Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Экскурсоведение. Емельянов Б.В. //М.: Советский спорт, 2004//

2.Основы экскурсоведения. Дьякова Р.А., Емельянов Б.В., Пасечный П.С. //М.: Просвещение, 1985//

3.Экскурсионное дело. Долженко Г.П. //М. – Р-н-Д: Издательский центр «МарТ», 2006//

4.Туризм как объект управления. Квартальнов В.А., Зорин И.В.

//М.: Финансы и статистика, 2004/

5. Экскурсоведение. Савина Н.В., Горбынева З.М. //Минск: БГЭУ, 2004/

6.Экскурсионная работа. Сичинаева В.А. //М.: Просвещение, 1981//

Тақырып 3: Экскурсияның мәні, белгілері және қызметтері

Дүниежүзілік практикада туыстық және оқу мақсатында барған туризмде үлкен орын алып жатыр , бірақ олар туризм категориясына жатпайды . Өйткені олардың визалары туристік визадан айырмашылығы бар . Саяхаттың мақсатына қарап сүйенсек , туризм келесі турларға бөлінеді :

  1. Демалыс – ол көбінесе сұраныста

  2. Демалу және денені шынықтыру мақсатында . Ол курорттарға барып емделу , минералды ем суға , сазға шомылу , массаж жасауға және т.б.

  3. Ойын – сауықтыру . Тур жоспарында ол қосымша қызығушылықтарын қарастырады. Мысалы: гольф, крикет, кегли, аттракциондар, атқа міну , парктер ( дисней – ленд, дельфинарий, мейрамханалар, дүкендер, диско – клубтар, казино). Туризм практикасында ойын – сауықтың 110 түрі қызмет етеді

  4. Танысу және жарнама мақсатында барған саяхаттар . Көбінесе осы саяхатқа осы туристік агенттікте істейтін жұмыс істейтіндер барады . Олар барлық маршрутты өтіп , тұрмыс жайын, экскурсия жоспарын , қалай тамақтандырылуын , трансферін, ойын – сауық жоспарын өз көзімен көріп танысады . Содан кейін туристік фирмасына келгесін , қарастырып демалуға барайын деп жатқан адамға өз көзімен көрген жайды айтып, тур саяхатты ұсынады

  5. Іздену ( познование ) . Ол іздену мақсатында барған туристер . Мысалы : мұражайларға , кесенелерге , мәдени және т.б. саяхаттар . Мысалы : Ленинград облысында туристер 3900 астам тарихи ескерткіштерді көруге болады

  6. Ауылды туризм

  7. Таулы жерлерге саяхат жасау

  8. Сафари – аң , балық аулау мақсатында

  9. Қажылық саяхаты . Мысалы : біздің елімізде бәріне белгілі Түркістан өлкесі

Ал жоғарғы айтылғандардың ең басты туризм сферасының сұранысына 5 мақсат жатады :

  1. Денені шынықтыру

  2. Қажылық

  3. Іздену

  4. Спортпен шұғылдану

  5. Жұмыс мақсатымен

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Экскурсоведение. Емельянов Б.В. //М.: Советский спорт, 2004//

2.Основы экскурсоведения. Дьякова Р.А., Емельянов Б.В., Пасечный П.С. //М.: Просвещение, 1985//

3.Экскурсионное дело. Долженко Г.П. //М. – Р-н-Д: Издательский центр «МарТ», 2006//

4.Туризм как объект управления. Квартальнов В.А., Зорин И.В.

//М.: Финансы и статистика, 2004/

5. Экскурсоведение. Савина Н.В., Горбынева З.М. //Минск: БГЭУ, 2004/

6.Экскурсионная работа. Сичинаева В.А. //М.: Просвещение, 1981//

Тақырып 4: Экскурсияның жіктелуі және бағдарлануы

Жіктелу— мәнді белгілер бойынша құбылыстарды, нәрселерді орналастыру, жіктеу.

Экскурсиялардың жіктелуі — белгілер бойынша саяхаттарды жіктеу.

Экскурсияға қатысушылар бойынша экскурсиялар келесі критерийлер бойынша жіктеледі: балаларға және мектеп оқушыларына арналған; ересек адамдарға арналған (студенттер, жастар); қала тұрғындары; ауыл тұрғындары; жергілікті жұртшылық; келуші туристер; индивидуалдар.

Мазмұны бойынша экскурсиялар көпжоспарлы жалпы (многоплановые) және тақырыптық болып жіктеледі.

