Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_Салык-2015 (1).docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
87.92 Кб
Скачать

«Салық және салық салу» пәні бойынша глоссарий

1.Тақырып. Салықтардың экономикалық мәні. Салықтар мен салық салуды құрудың негіздері

Салық механизмі (налоговый механизм – ағыл. Taxation mechanism; нем. Stener mechanismus; mechane – машина; внутреннее устройство, система) – мемлекет заң жолымен белгілейтін салық салу ережелерінің жиынтығы. Салық тетігі салықты кімдер төлейтіні, нелерге салық салынатынын (табыс, мүлік, тауарлар), салық қандай табыстан төленетін (жалақы, пайда, дивидент) салық салынатын обьект қандай өлшемдермен өлшенетінін (табыс салығы – ақша өлшемімен, жер салығы – гектар өлшемімен).

Салықтар жүйесі – концептуалдық өзара байланысты және жедел даму үстіндегі, көпкомпонентті және көпқызметті салықтық құрылым.

Мемлекеттік өкілетті орган - бұл мемлекет атынан және оның қызығушылығындағы салық қызметтерін іске асыратын Қазақстан Республикасының орталық орындаушы органы, басты мақсатта, келісімді жалақы салығының бөлігінің жинағы, мемлекет алдында салық міндерін орындауды салық бақылауының іске асыруы және осы міндеттерді салық төлеушілердің орындауын қамтамасыз етуіне шаралар қолдану.

Салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың мамандандырылған түрі болып табылады. Бұл ең біріншіден салық бақылауының белгілі мамандандырылған арнайы уәкілетті органымен жүзеге асырылатындығын білдіреді. Сонымен бірге мемлекет ереже бойынша салық бақылауын бір ғана органдардың орындағанын қалайды немесе мұндай бақылаудың түрін басқа қадағалаушы органдардың жүзеге асыруына шектеу қояды. «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Заңында бұл туралы нақты түрде көрсетілген, яғни салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуіне деген тексеруді салық қызметі органдары ғана жүзеге асыра алады. Бұл дегеніміз басқа ешқандай мемлекеттік орган салық бақылауына арласа алмайды.

Салықтық заңдылықтардың орындалуына деген бақылау – бұл заңдардың барлық салаларына таратылатын мемлекеттің жалпы функциясы болып табылады. Құқықтық нормативтік актлер шығару арқылы және мазмұндалған нұсқаманың орындалуын қадағалай отырып мемлекет құқықтық реттеушіліктің қандай салаға қатысы бомасын өзінің бекітілімдерінің орындалуына мүдделі болады да, қоғамның саяси жүйенің субъектісі ретінде іс - әрекет жасай алады

2.Тақырып. Қазақстан Республикасының салық жүйесі: құрылу кезеңдері мен бүгіңгі жағдайына сипаттама

Откупщиктер – XVII –XIX ғасырлардағы салық жинау міндеттемесі жүктелген «қоғамдастықтар» немесе адамдар тобы.

Салықтар – мемлекет заң жүзінде біржақты тәртіппен белгіленген бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салық заңнамасы – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есптеу мен төлеу тәртібі жөніндегі, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты билік қатынастарын реттейтін заңнамалық, нормативтік-құқықтық кесімдер.

Салық төлеуші – салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші тұлға. Салық төлеуші: салық міндеттемесін уақытылы және толық көлемде атқаруға, салық заңнамасының бұзылуын жою туралы заңды талаптарын орындауға міндетті.

Сервитут - жер учаскесін иеленушінің құқығын заң жүзінде шектеу.