Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Іі дәрежелі күрделі тестілер

1. Үнемі жаңарып отыратын ауыспалы айналым процесі:

А) капиталдың ауыспалы айналымы;

B) меншік қаражат айналымы;

C) жеке ұдайы өндіріс;

D) қарызға алынған қаражат айналымы;

E) капитал айналымы;

2. Ресурстар өндіріс және айналыс сферасын өтіп, бастапқы формасына қайтып келетін уақыт аралығы:

А) айналым жылдамдығы;

B) айналым саны;

C) жеке ұдайы өндіріс;

D) қарызға алынған қаражат айналымы;

E) айналым уақыты;

3. Бір жыл ішіндегі ресурстардың айналым саны:

А) жеке ұдайы өндіріс;

B) айналым саны;

C) айналым жылдамдығы;

D) қарызға алынған қаражат айналымы;

E) айналым уақыты;

4. Ол келесі формуламен анықталады n = O / t:

А) қарызға алынған қаражат айналымы;

B) айналым уақыты;

C) жеке ұдайы өндіріс;

D) айналым жылдамдығы;

E) айналым саны;

5. Ақшалай формада берілген, өндірістік циклде айналатын өндіріс факторлері:

А) айналыс қорлары;

B) айналым капитал;

C) өндіріс емес капитал;

D) өндірістік капитал;

E) дұрыс жауап жоқ.

6. Өндіріс процесіне бір рет қатысып, өз құнын дайын өнімге толығымен өткізетін құралдар, олар материал, шикізат және т.б.:

А) айналмалы капитал;

B) айналыс қорлары;

C) өндіріс емес капитал;

D) негізгі капитал;

E) дұрыс жауап жоқ.

7. Өндіріс процесіне бірнеше рет қатысып, өз құнын өнімге біртіндеп өткізетін құралдар, олар ғимарат, қондырғы және т.б.:

А) айналмалы капитал;

B) айналыс қорлары;

C) негізгі капитал;

D) өндіріс емес капитал;

E) дұрыс жауап жоқ.

8. Негізгі капиталдың өндіріс процесінде пайдалануына жарамай қалуы, істен шығуы:

А) моралды тозуы;

B) физикалық тозуы;

C) техникалық тозуы;

D) өндірістік тозуы;

E) дұрыс жауап жоқ

9. Негізгі капиталдың оның жаңа түрінің пайда болуы салдарынан құнсыздануы, нәтижесінде оны пайдалану шығынды:

А) өндірістік тозуы;

B) физикалық тозуы;

C) техникалық тозуы;

D) моралды тозуы;

E) дұрыс жауап жоқ.

10. Негізгі капиталдың моральды және физикалық тозуының құндық бағасы:

А) капитал айналымы;

B) ауыспалы айналым;

C) амортизация;

D) бәсеке;

E) дұрыс жауап жоқ.

11. Амортизациялық төлемдердің белгіленген жылдық мөлшері, ол негізгі капиталдың құны қанша жыл ішінде қайтарылуы керектігін көрсетеді:

А) амортизация жылдамдығы;

B) ауыспалы айналым саны;

C) амортизация нормасы;

D) амортизация құны;

E) дұрыс жауап жоқ.

12. Амортизацияны есептеу кезінде капитал құнын жыл сайын бірдей мөлшерде шегеріліп, амортизациялық қорға аударылады:

А) қарапайым амортизация;

B) ауыспалы амортизация;

C) жылдамдатылған амортизация;

D) қысқартылған амортизация;

E) ұзартылған амортизация.

13. Амортизацияны осы әдіспен есептеу кезінде амортизация нормасы екі есе арттырылады, ол ҒТП байланысты, соның арқасында қондырғыны пайдалану мерзімі азаяды:

А) қысқартылған амортизация;

B) ауыспалы амортизация;

C) қарапайым амортизация;

D) жылдамдатылған амортизация;

E) ұзартылған амортизация.

