеу кезінде рыноктық субъектілердің шаруашылық қызметін сипаттайтын үш негізгі түсініктің арақатынасына назар аудару керек: кəсіпкерлік, кəсіпкерлік қызмет жəне кəсіпкерлік қабілет.

Сөздің тар мағынасындағы кəсіпкерлік – бұл меншік иесінің немесе шаруашылықты жүргізуші субъектінің экономикалық қызметі.

Кəсіпкерлік қызмет – бұл өндірістің ерекше факторы. Ол өндірісті ұйымдастыруда белсенділік, іскерлік пен тəуекелді пайдалануды ұсынады.

Кəсіпкерлік қабілет – бұл материалдық игіліктер мен қызметтерді құру мақсатында өндірістің барлық басқа факторларын үйлестіру мен комбинациялау жөніндегі ұсынылған қызметтің адам капиталының ерекше түрі.

190Экономикалық теория

2.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін пайдалана отырып, кəсіпкерліктің мəні мен оны ұйымдастыруқұқықтық нысандарына сипаттама беріңдер.

II. Кəсіпкерлік қызметтің нысандары мен түрлері.

2010 жылғы кəсіпорындар типтері мен меншік нысандары бойынша шаруашылықты жүргізуші субъектілердің саны қанша? Кестені толтырыңдар.

Кəсіпорын

 

Жалпы

Оның ішінде меншік

Барлығы

сандағы

нысаны бойынша

типі

 

үлес салмақ

мемлекеттік

жеке

шетелдік

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан

 

 

 

 

 

Республикасы,

 

 

 

 

 

барлығы

 

 

 

 

 

Шағын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орта

 

 

 

 

 

Ірі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ҚР кəсіпкерлікті дамытудың экономикалық жəне құқықтық жағдайлары.

Кəсіпкерлер кездесетін келесі проблемеларды талдаңдар:

Артық реттеу өнім мен қызмет көрсетуді өндіру шығындарын өсіруге əкелетіндіктен, төмен бəсеке қабілеті.

Жұмыс істемейтін заңдар, себебі олар кəсіпорындармен келісілмейді жəне заң қағидаларын əрекетке қосу механизмдері болмайды.

Шағын кəсіпкерліктің дамымаған инфрақұрылымы.

Өндіріске инвестициялар салу, өнім мен қызмет көрсету құнының артуына əкелетін жоғары салықтар себебінен жаңа жұмыс орындарын құру проблемалары. Осындай салықтық қысым жағдайында шағын бизнестің елеулі бөлігі көлеңкелі бизнеске кетуге мəжбүр болады.

Кейбір кəсіпорындарға дəлелсіз салықтық жеңілдіктер берумен байланысты таза емес бəсеке.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]