Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

  7. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Жұмыссыздық және оның түрлері.

2. Инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланысы.

V бөлім. Макроэкономикалық реттеу.

15 Тақырып. Мемлекеттік реттеу: мәні, мақсаты.

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мәні, қажеттілігі, функциялары, инструменттері.

  2. Ақша- несиелік саясат.

  3. Қаржылық жүйе, мемлекеттік бюджет.

1) Экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР)- мемлекеттің экономикалық процестерге араласуының экономикалық, саяси, құқықтық шаралардың жүйесі, оларды жүргізудің мақсаты - тұрақты өсуге жету және экономикалық жүйені үнемі өзгеріп отыратын жағдайларға бейімдеу болып табылады.

Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігі себептердің екі тобымен байланысты:

1-шісі ұжымдық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты;

2-шісі қоғамдық ұдайы өндірісті ұлғайтумен байланысты.

Экономиканы мемлекеттік реттеу мақсаттары: экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы өзгеріп тұратын жағдайларға бейімдеу.

Мемлекеттің негізгі функциялары:

  • нарықтың құқықытық және әлеуметтік ортасын қалыптастыру:

  • бәсекені қорғау, шағын бизнесті демеу;

  • табыспен ұлттық байлықтың қайта бөлінуі;

  • инфляциямен жұмыссыздықты бақылау;

  • экономикалық өсуді ынталандыру, экономиканы тұрақтандыру;

  • тиімді сыртқы экономикалық қызметті жүргізу.

Мемлекеттік реттеу инструменттері:

  1. Әкімшілік: лицензиялау, квоталау, бағаны, табысты, валюта курсын, есеп процентін бақылау.

  2. Құқықтық: бәсекені қорғау, стандарттау, норма және ережелерді орнату жүйесі арқылы заң шығарушылық негізде жүзеге асырылады.

  3. Экономикалық, олар екіге бөлінеді: тікелей және жанама.

    1. тікелей: салаларды дотация, субсидии, жәрдем ақы және т.б. түрде қайтарымсыз негізде қаржыландыру;

    2. жанама: несие-ақшалық, салықтық, валюталық, кедендік, амортизациялық саясаттың рычагтары арқылы реттеу.

2) Ақша-несиелік саясат- мемлекет қызметі, оның тағайымдылығы елдегі несие-ақшалық процестерді реттейтін шаралар жүйесін өңдеу.

Ақша саясаты- процент ставкасының, ақша массасының және несиенің деңгейлерін басқару саясаты.

Ақша массасы- шаруашылықтағы барлық ақшалай қаражаттардың жиынтығы, олар айналым, төлем және жинақ құралы қызметтерін атқарады.

Айналымдағы ақшы массасын анықтау үшін ақша агрегаттары пайдаланылады:

М1= қолма- қол ақша + ағымдық шоттағы ақша (талап еткенге дейіңгі шоттар):

М2= М1 + тез арадағы шоттар және чексіз шоттары;

М3= М2+ ірі депозиттер;

Чек- иесіне несиелік мекемеден чектегі.

Несиелік жүйе- айналымдағы ақша көлемін өзгерту арқылы экономиканы реттеуге арналған қаржылық мекемелер кешені мен несиелеу әдістері.

Қазіргі ақша-несиелік жүйе үш деңгейден тұрады:

  1. Ұлттық Банк: ақша шығару, ақша-алтын резервін сақтау, экономиканы ақша-несиелік реттеу, қаржылық институттар қызметін реттеу.

  2. коммерциялық банктер: заңды және жеке тұлғалармен жұмыс істеуі.

  3. маманданған несие-қаржылық институттар: зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық және ипотекалық банктер.

Банк- уақытша бос ақшаны ақылы негізде несиеге беруменн айналысатын экономикалық институт. Банктердің мақсаты- банктік пайданы табы, ол процент ставкасы мен ссуда, салымдар арасындағы айырмашылық (маржа). Банктер 100 түрлі операциялар жүзеге асырады, оларды 4 топқа жіктеуге болады:

  • пассивті;

  • активті;

  • банктердің өз операциялары;

  • банктік қызметтер.

Несие- қайтару негізінде және процентпен берілетін ақша немесе тауар түріндегі ссуда, ол келесі қызметтерді атқарады: ынталандырушы, қайта бөлу

Несие түрлері: банктік коммерциялық, орта, қысқа және ұзақ мерзімді.

3) Ақша ағымы келесі субъектілер арасында жүзеге асады:

  • мемлекет және оның институттары;

  • фирмалар- кәсіпорындар, компаниялар, қоғамдар және т.б.

  • тұрғындар-үй шаруашылықтар.

Қаржылық жүйе осы субъектілердің қаржыларынан құралады. Ең қомақты мемлекеттік қаржы- мемлекеттік бюджет (МБ).

Мемлекеттік бюджет -белгілі бір уақыт аралығындағы (көбіне 1 жыл) мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп.

Бюджеттің табыстар бөлігін: салықтар, мемлекеттік қарыздар және мақсатты қоралардан түсімдер құрайды.

Бюджеттің шығындар бөлігін: мемлекеттік басқаруға, әскерге, мемлекеттің шаруашылық қызметіне, сыртқы қызметті жүзеге асыруға шығындар құрайды.

Егер, бюджеттің шығындар бөлігі табыстар бөлігінен артық болса-бюджет тапшылығы (дефициті), табыстар шығындардан артық болса-бюджет профициті немесе артықшылығы орын алады, ал тең болса бюджет балансты.

Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру әдістері:

несие-ақшалық эмиссия (монетизациялау);

қарыздарды тарту;

мем.бюджетке салықтық түсімдерді көбейту.

Фискалды саясат- мемлекеттің табыстары мен шығындарын реттеу бойынша қаржылық шаралардың жиынтығы. Оның негізгі бағыты- салықтық жүйені жетілдіру болып табылады, салықтар МБ 90% дейін құрайды.

Салық- заңды және жеке тұлғалардың мемлекетітк бюджетке төлейтін міндетті төлемдері, олар: фискалды, реттеу, қайта бөлу қызметтерін атқарады.

Мемлекеттік бюджет пен салық ставкасының динамикасы арасындағы байланысты “Лаффер қисығы” деп атайды. Лаффер бойынша салық ставкасының артуы шамасына қарай 0-100% дейін, салықтық түсімдер бастапқыда өседі де максимумға жетеді (А нүктесі) де, үлкен салық стакасына қарамастан төмендей бастайды, Лаффер оны жоғары сталық ставкасы экономикалық белсенділікті төмендететіндігімен түсіндіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]