14. Бұл көресткіш бір теңге қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді де, келесі жолмен анықталады Q / Қнег:

А) қор сыйымдылығы;

B) амортизация;

C) қарапайым амортизация;

D) материал сыйымдылығы;

E) қор қайтарымы;

15. Бұл көресткіш 1 теңге айналым қор құнына келетін өнім көлемін көрсетеді де, келесідей есептелінеді Қайн / Q

А) материал сыйымдылығы;

B) амортизация;

C) қарапайым амортизация;

D) қор сыйымдылығы;

E) қор қайтарымы;

16. Өнімді өткізумен байланысты айналымда болатын қорлар:

А) негізгі капитал;

B) айналмалы капитал;

C) қарапайым капитал;

D) айналыс қорлары;

E) инвестиция.

17. Пайда табу мақсатымен ел ішінде және оның сыртында мемлекеттік немесе жеке капиталды ұзақ мерзімді салымдары:

А) негізгі капитал;

B) айналмалы капитал;

C) инвестиция;

D) айналыс қорлары;

E) қарапайым капитал.

18. Ескі қондырғыны ауыстыруға (амортизация) кеткен шығындар мен өндірісті ұлғайтуға салынған инвестициялардың өсімінің сомасы:

А) жиынтық инвестициялар;

B) айналмалы инвестициялар;

C) таза инвестициялар;

D) автономды инвестициялар;

E) қарапайым инвестициялар.

19. Негізгі капитал амотризациясын алып тастағандағы жиынтық инвестиция:

А) жиынтық инвестициялар;

B) айналмалы инвестициялар;

C) таза инвестициялар;

D) автономды инвестициялар;

E) қарапайым инвестициялар.

20. ҒТП нәтижесінде пайда болған жаңалықтармен негізделген инвестициялар:

А) жиынтық инвестициялар;

B) айналмалы инвестициялар;

C) таза инвестициялар;

D) автономды инвестициялар;

E) қарапайым инвестициялар.

21. Кәсіпкерлердің ескірген капиталды қалпына келтіруге және оны ұлғайту үшін өндіріс құралдарына сұранысы:

А) инвестициялық сұраныс;

B) тұтынушылық тауарларға сұраныс;

C) капитал айналымы;

D) пайданың күтілетін нормасы;

E) амортизация.

22. Егер пайданың күтілетін нормасы-10% , процент ставкасы - 7% болса:

А) инвестиция пайдалы:

B) инвестиция пайдасыз;

C) инвестиция өзгеріссіз;

D) инвестиция тұрақты;

E) дұрыс жауап жоқ.

23. Инвестицияға сұранысты анықтайтын негізгі факторлар:

А) инвестицияның ұсынысы;

B) инфляция мөлшері;

C) таза пайданың күтілетін нормасы және проценттің шынайы ставкасы;

инвестиция өзгеріссіз;

D) инвестициялық белсенділік;

E) дұрыс жауап жоқ.

24. Фирманың ақшалай капиталды қарызға алуы үшін төлейтін бағасы:

А) процент ставкасы;

B) инвестиция;

C) таза пайданың күтілетін нормасы;

D) инвестициялық белсенділік;

E) дұрыс жауап жоқ.

25. Егер пайданың күтілетін нормасы жоғары болса, инвестиция көлемі:

А) өзгеріссіз қалады;

B) тұрақты;

C) әрі өседі, әрі төмендейді;

D) төмендейді;

E) өседі.

26. Егер пайданың күтілетін нормасы жоғары болса, инвестиция көлемі:

А) өзгеріссіз қалады;

B) тұрақты;

C) әрі өседі, әрі төмендейді;

D) төмендейді;

E) дұрыс жауап жоқ.

27. Иеленілген өндіріс факторлері үшін төлемдер:

А) пайда;

B) тұрақты пайда;

C) шығындар;

D) инвестиция;

E) дұрыс жауап жоқ.

28. Ресурстарды тиімді пайдаланғаннан табуға болатын ақша сомасы:

А) пайда;

B) тұрақты шығындар;

C) өзгермелі шығындар;

D) инвестициялық шығындар;

E) альтернативті шығындар.

29. Фирманың шикізат, қондырғы, көлік, энергияны сырттан сатып алуға жұмсаған шығындары, демек кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алулары:

А) нақты шығындар;

B) тұрақты шығындар;

C) альтернативті шығындар;

D) инвестициялық шығындар;

E) орташа тұрақты шығындар.

