Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Талқылайтын сұрақтар

  1. Меншік және оның түрлері

  2. Меншік құқығы дегеніміз не?

  3. Иелену, пайдалану, билік ету ктегорияларының тұжырымдамасы

  4. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру

  5. ҚР мемлекеттік меншігін жекешелендіру кезеңдері, мақсаттары, тәсілдері, түрлері, мәселелері

  6. Жекешелендірудің әлеуметтік-экономикалық салдары

Анықтамалар мен түсініктерден жұп құрыңдар:

а) – мемлекеттік меншіктің басқа бір мемлекеттік емес меншік формасына ауысу процесі;

А. Меншік

б) - бір адам немесе жанұя мүлік қор иесі болып табылады;

Б. Иелену

в) - адамдардың қозғалысқа байланысты және қажеттіліктерін қанағаттандырудағы қызметін бағыттайтын экономикалық байланыс формасы;

В. Жекешелендіру

г) - заттардан пайдалы қасиеттерін ұзақ мерзімде алудың жиынтығы деп пайымдайды;

Г.Меншік субъектілері

д) - адамдардың заттармен әрекеттерінің барлық қатынастарына тән және адамның қоршаған ортамен жалпыға бірдей әмбебап байланысы;

Д. Кооперативтік меншік

е) - меншік субъектісі мемлекет өзі болады;

Е.Мемлекет иелігінен алу

ж) - еңбек мүшелерінің біріккен қызметі негізінде құрылады;

Ж. Жеке меншік

з) – кәсіпкерлікті басқарудағы мемлекеттік орган қызметтерінің қысқартылуы, кәсіпкерлік құқықтың шешім қабылдаудағы кеңейтілуі;

З.Мемлекеттік меншік

и) - ресми, заңды түрде шарт жасау және меншікті мойындау;

И.Экономикалық ынта

к) - меншік иесі мүлікті алумен қоса барлық құқықтармен үйлестірілген;

К. Иелік

л) - шаруашылық субъектілердің барлық шектеулерімен және әрекеттестіктерінің қатынастары;

Л. Акционерлік меншік

м) - адамдар арасында меншік қатынастарының пайда болуы;

М. Формалды құқық

н) - акцияларды сату негізінде пайда болады;

Н. Бұйыру

о) - өндіріс, қорлар, заттық және рухани игіліктерді иелену жөніндегі қатынастардың шарттарын білдіреді;

О. Нақты құқық

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Ә.Әубәкіров, б.Б.Байжұмаев, ф.Н. Жақыпова, т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

    1. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

    2. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

    3. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

    4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

    5. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

Сдж арналған тапсырмалар

1. Иелік құқығын қалай сипаттауға болады?

А) заттың пайдалы қасиеттерін алып шығару құқығы

В) заттың тағдырын шешу құқығы

С) игілікті мұрагерлікке қалдыру құқығы

Д) игілікті төтенше бақылау құқығы

Е) заттың пайдалану мүмкіншілігін анықтау құқығы

2. Меншікті жекешелендіру-бұл:

А) жалға беру

В) сату

С) сатып алу

Д) меншікті мемлекет қарамағынан алу процесі мен оны жеке және заңды тұлғалардың жеке меншігіне беру

Е) Аукцион

3. Шектеулі адам саны бар, жабық типтегі бірлестік бөлшектік меншігі негізінде ортақ іс жасайтын және басқаруға үлесіне қарамай араласатындар:

А) серіктестік

В) кооперативтік кәсіпшілік

С) концерн, корпорация

Д) акционерлік қоғам

Е) коллективті кәсіпшілік

4. Төмендегілердің қайсысы меншік субъектісіне жатпайды?

А)АТУ-дың ғимараты

В) “Сеймар” концерні

С) мемлекеттік сақтандыру қоғамы

Д) шаруа Тұрысбеков

Е) В.С.Черномырдин

5. Игіліктерді пайдалануды кім және қалай қамтамасыз ететінің шешу құқығы-бұл:

А) табысты алу құқығы

В) егемендік құқығы

С) басқару құқығы

Д) пайдалану құқығы

Е) иелік ету құқығы

6. Меншік дегеніміз не?

А) идеологиялық ұғым

В) құқықтық қатынас

С) әлеуметтік қатынас

Д) экономикалық қатынастардың әлеуметтік-құқықтық бейнесі

Е) әлеуметтік-құқықтық қатынас

7. Жеке меншік неге жол ашады:

А) еркін кәсіпкерлікке

В) қолмен істейтін еңбекке

С) ұжымдық еңбекке

Д) өз мақсатына және өз еңбегіне

Е) жалдамалы еңбекке

8. “Меншіктен айыру” деген не?

А) бизнес мәселесімен өзі шұғылданғысы келмейді

В) бұл адамды табиғат өнімдерінен айыру

С) кәсіпорынды басқара алмау

Д) қарызды төлеу мақсатында меншігінен айыру

Е) бұл адамның өмір сүру игіліктері мен ресурстарды өзінің тіршілік ету мүмкіншілігіне айналдыра алмауы.

9. Егер белгілі бір мүлік арендаға алынған болса, онда арендатор:

А) Потенциалды меншік иесі

В) Сол мүліктің бағалығын пайдалана алады /сата алады немесе сыйлай алады/

С) Мүліктер иесіз

Д) Толық меншік иесі

Е) Мүліктің тұтыну құнының иесі

10. Игіліктрді тұтыну, өзгерту, шеттету және жою құқығы – бұл:

А) егемендік құқығы

В) табысты алу құқығы

С) иелік ету құқығы

Д) басқару құқығы

Е) пайдалану құқығы

11. Меншіктің түрлерін атаңдар:

А) акционерлік, шетелдік, біріккен

В) жеке, мемлекеттік, капиталистік

С) кәсіпорындық, муниципалдық

Д) социалистік, капиталистік

Е) жеке, ұжымдық, қоғамдық

12. Меншік құқықтарының жүйелік ерекшелігі деген нені білдіреді?

А) көнгіш мінез-құлық

В) өндірістің шығындары

С) меншік құқықтарының нақты айқындалмауы

Д) жеке тұлғаның барлық құқықтарын, меншік субъектісін және меншіктің объектісін айқындау

Е) ақпаратты іздеу

4-тақырып.Экономикалық жүйе түрлері, олардың даму заңдылықтары.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары.

1. Экономикалық жүйенің түрлері.

2. Экономикалық жүйелердің дамуының критерийлары.

3. Формациялық тұрғы.

4. Өркениетті тұрғы.

Талқылайтын сұрақтары

  1. Экономикалық құбылыстарды зерттеуге жүйелі көзқарас нені көрсетеді?

  2. Жүйе дегеніміз не?

  3. Сыртқы ортамен өзара іс-қимылдағы сипат бойынша жүйе қандай түрлерге бөлінеді?

  4. Күрделі жүйенің ерекше белгілері қандай?

  5. Экономикалық жүйе дегеніміз не?

  6. Экономикалық жүйені қандай үш блок құрайды?

  7. Экономикалық жүйенің негізгі түрлері қандай?

  8. Экономикалық жүйе немен ерекшеленеді?

  9. Экономикалық жүйе қандай мәселелерді шешеді?

Ұсынылатын әдебиеттер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]