Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_Салык-2015 (1).docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
87.92 Кб
Скачать

«Туран»УниверситетІ» мекемесі

БЕКІТІЛГЕН

«Туран» Университеті» мекемесінің

ОӘК мәжілісінде

№ __ хаттама «___»_____ 2014ж.

ОӘЖ бойынша проректор

__________________ А.А.Сәтмұрзаев

«Қаржы» кафедрасы

«САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ» пәнінің

Оқу-әдістемелік кешені

Мамандығы:

5В050900 «Қаржы»

5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Автор (оқытушы):

Омарбакиев Лутпулла Амурулламович

э.ғ.д., «Туран» университетінің профессоры

Кредиттер саны:

3 / 3

Оқыту технологиясы:

Кредиттік

Оқыту нысаны:

Күндізгі

Тілдік бөлімі:

Қазақша

Студенттердің білімін бағалау жүйесі:

баллдық-рейтингтік

Алматы, 2014

«Салық және салық салу» пәні бойынша ПОӘК 5В050900 «Қаржы» және 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды

ПОӘК «Қаржы» кафедрасының мәжілісінде қаралды

«______» ____________ 2014ж.. № __ хаттама

«Қаржы» кафедрасының меңгерушісі:

_________________ э.ғ.д. Селезнева И.В.

ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ

«Салық және салық салу» пәні «Қаржы» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үщін арнайы курс ретінде дайындалды және осы мәселе бойынша қазіргі ғылыми зерттеулерді қамтиды.

Курстың мақсатты аудиториясы – «Қаржы» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері.

Бұл пәнді оқыту барысында студенттер мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің салық салу әдістері мен тәсілдерін, қызмет ерекшелігін толық меңгеруі тиіс.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1 Кесте

Жұмыс бағдарламасы бойынша семестрлердің (циклдердің) саны

Кредитт саны

Жалпы сағаттар жалпы саны

Дәрістер

(сағаттардың саны)

Лабораторлық сабақтар

ЛС (сағаттардың саны)

Семинарлық немесе тәжірибелік сабақтар

СТЛС (сағаттардың саны)

Магистранттің өзіндік жұмысы

СОӨЖ (сағаттардың саны)

СӨЖ

(сағаттардың саны)

Бақылау түрі мен нысаны

РБ 1

РБ 2

ҚЕБ (қорытынды)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Семестр

Күндізгі

4

180

45

30

30

75

РБ 1

РБ 2

Емт

Пәннің пререквизиттері: экономикалық теория, қаржы, құқық негіздері.

Пәннің постреквизиттері: Бұл курс «Қаржы» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы үшін «Салық және салық салу» бағдарламасы бойынша аяқтаушы болып табылады және магистрлік диссертация мен өндірістік практиканың есеперін дайындау барысында пайдаланылуы мүмкін.

Пәнді оқып үйренудің мақсаты: Салық және салық салу теориясы мен тәжірибесін, қолданыстағы салықтық және кедендік заңдылық жағдайында оны қолданудың ерекшеліктерін оқып үйрену; нақты салық түрлерін тәжірибе жүзінде есептеу, сондай-ақ оларды оңтайландыру дағдысын меңгеру; салықтық ықпал етудің түрлі құралдарын зерделеу, салықтық, кедендік, азаматтық заңдылықтарды, сондай-ақ халықаралық салықтық келісім-шарттарды оқып үйрену.

Пәнді оқып үйренудің міндеттері:

  • Салықтың қызмет етуі және дамуының теориялық негіздерін кешенді зерттеу;

  • Салықтық төлемдерді стратегиялық және тактикалық басқарудың әдістерін үйрету;

  • Салықтық төлемдерді есептеу әдістерін үйрету;

  • Қазақстанның салық жүйесіндегі салықтардың негізгі топтарының қызмет ету ерекшеліктерін, оларды есептеу мен төлеудің механизмдерін, салық жеңілдіктерін қолдану ерекшеліктерін оқып үйрену.

Курстың оқытушысы туралы мәлімет:

Омарбакиев Лутпулла Амурулламұлы – экономика ғылымдарының докторы

Офис: 201, телефондар 264-00-04 (724)

Кафедрада болатын уақыты: дүйсенбі 08.00 – 14.00

сейсенбі 09.00 – 15.00

жұма 10.00 – 16.00

Курстың мақсаты - салықтар теориясы мен салық салу жүйесінің құрылымының теориялық аспектлерін оқып үйрену, оның ішінде салықтардың экономикалық мазмұны, олардың функциялары мен қағидалары, Қазақстан Республикасы салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдерін, елдегі негізгі салықтық реформалардың негізгі концепияларын оқып-үйрену; нақты бір салық түрлерін практика жүзінде есептеп үйрену, салық заңдылықтарын, түрлі салықтық әсер ету құралдарын оқып – үйрену.

Курста салықтардың теориялық аспектлері, оның ішінде әлеуметтік – экономикалық мәні мен мазмұны, Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің құрылымы, дамуы және қалыптасу кезеңдері біртіндеп қарастырылады. Бюджет жүйесі арасында салықтар мен алымдардың бөліну жағдайы сипатталып, Қазақстандағы салық жүйесі мен негізгі салық топтарының қызмет ету ерекшеліктері, оларды есептеу мен төлеу механизмі, салық төлеушілердің кейбір категориясына арналған арнаулы салық режимінің қолдану ерекшелігі, Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі алымдар, баждар және басқа да міндетті төлемдердің есептелу ерекшеліктері қарастырылады.

Курсты оқып – білу кезінде студенттер:

  • біріншіден, салықтар мен салық салу жүйесінің қызмет етуінің теориялық аспектілерін оқып үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бірге салықтардың функциялары мен принциптерін, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесінің құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерін, еліміздегі салық реформаларының негізгі концепциялық бағыт-бағдарын және т.б. оқыту.

  • екіншіден салық салудың практикасын терең қарастыру мен қатар, нақты салық түрлерінің практикалық есептелуін жетіп үйрену, салық заңдарын жан-жақты оқып-үйренумен бірге салықтық тетіктердің әсер етуін қарастыру.

  • үшіншіден, салық салудың теориялық және практикалық аспектілерін терең оқып-үйрену негізінде салықтың жоспарлау әдістерін игеру, сонымен бірге салық төлеуші, әрі салық агенті ретінде салық тетіктерін қолдана білуі қажет.