30. Меншік және өз қажеттілігіне пайдаланылатын ресурстарға жұмсалатын альтернативті шығындар:

А) нақты шығындар;

B) тұрақты шығындар;

C) альтернативті шығындар;

D) нақты емес шығындар;

E) орташа тұрақты шығындар.

31. Өндіріс көлемінен тәуелсіз болатын шығындар,оларға амортизация, ренат және т.б. жатады:

А) нақты шығындар;

B) тұрақты шығындар;

C) альтернативті шығындар;

D) нақты емес шығындар;

E) орташа тұрақты шығындар.

32. Өндіріс көлемінен тәуелді болатын шығындар, оларға шикізат, материал және еңбек ақыға шығындар жатады:

А) нақты шығындар;

B) тұрақты шығындар;

C) альтернативті шығындар;

D) нақты емес шығындар;

E) өзгермелі шығындар.

33. Тұрақты және өзгермелі шығындар жиынтығы шығынның қай түрін береді:

А) нақты шығындарды;

B) тұрақты шығындарды;

C) жиынтық шығындарды;

D) нақты емес шығындарды;

E) өзгермелі шығындарды.

34. Әр қосымша өнім бірлігін өндіру үшін қажет шығындар:

А) шекті шығындар;

B) тұрақты шығындар;

C) альтернативті шығындар;

D) нақты емес шығындар;

E) орташа тұрақты шығындар.

35. Кәсіпкерге ресурстарды өндіріс процесіне тарту және сол өндірісті демеп тұру үшін қажет минималды табыс:

Өндіріс көлемінен тәуелсіз болатын шығындар; оларға амортизация, рента және т.б. жатады:

А) бухгалтерлік пайда;

B) экономикалық пайда;

C) альтернативті пайда;

D) қалыпты пайда;

E) орташа тұрақты пайда.

36. Пайданың бұл түрі фирманың жалпы түсімінен сыртқы шығындарды алып тастағанда туындайды:

А) орташа тұрақты пайда;

B) экономикалық пайда;

C) альтернативті пайда;

D) қалыпты пайда;

E) бухгалтерлік пайда.

37. Пайданың бұл түрі фирманың жалпы түсімінен барлық шығындарды (сыртқы және ішкі) алып тастағанда туындайды:

А) орташа тұрақты пайда;

B) экономикалық пайда;

C) альтернативті пайда;

D) қалыпты пайда;

E) бухгалтерлік пайда.

38. Шығынның бұл түрі жиынтық шығындардың өндірілген өнім көлеміне қатынасымен анықталады ТС/Q:

А) орташа нақты шығындар;

B) орташа тұрақты шығындар;

C) орташа альтернативті шығындар;

D) орташа жиынтық шығындар;

E) орташа өзгермелі шығындар.

39. Жер, капитал, еңбек сияқты ерекше ресурстардың тауарлы айналымының сферасы:

А) сыртқы нарық;

B) құнды қағаздар нарығы;

C) ақша нарығы;

D) тауарлар нарығы;

Е) өндіріс факторларының нарығы;

40. Өндіріс факторларына сұраныстың ерекшелігін көрсетіңіз:

А) соңғы тұтыну тауарларына сұранысқа қарағанда біріншілік сипатта;

B) соңғы тұтыну тауарларына сұранысқа қарағанда екіншілік сипатта;

C) соңғы тұтыну тауарларына сұранысқа қарағанда қалыпты сипатта ;

D) соңғы тұтыну тауарларына сұранысқа қарағанда сұранысы күрделі;

Е) соңғы тұтыну тауарларына сұранысқа қарағанда сұранысы икемсіз;

41. Нарықта іс жүзіндегі баға деңгейінде ұсынылатын өндіріс факторлері нені туындайды:

А) өндіріс факторлерінің сұранысын;

B) өндіріс факторлерінің нарығын;

C) өндіріс факторлерінің сапасын;

D) өндіріс факторлерінің ұсынысын;

Е) өндіріс факторлерініңбәсекесін;

42. Өндіріс факторлерінің ұсынысын не тудырады:

А) осы факторлер бәсекесі;

B) осы факторлерге сұраныс;

C) осы факторлер бағасы;

D) осы факторлерге қызығушылық;

Е) дұрыс жауап жоқ;

43. В. Даля оны –бастапқыда жұмсалған капитал өсімі, артуы және оған қосылым деп сипаттайды.

