Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_Салык-2015 (1).docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
87.92 Кб
Скачать

6.Тақырып. Жер салығы

Салық обьектісі – заң жүзінде негізделген салық салуға негіз болатын табыс, мүлік, қызмет көрсету, ақшалай операциялар және т.б. көптеген тауарлық – материалдық игіліктер.

Салық көзі – салық салынатын табыс. Салық салынатын табыс жалдық жиынтық табыс пен шегерімдердің айырмасы ретінде анықталады.

Салық ставкасы- бір өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

Салық өлшем бірлігі – есептеу үшін берілген салық обьектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші тұлға. Салық төлеуші: салық міндеттемесін уақытылы және толық көлемде атқаруға ; салық қызметі органдарының анықталған салық заңнамасының бұзылуын жою туралы заңды талаптарын орындауға; салық есептемесі мен құжаттарды салық кодексінде көзделген тәртіппен табыс етуге; салық заңнамасына сәйкес сауда операциялары немесе қызмет көрсету кезінде фискалдық жады бар бақылау – кассалық машиналарды міндетті түрде қолдана отырып және тұтынушының қолына бақылау чегін бере отырып, тұтынушылармен қолма-қол ақшалай, төлемдік банк карточкалары, чектер арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есептесуді жүргізуге міндетті, т.б.

7.Тақырып. Аср мен оларды қолдану ерекшеліктері

Патент – арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомаларының бюджетке төленетінін растайтын құжат.

Салық патенті – белгілі бір арнаулы салық режимін қолдану жөніндегі патент нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

Салық агенті (инспекторы)- салық заңнамасына сәйкес төлем көздерінен ұсталынатын салықтарды есептеу , ұстау және аудару міндеті жүктелген заңды тұлға, жеке кәсіпкер.

Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір обьектісінен төлейтін салық сомасы.

Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушінің біртіндеп немесе салық төлеуден толық босату.

Нормативтік салық жеңілдігі – төлеушінің нақты жұмсаған шығындарымен баййланысты емес, бірақ оның жылжымайтын жағдайларына (отбасы жағдайы, асыраудағылар, жасы, денсаулығы, тбыс көзі) берілетін жеңілдік. Нормативтік салық жеңілдігі шегеріс түрінде де, салық кредиті түрінде де беріледі. Шегеріс салық салынатын табыстан жасалады, ал салық кредиті төленуге тиіс салықтық нақты сомасын азайтады.

8. Тақырып. Қосылған құнға салынатын салық (ққсс)

ҚҚС АЖ – электронды шот фактуралар реестрлары негізінде автоматты түрде қарсы тексеру жүргізуге арналған жүйе.

Пирамидалық салық – термин кәсіпкер қызметкерлерге жалақыны «салық салмай» төлейді деген мағынаны білдіреді. Қызметкер алатын жалақыға кейін табыс салығы салуына тиіс емес. Кәсіптен төленген жалақының жалпы сомасын ескеріп, бюджеттің алдында есеп береді.

Салық кестесі – салық салынатын табысқа қарай төленуге тиіс соманы есептеу үшін салық ставкаларының кестелері қолданылады. Кестелер әр-түрлі болады: олар салықтың әрбір түрі үшін салық ставкасын айқындайды, табыс сатыларға бөлінеді, олардың әрқайсысы сай келеді, табыстың кейбір түрлеріне салық есептеу үшін формулалар жиыны қолданылады.

Салық каникулы- жеңілдік кезеңі, бұл кезең ішінде жаңадан құрылған кәсіпорындар салық төлемейді. Дамушы елдерде өнеркәсіпті және оның салаларын дамыту және әртараптандыру мақсатымен беріледі және бірнеше жылдар бойына қолданылады.

Мейманхана салығы- мейманханаларда тұратын адамдардан тұру құнына салынатын салық алынады. Бұл салық мейманхана шотын төлеумен бір мезгілде төленеді.