Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БР Бетон.docx
Скачиваний:
46
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
72.43 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

3

1 Кәсіпорынның ұйымдастырылу-экономикалық сипаттамсаы

5

2.Кәсіпорында бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері

6

2.1.Меншікті капитал есебі

7

2.2. Ақша қаражаттарының, есеп-айырысулар мен міндеттемелер есебі

9

2.3. Негізгі құралдар есебі

10

2.4. Материалдық емес активтер есебі

12

2.5. Тауарлы-материалдық қорлар есебі

13

2.6. Еңбекақы есебі және оны төлеу

13

2.7. Табыстар мен шығыстар есебі

19

2.8. Инвестициялар есебі

22

2.9. Өндірістік шығындар есебі (басқару есебі)

23

ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР

27

Қолданылған әдебиеттер

31

Кіріспе

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2015 жылдың ақпан айының 2-ші жұлдызынан 2015 -жылдың сәуір айының 11-ші жұлдызына дейінгі аралықта Оңтүстік Қазақстан обылысында «БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде өттім.

Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеуге және оны банктен өткізіп, жеке карточкаларына аударым жасау жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгендеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.

Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадым. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатыстым.

Өндірістік тәжірибені өтумен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым. Ол үшін мен келесі міндеттерді орындауға тырыстым:

  • филиалдағы белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;

  • әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайындалған жұмыстарды толығымен әрі уақтылы орындау;

  • филиалда белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты кйіну;

  • филиалда болған барлық іс-шараларға қатысу.

Тәжірибедегі ең басты мақсаттарым – филиалдың құрылудағы мақсаты, жүзеге асырылу тәртібін, ақша қаражаттарының, ағымдағы және ұзак мерзімді активтерінің, жұмыскерлермен есеп айырысу, яғни еңбекақының алғашқы есептерінің ұйымдастырылуын, сондай-ақ қаржылық есептіліктің дұрыс орындалуын зерттеу болды. Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдіргенмен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компитенциялы жұмыскерге қойылатын талаптарды игеруге тырыстым.

Практикалық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның шаруашылық қызметінің талдау және оның әдістемесін меңгеру болып табылады.

Практикалық  жұмыста қарастырылатын негізгі тақырыптар:

  • Кәсіпорынның меншікті қаржысының есебі

  • Негізгі қорлар есебі мен материалдық емес активтердің есебі

  • Қорлар есебі

  • Ақша қаражаттарының есебі

  • Дебиторлық берешектердің есебі

  • Міндеттемелер есебі

  • Еңбек және оны төлеу есебі

  • Кірістер мен шығыстар есебі

Берілген жұмыстың басты мақсаты - кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.

  1. Кәсіпорынның ұйымдастырылу-экономикалық сипаттамасы

Орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан обылысы, Шымкент каласы, Қайтпас-2 ауданы, Тел: 8-725-2-47-72-23.

Банк деректемелері: ИИК KZ356010291000041727. АО «Халық банк» БИК HSBKKZKX

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2005 жылы 2 маусым айында ОҚО Әділет департаментінде №23829-1958 жшс номерімен тіркелген

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметінің негізгі мақсаты жарғысы бойынша қызыметінен таза табыс алу болады.

Серіктестік қызметінің мәні болып табылатындар:

  • Құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндіру болып табылады;

  • Бетон, асфальтбетондарын шығару;

  • Жол жұмыстары (асфальт төсеу және тегістеу);

  • Жөндеу-құрылыс жұмыстары, кұрделі құрылыс;

  • Монолитті бетон және темірбетонды конструкцияларды орнату;

  • Құрама бетонды және темірбетонды конструкцияларды құрастыру;

  • Арнайы құрылыс және монтаждық жұмыстар;

  • Қамтамасыз ету-өткізу, сауда саттық және коммерциялық қызметі;

  • Қоғамдық тамақтану пунктері, дәріхана, базар, сауда үйлері, ресторан, фирмалық дүкендердің жүйесін ашу;

  • Автоколікжәне экспедициялық қызметі;

  • Автотұрақтар, техникалық қызмет станциясын ашу;

  • Делдалдық қызмет;

  • Сыртқы экономикалыққызмет, экспорт-импорт операциялары;

  • Қазақстан Республикасының Заңдарымен тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлері.

«БР-Бетон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы – Бексеитов Руслан Пернебекович болып табылады.

Кәсіпорынның офисі Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан обылысы, Шымкент каласы, Қайтпас-2 ауданында орналасқан. Кәсіпорында 45 адам жұмыс істейді. Қоғамның қызметінің негізгі мақсаттары:

  • Коммерциялық қызметтен пайда табу және оны қызметкерлердің мүддесіне пайдалану;

  • ҚР аумағында қазіргі заманға сай бетон өндіру;

  • ҚР аумағында және шетелдерге пайдаланушыларға құрылыс қызметтерінің барлық түрлерін ұсыну.

Қоғамның мүлкі Қоғамның қызметін қамтамасыз етуге арналған және оның меншік құқығына жатады.

Қоғам мүлкі мынылардың есебінен:

  1. Қоғамның қызметі нәтижесінде түскен кірістерден;

  2. ҚР-ң қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа негіздермен алынған өзге де мүліктерден құралады.

Серіктестіктін жарғылық капиталы 100000 теңгені құрайды, қатысушылардың салымдарынан тұрады және мемлекеттік тіркеу мерзіміне толық құрылған.