А) процент;

B) пайда;

C) сұраныс;

D) ұсыныс;

Е) капитал қайтарымы;

44. Ссудалық капитал иесінің табысы, ол ссудалық каиталды пайдаланғаны үшін төлем ақы процент нормасы арқылы сипатталады:

А) пайда;

B) ссудалық процент;

C) несие;

D) рента;

Е) табыс;

45. Ссудалық капиталдан алынатын жылдық табыстың, ссудалық капиталдың жалпы сомасына қатынасы:

А) процент нормасы;

B) ссудалық процент;

C) рента;

D) еңбек ақы;

Е) пайда;

46. Жылдық процентпен берілген ссудалық капитал табысы, ол қаржылық ресуртарға сұраныс пен ұсыныстың өзара қатынасымен анықталады:

А) рента;

B) нарықтық процент;

C) ссудалық процент ;

D) процент ставкасы;

Е) пайда;

47. Проценттің бұл ставкасы курс бойынша ақшалай бірлікте беріледі:

А) проценттің нақты ставкасы;

B) проценттің нарықтық ставкасы;

C) проценттің номиналды ставкасы;

D) проценттің нақты емес ставкасы

Е) ссудалық процент;

48. Инфляцияны ескергендегі процент ставкасы:

А) проценттің шынайы ставкасы;

B) проценттің нарықтық ставкасы;

C) проценттің номиналды ставкасы;

D) проценттің шынайы емес ставкасы

Е) ссудалық процент;

49. Процент ставкасының көлеміне қай факторлер әсер етеді:

А) бәсеке, нарық, сұраныс;

B) ұсыныс, шығын, сауда;

C) шығын, табыс, сұраныс;

D) тәуекел, несиені қайтару мерзімі, ссуда көлемі;

Е) дұрыс жауап жоқ;

50. Жер және оның қойнауы әкелетін табыс:

А) еңбек ақы;

B) сұраныс;

C) процент;

D) пайда;

Е) рента;

51. Жердің басқа өндіріс факторлерінен өзгешелігі:

А) оның ұсынысының шексіздігі;

B) оның сұранысының шектеулігі;

C) оның ұсынысының шектеулігі;

D) оның сұранысының шексіздігіі;

Е) оның ұсынысының жеткіліксіздігі;

52. Рентаның түрлерін көрсетіңіз:

А) нақты және нақты емес;

B) дифференциалды және абсолютті емес;

C) дифференциалды және абсолютті;

D) шектеулі және шексіз;

Е) абсолютті және салыстырмалы;

53. Сапалы және орташа жер учаскелерінде қалыптасатын рента түрі, сапасыз жерлерде ол болмайды:

А) нақты рента;

B) дифференциалды рента;

C) абсолютті рента;

D) шектеулі рента;

Е) салыстырмалы рента;

54. Жердің барлық учаскелерінде болатын рента түрі, ол ауыл шаруашылығының өнімдерінің құны мен оны өндіру құны арасындағы айырмашылықтан пайда болады:

А) нақты рента;

B) дифференциалды рента;

C) абсолютті рента;

D) шектеулі рента;

Е) салыстырмалы рента;

55. Егер меншік иесі жерді жалға берсе, ол__________ алады, оған жер рентасы және жердегі құрылыстарды пайдаланғаны үшін төлем кіреді:

А) салық;

B) пайда;

C) рента;

D) жал төлемі;

Е) несие;

56. Еңбек ретіндегі өндіріс факторы табыстың қандай түрін әкеледі:

А) рента;

B) еңбек ақы;

C) пайда;

D) процент;

Е) салық;

57. Жұмыс күшінің бағасы мен құнының нысаны:

А) рента;

B) еңбек ақы;

