Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Бекмолдин_книга_в печать170112

.pdf
Скачиваний:
171
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
2.38 Mб
Скачать

20-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық... 311

механизмді бұзады, бірақ жоймайды. Экономика əр түрлі рынок сигналдарына жауап беруді жалғастыра береді жəне түрлі рыноктар тепе-теңдігі бағытына қарай бет бұрады.

Инфляцияны басу кезінде жағдай басқаша болады. Баға өсуіне алаңдаған, мемлекет осы құбылыспен күреске шығады. Ол баға мен табысты белгілі бір деңгейде тоқтатып, оларға жаппай əкімшілік бақылау орнатады.

Ашық инфляция түрлі нысандарда жүруі мүмкін. Бұл:

сұраныс инфляциясы;

шығындар инфляциясы;

құрылымдық инфляция.

Инфляцияның осы түрлерін рынок өзі жасайды.

Сұраныс инфляциясы əдетте өндірістік күштердің толық пайдаланылуы мен толық жұмысбастылық кезінде пайда болады. Бұл жағдайда қандай да бір тауарға деген сұраныстың артуы ресурстарғадегенөндірушіліксұраныстың, соданкеліполарғадеген бағаның өсуін тудырады. Егерде осыған дейін ресурстардың бір бөлігі əрекет етпеген болса, онда олар əрекет етуші бағалар кезінде өндіріске тартылуы мүмкін еді.

Мемлекет ресурстардың толық жұмысбастылығы кезеңінде əскеришығындарменəлеуметтікбағдарламалардыөсіреотырып, сөзсіз инфляциялық қақпанға түседі.

Кəсіпкерлер дəл осындай жағдайда инвестициялық ресурстарға деген сұранысты көтеріп, экономиканы инфляция қозғалысына əкеледі.

Шығындар инфляциясын өндіріс факторлары құнының өсуі тудырады. Бұл жағдайда шығындар өседі, ал бұл шығарылған өнім бағасын өсіреді. Бұл тауар басқа өндіріс үшін ресурсқа айналуы мүмкін. Сондықтан оған да өсуші шығындар толқыны жақындайды. Нəтижесінде өзара байланысты өндірістегі шығындар шығарылған тауарлар бағаларымен қатар өседі.

Шығындар инфляциясы жер, капитал немесе жұмыс күші сияқтыөндірісфакторларының кезкелгенбағасыныңөсуінтудыруы мүмкін. Өндіріс шығындары өсіп, содан соң шығарылатын өнім бағасына ауысады. Қымбаттаған тауар ақысын сатып алушы төлейді. Егер бұл тауар ол үшін келесі өндіріс ресурсы болып

312 Экономикалық теория

табылса, оның шығындары да өседі, бұл кəсіпкерді жоғарылаған бағаның орнын толтыруға мəжбүр етеді. Нəтижесінде ерекше инфляциялық өтпелі механизм пайда болады. Шығындар инфляциясы елде эпидемия сияқты жайылып кетеді.

Басқа нұсқалар (варианттар) болуы мүмкін, шығындар өседі, бірақ қанық рынок жағдайында кəсіпкер көтерілген баға мен шығындар өсуін жаба алмайды. Бұл жағдайда пайда азаяды, капиталдың бір бөлігі табыстың төмендігінен, өндірістен жинақтауға кетеді. Жиынтық ұсыныс азаяды. Ал бұл бағаның жаппай өсуіне əкеледі.

Құрылымдық инфляцияны макроэкономикалық салааралық баланс жоқтығы тудырады. Салалардың бір-біріне үйлеспеуі себебінен олардың бір бөлігі рынокты тауармен тез толтыра алмайды. Бұл белгілі бір өнімге деген тұрақты түрде қанағаттандырылмайтын сұранысқа əкеледі де баға өсіп кетеді. Құрылымдықинфляцияныжеңуқиындепесептеледі, себебіонымен күресу үшін қысқа мерзімде инвестициялық құйылымдар қажет, бірақ та бұл инвестицияның қысқа мерзімде қайтарылымымүмкінемес.Əдетте,құрылымдықинфляцияелдіңтехникалық прогрестің жаңа түріне түбегейлі өтуі кезеңінде жүреді.

