Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_Салык-2015 (1).docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
87.92 Кб
Скачать
  1. Тақырыптық – күнтізбелік жоспар

Апта

Тақырыптар мен тараулардың аталуы

Сағат саны

лекция

ОСӨЖ

СӨЖ

1

КІРІСПЕ

1

1

1

1. ТАРАУ. САЛЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1

1.Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салуды құрудың негіздері

2

2

2

2

2.Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгінгі жағдайына сипаттама

2

2

2

2-3

3. Салық саясаты: типтері, мақсаттары, бағыт-бағдары

2

2

2

2.ТАРАУ. МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР

3-4

4. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы

3

3

3

4

5. Көлік құралдарына салынатын салық

2

2

2

5

6. Жер салығы

2

2

2

5-6

7. АСР мен оларды қолдану ерекшеліктері

3

3

3

3.ТАРАУ. ТҰТЫНУҒА АРНАЛҒАН САЛЫҚТАР

6-8

8. Қосылған құнға салынатын салық (ҚҚСС)

5

5

5

8

9. Акциздер

2

2

2

9

10. Кедендік төлемдер

2

2

2

4.ТАРАУ.ТАБЫСҚА САЛЫНАТЫН САЛЫҚТАР

9-11

11. Корпоративтік табыс салығы

5

5

5

11-12

12. Жеке табыс салығы

3

3

3

12

13. Қазақстан Республикасында резидент еместерге салық салу

2

2

2

13

14. Әлеуметтік салық

2

2

2

13-14

15.ЖҚП –дың арнайы төлемдері мен салықтары

4

4

4

5.ТАРАУ. АЛЫМДАР МЕН БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕУГЕ МІНДЕТТІ БАСҚА ДА ТӨЛЕМДЕР

15

16. Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер

3

3

3

БАРЛЫҒЫ

45

45

45

Пәннің мазмұны

Тақырып атаулары

Тақырыптың мазмұны

1

Салықтардың экономикалық мәні. Салық мен салық салудың құрылу негіздері.

Салықтар дың экономикалық мәні. Салық салудың даму эволюциясы. Экономикалық категория ретіндегі салықтардың ерекшелік белгілері. Салықтардың пайда болу нысандары.Салықтардың атқаратын қызметтері.

Салықтардың міндеті. Ұлттық табысты бөлудегі салықтардың атқаратын рөлі. Салықтардың фискалды міндеті. Салықтардың экономикалық ынталандыру құралы ретінде қолданылуы. Салықтық элементтер туралы ұғым және оған сипаттама.салық төлеу көздері. Салық салынатын және салық салынбайтын табыс, салық салынбайтын минимум. Салық ставкалары және оның салық салу жүйесіндегі мәні, салық салу әдістері және оның сипаттамасы.салық жеңілдіктері және олардың табыстарды ретеп, өндірісті ынталандырудағы ролі. Салық салу принциптері, олларға сипаттама және оның салық салу жүйесін қалыптастырудағы алатын орны. Адам Смиттің классикалық қағидалары. Вагнер қағидалары. Салық салу қағидаларының нарықтық экономика жағдайында жүзеге асырылуы.

2.

ҚР салық жүйесі: қалыптасу кезеңдері, қазіргі кездегі жағдайына сипаттама

Салық жүйесінің классификациясы. Жанама және тікелей салықтар, олардың арақатынасы. Меншікке және табысқа салынатын салықтар. Жеке және заңды тұлғаларға салынатын салықтар. Салық жүйесінде әртүрлі салықтардың үйлесімділігі. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасу және реформалану кезеңдері. Салық жүйесінің әрбір даму сатысына сипаттама. ҚР салық саясаты. Қазақстандағы салық қызметінің құрылуы мен дамуы. Мемлекеттік салық қызметінің құрылымы. Салық жүйесі қызмет етуінің құқықтық аспектлері. Салық қызметі органдарының функционалды міндеттері.

3.

Салық саясаты: типтері, мақсаты мен міндеті

Салық саясаты мемлекеттің қаржылық, экономикалық және фискальды саясатының белгілі бір бөлігі ретінде.Салық саясатының эконмиканың даму ерекшеліктерімен байланысы. Қазақстанда салық саясатының қалыптасуы мен дамуы. Салық саясатының мақсаты мен міндеті. Салық саясатына қазіргі кездегі қойылатын талаптар. Салық саясатының басқа да экономикалық заңдармен сәйкестілігі. Салық саясатының типтері және олардың нарықтық эконмика үлгілерімен байланысы. Салық саясатының мемлекеттің экономикалық саясатының басымдылық бағытының жүзеге асырылуымен байланысы. Қазіргі кездегі Қазақстандағы салық саясаты және оның тиімділігіне баға беру.

4.

Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы

Мүлікке салынатын салықтың атқаратын қызметтері мен құрылу қағидалар және экономикалық мәні. Мүлік салығының төлеушілері. Салық салу объектлері. Салық ставкалары. Мүлікке салынатынг салықтар бойынша қолданылатын жеңілдіктер мен оның қолданылуы. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және оларды қолдану ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі. Амортизацияланатын активтердің орташа құны: есептеу механизмі. Мүлік салығы ставкасы және оның қолданылу тәртібі. Мүлік салығы бойынша ағымдағы сомалар есебін жүргізу тәртібі. Мүлік салығы бойынша декларация мазмұны. Мүлік салығы бойынша салық төлеушілердің төлеу мерзімін бұзғаны үшін және салықты дұрыс есептемегені үшін жауапкершілігі.

5.

Көлік құралдарына салынатын салық

Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны.

Төлеушілері. Салық салу объектісі. Ставкаларды қолданудың ерекшеліктері.

Жеке және заңды тұлғалардың түрлі көлік құралдары бойынша салықты есептеу мен төлеу тәртібі. Көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеңілдіктер. Көлік құралдары салынатын салық бойынша декларациялар тапсыру мен толтыру механизмі. Көлік құралдары иелерінің салықты төлеудегі жауапкершілігі.

6.

Жер салығы

Жер салығының экономикалық мазмұны және оның Қазақстан салық жүйесіндегі атқаратын рөлі мен дамуы. Жер салығын төлеушілер.Салық салу объектісі. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі. ҚР түрлі санаттағы жерлеріне салық салудың ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың жерлеріне салық салу ерекшеліктері. Кейбір санаттағы жер салығын төлеушілердің салық сомасын түзету. Жер салығы бойынша жеңілдіктер. Жер салғын есептеу мен төлеу тәртібі. Жер салығы бойынша есеп айырысуды тексеру тәртібі.

7.

Арнаулы салық режимі және қолданудың ерекшелігі

Арнаулы салық режимінің мәні мен мазмұны. Арнаулы салық режимінің қолдану аясы. Арнаулы салық режимін қолдану жағдайы. Бір жолғы талон негізіндегі АСР. Патент негізіндегі АСР. Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР. ҚР ойын бизнесіне салық салудың ерекшеліктері. Тіркелген жиынтық салық. Шаруа қожалығына арналған АСР. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғаларға арналған АСР

8.

Қосылған құнға салынатын салық

Салық салу объектісі мен төлеушілері. ҚҚС есепке қою және есептен шығару тәртібі. Салық салынатын айналым және салық салынатын импорт.

ҚҚС бойынша салық ставкасы және оны қолданудың ерекшеліктері. Бюджетке төленетін салық сомасын анықтау. Есепке алынатын ҚҚСС сомасын анықтау механизмі. ҚҚС салығы бойынша есепке жатқызу (барабарлық және бөлек есептеу әдісі бойынша) механизм. Салық салынатын имортты анықтау. ҚҚС босатылатын импорт. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналым. ҚҚСС есептеудің тәртібі және төлеу мерзімі. Салықтық шот-фактура. Салықты есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі.

ҚҚС бойынша бюджетпен өзара қатынас.

9.

Акциздер

Акциздердің экономикалық мазмұны және оның жанама салықтар жүйесіндегі атқаратын ролі. Салық салу объектісі мен төлеушілері. Салық салынатын айналымды анықтау. ҚР өндірілетін және өткізілетін акциздік тауарлар мен акцизделетін қызметтер түрлеріне салық салу. Акциз ставкалары (адвалорлық және тұрлаулы) мен жеңілдіктері. Бензин мен дизель отыны бойынша акциз есептеу механизмі. Лоторея ұйымдастыру мен ойын бизнестеріне салық салу ерекшеліктері.Спирттік және алькагольді өнімдерге акциз есептеу тәртібі. ҚР кедендік шекарасынан бажсыз өткізілетін тауарлар нормасы. Акцизделетін тауарлар импортына салық салу ерекшеліктері. Акциздерді төлеу тәртібі мен мерзімі. Декларация толтыру мен тапсыру ерекшеліктері. акциздердің бюджетке уақытылы тапсырылуына жауапкершілігі

10.

Кедендік баж және төлемдер

Мемлекеттік баждың экономикалық табиғаты, қолдану қажеттілігі және есептеу тәжірибесі. Мемлекеттік баж төлеушілері мен объектісі.

11.

Корпоративтік табыс салығы

Заңды тұлғалар табысына салынатын салықтың экономикалық мәні мен мазмұны. Қазақстанда заңды тұлғалар табысына салық салу жүйесінің дамуы.Корпорациялық табыс салығының құрылу негіздері: төлеушілері мен салық салу объектісі.Жылдық жиынтық табыс құрылымы мен құрамы.