C) пайда;

D) процент;

Е) салық;

58. Еңбек ақы түрлерін көрсетіңіз:

А) нақты және нақты емес;

B) дифференциалды және абсолютті;

C) нақты және абсолютті;

D) номиналды және абсолютті;

Е) нақты және номиналды;

59. Жұмыскердің еңбегі үшін алатын ақша сомасы, еңбек ақының қай түрі:

А) нақты еңбек ақы;

B) келісімдік еңбек ақы;

C) уақытылы еңбек ақы;

D) номиналды еңбек ақы;

Е) дұрыс жауап жоқ;

60. Алынған ақшаға келетін тауарлар мен қызметтер көлемі еңбек ақының қай түрі, ол номиналды еңбек ақыға тура байланысты, ал тауарлар мен қызметтер бағасына кері байланысты:

А) нақты еңбек ақы;

B) келісімдік еңбек ақы;

C) уақытылы еңбек ақы;

D) номиналды еңбек ақы;

Е) дұрыс жауап жоқ;

61. Еңбек ұзақтығына байланысты анықталатын еңбек ақы түрі:

А) нақты еңбек ақы;

B) келісімдік еңбек ақы;

C) уақытылы еңбек ақы;

D) номиналды еңбек ақы;

Е) дұрыс жауап жоқ;

62. Өндірілген өнім көлеміне тәуелді болатын еңбек ақы түрі:

А) нақты еңбек ақы;

B) келісімдік еңбек ақы;

C) уақытылы еңбек ақы;

D) номиналды еңбек ақы;

Е) дұрыс жауап жоқ;

63. Экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы, прогрессивті даму нысаны:

А) циклділік;

B) тепе-теңдік;

C) салыстырмалы;

D) бір қалыпты;

Е) дұрыс жауап жоқ;

64. Белгілі бір уақытта іскерлік белсенділіктің артуы мен төмендеуімен сипатталады, ал ол сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен болады:

А) әлеуметтік цикл;

B) тепе-теңдік цикл;

C) салыстырмалы цикл;

D) экономикалық цикл;

Е) дұрыс жауап жоқ;

65. Экономикалық циклдің фазаларын көрсетіңіз:

А) дағдарыс, құлдырау, тоқырау, жандану;

B) дағдарыс, құлдырау, тоқырау, күйреу;

C) дағдарыс, депрессия, жандану және өрлеу;

D) дағдарыс, құлдырау, жандану, өрлеу;

Е) өрлеу, құлдырау, тоқырау, күйреу;

66. Циклдің асы фазасында қорлар жойылады, өнеркәсіптік инвестициялар азаяды, еңбекке сұраныс азаяды, тауарлар бағасы төмендейді, пайда азаяды, несиеге сұраныс азайып процент ставкасы төмендейді:

А) депрессия;

B) дағдарыс;

C) өрлеу;

D) жандану;

Е) бәсеке;

67. Циклдің асы фазасында өндіріс көлемі азаймайды, өспейді де, тауар артықшылығы азаяды, бірақ сауда жүрмейді, процент ставкасы минимумда, біртіндеп жандану бастала бастайды:

А) депрессия;

B) дағдарыс;

C) өрлеу;

D) жандану;

Е) бәсеке;

68. Жоғары деңгейдегі жұмыссыздыққа әкелетін ұлттық өндіріс көлемінің төмендеуі, бұл фаза бірнеше жылға созылады:

А) депрессия;

B) дағдарыс;

C) өрлеу;

D) жандану;

Е) бәсеке;

69. Циклдің осы фазасында нарықтың жаңа жағдайларына бейімділген кәсіпорындар тауар өндірісін арттыра бастайды, жұмыссыздық қысқара бастайды, инвестициялық процестер жанданады, баға және процент ставкасы артады:

А) депрессия;

B) дағдарыс;

C) өрлеу;

D) жандану;

Е) бәсеке;

70. Циклдің осы фазасында ЖҰӨ өсуінің жоғары қарқыны орын алады, жұмысыздық толығымен жойылады, баға және процент өсуде:

А) депрессия;

B) дағдарыс;

C) өрлеу;

