Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMKDP_tekh_kaz-1.doc
Скачиваний:
126
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.1 Mб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н. Жақыпова, Т.П.Табеев. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. Қазақ университеті. 1999.

  2. Әкімбеков С., Баймухаметова А., Жанайдаров У. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы. 2001.

  3. Экономикалық теория. Оқулық. Алматы. Қазақ университеті. 2002.

  4. Қашықов Ш., Нұрғалиев Ө. Экономикалық негіздері. Қарағанды. Оқулық.

  5. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жунісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Алматы-Ақтөбе.2002.

  6. С.С.Мәуленова, С.Қ.Бекмолдин, Е.Қ.Құдайбергенов Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы, Экономика, 2004.

  7. Под ред. А.Я. Аубакирова Казахстанская модель рыночных преобразований: социально-экономические и правовые аспекты Алматы: Казак. Университетi, 2003

  8. Под ред. М.Б. Кенжегузина Рыночная экономика Казахстана: проблемы становления и развития. – В двух томах А., 2001

  9. Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана: теория, опыт, проблемы А.,: Экономика,1998

СДЖ арналған бақылау жұмысы

1. Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс. Кейнстік үлгі.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік.Мультипликатор теориясы.

14 Тақырып. Экономикалық циклдар. Инфляция мен жұмыссызыдық.

1. Дамудың циклділігі, экономикалық циклдің фазалары

2. Инфляцияның себептері, көрсеткіштері және түрлері.

3. Жұмыссыздық: мәні, себептері, нысандары.

1) Барлық елдердің экономикалық дамуы циклділікпен сипатталады, циклділік – прогрессивті даму нысаны.

Циклділік- экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы.

Экономикалық циклдер ұлттық экономиканың барлық салаларын қамтиды да, келесі белгілер бойынша жіктеледі:

ұзақтығына қарай: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді.

әсер ету саласына қарай: өнеркәсіптік, аграрлы.

қамтуына қарай: құрылымдық, салалық.

көріну ерекшелігіне қарай: мұнайлы, азық-түліктік, энергетикалық, шикізаттық, валюталық.

аумағына қарай: ұлттық, ұлтаралық.

Экономикалық цикл -белгілі бір уақытта іскерлік белсенділіктің артуы мен төмендеуімен сипатталады, ал ол сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігінен болады.

Экономикалық цикл- ЖІӨ ретіндегі іскерлік белсенділіктің ауытқуы.

Циклдің көрінісі- экономикалық белсенділіктің әр түрлі көрсеткіштерінің ауытқуларын көрсетеді: ЖҰӨ өсу қарқынын, жалпы сату көлемін, жалпы баға деңгейін, жұмыссыздық деңгейін.

К.Маркс өнеркәсіптік циклді қарастырады.

Өнеркәсіптік цикл- барлық фазалардан тұратын бір шыңнан екінші шыңға дейіңгі кезең. Циклда бірінен соң бірі қайталанып тұратын төрт фаза бар: дағдарыс (кризис), депрессия, жандану және өрлеу.

1 фаза- дағдарысқа келесілер тән:

  • қорлар жойылып, өнеркәсіптік инвестициялар азаяды:

  • еңбекке сұраныс азаяды:

  • тауарлар бағасы төмендейді:

  • пайда азаяды, несиеге сұраныс азайып процент ставкасы төмендейді.

Ең төмеңгі дағдарыс деңгейі- депрессия.

Депресия- жоғары деңгейдегі жұмыссыздыққа әкелетін ұлттық өндіріс көлемінің төмендеуі, ол бірнеше жылға созылады.

2 фаза-депрессияға келесілер тән:

  • өндіріс көлемі азаймайды, өспейді де;

  • тауар артықшылығы азаяды, бірақ сауда жүрмейді;

  • процент ставкасы минимумда.

Біртіндеп жандану бастала бастайды.