ЖЖТ түзету. Заңды тұлғалардың ЖЖТ-нан алынатын шегерімдер. Тіркелген активтер бойынша шегерімдер(амортизациялық аударым және оны салық салу мақсатында анықтау тәртібі).Салық салынатын табысты анықтау мен түзету.Салықтық есеп айырысу кезінде залалдарды ауыстыру.

Корпорациялық табыс салығының ставкалары. Кейбір санаттағы салық төлеушілерге салық салу ерекшеліктері.Сақтандыру компаниялары. Коммерциялық емес ұйымдар.Әлеуметтік сферада қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілер. Мемлекеттің инвестициялық саясаты және оны жүзеге асырудағы салық құралдарының атқаратын рөлі. Инвестициялық салық преференциясының экономикалық табиғаты, мазмұны мен міндеті.

Инвестициялық салық преференциясын қолдану тәртібі. Корпорациялық табыс салығы мен мүлікке салынатын салық бойынша инвестициялық салық преференциясын қолданудың ерекшеліктері. Жеке және заңды тұлғалардың резиден және резидент еместігін анықтау тәртібі. Резиден еместердің тұрақты мекемесі. Резиден емстердің ҚР көздерінен алатын табыстарының құрамы мен құрылымы. ҚР тұрақты мекеме құрмай қызметін жүзеге асыратын резидент емес - заңды тұлғаларға салық салу ерекшеліктері. Табысқа салынатын салық есептеу тәртібі мен төлеу мерзімі және ставкалары.

12.

Жеке табыс салығы

Жеке табыс салығының даму эволюциясы және оның экономикалық мазмұны.Лоренц қисығы. ЖТС әлеуметтік-экономикалық міндеті және оның халыққа салынатын салықтардың ішіндегі алатын орны. Жеке табыс салығының құрылу негіздері: төлеушілері мен салық салу объектісі. Жеке тұлғалардың салық салуға жатпайтын табыстары. Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарының құрамы мен құрылымы. ЖТС ставкасы және оны қолданудың ерекшеліктері. Жеке тұлғалардың мүліктік табысы.

13.

ҚР Резидент еместерге салық салу ерекшеліктері

Резидент емес-жеке тұлғаларға салық салу тәжірибесі. Есептер шығару. Халықаралық шарт бойынша арнаулы ережелерді қолдану жағдайлары мен практикасы.Резидент емес-заңды тұлғалардың әкімшілік және басқару шығындарын шегерімге жатқызу әдісі.Салық салу объектісін анықтау кезінде халықаралық шарттарды қолдану тәртібі. Адвокаттар мен жеке нотариустар табысы. Жеке кәсіпкерлердің салық салынатын табыстарын анықтау. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша ЖТС есептеу мен төлеу тәртібі. ЖТС бойынша декларация тапсыру тәртібі.

14.

Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салықтың экономикалық мәні мен мазмұны. ҚР оны енгізудің алғышарттары. Әлеуметтік салықтың салық салу объектісі мен төлеушілері.

Мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік салықты төлеу ерекшеліктері. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі.Салық ставкалары және оларды қолдану тәртібі. Салық декларациясын толтыру мен тапсыру тәртібі. Мемлекеттік әлеуметтік қорға аударылатын әлеуметтік жарналар. Әлеуметік төлемдердің түрлері. Әлеуметтік міндетті сақтандыруға жататын тұлғалар. Әлеуметтік жарналарды аудару тәртібі.

15.

ЖҚП-дың төлейтін арнайы салықтары мен төлемдері

Жерқойнауын пайдаланушылардан алынатын төлемдердің экономикалық мәні мен мазмұны. ҚР жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың даму эволюциясы.ҚР жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттардың салық режимінің үлгілері. Жер қойнауын пайдаланушылардан алынатын төлем түрлері. Бонустарды алу мен төлеу тәртібі.Рояльтиді алу мен есептеу тәртібі. Үстеме пайда салығы: объектісі мен төлеушілері. Келтірілген таза құнды анықтау тәртібі. Үстеме пайда салығының ставкалары.

16.

Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер

“Алым” туралы ұғым және оның басқа салықтар мен төлемдерден айырмашылығы. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу кезінде алынатын алым.Жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды, механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді,теңіз, өзен кемелері мен азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасы аумағы бойынша жүргені үшін алынатын алым. Аукциондардан алынатын және елтаңбалық алым. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым. Қазақстанның салық жүйесіндегі төлемақылар: олардың экономикалық мазмұны мен ерекшелік белгілері. Жер учаскелерін және жер үсті су көздерін пайдаланғаны үшін төлемақы. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы. Жануарлар дүниесін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы. Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы.