Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
170
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

С. БЕКМОЛДИН С.С. МƏУЛЕНОВА

Е.Қ. ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ТЕОРИЯ

ОҚУЛЫҚ

ЭКОНОМИКА БАСПАСЫ

АЛМАТЫ

20111

УДК 330 (075.8) ББК 65.01 я73 Б 39

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Ғылыми кеңесінің шешімімен басуға ұсынылды

Пікір білдірушілер: М.В. Ахмедиярова – э.ғ.д., профессор;

А.Б. Темірбекова – э.ғ.д., профессор. Р.Т. Дуламбаева – э.ғ.д., доцент.

Б 39 БекмолдинС.Қ., МəуленоваС.С., ҚұдайбергеновЕ.Қ. // жалпы редакциясынбасқарғанэ.ғ.д. профессорƏ.Ə. Əбішев. Экономикалық теория: Оқулық / – Алматы: 2011. – 386 бет.

Оқулықта қазіргі экономикалық теорияның мазмұны, заңдылықтары мен негізгі қағидалары берілген. Оқулықтың мазмұны мен құрылымы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде оқылатын оқу пəнінің стандарты мен бағдарламасына сəйкес жазылған.

Дəрістер мен семинарлық сабақтарды, сонымен қатар студенттердің өзіндікжұмысынұйымдастыруғаарналғанматериалдардықамтитыноқуəдістемелік кешені болуы осы оқулықтың ерекшелігі болып табылады.

Оқулық студенттерге қоғамның экономикалық құрылысы туралы түсінік береді. Бұл жерде базалық экономикалық түсініктер, экономиканың дамуы мен əрекет етуінің негізгі заңдылықтары, əлеуметтік-эко- номикалық жүйе эволюциясы туралы кеңінен қамтылған.

Оқулық студенттердің танымдық қызметінің дамуына, ғылыми экономикалық ойлауына, шаруашылық практиканың нақты сұрақтары бойынша қандай да бір шешімдерді қабылдау кезінде көмектесетін кəсіби білімді қалыптастыруына көмектеседі.

Оқулық экономикалық жоғары оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне, магистранттары мен оқытушыларына, сонымен қатар қазіргі рыноктық экономика теориясы дербес оқушыларға арналған.

 

УДК 330 (075.8)

 

ББК 65.01 Я73

ISBN 978-601-225-333-7

© Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2011.

 

© Бекмолдин С.Қ., Мəуленова С.С.,

 

Құдайбергенов Е.Қ., 2011.

 

© «Экономика» баспасы» ЖШС, 2011.

Бұл еңбекті немесе келесі оның бөліктерін автордың келісімінсіз таратуға жəне авторлық құқық жөніндегі нормаларға қайшы келетін басқа да əрекеттерге тыйым салынады əрі заң бойынша жазаланады

Алғы сөз

3

 

 

АЛҒЫ СӨЗ

Экономикалық теория – студенттерге жүйе ретінде экономика туралы біртұтас түсінік қалыптастырумен қатар микро жəне макродеңгейде экономикалық талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін теориялықметодологиялық ғылым.

Осыған байланысты оқулықта екі негізгі міндет шешіледі. Бірінші – студенттерге экономикалық жүйенің əрекет етуінің заңдары мен заңдылықтары туралы жанжақты түсінік беру, екінші – практикалық тапсырмалар, жаттығулар мен тестерді пайдалана отырып, студенттердің экономикалық үдерістердің даму тенденциясын талдау мен зерттеуге деген қызығушылығын тудыру.

Ғылым ретінде экономикалық теорияның тарихы саяси экономияклассиктеріеңбектеріненбастауалады. XVIII-XIX ғасырлар бойы экономикалық теория ғылыми пəн ретінде «саяси экономия» деген атпен дамыды. XIX ғасырдың соңғы отыз жылы ішінде ғана саяси экономия курсы «экономикс» деп алмастырылды. Осы атпен ғылым ағылшын тілді елдерде дамуда. Қазір ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.

«Экономикалық теория» курсының зерттеу объектісі қоғамның экономикалық жүйесі болып табылады. Экономикалық теория əдістері: тарихи жəне логикалық

4 Алғы сөз

бірлік əдісі, жүйелік жол, графикалық жəне экономикаматематикалық талдауды пайдалана отырып, экономикалық үдерістерді модельдеу.

Экономикалық теорияның қарастырылып отырған категорияларының мазмұнын ашатын құрылымдық-ло- гикалық тізбені пайдалану студенттер назарын экономикалық құбылыстардың мəндері мен себеп-салдарлық тəуелділіктеріне аударуға мүмкіндік береді. Тест сұрақтарын практикалық сабақтарда студенттердің білімін тексерумен қатар, студенттердің өзіндік жұмыс үдерісі мен емтихандарға дайындалу кезінде пайдалануға болады.

Экономикалық теорияны оқыған студент сауатты экономикалық шешімдер қабылдап, қоғамда жүріп жатқан əлеуметтік-экономиикалық үдерістерді объективті бағалауға, экономиканыңтүрлісубъектілерініңқызметінжетілдіру жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

1-ТАҚЫРЫП

ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ОНЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ РӨЛІ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПƏНІ

ДƏРІС ЖОСПАРЫ:

 

1.1. Экономика: түсінігі жəне қызметтері.

 

Экономикалық теория пəні............................

6

1.2. Негізгі экономикалық түсініктер ....................

9

1.3. Экономиканы ғылыми тұрғыдан тану

 

əдістері...........................................................

12

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ......................

12

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ.....................................................

15

6 Экономикалық теория

ЭКОНОМИКА: ТҮСІНІГІ 1.1. ЖƏНЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПƏНІ

«Экономика» түсінігі үш түрлі тұрғыдан қарастырылады, оны ажырата білу қажет.

Біріншіден, экономика – шаруашылық əрекеттері бойынша жəне адамзат өмірінің ерекше саласы ретінде қарастырылады.

Екіншіден, экономиканышаруашылықжүргізутуралығылым ретінде қарастырады.

Үшіншіден, экономика– шаруашылықжүргізуүдерісіндепайда болатын адамдар арасындағы қарым-қатынастар жүйесі.

Осы көзқарастардың мазмұнын қарастырайық.

1.Шаруашылықəрекет– адамдардыңбелгілібірмақсаттағы əрекеті, яғни адамдардың шаруашылық жүргізу үдерісіндегі белгілі бір есепке негізделген жəне түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі болып табылады.

2.Экономиканы ғылым ретінде зерттеп-тану кезінде экономика жайындағы кешенді, жалпы теориялық ғылым – экономикалық теория екендігін есте ұстаған жөн. Оны зерттеу барысында мыналарды ажырату қажет:

а) зерттеу аясы – экономикалық өмір немесе шаруашылық əрекет жүзеге асатын орта;

ə) зерттеу объектісі – экономикалық құбылыстар; б) зерттеу субъектісі – адам, топ, мемлекет;

в) зерттеу пəні – экономикалық адамның, адамдар тобының мемлекеттің тіршілік əрекеті; олардың өздері өмір сүріп отырған экономикалық ортамен байланыстағы экономикалық мінез-құлқы (1.2-сызба).

Экономикалық теория – пайдалануда бəсекелестік тудыратын шектеулі ресурстар кезінде, қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау жəне тұтынудағы адамдар мен топтардың мінез-құлқын зерттейтін қоғамдық ғылым.

1-тақырып. Экономика жəне оның қоғамдағы рөлі...

7

Экономикалық теория əдістемелік ғылым болып табылады, өйткеніолбасқанақтыэкономикалықғылымдардыэкономикалық құбылыстарды зерттеудің əдіс-тəсілдерімен қаруландырады. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны 1.1-сызбада көрсетілген.

