Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Талқылайтын сұрақтар

  1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа ықпал ететін факторлар.

  2. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа ықпал ететін факторлар.

  3. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі. Нарықтық тепе-теңдік.

  4. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың құралдары ретінде.

  5. Икемділік түсінігі. Икемділік теориясын тәжірибеде қолдану.

  6. Тұтыну іс-әрекетінің теориясы.

Келесі терминдердің анықтамасын табыңыз:

  1. Өндіруші артықшылығы.

  2. Сұраныс заңы.

  3. Ұсыныс заңы.

а) Баға өсімі сұраныстың азаюына әкелетіндігін көрсететін гипотеза.

б) Өндірушілер белгілі бір тауарлар санын сатуға дайын минималды сомасы мен олар осы тауарды іс жүзінде сататын сома арасындағы айырмашылық.

в) Сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты болған жағдайдағы тауарға сұраныс пен осы тауар бағасы арасындағы өзара байланыс.

г) Жиынтық табыс пен жиынтық экономикалық шығындар арасындағы айырмашылық.

д) Ұсынысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты болған жағдайдағы тауардың ұсынысы мен осы тауар бағасы арасындағы өзара байланыс.

Есептерді шығарыңыз.

1 есеп. Сумкаға сұраныс қисығы келесі теңдікпен сипатталады Qd = 600 - 2Р, онда Р - баға, Qd – 1 айдағы сұраныс көлемі. Оның ұсынысының қисығы Qs = 300 + 4Р. Тауардың тепе-тең өндіріс көлемімен бағасы қаншаға тең. Егер баға «төбесі» 10$ тең болса, пайда болатын дефицит қаншаға тең?

2 есеп. Тұрғындар табысының артуынан видеомагнитофон және нанның сұраныс қисығы қалай өзгереді?

    1. есеп. Велосипедке сұраныс қисығы келесідей берілген:Qd = 6000 - 20 Р, онда Р – баға, мың тг.

Ұсыныс қисығы келесі түрде: Qs = 3000 + 40 Р. Тепе-тең өндіріс көлемі қаншаға тең?

4 есеп. Сұраныс қисығының ығысуы неден болғандығын түсіндіріңіз?

Q

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

Сдж арналған тапсырмалар

1. Қай фактор сұраныс қисығын оңға немесе солға жылжыта алады?

А) салық пен дотация

В) шекті қайтарымдылықтың төмендеу заңы

С) тұтынушының ұнатуы

Д) шекті пайдалылықтың төмендеу зағы

Е) ресурстар бағасы

2. Х тауардың У тауармен ауыстырудың шекті нормасы 3-ке тең. Бұны төменгінің қайсысы көрсетеді?

А) Х тауарын тұтыну У тауарын тұтынудан гөрі қалаулы

В) У тауардың қосымша 1 бірлігін алу үшін Х тауардың 3 бірлігін тұтынуы қымқаруы керек

С) тауарлар тең бағалы

Д) Х тауары У тауарынан гөрі 3 есе бағалы

Е) тауарлар бірін-бірі ауыстыра алмайды

3. Егер Х тауардың сұранысы икемсіз болса, онда бағаның 10% төмендеу нәтижесінде?

А) сұраныс көлемі 10 %-дан кем өседі

В) сұраныс көлемі 10 % төмендейді

С) сұраныс көлемі 10 % өседі

Д) сұраныс көлемі 10 %-дан артық өседі

Е) сұраныс көлемі 10 %-дан кем төмендейді

4. Сұраным икемді, егер де:

А) Е<1

В) Е>1

С) Е=шексіздікке

Д) Е=1

Е) Е=0

5. Сұраныс қисығының өзгерісіне қайсы фактор әсер етпейді?

А) тұтынушылардың саны

В) тұтынушылардың табысы

С) тұтынушылардың ұнатуы

Д) тауардың бағасы

Е) алмастыратын тауарлардың бағасы

6. Ұсыныс қисығы төмендегі тұжырымдардың қайсысын көрсетеді?

А) баға мен ұсыныс көлемі арасындағы тура тәуелділікті

В) баға мен ұсыныс көлемі арасындағы оң байланысты

С) баға мен ұсыныс көлемі арасындағы кері тәуелділікті

Д) нарықтағы сату көлемінің серпінің

Е) нарықтағы бағалар өзгерісінің серпінін

7. Сұраныс заңына сәйкес:

А) тауар бағасы құлдырағанда, жоспарланған сатып алу көлемі өседі

В) сұраныс өскенде, баға өседі

С) сұраныс қисығы оңға қарай құлдырайды

Д) егер тұтынушылардың табысы өсетін болса, онда олар тауарларды көбірек алады

Е) ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді

8. Технологияның жетілдіру нәтижесінде жылжиды?

А) сұраныс қисығы оңға және төмен

В) сұраныс қисығы жоғары және оңға

С) ұсыныс қисығы солға және жоғары

Д) ұсыныс қисығы оңға және төмен

Е) сұраныс қисығы жоғары және солға

9. Егер тұтынушының табысы өссе, сұраныс қалай өзгереді?

А) сұраныс қисығы оңға жылжиды

В) сұраныс қисығы өзгермейді

С) сұраныс қисығы солға жылжиды

Д) екінші тауарға ұсыныс өзгермейді

Е) сұраныс көлемі өседі

10.Баға 3%-ға төмендегенде, сұраныс 3%-ға жоғарлады. Сұраныстың бағалық икемділігі туралы не айтуға болады?

А) абсолютті икемді сұраныс

В) сұраныс икемсіз

С) икемділік нольге тең

Д) абсолютті икемсіз сұраныс

Е) икемділігі бірге тең

8-тақырып. Бәсеке және монополия.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары.

      1. Бәсекенің мәні және оның экономикалық ролі.

      2. Жетілген және жетілмеген бәсеке теориясы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]