Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
171
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

17-тақырып. Өндіріс факторларының рыноктары... 251

M P L

 

M P K

 

M P T

 

1

(6)

W

P

P

M R

 

 

 

 

 

 

K

 

t

 

 

 

Теңдеу (6) фирманың факторлар шығындары көлемін таңдау кезінде басшылыққа алатын негізгі ережесі болып табылады.

Егерфирмашығындардыбарыншакөбейтсе, шығарылымның бір бірлікке өсірілуінің өзі шығындарды факторлардың қай түрін қолдануды кеңейту жөніндегі шешімге тəуелсіз шамаға өсіруге əкеледі.

Шығарылымды бір бірлікке өсіру шығындары МС фирмасының шекті шығындары шамасына тең болады.

Бөлшектерді (6-теңдеу) төңкеріп қойып, алынған нəтижеге осытеңдеудіенгізіп, барлықфакторларкөлемінтаңдауғаарналған негізгі ереже аламыз:

W

 

PK

 

Pt

M C M R

(7)

M P L

M P K

M P T

 

Сонымен алынған нəтижелер былай болады: Шығарылымның кез келген көлемі кезінде өндіріс

шығындарын минимумға жеткізу үшін факторды пайдалану шығындары оның шекті өнімі шамасына қатынасы барлық факторлар үшін бірдей болуы керек. Бұл қатынас пайда массасын максимумға жеткізу үшін шекті табысқа тең деңгейде болуы керек фирманың шекті шығындары шамасына тең болады.

17.2. ЖАЛАҚЫ ЕҢБЕК БАҒАСЫ РЕТІНДЕ

Еңбек – өндіріс факторы, ал жалақы қызметкер еңбегін пайдалану бағасы болып табылады. Атаулы номиналды жəне нақты жалақыны бөліп көрсетеді.

Атаулы жалақы дегеніміз жалдамалы қызметкер алатын ақша сомасы, ал нақты жалақы сатып алушылық қабілеті ескеріле отырып, осы ақшаға сатып алуға болатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жиынтығы.

252 Экономикалық теория

Жетілген бəсеке жағдайында еңбек бағасы кез келген тауар бағасы сияқты қалыптасады. Бұл барлық қызметкерлердің қай фирмада істейтініне қарамастан тең жалақы алатынын көрсетеді жəне бұны фирма алдын ала белгіленген шама ретінде қабылдайды. Сондықтан жеке фирма үшін еңбек ұсынысы абсолюттік икемді болады. Жетілген бəсеке жағдайында жалақы деңгейінің өзі максимум болады, жұмысшы шекті өнімділік теориясына сəйкес еңбектің толық өнімін алады: MRС = wc. Сондықтан фирманың еңбекке жұмсайтын шекті шығындары жалақыға тең болады. Жалақы деңгейі фирма мінез-құлқына байланысты емес жағдайда, кəсіпкерге жалдамалы қызметкерлер саны ғана тəуелді болады.

Жетілген бəсеке жағдайында шекті табыс шығарылым бағасына тең болады: MR = Р. Егер фирма пайданы максимумға жеткізуге ұмтылса, онда ол жұмысшыларды еңбектің шекті табыстылығы жалақыға тең болғанға дейін (MRР = w), яғни факторды (еңбекті) пайдаланудан түсетін шекті табыс оны сатумен (яғни, жалақы) байланысты шығындарға тең болғанға дейін жалдай береді.

MRP = MR x MP

формуласына MRР орнына жалақы w, ал MR орнына бағаны Р қойып аламыз:

w P x M P, M P wP ,

мұндағы:

w – номиналды жалақы;

Р– шығарылым бағасы;

w

– нақты жалақы.

 

P

Сонымен пайданы максимумға жеткізу шарты шекті өнімнің нақты жалақыға теңдігінде болып отыр.

Біз MR х MР = w екенін білдік.

17-тақырып. Өндіріс факторларының рыноктары... 253

17.3. ПАЙЫЗ КАПИТАЛ ИЕСІНІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ РЕТІНДЕ

Капитал өндірістің заттық факторы болып табылады. Сөздің кең мағынасында капитал – бұл экономикалық игіліктердің көп санын өндіру мақсатында құрылатын кез келген ресурс.