D) жандану;

Е) бәсеке;

71. Жұмыспен толығымен қамтылған немесе толығымен қамтылмаған адамдар тобы:

А) жұмыссыздар;

B) жұмыс күші;

C) еңбек ресурсы;

D) жұмыс басты;

Е) тұтынушы;

72. Статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ оны іздеп, жұмысқа кірісуге дайын болған адамдар:

А) жұмыссыздар;

B) жұмыс күші;

C) еңбек ресурсы;

D) жұмыс басты;

Е) тұтынушы;

73. Жұмыссызбен жұмысбастылар жиынтығы _____________құрайды:

А) жұмыссыздарды;

B) жұмыс күшін;

C) еңбек құралдарын;

D) жұмыс бастыларды;

Е) тұтынушыларды;

74. Бұл көрсеткіш жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы ретінде анықталады:

А) жұмыссыздық дәрежесі;

B) жұмыс күшінің дәрежесі;

C) еңбек құралдарының дәрежесі;

D) жұмыс бастылардың дәрежесі;

Е) тұтынушылардың саны;

75. Жұмыссыздықтың осы типі жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты, ол жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі:

А) депрессиялық;

B) циклдік;

C) фрикционды;

D) құрылымдық;

Е) тұрақты;

76. Жұмыссыздықтың осы типі жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты, ол жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі:

А) депрессиялық;

B) циклдік;

C) дұрыс жауап жоқ;

D) құрылымдық;

Е) тұрақты;

77. Жұмыссыздықтың осы типі жұмыс күшінің құрылымының жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды, жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады:

А) депрессиялық;

B) циклдік;

C) фрикционды;

D) құрылымдық;

Е) тұрақты;

78. Жұмыссыздықтың осы типі жұмыс күшінің құрылымының жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды, жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады:

А) депрессиялық;

B) циклдік;

C) фрикционды;

D) тұрақсыз;

Е) тұрақты;

79. Жұмыссыздықтың осы типі экономикалық құлдыраумен байланысты пайда болады, жандану кезінде ол болмайды:

А) депрессиялық;

B) циклдік;

C) фрикционды;

D) құрылымдық;

Е) тұрақты;

80. Экономикада фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық жағдайындағы жұмысбастылық:

А) толық жұмысыздық;

B) толық жұмысбастылық;

C) фрикционды жұмыссыздық;

D) құрылымдық жұмыссыздық;

Е) тұрақты жұмысбастылық;

81. Жұмыссызыдық деңгейінің 1 процентке әр өсімінде шынайы ЖІӨ өсу қарқыны 2,5% азаяды:

А) Оукен заңы;

B) Энгель заңы;

C) Филлипс қисығы;

D) Лоренц қисығы;

Е) Джини коэффициенті;

82. Оукен заңы:

А) жұмысбастылық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады;

B) жұмыссыздық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады;

C) жұмыссыздық деңгейін ҰТ ауытқуымен байланыстырады;

D) сұраныс деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады:

Е) ұсыныс деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады;

83. Жұмыссыздар саны/ жұмыс күшінің саны *100% теңдеуі арқылы қай көрсеткіш анықталады:

А) Оукен заңы;

B) толық жұмысбастылық;

C) жұмысбастылық деңгейі;

D) жұмысыздық деңгейі;

Е) Джини коэффициенті;

84. Орташа баға деңгейінің өсуі салдарынан ақшаның құнсыздануы нені сипаттайды:

А) жұмысбастылықты;

B) дефляцияны;

C) инфляцияны;

D) бәсекені;

Е) Джини коэффициенті;

85. Орташа баға деңгейінің төмендеуі:

А) дефляцияны;

B) жұмыссыздықты;

C) инфляцияны;

D) бәсекені;

Е) Джини коэффициенті;

86. Бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі:

А) дефляция деңгейі;

B) жұмыссыздық деңгейі;

C) инфляция деңгейі;

D) бәсеке деңгейі;

Е) Джини коэффициенті;

87. Инфляцияның осы түрінде баға жай өзгереді, көбіне жылына 10% дейін:

А) дефляция;

B) шоқырақтаушы инфляция;

C) гиперинфляция;

D) қалыпты инфляция;

Е) балансты инфляция;

88. Инфляцияның осы түрінде баға өсімі жылына 10 -200 % дейін.