 

 

Нақты экономикалық

 

 

 

ғылымдар

 

 

 

Кəсіпорын экономикасы

 

 

 

Аймақтар экономикасы

 

 

 

Салалар экономикасы

 

 

 

Елдер экономикасы жəне т.б.

 

Ерекше экономика-

 

 

Ақпараттық-

лық нысандар мен

 

 

талдау

ұйымдар экономикасы

ЭКОНОМИКАЛЫҚ

ғылымдары

Қаржы

 

Экономика-мате-

 

ТЕОРИЯ

Несие

 

матикалық əдістер

 

 

Маркетинг

 

 

Статистика

Табиғатты пайдалану

 

 

Шаруашылық

экономикасы ж.б.

 

 

қызметті талдау

 

 

Тарихи-экономикалық

 

 

 

ғылымдар

 

 

 

Экономикалық ілімдер тарихы

 

 

 

Халық шаруашылығының

 

 

 

тарихы

 

1.1-сызба. Экономикалық теорияның экономикалық

 

ғылымдар жүйесіндегі орны

 

3. Экономика əртектес экономикалық қатынастардың күрделі жүйесі болып табылады.

Қатынастардың үш тобы ажыратылады:

1)техника жəне технологияға тəуелді техникалық-эконо- микалық қатынастар;

2)өндірісті ұйымдастыру мен басқаруға, экономиканың институционалдық құрылымына тəуелді ұйымдықэкономикалық қатынастар;

3)əлеуметтік-экономикалық қатынастар (меншік қатынастары жəне табыстарды бөлу).

8 Экономикалық теория

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пəні

Қызметі

 

Зерттеу

Таным əдістері

- адамдардың

 

- теориялық

 

 

құралдары

 

- позитивтік жəне

экономикалық

 

- танымдық

 

- категориялық

 

нормативтік тал-

іс-əрекеттері,

 

- тəжірибелік

 

 

аппарат

 

даулар

мінез-құлықтары

 

- идеологиялық

 

- математикалық

 

- сараптау жəне

- экономикалық

 

- жоспарлы-

 

 

аппарат

 

қорыту

заңдар

 

болжамдық

 

- кибернетика

 

- индукция жəне

- қоғамдық қайта

 

 

 

 

- реформалау

 

дедукция

өндірістің

 

 

 

 

 

экономика

 

- ғылыми абстрак-

заңдылықтары

 

 

 

 

 

 

 

 

ция

-экономикалық өсудің факторлары жəне заңдылықтары

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ЗЕРТТЕП АЙҚЫНДАЙДЫ

 

 

Экономикалық

 

Экономикалық

 

 

Қоғамдық ұдайы өндіріс

 

 

 

 

 

 

заңдылықтары мен

 

 

 

іс-əрекеттер

 

 

құбылыстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

экономикалық өсу

 

 

 

 

жағдайын

 

мен үдерістерді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

факторларын

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШАРУАШЫЛЫҚ ƏРЕКЕТТІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндіріс

 

 

Бөлу

 

 

 

Айырбастау

 

 

Тұтыну

 

 

 

 

 

 

 

- ресурстарды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- материалдық

 

 

 

- қызметтерді

 

 

 

 

 

 

 

- материалдық

 

- тауарлар мен

 

 

- еңбек өнімдері

 

- өндірістік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

емес өндірісті

 

қызметтерді

 

 

ақпаратты

 

- жеке-дара

 

 

 

 

 

 

- жұмыс күшін

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ

Экономикалық мектептерді:

меркантилистер, физиократтар, классикалық саяси экономия, марксизм, маржинализм, кейнсшілдік, жаңаклассикалық, институционализм, жаңа кейнсшілдік бағыт ж.б.

Қолданбалы экономикалық ғылымдар:

менеджмент, маркетинг, қаржы, банк ісі, бухгалтерлік есеп, іскерлік логистика ж.б.

