Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус_Салык-2015 (1).docx
Скачиваний:
41
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
87.92 Кб
Скачать

9.Тақырып. Акциздер

Акциздер – акцизделетін тауарларға және қызметтің акцизделетін түріне салынатын, олардың бағасына қосылатын және сатып алушы төлейтін жанама салықтардың бірі.

Құмар ойын мен ойын-сауыққа салынатын салық – пайда алу мақсатында ұйымдастырылатын құмар ойын мен ойын-сауыққа, тотализаторға, спорт жарысының нәтижесінде, ойын автоматтары мен казиноға салынатын акциздік алымның немесе салықтық нысаны.

ЖТАЖ - төлем көзінен салық салынатын табысты есепке қою жүйесі.

СЕЭФ – салық есептілігінің электронды формасын қалыптастыру жүйесі

САЭБ – салық аудитінің электронды бақылауы және ол салық тексеруін ұйымдастыруға арналады, аудандық және облыстық СК мәліметтер базасынан тұрады, салық тексеруінің барлық көрсеткіштері сақталады (салық тексеруінің саны, қосып төленетін немесе азайтылатын салық сомасы, айыппұл т.б.)

Салық тексерулері – салық қызметі органдары жүзеге асыратын, ҚР-сы салық заңнамаларының орындалуын тексеру болып табылады, яғни бұл – салық төлеушілердің іс-әрекетін мемлекеттік бақылаудың басты тәсілі.

10.Тақырып. Кедендік төлемдер

Аванстық төлем – заңды тұлғалардың материалдық игілік, атқарылған жұмыс жән көрсетілген жұмыс үшін алдағы төленетін төлем есебінен берілетін ақшылый сома.Заңды тұлғалар корпорациялық табыс салығы бойынша әр тоқсан сайын аванстық төлем декларациясын тапсырып отырады.

Аддетивті – қосу жолымен алынатын шама.

Айыппұл - екі жақтың бірінің щарт бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін төленетін төлем, тұрақсыздық айыбының бір түрі, оның мақсаты – шарт тәртібін нығайту және зардап шеккен жақтың шығынын өтеу.

Грант – мемлекеттер, мемлекеттердің кіметтері, халықаралық және мемлкеттік ұйымдар, қайырымдылық қызметі және халықаралық сипатта боатын және Қазақстан еспубликасының Конституциясына қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша ҚР-ң Үкіметі белгілейтін тізбеге енгізілетін шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар – ҚР-на, ҚР-ң Үкіметіне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға белгілі бір мақсаттарға жету үшін өтеусіз негізде беретін мүлкі.

11. Тақырып. Корпоративтік табыс салығы

Шегерім – шегерімге жатпайтын шығыстарды қоспағанда, салық төлеушінің жылдық жиынтық табыс алуымен байланысты шығыстары.

Жинақ- кәсіпорынның немесе жеке тұлғалардың барнктерге және жинақ мекемелеріне салған, әдетте талап ету мерзімі көрсетілмеген ақшалай қаражаттар.

Залал – түзетілген жылдық жиынтық табыстан шегерімдердің асып түсуі.

Кадастр – салық салынуға тиіс адамдардың тізімі, тиісті обьектілерді ұдайы бақылау жолымен мезгіл-мезгіл қарастыратын жүйеленген мәліметтер жинағы.

Капитал – тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.

Резервтік қор – заңды тұлғалардың белгілі бір мақсатқа арналған ақша қаражаты немесе материалдық құндылықтарды сақтауы үшін ащқан сақтық қоры.

Қор – мемлкеттің, кәсіпорынның немесе тұлғаның әлде бір мақсатқа арналған ақша қаражаты немесе материалдық құндылықтар.

Лизинг – мамандандырылан қаржы компанияларының делдалдық етуімен машиналар, жабдықтар,жылжымайтын мүліктер және негізгі капиталдың басқа да элементтерін сатып алуға қаржы бөлудің ерекше түрі.