Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  2. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  3. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  4. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

15-тақырып.Мемлекеттік реттеу: пайда болуы, мақсаты, құралдары

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары.

  1. Экономикалық саясаттың мақсаты мен іске асыру құралдары.

  2. Ақша – несие жүйесі. Экономикалық саясаттың несиелік механизмі.

  3. Салықтар. Салық мультипликаторы. Лаффер қисығы.

Талқылайтын сұрақтар

  1. Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

  2. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, қызметтері, құралдары

  3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үлгілері

  4. ҚР-ның ақша-несие жүйесі және ақша-несие саясаты

  5. Қаржы жүйесі. Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс.

Есепті шығарыңыздар.

Экономика келесі жағдайлармен сипатталған:

С=20+0,8 (Y-T+F) I=60; T=40(салықтар); F=10(трансферттер); G=30

А) Тепе-тең табыс көлемін анықтаңыз

Б) Үкімет экономиканы ынталандыру үшін шығындарды 40-қа арттырады.

  • жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді.

  • тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді.

  • мем.шығындар мультипликаторы нешеге тең.

  • МБ сальдосы қалай өзгереді.

В) Үкімет салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы (G=30 көлемінде).

  • жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді.

  • тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді.

  • салықтар мультипликаторы нешеге тең.

  • МБ сальдосы қалай өзгереді.

Г) Үкімет бір мезгілде шығындарды 30-дан 40-қа, салықтарды 40-тан 50-ге арттырмақшы.

  • жоспарланатын шығындар қисығы қалай өзгереді.

  • тепе-тең табыс көлемі қалай өзгереді.

  • Мультипликатор эффектісі қалай өзгереді.

  • МБ сальдосы қалай өзгереді.

Әр сұрақтың дұрыс жауабын табыңыз:

1

үкімет және жергілікті және органдар сатып алатын тауарлары мен қызметтері

бюджет тапшылығы (дефициті

2

үй шаруашылығына қайтарымсыз төлемдер, олар ЖІӨ есептеген кезде есепке алынбайды, себебі қайтарымсыз негізде беріледі, сондықтан G құрамына енбейді

тежеуші бюджетті-салықтық саясаттың (фискалды рестрикция

3

ел иелігіндегі ақшалай ресурстардың орталықтандырылған қоры, ол мемлекеттік қажеттіліктерді қанағанттандыру және әлеуметті-экономикалық қызметтерді орындау үшін қажет қаражат қоры

салық ставкасы

4

белгілі бір уақыт аралығындағы мемлекеттік шығындар мен табыстар сомасы берілген қаржылық есеп, оны заң шығарушы билік бекітеді

артық пайдадан алынатын салық –

5

мемлекеттік бюджеттің іс жүзіндегі және құрылымдық дефициттері арасындағы айырмашалық

ынталандырушы бюджетті-салықтық саясаттың (фискалды экспансия)

6

жеке тұлғалар табысының және корпорациялар табысының салығы, оған жер және капиталмен мәмәлелерден салықтар да жатады

сеньораж

7

бұл саясаттың мақсаты- экономиканың циклді жандануын тежеу, ол мем. шығындарды азайту және салықтарды көбейтуді немесе олардың комбинациясын туындайды

бюджет профициті немесе артықшылығы

8

бюджеттің шығындар бөлігі табыстар бөлігінен артық болса G>Т ____ орын алады

мемлекеттік сатып алулар

9

толық жұмысбастылық жағдайындағы ұлттық табысқа негізделген мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындары арасындағы айырмашылық

бюджетті-салықтық саясат

10

әлеуметтік трансферттерді ұлғайту, мем.қарыздарды жабуды мем. басқа да шығындарды қаржыландырмауды білдіреді

Лаффер қисығы

11

АҚ таза пайдасынан алынатын салық, жеңілдіктерді алып тастағандағы жиынтық пайдадан алынады

корпорациялар салығы-

12

үкіметтің мемлекеттік шығындарды, салық салуды және бюджет жағдайын өзгерту арқылы толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету, төлем балансының теңдігін және инфляциясыз ЖІӨ өндіру арқылы экономикалық өсуге бағытталған шаралары

икемді монетарлы саясат

13

сәйкес тауарлар мен қызметтер бағасына қосымшалар түрінде болады, оларды соңғы есепте сол тауарларды тұтынушы төлейді

құрылымдық дефицит

14

үкіметтің іс жүзіндегі табыстарымен шығындары арасындағы жағымсыз айырмашылық

мемлекеттік бюджет

15

мем. бюджет пен салық ставкасының динамикасы арасындағы байланыс

табыс салығы

16

белгілі бір деңгейде ақша массасын демеп тұру

бюджет артықшылығының тұрақтандыру эффектісі

17

салық төлеушілердің салық төлеу уақытын әдейі созу, себебі осы уақытта ақша құнсызданады да, одан салық төлеуші ұтады

салық

18

табыстар шығындардан артық болса G<Т________ орын алады

жанама салықтар

19

мемлекеттің ақша шығарудан алатын табысы

Оливер-Танзи эффектісі

20

бұл саясаттың қысқа мерзімдегі мақсаты- экономиканың циклді құлдырауын болдырмау өту үшін мемлекеттік шығындарды көбейту және салықтарды азайту немесе осы шараларды үйлестіру

трансфертті төлемдер

21

салық салу нормасы, бір салымға келетін салық көлемі

циклді дефицит

22

белгіленген мөлшерден артық пайдадан алынатын салық

іс жүзіндегі дефицит

23

белгілі бір деңгейде процент ставкасын демеп тұру

қатаң монетарлы саясат

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]