А) дефляция;

B) шоқырақтаушы инфляция;

C) гиперинфляция;

D) қалыпты инфляция;

Е) балансты инфляция;

89. Инфляцияның осы түрінде баға өсімі жылына 1000% (айына 50 %) болады да, ақша айналымы толығымен бұзылады:

А) балансталмаған инфляция;

B) шоқырақтаушы инфляция;

C) гиперинфляция;

D) қалыпты инфляция;

Е) балансты инфляция;

90. Инфляцияның осы түрі толық жұмысбастылыққа жақын жағдайда, жиынтық шығынның (жиынтық сұраныстың) артықшылығынан пайда болады:

А) сұраныс инфляциясы;

B) шоқырақтаушы инфляция;

C) гиперинфляция;

D) қалыпты инфляция;

Е) балансты инфляция;

91. Инфляцияның осы түрінде өндіріс шығындардың артуынан баға артады:

А) сұраныс инфляциясы;

B) шоқырақтаушы инфляция;

C) гиперинфляция;

D) шығындар инфляциясы;

Е) балансты инфляция;

92. Өндіріс құлдырауы жағдайында инфляциямен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі:

А) гиперинфляция;

B) стагфляция;

C) инфляция;

D) бәсеке;

Е) жұмыссыздық;

93. Жұмыссыздық және инфляция деңгейлері арасында байланыс кері, демек жұмыссыздық деңгейін төмендету баға өсімімен еңбек ақының артуына әкеледі, бұл байланысты не сипаттайды:

А) Оукен заңы;

B) Энгель заңы;

C) Филлипс қисығы;

D) Лоренц қисығы;

Е) Джини коэффициенті;

94. Қоғамдық ұдайы өндірістің негізгі мәселесі, экономикалық процестердің теңділігін сипаттайттын категория:

А) жұмыссыздық;

B) жартылай тепе-теңдік;

C) циклділік;

D) макроэкономикалық тепе-теңдік;

Е) инфляция;

95. Қоғамның жағдайы, бұл жағдай оның барлық мүшелерін қанағаттандырады:

А) тепе-теңдік;

B) инфляция;

C) бәсеке;

D) нарық;

Е) жұмыссыздық;

96. Тепе-теңдіктің бұл түрі жеке нарықта қалыптасады, ол тауар, қызмет, өндіріс факторлері нарығында:

А) тұрақты тепе-теңдік;

B) уақытша тепе-теңдік;

C) орташа тепе-теңдік;

D) жартылай тепе-теңдік;

Е) жалпы тепе-теңдік;

97. Барлық нарықтарды бір уақытта жиынтық сұраныс сұраныс пен жиынтық ұсыныс тепе-теңдікгі орнаған ұлттық экономика жағдайы:

А) тұрақты тепе-теңдік;

B) уақытша тепе-теңдік;

C) орташа тепе-теңдік;

D) жартылай тепе-теңдік;

Е) жалпы тепе-теңдік;

98.Бағаның әр түрлі деңгейлерінде ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің жалпы көлемі:

А) жиынтық сұраныс;

B) жиынтық бәсеке;

C) жиынтық ұсыныс;

D) жиынтық ақша;

Е) жиынтық табыс;

99. Тұтынушылар, кәсіпорындар мен мемелекет бағаның әр түрлі деңгейлерінде сатып алуға дайын ұлттық өндірістің шынайы көлемі:

А) жиынтық сұраныс;

B) жиынтық бәсеке;

C) жиынтық ұсыныс;

D) жиынтық ақша;

Е) жиынтық табыс;

100. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесі_____________ жағдайы:

А) тұрақты экономикалық тепе-теңдік;

B) уақытша экономикалық тепе-теңдік;

C) орташа экономикалық тепе-теңдік;

D) жартылай экономикалық тепе-теңдік;

Е) жалпы экономикалық тепе-теңдік;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]