20.4. ИНФЛЯЦИЯНЫҢЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖƏНЕƏЛЕУМЕТТІКСАЛДАРЫ

1992 жылы Қазақстанда басталған бағаны реттеу механизмін қайта құру басқа көптеген факторлармен қатар бағаның кенеттен өсуіне əкелді. Инфляция 1992 жылы – 3061%, 1993 жылы 2265% болды. Өтпелі экономикасы бар басқа кейбір елдерге қарағанда Қазақстанда бағаны ырықтандыру біртіндеп жүргізілді, себебі түрлі тауарлар бағасы бір мезгілде емес, кезектеп жіберілді. Реттеліп отырған бағалар уақыт сайын елеулі шамаға өзгеріп, оны анықтайтын саясат жиі қайта қаралып отырды.

Бұл бағаны ырықтандырудың ойланбаған саясаты еді жəне бұл кəсіпорынның төлем айналымының бұзылуына себеп бол-

20-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық... 313

ды. Бақылауға бағынбайтын баға өсуінен кейін қолма-қол ақша жəне тікелей несиелер нысанында іске асырылған ақша эмиссиясы жүрді. Ақша ұсынысы валюта алыпсатарлар саласының бақылауында болды, ақша экономиканың нақты секторына жетпеді. Себебі алыпсатарлық валюталық рынок елеулі дивидендтермен қамтамасыз етіп отырды.

Экономикалық реформалардың қолданылуына қарай экономикаға деген инфляциялық қысым нақты кезеңге тəн себептер күшіне қарай сан түрлі болды. Егер 1992 жылдың бірінші жартысында өте қатал ақша-несие саясаты жүргізілсе, екінші жартысында ол сəл босаңсып, инфляция қарқын ала бастады. 1992 жылдың қыркүйегінен бастап 1993 жылдың қыркүйегіне дейін инфляцияның орта айлық қарқыны 25%-дан асып кетті.

1996-1998 жылдары республика экономикасында инфляция толқынының «сөнуі» жүрді. Инфляция 1996 жылы орта айлық есептеуде – 2,1%, 1997 жылы – 0,9%, 1998 жылы 0,2% болды.

1999 жылғы инфляцияның жаңа айналымы (тұтыну тауарлары бағасының 17,8%-ға, өнеркəсіптегі дайын өнім бағасының 57,2%-ғаөсуі) негізіненсолжылғысəуірайындаенгізілгенұлттық валютаның еркін жүзбелі айырбас бағамымен, табиғи монополия өнім (қызмет көрсетуінің) бағасының артта қалған көкейкесті бақылауы мен сыртқы жəне ішкі рыноктар конъюнктурасы əсерінің қатар жүруімен болды. Аталған себептер 2000 жылы да қалды, бірақ теңге бағамының қатаң валюталарға қатынасы салыстырмалы тұрақты болып қалды. Бұл инфляцияны 9,8%-ға төмендетуге мүмкіндік берді.

Инфляция салдары сан алуан, бір-біріне қарама-қайшы жəне оны мыналардан көруге болады:

Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның түрлі топтарыарасындаэкономикалықжəнеəлеуметтікинституттарарасынаеркінжəнеболжауғабағынбайтынтүрдеқайтабөлугеəкеледі.

Екіншіден, инфляцияның жоғарғы қарқыны мен баға құрылымының кенеттен өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын (əсіресе, ұзақ мерзімді) күрделендіреді. Нəтижесіндебелгісіздікпенбизнестіжүргізуқаупіөседі. Пайыздық мөлшерлеме мен пайданың өсуі осының ақысы болады.

314 Экономикалық теория

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы азайып, əлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары инфляция қоғамның жаңа құрылымына өтуге көмектеседі.

