Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_Салык-2015 (1).docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
87.92 Кб
Скачать

3.Тақырып. Салық саясаты: типтері, мақсаттары, бағыт-бағдары

Салық санкциялары – салық салу туралы қолданылып жүрген заңнаманы сақтамайтын салық төлеушілер мен лауазымды адамдарға салық органдарының мемлекеттік экономикалық және әкімшілік жолмен ықпал ету құралы. Олар алуан түрлі айыппұлдарды қамтиды.

Тексеру актісі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің шаруашылық қаржы қызметін тексеру нәтижелері ресімдейтін ресми құжат.

Салық есептілігі – дегеніміз салық төлеуші, салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжат.

Салық базасы – дегеніміз салық салу объектісімен салық салуға байланысты объектінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы айқындалады.

Тұрақты салық мөлшерлемесі – дегеніміз табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

  1. Тақырып. Заңды және жеке тұлғалардың мүлік салығы

Қолдағы меншікке салынатын салық - жылжымайтын мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде мүлік ауылдық жерлерде және қалада орналасқан мүлік түрлеріне бөлінеді. Қалада орналасқан жылжымайтын мүлікке салынатын салық таксасы әдетте ауылдық жердегі жыжымайтын мүлікке салынатын ставкасынан жоғары.

Салық құпиясы – дегеніміз салық төлеушінің қаржы-шаруашылық қызметі туралы салық органдарының алған кез-келген мәліметтер болп табылады.

Салық мағлұмдамасы - өздерінің өткен кезіндегі алған табыстары және соларға қатысы бар барлық жңілдіктері туралы салық төлеушінің ресми мәлімдемесі.

Салық міндеттемесі - салық төлеушінің салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі, оған сәйкес салық төлеуші салық органында тіркеу есебіне тұруға, салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді анықтауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге және төлеуге, салық есептемесін жасауға, оны белгіленген мерзімде тапсыруға міндетті. Егер салық заңнамасында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесін дербес орындайды.

Салықтарды реттеу - салық салудың жалпы деңгейін төмендету немесе көтеру есебінен бюджетке алу нормасын өзгерту арқылы өндірісті дамытуға мемлекеттің жанама ықпал жасау шараларының жиынтығы.

Салық пұл – субъектінің бір объектіден төлейтін салық сомасы.

5.Тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық

Салықтық бақылау – салықтық бақылау тексерулерді жүзеге асыруға арналған уәкілетті мемлекеттік органдар мен салық органдарының ждүйесін тиісті құқық реттерін, салықтық бақылаудың нысандары мен түрлерін, сондай-ақ салықтық тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайтын салықтық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады.

Салық заңнамасы – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты билік қатынастарын реттейтін заңнамалық, нормативтік – құықытық келісімдер.

Салық санкциялары (нологовые санкции – ағыл. tax sanction, нем Stenersanktionen pl; лат. sanction – строжайшее постнаовление) – салық салу туралы қолданылып жүрген заңнаманы сақтамайтын салық төлеушілер мен лауазымды адамдарға салық органдарының мемлекеттік экономикалық және әкімшілік жолмен ықпал ету құралы. Олар алуан түрлі айыппұлдар мен өсімпұлдарды қамтиды.

Камералды бақылау – салық төлеушінің салық есептілігі және басқа да құжаттарды оқып - білу негізінде салық органдарымен жүзеге асырылатын салық бақылауының түрі.

Мониторинг – салық төлеушілердің қаржылық – шаруашылық қызметін қадағалау мақсатында жүзеге асырылатын бақылау.

Электронды мониторинг – электронды сандық қол қойылған электронды құжат нысанындағы ақпараттардың мониторингі.