Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

4 Практикалық (семинарлық) сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1-тақырып. Экономикалық теорияның пәні мен әдіс-тәсілдері (СОДЖ-да қарастырылады)

Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары.

  1. Экономикалық теория пәні.

  2. Экономикалық негізгі ұғымдар және экономикалық теорияның қызметтері.

  3. Экономикалық процесстерді танып білу әдістері.

Талқылайтын сұрақтар

        1. Экономикалық теория курсының логикасы мен құрлымы.

        2. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттілік, экономикалық игіліктер, ресурстардың шектеулілігі (сиректілігі)

        3. Экономикалық теорияның қызметтері: танымдық, тәжірибелік, болжамдық, дүниетанымдық, әдістемелік

        4. Экономикалық теория және экономикалық саясат.

Анықтамалар мен ұғымдардан жұп құраңыз:

а) – елдің шаруашылығын зерттейтін ғылымдар тұтастығы;

б) – экономикалық процестер мен заңдардың мәнін анықтайтын ғылымдар;

в) – дүниежүзілік шаруашылықтың туу және даму заңдылығын сипаттайтын ғылым;

г) – өндіріс, тарату, игіліктер мен қызметтерді ауыстыру мен тұтыну процесінде туындайтын қатынастар;

д) – экономикалық процестер мен құбылыстарға тән объективті, қажет, себеп-салдар байланыстары мен өзара байланыстылық;

е) – көзделген экономикалық шаралардың тиімділігін тексеру мақсатында экономика саласында ғылыми қойылған тәжірибе;

ж) – зерттеу әдістері туралы ғылым;

з) – байлықты ақшамен теңдестіретін экономикалық теория;

и) – ақша факторлары басты рөл атқаратын экономика тұрақтылығының теориясы;

к) – қоғамның экономикалық өмірінің неғұрлым жалпы және маңызды жағын көрсететін логикалық ұғым;

л) – ойдың жекеден жалпыға қозғалысы;

м) – экономикалық процестер мен құбылыстарды ғылыми түсіндіруге бағытталған ғылым;

н) – нарықты экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық негізі;

о) – оны түрлендіру мақсатында адамның табиғатқа әсер ету процесі;

п) – ішкі дүние мен материалдық емес сипаттағы қызметтерді жеткізіп беруді көрсету мақсатында рухани құндылықтарды құру процесі;

р) – салалық ерекшеліктер мен экономикалық басқару функцияларын зерттейтін ғылымдар;

с) – капитализмнін өлуі мен жаңа қоғамдық формацияның құрылуын болжайтын экономикалық теория;

т) - өзінің талдауында шекті шамаларды қолданатын теория

А. Экономикалық тәжірибе

Б. Экономикалық саясат

В. Еңбек

Г. Кейнсианс

Д. Меркантилизм

Е.Позитивті экономикалық теория

Ж. Индукция

З. Маржинализм

И. Жалпы экономикалық ғылымдар

К. Материалдық емес өндіріс

Л. Өндірістік қатынастар

М. Экономикалық заңдар

Н. Утопиялық социализм

О. Жеке экономикалық ғылымдар

П. Экономика

Р. Монетаризм

С. Әдіснама (Методология)

Т. Интерэкономика

Ұсынылатын әдебиетер

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]