Капиталдың негізгі екі нысаны бар: нақты (материалдызаттық) капитал (машиналар, ғимараттар, құрылыстар, шикізат жəне т.б.) жəне құндық нысандағы капитал. Өз негізінде нақты капитал ғимарат, құрылыс, машина, құрал-жабдықтар сияқты ұзақ пайдаланылатын нақты активтер жататын негізгі капитал жəне қосалқы материалдарды сатып алуға жұмсалатын айналым капитал болып бөлінеді.

Капитал табысы капитал иесі оны кəсіпкерге (немесе өзі кəсіпкер болса) өндірістік пайдалану үшін берген жағдайда ғана алынады. Бұл кезде қарызға берілген капитал өсіммен қайтарылуы керек. Капитал иесіне қайтарылған бұл өсім пайыз деп аталады. Ссуда (қарыз) пайызы – бұл капитал иесіне оның қаражаттарын белгілі бір уақыт ішінде пайдаланғаны үшін төленетін ақысы. Талдау кезінде əдетте капитал тек ақшалай нысанда қарастырылады. Себебі бұл нақты капитал ақшаға сатып алынады дегенді көрсетеді.

Несие пайызының мөлшерлемесі қарыз қаражаттарының сұранысы мен ұсынысына байланысты болады. Қарыз қаражаттарына деген сұраныс кəсіпкерлік инвестициялардың пайдалылығынан, несиегедегентұтынушылықсұранысмөлшерінежəнемемлекет, ұйым менмекеметарапынанболатынсұранысқабайланыстыболады.

Қарыз мөлшерінің атаулы жəне нақты мөлшерлемесін бөліп көрсетеді. Атаулы мөлшерлеме қарыз алушының несие берушіге қайтаратын сомасының алынған несие шамасынан қаншаға артықтығын көрсетеді. Нақты мөлшерлеме – бұл инфляцияға қарап түзетілген пайыз мөлшерлемесі, яғни тұрақты сатып алушылық қабілетттің ақшалай бірлігімен көрсетілген. Міне осы нақты мөлшерлеме инвестицияның қажеттілігі (немесе қажетсіздігі) туралы қабылданатын шешімді анықтайды.

254 Экономикалық теория

Егер қысқа мерзімді кезеңде фирма өзгермелі факторларды өзгертсе (еңбек, шикізат), онда ұзақ мерзімді кезеңде фирма капитал мөлшерін өзгерте алады.

Фирмакапиталдыңқаншасанынқолдануыкерекдегенмəселе капиталдың шекті табыстылығын капиталдың бір қосымша бірлігін пайдаланудан болатын шығындармен салыстыру жолы арқылы шешіледі.

Капиталдың шекті табыстылығы фирманың шекті табы-

сының шамасына (шығарылымның келесі əр бірлігіне табыстың өсуі) көбейтілген капиталдың шекті өніміне (капиталдың бір қосымшабірлігінпайдаланукезіндежиынтықшығарылымөсетін шамаға) тең болады. Капиталдың қосымша бірлігінің пайдалануын тудырған шығындарға келсек, олар капиталдың ренталық бағалауына тең болады (мысалы, бір күнге жүк машинасын жалдап алу құнына).

Ұзақ мерзімді кезеңдегі фирманың мінез-құлқын қарастырсақ,

фирма өзінің негізгі капиталының шамасын капиталдың шекті табыстылығын капиталдың ренталық бағалауына (соңғысының шамасы төмен болған сайын фирма капиталдың үлкен көлемін пайдаланады) теңболатындайетіптүзетіпотыратынынкөреміз.

17.4. ЖЕР РЕНТАСЫ – ЖЕР ИЕСІНІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ

Жер – ауыл шаруашылығындағы өндірістің басты факторы. Экономикалық ресурс ретіндегі жердің ерекшелігі – оның шектеулілігі. Капиталдан айырмашылығы жер қозғалмайды.

Жер ұсынысына əсер ететін факторлар – құнарлығы мен орналасқан жері. Сондықтан біз жердің шектеулілігі туралы əңгіме қозғағанда, белгілі орында орналасқан белгілі бір сапалы жерді есте ұстаймыз. Əрине, нақты бір ірі қала немесе тіпті жекелеген ферма маңайындағы жақсы жер екі есе шектеулі: сапасы бойынша да, саны бойынша да.