Төртіншіден, экономика «ашық» секторындағы баға өсуінің салыстырмалы түрдегі жоғарырақ қарқыны ұлттық тауарлардың бəсеке қабілетінің төмендеуіне əкеледі. Нəтижесінде импорттың өсуі мен экспорттың азаюы, жұмыссыздықтың өсуі мен тауар өндірушілердің күйреуі болады.

Бесіншіден, тұрақты шет ел валютасына деген сұраныс өседі. Капиталдың шет елге шығуы, валюта рыногындағы алыпсатарлықтың көбеюі, өз кезегінде баға өсуін жылдамдатты.

Алтыншыдан, ақша нысанындағы жинақтаулардың нақты құнытөмендеп, нақтыактивтергедегенсұранысөседі. Нəтижесінде осы тауарларға деген баға бағаның жалпы деңгейі өзгергеннен жылдамырақ өседі.

Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің нақты табыстары азайып, құрылымы өзгереді. Мемлекеттік фискалдық жəне монетарлық экспансия саясатын жүргізу мүмкіндігі тарылады. Бюджеттік тапшылық пен мемлекеттік борыш өседі. Оларды қайта өндіру механизмі іске қосылады.

Сегізіншіден, толық емес жұмысбастылық жағдайында əрекет ететін экономикада баяу инфляция халықтың нақты табысын елеусіз ғана қысқартып, оны жақсырақ жəне көбірек жұмыс істеуге мəжбүр етеді. Нəтижесінде сырғымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсу үшін ақы жəне ол үшін ынталандыру болады. Керісінше, дефляция* өндірістік күштердің толық жұмысбастылығы мен іске қосылуының төмендеуіне əкеледі.

Тоғызыншыдан, стагфляция** жағдайында инфляцияның жоғары деңгейі үлкен жұмыссыздықпен үйлеседі. Елеулі инфляция жұмысбастылықты өсіруге мүмкіндік бермейді. Бірақ, бір жағынан, инфляция, басқа жағынан, өндіріс көлемі мен жұмыссыздық арасында тікелей өзара байланыс жоқ.

*Дефляция – ақшаның артық бөлігін айналыстан əдейі алу.

**Стагфляция – құлдыраушылық, кері кетушілік (тоқыраушылықтың инфляциямен ұштасуын сипаттайтын жағдай).

20-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық... 315

ИНФЛЯЦИЯ МЕН ЖҰМЫССЫЗ- 20.5. ДЫҚТЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ.

ФИЛЛИПС ҚИСЫҒЫ

Эмпирикалық зерттеулер жұмыссыздық пен инфляция арасында кері байланыс барлығын көрсетті. Бұл зерттеулерді ХХ ғ. 50-60 жылдары ағылшын экономисі Филлипс топтады. Филлипс қисығы келесідей болады:

Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы келісімді көрсетеді. Мемлекеттік қайраткерлер жиынтық сұранысты кеңейтеотырып, жұмыссыздықдеңгейінтөмендетеалады. Бірақбұл кезде еңбек пен тауарлар рыногындағы шиеленіс жалақы артуы мен бағаөсуіне, соныменқатаринфляцияныңөсуінесебебінтигізеді.

Филлипс қисығы инфляция қарқыны мен жұмыссыздық нормасы арасындағы кері өзара байланысты көрсетеді. Инфляция қарқыныжоғарыболғансайын, жұмыссыздарүлесітөменірекболады.

20.1-сызбада 3 жағдай көрсетілген:

Инфляция қарқыны %-бен

8 С

В

4

2

А

 

Жұмыссыздар үлесі, %-бен

2 4 6

20.1-сызба. Филлипс қисығы

АҚ, ВҚ жəне СҚ.

АҚ – 6% жұмыссыздықтың жоғары нормасы жəне 2% инфляциямен;

316 Экономикалық теория

ВҚ – 4% жұмыссыздық жəне 4% инфляциямен; СҚ – 2% жұмыссыздық жəне 8% инфляциямен.

