Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_Салык-2015 (1).docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
87.92 Кб
Скачать

12. Тақырып. . Жеке табыс салығы

13.Тақырып. Әлеуметтік салық

Салық төлеушілерді тіркеу есебі – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың өзінің тратын жері немесе қызметін жүзеге асыратын орны бойынша салық қызметі органдарында тіркеуге тұруы

Салық құжаттары- табыс жөніндегі есеп цифралары және салық жеңілдіктері, сол арқылы салықтық төлем мөлшерін анықтайтын және қолданатын құжат.

Кемімелі салық – салық мөлшері табыс өскен сайын кеміп отырады Рента – алушыдан кәсіпкерлік қызметті талап етпейтін капиталдан, мүліктер және жерден ұдайы алынып отыратын табыс; көптеген капиталистік елдерде – меншік иесінің мемлекеттік заем облигациялары бойынша алатын табыс.

Төлемақы – мемлекет меншігіндегі обьектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем.

Салық бақылауы – салық қызметі органдарының салық заңнамаларының орындалуын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің дұрыс есептелуі мен уақытылы төленуін тексеруін, ҚР-сы заңнамаларының сақталуын қадағалауын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде әрі толық аударылуын бақылауын айтамыз.

Салық мөлшерлемесі (нологовая ставка – ағыл.tax.Rate; нем.stener-satzm) – салық базасының өлшем бірлігіне шаққандағы салық есептеулерінің шамасы. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне шаққандағы пайыз есебімен немесе абсалюттік сома есебімен белгіленеді.

Салық патенті (нологовый патент-ағыл. Taz patent; нем. stenerlich patent m; лат. patent (patentis- открытый, явный) ) – арнаулы салық режимін қолдану құқығын құжаттандыратын және салық сомасының бюджетке төленуі фактісін растайтын құжат.

14. Тақырып. Қазақстан Республикасында резидент еместерге салық салу

Өкілдік – заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі.

Преференция – артықшылық, жеңілдік, мәселен елдер арасындағы сауданы кеңейту мақсатымен халықаралық келісім бойынша берілетін сауда жеңілдігі.

Салық конвенциясы - республиканың басқа мемлекеттермен екі рет салық салуды болдырмас үшін келісм – шартқа отыруын растайтын құжат

15.Тақырып. Жқп –дың арнайы төлемдері мен салықтары

Бонус – жер қойнауын пайдаланушының тіркелген төлемдері.

Санды салықтар – нақты шығындарды жабудағы қажеттіліктер үшін емес, салық төлеушінің мүмкіндіктеріне қарай салыфқ төлейді. Бұл салықтар салық төлеушінің мүліктік жағдайын тікелей немесе жанама есепке алады.

16.Тақырып. Алымдар мен бюджетке төленетін басқа да төлемдер

Алымдар – мемлекеттік уәкілетті мемлеттік органдар тарапынан өздеріне өтінуші қатысты тұлғаларға белгілі бір көрсетілген тиісті қызметтер мен берілген құқықтар немесе арнайы рұқсаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын мақсатты, эквивалентті әрі міндетті ақшалай төлемдер.

Баж – арнайы мамандандырылған уәкілетті органдар тарапынан өздеріне өтінуші-келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс-қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын эквивалентті, міндетті ақшалай төемді айтамыз.