17-тақырып. Өндіріс факторларының рыноктары... 255

Жердің құнарлығы топырақ сапасына, ауа райына, қолданылатын техника сипатына, еңбек дағдысы мен өндірістік тəжірибеге жəне т.б. байланысты болады.

Жердің бекітілген сипаты ұсыныс қисығының абсолюттік икемсізекенінбілдіреді. Егерабциссосінежеракрыныңсанын, ал ординатосінежеракрыбағасынорналастырсақ, жерұсынысының қисығы ординат осіне параллель сызықты көрсетеді.

Бұлжерұсынысыжергедегенбағаелеуліөскенкүнніңөзінде өсірілмейді дегенді білдіреді. Жерге деген сұраныс бір қалыпты емес.

Оғанекінегізгіэлементауылшаруашылықжəне ауылшаруашылық емес сұраныс енеді:

D = Dау + Dау.е ,

мұндағы:

D – жиынтық сұраныс;

Dау – ауыл шаруашылық сұраныс; Dау.е – ауыл шаруашылық емес сұраныс.

Экономикалық рента – бұл ұсыныс қатал шектеулі ресурс үшін төленетін ақы. Жер рентасы экономикалық рентаның жеке жағдайынкөрсетеді. Французтіліненаударғанда«рента» сөзі(фр. rente латын тілінің reddita) «берілген» деген мағына береді. Бұл сөздің этимологиясының өзі-ақ жерді өңдеуші (диқан) – өндірген өнімнің (немесе табыстың) бір бөлігін жер иесіне беретінін білдіріптұрады. Жер рентасы – бұлұсынысықатаңшектеуліжер жəне басқа да табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін ақы. Жер жəне басқа да табиғи ресурстардың ұсынысы босалқы қор, ал рента ағын ретінде жүреді.

Жерге баға рентаның капиталға айналуы арқылы анықталады. Қандай да бір жер учаскесі жыл сайын R доллар көлемінде рента əкеледі делік. Сонда жер учаскесінің құны қанша болады? Бұл сұраққа жауап беру деген сөз, жердің иесі үшін балама құнды анықтау деген сөз. Жер бағасы жердің бұрынғы иесі банкке салынған капитал үшін пайызбен алатын ақша сомасындай болуы керек. Сондықтан жер бағасы болашақ жер рентасының дисконтталған құнын көрсетеді:

256 Экономикалық теория

P L

R j

.

(1 i)j

 

 

Жер бағасы – бұл капиталды мерзімсіз уақытқа салу. Сондықтан, егер

j ,

 

1

 

. 0

(1

i) j

 

 

 

 

 

 

lim P

lim

R j

 

 

R

,

 

 

 

 

L

(1

i) j

 

 

i

 

 

 

 

 

 

мұндағы: R – жылдық рента;

і – қарыз пайызының рыноктық мөлшерлемесі.

17.5. ПАЙДА КƏСІПКЕРДІҢ ФАКТОРЛЫҚ ТАБЫСЫ РЕТІНДЕ

Пайда – фирманың табысы. Ең алдымен кəсіпкерді пайда массасы – барлық тауарларды сатудан алынған жалпы пайда қызықтырады.

Жалпы (жалпы, жиынтық) пайданы есептеу кезінде, ең алдымен сауда сомасы (белгілі бір кезеңде, айталық бір жыл ішінде өндірілген барлық тауарларды сатудан түскен ақшалай табыс) анықталады. Бұл сома бұйымның орта бағасын сатылған игіліктердіңжалпысанына(ТR = P хQ) көбейтуарқылыесептелуі мүмкін.

Жалпы пайда массасы PF – бұл сату сомасы (ТR) мен өндірістің жиынтық шығындары (ТС) арасындағы айырмашылық: PF = ТR – ТС.

Əдетте пайда нормасы дегенде пайданың жылдық нормасы түсіндіріледі: жыл ішінде алынған пайданың барлық авансталған капиталға қатынасы.

Əрине, капитал иелері пайда нормасын арттыра отырып, өз байлығын өсіруге ұмтылады.