А нүктесінен бастаған саясаткер жұмыссыздықтың өте жоғары деңгейі болмауына алаңдап, оны қысқарту жолын таңдауы мүмкін. 4%-ға дейін, инфляция деңгейінің 4% немесе оданкөбірекөсуінеалмастыруғаболадыделік. БұлкездеолА-дан В-ға қарай Филлипс қисығы бойымен жылжиды.

1961 жылы АҚШ-та осындай жағдай болды. Ол кезде жұмыссыздық деңгейі 7%, ал инфляция 2% құрады. Келесі 8 жыл ішінде ақша жəне қаржы саясаты экономикалық өсуді ынталандыра отырып, жұмыссыздықты инфляция қарқынын біраз өсіруарқылықысқартты. 1966 жылыжұмыссыздық4%-дантөмен түсіп, осыдеңгейде1969 жылға дейінқалды. Арықарай1969-1971 жылдары стагфляция орын алды (Президент Никсон басқарған кезеңде).

Стагфляция– бұлэкономикалықбелсенділіктіңтөмендеуінің немесе стагнацияның (тоқыраушылық) инфляциямен ұштасуын сипаттайтын жағдай.

1970-жылдар басынан алынған сабақ Филлипс қисығы инфляция мен жұмыссыздық арасындағы келісушіліктің аса сенімді модельболыптабылаалмайтындығындаболды. Жұмыссыздықты қысқарта отырып, инфляция ауқымын біртіндеп өсіріп, Филлипс қисығымен жоғары жылжу оңай.

Бірақ жиынтық сұранысты қысқарту кезеңде жұмыссыздық қайтадан жылдам бұрынғы деңгейіне қайтып оралады. Сол кезде инфляцияның жоғарғы қарқындарынан бас тарту өте қиын, əсіресеауқымыбойыншасұраныстыұзақжəнеелеуліқысқартуға барғысы келмейтін өндіріс үшін.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 20.6. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ

НЫСАНДАРЫ МЕН СЕБЕПТЕРІ

Əлемдегі дүниежүзілік қаржылық-экономикалық дағдарыстың қиратушы салдарына қарамастан Қазақстан үкіметі елді дағадарыстан шығару жолын тауып қана қоймай, əлеуметтік

20-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық... 317

проблемалардың басымдылық шешімдерін де қамтамасыз етті. Дағдарыс жағдайындағы өткір проблемалардың бірі – жұмыссыздық санының өсуі. Сондықтан мемлекет жұмысбастылық проблемасына басты назар аударды. Бұл, біріншіден, қызметкерлердің еңбектің толық емес режиміне өтуі, жұмыстан босатылу жағдаятына уақтылы жəне жедел жауап беруге мүмкіншілік берді. Екіншіден, жұмыссыздықтан мекен-жайлық (адрестік) қорғау күшейді. Үшіншіден, жұмысты жоғалтқан жағдайда əлеуметтік сақтандарудың мемлекеттік қорынан жасалатын əлеуметтік төлемдердің максималды кезеңі төрт айдан алты айға дейін ұзартылды. Төртіншіден, бюджеттік қаражат есебінен қайта оқытылатын жəне қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығы бар адамдар шеңбері кеңейтілді. Сонымен қатар, 2009 жылы ішкі еңбек нарығын қорғау үшін, 2008 жылмен салыстырғанда шетелдік жұмыскүшінтартуквотасыекіесегеқысқартылды. ҚРПрезиденті Н.Ə. Назарбаев «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» Жолдауында жұмысбастылық проблемасын қызметтік, біріншіден, коммуналды желілерді қайта құру жəне жаңарту, екінішіден, жергілікті мəндегі автомобиль жолдарын салу, қайта құру жəне жөндеу, соныменқатар, еңалдымен, мектептерменемханаларсияқтыəлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту, үшіншіден, əр нақты елдік орындарда жергілікті мəндегі объектілер, төртіншіден, əлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту жəне жастар практикасын ұйымдастыру сияқты салаларында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы шешу қажеттігін нақты көрсетті.