Экономикалық саясатты

1.2-сызба. Экономикалық теория жəне оның маңызы

1-тақырып. Экономика жəне оның қоғамдағы рөлі...

9

1.2. НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР

Экономикалық қатынастар – бұл өндіріс үдерісі кезінде материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау жəне тұтынуда пайда болатын адамдар арасындағы қатынастар.

Экономикалық əрекет мазмұнын сипаттауда қолданылатын басты ұғымдарды қарастырайық.

Кез келген экономикалық қатынас мынадай құрылымға ие

(1.3-сызба).

Субъект

 

Объект

 

Субъект

 

Қатынас

 

Қатынас

1.3-сызба. Экономикалық қатынастардың құрылымы

Экономикалық қатынастар экономикалық мүдделер арқылы көрінеді. Түрлі субъектілердің, əлеуметтік топтардың экономикалық мүдделері əр түрлі. Өз кезегінде экономикалық мүдделердің материалдық негізінде қажеттіліктер жатыр. Қажеттіліктер мен мүдделердің өзара байланысы 1.4-сызбада көрсетілген.

 

 

 

 

Стимулдар

 

 

 

 

 

 

 

Қажет

 

 

 

 

 

 

Қызмет-

 

Қызмет-

 

Бастап-

 

Жаңа

 

Мүд-

 

Мүдде-

 

 

 

тілік

 

делер

 

лілік

 

тер

 

тер

 

қы қажет-

 

қажет-

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

нəтижесі

 

тілікті

 

тілік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қанағат-

 

 

 

 

 

Антистимулдар

 

 

 

тандыру

 

 

1.4-сызба. Қажеттіліктер мен экономикалық мүдделердің өзара байланысы

10 Экономикалық теория

Қажеттіліктер – экономиканы дамытудың қозғаушы күші. Қажеттіліктер – адамдардың өмір сүруін жəне ағзаның тұлғаның дамуын қолдауға қажетін қанағаттандыруды талап ететін адамдардың қандай да бір нəрсеге объективті мұқтаждығы.

Адамның қажеттіліктері сан түрлі.

Америкалық ғалым А. Маслоудың теориясы неғұрлым кең тараған. Барлық қажеттіліктер бес топқа бөлінеді:

1)физиологиялық (тамақ, сусын, т.б.);

2)қауіпсіздікті қажет ету (аурудан, ашудан, қорқыныштан қорғаныс);

3)əлеуметтік байланыстарды қажет ету (махаббат, сүйіспеншілік, қандай да бір əлеуметтік топқа тиесілі болу жəне т.б.);

4)өзіндік құрметті қажет ету (мақсатқа жету, қолдау табу,

т.б.);

5)өзін-өзі танып білу немесе самоактуализация (қабілеттерді жүзеге асыру, түсіністік табу, т.б.).

Қажеттіліктер материалдық игіліктер мен қызметтер көмегімен қанағаттандырылады.

Игілік – өз бойында белгілі бір жағымды мəні бар (зат, құбылыс, еңбек өнімі), белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жəне адамдардың мүдделері мен мақсаттарына жауап беретін нəрсенің бəрі.

Қызметтер – нəтижесі қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыратын жағымды эффектіге ие мақсатты əрекеті.

Түрлі игіліктер қорының толтырылуының мөлшері мен деңгейі олардың бір-біріне қатысты шектеулілігін сипаттайды жəне игіліктер сиректігі категориясында көрінеді.

Сиректік – бұл оларға деген қажеттіліктерден осы игіліктер қорларының аз екендігін білдіретін экономикалық игіліктер сипаттамасы. Игіліктердің оларға деген қажеттілікке шаққандағы мұндай шектеулілігі игіліктер тапшылық категориясында көрінеді. Нəтижесінде сиректік пен тапшылық игілік шектеулілігінің түрлі қырлары ретінде көрініс табады.

Игіліктерге пайдалылық жəне құндылық тəн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]