Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Сдж арналған есептер

1. Есепті жылы елдің дамуының нәтижесі келесі көрсеткіштермен сипатталды (ақша түрінде, шартты бірлікте):

- ЖҰӨ -100;

- негізгі капитал амортизациясы- 10;

- үй шаруашылықтарының тауар және қызметтерді иеленуге кеткен шығындары- 50;

- тауар және қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 15;

- таза экспорт-(-4);

- жанама салықтар- 5;

- трансферттік төлемдер- 2,5;

- табысқа салынған табыс-7,5.

Анықтау керек: ТІӨ, ҰТ (ЖІӨ- жанама салықтар), ҚЖТ.

2. Төмендегі деректерді пайдаланып ЖҰӨ,ТІӨ көлемін анықтаңыз (шартты ақша бірлігінде):

а) тауарлармен қызметтердің мемлекеттік сатып алулары- 60;

ә) тұрғындардың соңғы тұтынулары (жеке сатып алушылық шығындар)-230;

б) меншіктен табыстар-80;

в) материалды айналым қорлар өсімі-34;

г) амортизациялық төлемдер- 25;

ғ) дивиденттер-10;

д) жұмыскерлердің еңбек ақысы -200;

е) бизнеске жанама салықтар-15;

ж) таза ішкі инвестициялар-28;

з) трансферттік төлемдер-10;

и) корпорациялар табысына салықтар-28;

к) салынған капиталдан проценттер -10;

қ) корпорациялар пайдасы-50;

л) азаматтардың жеке жинақтары-15

Әр сұрақтың дұрыс жауабын табыңыз:

Қоғам дамуының және жандануының стратегиялық мәселелерінің шешілуін қамтамасыз ететін экономикалық мақсаттар мен шаралар жүйесі.

ұлттық шоттар жүйесі

Микроэкономикаға қарағанда макроэкономика өз талдауы кезінде________________ пайдаланады, олар экономиканы тұтас жүйе ретіндегі қозғалысын сипаттайды:

мемлекеттің экономикалық саясаты

Әр түрлі экономикалық құбылыстармен процестердің арасындағы байланыстарды айқындау үшін формалды сипаттауды туындайды.

соңғы өнім

Негізгі экономикалық процестерді сипаттау және талдау үшін пайдаланылатын, өзара байланысты макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесі.

агрегатталған көлемдер

Соңғы тұтынуға, экспорт және жинаққа пайдаланатын тауарлармен қызметтер.

макроэкономикалық модельдер

Олар өндіріс процесінде пайдаланылады.

ЖҰӨ

Белгілі бір уақыт аралығында мемлекет азаматтарымен өндірілген барлық соңғы тауарлармен қызметтердің нарықтық құны.

тұтынушылық бағалар индексі

Белгілі бір уақыт аралығында ел резиденттерімен өндірілген барлық соңғы тауарлармен қызметтердің нарықтық құны.

аралық тауарлар

Өндірілген тауарлармен қызметтер құнымен, өндіріс процесі кезінде толығымен тұтынылған тауарлармен қызметтер құнының айырмасы.

ЖІӨ

Ол номиналды ЖІӨ-і бағалар индексімен түзету көмегімен есептелінеді.

қосылған құн

Ол «тұтынушы қоржынына» кіретін тауарлармен қызметтер бағаларының орташа деңгейінің өзгерісін көрсетеді.

нақты ЖІӨ

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

  7. Под ред. А.Я. Аубакирова Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты Алматы: Казак. Университетi, 2003

  8. Под ред. М.Б. Кенжегузина Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. – В двух томах А., 2001

13-тақырып. Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу.

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары.

  1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Кейінстік үлгі.

  2. Тұтыну және жинақтау. Инвестициялардың фунциональдық рөлі.

  3. Макроэкономикалық тепе – теңдік. Мультипликатор теориясы.

  4. Экономикалық өсудің жаңа классикалық және жаңа кейнсшілдік үлгілері.

  5. В.Леонтьевтің, шығын-өнімнің кестесіндегі макропропорцияларды үлгілеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]