2009 жылы «Жол картасы» бойынша іс-шараларын іске асыру нəтижесінде 248 мың адам жұмысқа тұрғызылып, 97,7 мың адам дайындық пен қайта дайындықтан өткізіліп, 125 мың əлеумет жұмысорындарыменжастарпрактикасынөткізугеарналғанорындар құрылып, жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ға дейін төмендетілді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың халыққа арналған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы «Өмір саласын жақсарту жəне əлеуметтік қорғау» бөлімінде: «Алдағы онжылдықтың маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту, əлеуметтік

318 Экономикалық теория

тұрақтылық пен қорғауды нығайту жəне мемлекет халық санын 2020 жылы 10%-ға өсуге қажетті барлық жағдайды жасайды: сондықтан Елбасы Н.Назарбаев 2020 жылы жұмыссыздық деңгейі 5%-дан, ал өмір сүру деңгейінен төмен табыс табатын халық үлесі 8%-дан артылмасын деген міндет қойды. Əлеуметтік қызмет мұқтаж азаматтарға ғана ұсынылып, қазіргі күн талаптарына жəне Қазақстандағыөмірдеңгейінесайболуыкерек. 2015 жылғабазалық зейнетақытөлеміөмірсүруминимумышамасының60%-ыдеңгейіне дейін көтерілуі, ал мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге өсірілуі қажет. 2009 жылы зейнетақы, стипендия, бюджеттіксалақызметкерлерініңжалақысы 25%-ға өсірілді. Əлеуметтік жəрдемақылар орта есеппен 90%-ға өсті. 2010 жылға арналған республикалық бюджетте зейнетақыны 1-қаңтардан, ал стипендия мен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын 1-сəуірден 25%-ға өсіру көзделіп, соның нəтижесінде орташа жалақы мөлшері 43883 теңгеден 54510 теңгеге өсті».

СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

I. Жұмыссыздықтың ЖІӨ шамасына əсері. Оукен заңы.

Шартты мəліметтер келтірейік:

Номиналды ЖІӨ п-жылы 1000 млрд. доллар құрады. Жұмыс-

сыздықтың табиғи деңгейі сол жылы 6% болды. Жұмыссыздықтың нақты деңгейі 8% құраса, п-жылғы потенциалды ЖІӨ көлемі қандай болады? Есептеу кезінде Оукен заңын пайдаланыңдар.

II. Инфляция себептері, мəні мен түрлері.

1.Бағаның инфляциялық емес өсуіне мысал келтіріңдер.

2.Баяу, қарқынды жəне гиперинфляция арасындағы айырмашылықты неден көріп отырсыз? Оларды шектеу критерийі қандай?

III. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы. Филлипс қисығы.

Филлипс қисығы бойынша жылжу инфляция мен жұмыссыздық арасындағы балама таңдауды білдіреді. Осы Филлипс қисығы көмегімен баға мен жұмыссыздықтың бір мезгілде өсуін көрсетугеболама? Экономикадағымұндайжағдайқалайаталады?

20-тақырып. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық... 319

IV. Жұмыссыздықтыңмəніменнысандары. ҚР-дағыжұмыс- сыздық.

1.ҚР ашық жəне басылған инфляцияға мысал келтіріңдер.

2.Өнеркəсібі дамыған елдердің үлгілерін пайдалана отырып, жұмыссыздықтың əр түрлерін сипаттаңдар: Инфляция түрлеріне сипаттамаберіп, олардыекітопқабөліңдер: жалпыэкономикалық түрдегі жəне таза ақшалай сипаттары.

3.ҚР үкіметі жұмыссыздықты төмендету үшін қандай шаралар қолданып отыр?