17-тақырып. Өндіріс факторларының рыноктары... 257

Кəсіпкер пайда нормасын өсіруге көмектесетін барлық факторларды пайдалануға ұмтылады. Бірінші кезекте, оларға бизнесмен иелігіндегі өндірістік факторлар жатады (17.1-сызба).

Пайда нормасының шамасы басты экономикалық фактор

пайда массасы шамасымен анықталады. Осы массаны көбейтетіннің бəрі бизнестің пайдалылық дəрежесіне тікелей əсер етеді.

 

 

Пайда нормасының

 

 

 

 

факторлары

 

 

Пайда

Капитал

Капиталдың

Өндіріс

Өндіріс

шығын-

айналым

құралдарын

ауқымы

массасы

дарының

жылдамдығы

үнемдеу

(масштабы)

 

құрылымы

 

 

 

 

17.1-сызба. Пайда нормасы шамасын анықтайтын өндірістік факторлар

Рентабельдіксоныменбіргеөндіріскеавансталғанқаражаттар құрылымына, оның ішінде қызметкерлер еңбегіне ақы төлеуге жұмсалған шығындардың үлес салмағына байланысты болады. Мысалы, екі кəсіпорында қолданылған авансталған капиталдың шамасы бірдей. Бірақ олардың біріншісінде жұмыс күшін жалдауға салыстырмалы түрде көп қаражат жұмсалған. Онда нақ осы жерде, басқа жағдайлары тең кезде көбірек пайда алынады, яғни пайда нормасы жоғары болады.

Пайданың жылдық нормасына өндіріске жұмсалған қаражаттардың айналым жылдамдығы əсер етеді. Бұл жылдамдылық өскенде, жұмсалған, соныңішіндежалақығапайдаланылғанақша кəсіпкергетезірекқайтып оралады. Бұндай жағдайдакапиталдың бұрынғы жалпы шамасы кезінде өндіріс көлемі ұлғайып, пайда өседі, нəтижесінде рентабельділік өседі.

Пайда нормасының өсуіне өндіріс құралдарына жұмсалатын шығындардыүнемдеудекөмектеседі. Жинақтаупрогрессивтітех-

17-3/108-11

258 Экономикалық теория

никаны, технологияны енгізу, еңбекті ұйымдастыру, тəулік бойы жұмыс кезектерінің санын өсіру жəне т.б. арқылы қол жеткізіледі. Нəтижесінде өнімнің өзіндік құны төмендеп, соның əсерінен пайда өседі.

Ең аяғында, пайда нормасына өндіріс ауқымындағы (масштабындағы) үнемдеуəсеретеді. Ісжүзіндеіріөндірістіңұсақөндіріс алдындағы басымдылығын көрсететін тенденция əрекет етеді.

Пайданы бөлу 17.2-сызбада көрсетілген.

Жалпы пайда

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жал

 

Несие үшін

 

Таза

 

Қайырымдылық

 

 

 

 

 

 

жəне басқа

 

Салықтар

төлемдері

 

пайыз

 

пайда

 

 

 

 

 

қорлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорлану

 

Экология

 

Кадрларды

 

Əлеуметтік

 

Бизнесмен-

 

 

 

 

дердің жеке

 

 

дайындау

 

қорлар

 

 

 

 

 

 

 

табысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17.2-сызба. Жалпы пайданы бөлу

Ең алдымен жалпы пайдадан «шетке» кететін сома алынып тасталады. Бұған бөтен жерді немесе ғимаратты (басқа адамның меншігіндегі) пайдаланғаны үшін төлем жал ақысы, сонымен қатар қарыз ақша қаражаттары үшін пайыз жатады. Сонымен қатар кəсіпорын мемлекет пен өкіметтің жергілікті органдарының бюджетіне салық төлеп, қаражаттарды қайтарымдылық жəне басқа қорларға салады, қаражаттың қалған бөлігі таза пайданы құрайды. Ол кəсіпорынның өндірістік жəне əлеуметтік қажеттіліктеріне, соның ішінде қорлануға (өндірісті кеңейтуге), қоршаған ортаны қорғауға, кадрларды дайындау жəне қайта дайындауға, кəсіпорын қызметкерлерінің əлеуметтік қажеттіліктеріне жəне басқа мақсаттарда пайдаланылады.