3 фаза-жандануға келесілер тән:

  • нарықтың жаңа жағдайларына бейімділген кәсіпорындар тауар өндірісін арттыра бастайды;

  • жұмыссыздық қысқара бастайды;

  • инвестициялық процестер жанданады;

  • баға және процент ставкасы артады.

4 фаза-өрлеу келесілер тән:

  • ЖҰӨ өсуінің жоғары қарқыны;

  • жұмысыздық толығымен жойылады:

  • баға және процент өсуде.

2) Тұрғындардың жұмысбастылығы-макроэкономиканың басты сипаты.

Жұмысы бар- жұмыс басты болып жұмыспен толығымен қамтылған немесе толығымен қамтылмаған адамдар.

Жұмыссыз - статистикалық зерттеу кезінде жұмыссыз болған, бірақ оны іздеп, жұмысқа кірісуге дайын болған адамдар.

Жұмыссызбен жұмысбастылар жиынтығы жұмыс күшін құрайды.

Жұмыссыздық дәрежесі- жұмыссыздар санының жұмыс күшінің санына қатынасы ретінде анықталады.

Жұмыссыздықтың негізгі типтері:

Фрикционды жұмыссыздық жұмысты іздеумен оны күтумен байланысты. Бұл жұмыссыздықтың қысқа мерзімді және ерікті түрі, осы категориядағы жұмыссыздардың еңбек нарығында сатуға келетін жұмыс дағдысы бар.

Құрылымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің құрылымының жұмыс орындарының құрылымына сәйкес келмеуінен туындайды.

Жұмыссыздықтың бұл түрі еріксіз және ұзақ мерзімді сипатта болады.

Циклдік жұмыссыздық - экономикалық құлдыраумен байланысты пайда болады, жандану кезінде ол болмайды.

Толық жұмысбастылық- экономикада фрикционды және құрылымдық жұмыссыздықжағдайындағы жұмысбастылық.

Оукен заңы жұмыссыздық деңгейін ЖІӨ ауытқуымен байланыстырады: жұмыссызыдық деңгейінің 1 процентке әр өсімінде (алдыңғы жыл көрсеткішімен салыстырғанда) шынайы ЖІӨ өсу қарқыны 2,5% азаяды.

Жұмысыздық деңгейі=жұмыссыздар саны/ жұмыс күшінің санына *100%

3) Инфляция- орташа баға деңгейінің өсуі салдарынан ақшаның құнсыздануы.

Дефляция- орташа баға деңгейінің төмендеуі.

Инфляция деңгейі (баға өсімінің қарқыны)бағаның орташа деңгейінің салыстырмалы өзгерісі Дезинфляция- инфляция деңгейін төмендету (бағалардың өсу қарқыны).

Инфляция түрлері:

Ашық және жабық –біріншісі баға өсуімен, екіншісі тауардың жоғалуымен сипатталады.

Қалыпты (жорғалап жүруші) -баға жай өзгереді, көбіне жылына 10% дейін.

Шоқырақтаушы баға өсімі жылына 10 -200 % дейін.

Гиперинфляция- баға өсімі жылына 1000% (айына 50 %) болады да, ақша айналымы толығымен бұзылады.

Балансты және баланысталмаған: әр түрлі тауарлар бағасы салыстырмалы түрде өзгеріссіз және керісінше өзгермелі.

Күтілген және күтпеген.

Сұраныс инфляциясы- толық жұмысбастылыққа жақын жағдайда, жиынтық шығынның (жиынтық сұраныстың) артықшылығынан пайда болады.

Шығындар инфляциясы- өндіріс шығындардың артуынан бағаның артуы.

Инфляцияның бұл түрі стагфляцияға әкеледі - өндіріс құлдырауы жағдайында инфляциямен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуі.

Инфляция табыстардың қайта бөлінуіне әр түрлі әсер етеді, ол немесе болатындығына байланысты.

Жұмыссыздық және инфляция деңгейлері арасында байланыс кері, бұл байланыс Филипс қисығы (АD). Жұмыссыздық деңгейін төмендету баға өсімімен еңбек ақының артуына әкеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]