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

1.Экономистер елдегі толық жұмысбастылыққа .... қол жеткізуге болады деп есептейді:

а) елдің бүкіл халқы жұмыс істегенде; ə) еңбекке қабілетті жастағылардың бəрі жұмыс істегенде;

б) жұмыс істегісі келгендердің бəрі жұмыс істесе; в) бос жұмыс орындарының саны жұмыссыздар санына сай келсе.

2.Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі нақтыдан ... шамасына ерекшеленді:

а) циклдік жұмыссыздық; ə) фрикциондық жұмыссыздық;

б) құрылымдық жұмыссыздық; в) ештеңемен ерекшеленбейді.

3.Кез келген ел экономикасында инфляция түрлерінің қай үлесінің ең ауыр əлеуметтік-экономикалық салдарлары бар:

а) баланстанған; ə) баяу; б) күтілген;

в) гиперинфляция, баланстанбаған жəне күтпеген.

4.Жақын арада қайтадан жұмысқа тұруға үміті бар адам:

а) жұмысбастылар қатарына жатады; ə) жұмыссыздар қатарына жатады; б) жұмыс күші құрамында ескерілмейді;

в) толық жұмыс басты ретінде қарастырылмайды.

5.Экономикадағы құлдырауға байланысты жұмысын жоғалтқан адам... қамтылған жұмыссыздар қатарына жатады:

а) жұмыссыздықтың фрикциондық нысанымен; ə) жұмыссыздықтың құрылымдық нысанымен; б) жұмыссыздықтың циклдік нысанымен; в) перманентті жұмыссыздықпен.

320 Экономикалық теория

6.Экономистердің көпшілігі қысқа мерзімді кезеңде жұмысбастылық деңгейі мен ұлттық өндіріс көлемі ... анықталады деп есептейді:

а) баға деңгейімен; ə) қолда бар жұмыс күші санымен;

б) капиталдың ұлттық босалқы қорымен; в) жиынтық шығындары деңгейімен.

7.Номиналды табыс 8%-ға, баға деңгейі 10%-ға өссе, нақты табыс:

а) 2%-ға өсті;

ə) 18%-ға өсті;

б) 2%-ға төмендеді; в) 18%-ға төмендеді.

8.Өндіріс шығындары өсуімен бейнеленген инфляцияға аталғандардың қайсысының қатысы жоқ?

а) өндіріс жұмысбастылығының өсуі; ə) өнімнің бірлігіне жұмсалған шығындар құнының өсуі; б) жалақының жылдам өсуі; в) пайыздық мөлшерлеме өсуі.

9.Жеделдетілген инфляция кезеңінде пайыздық мөлшерлеме:

а) төмен түседі, себебі ақша бағасы төмен түседі; ə) төмен түседі, себебі жұмысбастылық деңгейі төмен түседі; б) өседі, себебі ақша бағасы төмен түседі;

в) өседі, себебі жұмысбастылық деңгейі төмендей бастайды.

10.Инфляция ... байланысты болуы мүмкін:

а) тек ЖІӨ өсуімен; ə) оның даму көзіне байланысты ЖІӨ өсуі немесе төмен түсуімен;

б) тек ЖІӨ төмен түсуімен; в) егер экономика толық жұмысбастылық жағдайында дамып

отырса, тек ЖҰӨ өсуімен.

11.Кенеттен болатын инфляциямен əдетте қатар жүреді:

а) экономикалық ысыраптың жоқтығы; ə) экономика тиімділігінің төмендеуі; б) байлық пен табыстың қайта бөлінуі; в) ə) жəне в) жауаптары ғана дұрыс.

12.Аталған əрекеттердің қайсысы, соның көмегімен жеке адам кенеттен болатын инфляция қаупінен сақтанатын құрал ретінде жүреді?

а) жалақыны ұзақ мерзімді кезеңде индекстендіруді көздейтін пунктті еңбек келісімшартына енгізу;

ə) инфляцияны өсіретін кепіл бойынша мөлшерлемені индекстендіру;

б) пайыздық мөлшерлемесі банктікінен төмен қарызды өз досына ұсыну;

в) банктен алынған несие негізінде жаңа бизнес ашу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]