17-тақырып. Өндіріс факторларының рыноктары... 259

Ең соңында, таза пайдадан бизнесмен жеке өзіне тиесілі кəсіпкерлік табысты алады. Акционерлік қоғам жағдайында жеке табысқа арналған пайда бірлескен капиталға үлес қосқан барлық адамдар арасында бөлінеді.

Қазіргі қалыптасқан жалпы пайданы бөлу жағдайында оның размерінің өсуіне байланысты кəсіпкерлер мен мемлекет меншігі өседі, сонымен қатар əр фирманың қызметкерлерінің ғана емес, қоғамның қоғамдық игіліктері жəне мемлекет пен кəсіпорыннан түрлі жəрдемақы алатын басқа мүшелерінің жеке тұтынуына арналған табысты өсіруге мүмкіндік туады.

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Бірінші сабақ.

1. Өндіріс факторларына деген сұраныс. Өндіріс факторларының өзара байланысы мен бірін-бірі алмастырушылығы.

1. Кестені қарап, бос бағаналарды толтырыңдар:

 

 

 

 

 

17.1-кесте

 

 

 

 

 

 

Ресурс

Жиынтық

Шекті

Өнім

Жиынтық

Ақша

бірлігі

өнім

өнім

бағасы

табыс

нысанындағы

F1 (L)

TP

MP

теңге

теңге

шекті өнім, теңге

 

 

 

P

TR

MRPL

0

0

10

3.10

 

 

1

10

9

3.00

 

 

2

19

8

2.90

 

 

3

27

7

2.80

 

 

4

34

6

2.70

 

 

5

40

5

2.60

 

 

6

45

4

2.50

 

 

7

49

3

2.40

 

 

8

52

2

2.30

 

 

9

54

1

2.20

 

 

10

55

 

2.10

 

 

2. Қандай да тауар өндірісінде екі фактор қажет: еңбек жəне жер. Кесте мəліметтері негізінде шығындар қай уақытқа минимумға жеткізілетінін анықтаңдар:

260 Экономикалық теория

 

 

 

 

17.2-кесте

Нұсқасы

Жердің шекті

Жер

Еңбектің

Еңбек

шекті өнімі

(Варианттар)

өнімі МРТ

бағасы rT

бағасы w

MPL

А

6

2

9

3

Б

16

8

15

5

В

9

2

8

2

Г

20

5

16

4

II.

Жалақы еңбек бағасы ретінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек

 

Жиынтық

Шекті нақты

Баға

Жиынтық

Ақша нысанындағы

бірлігі L

 

өнім ТР

өнім MPL

Р теңге

табыс TR

шекті өнім

 

 

 

 

 

теңге

MRPL теңге

0

 

0

 

5

 

 

1

 

10

 

5

 

 

2

 

19

 

5

 

 

3

 

27

 

5

 

 

4

 

34

 

5

 

 

5

 

40

 

5

 

 

6

 

45

 

5

 

 

7

 

49

 

5

 

 

8

 

52

 

5

 

 

9

 

54

 

5

 

 

10

 

55

 

5

 

 

Кестенің бос графаларын толтырып, жетілген бəсеке жағдайындағы ресурсқа деген сұраныс графигін сызыңдар, график сипатын түсіндіріңдер.

Екінші сабақ.

I. Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде.

1.Капиталдың сезілетін (қолмен ұстауға болатын) жəне сезілмейтін (қолмен ұстауға болмайтын) нысандары дегеніміз не: бұл – а) ақша; ə) станоктар; б) патенттер; в) институтта оқу кезіндегі алған білімің?

2.Өндіріс факторлары рыногындағы капиталға деген сұраныс дегеніміз не: а) ақшаға деген сұраныс; ə) нақты капиталға (мысалы машиналық құрал-жабдықтар) деген сұраныс;

3.Рыноктық шаруашылыққа инвестициялық қаражаттарды маңызды жеткізуші – үй шаруашылығы.

Үй шаруашылығы капиталды бизнес иелігіне ұсына отырып, қандай құрбандыққа барады (неден бас тартады)?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]