Жалпы экскурсиялар түрі және мазмұны бойынша әр түрлі объектілерді көрсетуге негізделген. Экскурсияда қолданылатын тарихи және қазіргі замаңғы матьериал қала, облыс, республика туралы жалпы түсінікті жақсартуға мүмкіндік береді. Жалпы экскурсияның хронологиялық мерзімі — белгілі қаланың тарихында алғаш рет аталуынан бастап қазіргі заманға дейін. Жалпы экскурсиялардың негізі ерекшелігі —-материалды анықтау тереңдігі. Тақырыптық экскурсиялар белгілі тақырыпқа байланысты біррікен. Тақырыптың нақты анықталуы материалды таңдауда көмек жасайды.

Экскурсиялар тақырыптары бойынша бірнеше топқа бөлінеді, олардың әрқайсысы бірнеше топқа жіктеледі.

Табиғаттану тақырыптары бойынша экскурсияларға: жағрафиялық (жағрафия — Жер туралы ғылым); геологиялық; гидрогеологиялық (су ресурстары туралы ғылым); ландшафты (бақтар және саябақтар).

Экологиялық экскурсиялар бірнеше топқа бөлінеді: қала экологиясы, белгілікті жер экологиясы және т.б. Топтар бірнеше кластарға бөлінеді: экология және адам; су бассейінің экологиясы; ауа бассейінің экологиясы; аңдар және өсімдіктер экологиясы.

Тарихи экскурсиялар мазмұны бойынша келесі топтарға бөлінеді: тариха өлкетану, археологиялық, этнографиялық.

Тарихи өлкетану экскурсиялардың зерттеу пәні белгілікті жағдай немесе өлкенің таприхи дамуының белгілікті мерзімде болған жағдайы.

Археологиялық экскурсиялардың объектісі археологтар зерттеген ескерткіштер және т.б.

Этнографиялық экскурсиялар тарихи даму үрдісі кезінде мәдениет, халықтың дамуын зерттейді.

Өнертану экскурсиялар әдемілікті тануға бағытталған, шығармашылық танымдықты дамытуға ықпал етеді. Олардыі жіктелуі негізінде өнердің әр түрлері жатады. Өнертану экскурсияларын бірнеше топқа бөледі: суресалу өнерімен таныстыратын экскурсиялар, (сәулет өнері, сурет салу), сонымен қатар театралды-музыкалық экскурсиялар. Кәсіптік экскурсиялар келесі топтарға жіктеледі:

кәсіптік-тарихи,

кәсіптік-экономикалық,

кәсіптік-техникалық.

Кәсіптік-тарихи экскурсиялар кәсіпорындардың даму кезеңдерінің тарихын анықтайды. Кәсіптік-экономикалыққ экскурсиялар кәсіпорынның қызметі туралы айтылады.Кәсіптік-техникалық экскурсиялар техника мен ғылымның қазіргі кездегі жетістіктеріне осы жетістіктерді өз қызметтерінде пайдалануға арналады. Кәсіптік экскурсияларды жеке топқа жіктеу мақсаты кадрлар біліктілігн арттыру және жастар арасында қызметтің бүл түрін насихаттау. Әдебиет экскурсиялары келесі топтарға жіктеледі: әдеби-биографиялық (жазушылардың туған жері, немесе шығармашылық жасаған мекені); тарихи-әдеби (әдебиеттің белгілі даму кезенің сипаттайды); әдеби-шығармашылық (шығармаларда сипатталған оқиғалар туралы).

Сәулет-қала экскурсиялары келесі топтарға жіктеледі: сәулет өнерінің кейбір стильдеренің ескерткіштерің сипаттау; кейбір сәулетшіліердің шығармашылығын сипаттау; қаланың тарихи және қазіргі кездегі құрылысы

Сонымен қатар, өткізу орны бойынша экскурсияларды келесі топтарға жіктеледі: қалалық, қала сыртындағы, мұражайлық, жол ақпараты, кәсіптік экскурсиялар.

Қалалық экскурсиялар жалпы және қаланың жеке бөліктерін көрсеттуге бағытталған тақырыптық экскурсиялар болып жіктеледі.

Мазмұны бойынша қала сыртындағы экскурсиялар тақырыптық және жалпы болып жіктеледі.

Мұражайлық экскурсиялар мұражайдың қызмет ету саласына байланысты, яғни кәсіпке, өнерге байланысты және т.б.

Жол ақпаратының экскурсияға қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар: көрсету әдісіне қарағанда баяндау әдісі жиі қолданады; ақпарат аудан, облыс, республика туралы анықтама сипатта болады; жолдың соңғы пунктінде айтылатын ақпаратты қолданбайды.

Өткізу түрі бойынша экскурсиялар келесі топтарға жіктеледі:: обычные; оқу, жарнамалық, экскурсия-дәріс, экскурсия-массовка, экскурсия-қойылым; экскурсия- серуендеу және т.б.

Оқу экскурсиялары оқу-тәрбие үрдісінің бөлігі ретінде қарастырылады. Оларды ұйымдастыру әр түрлі курстарға, семинарларға қатысатын жастар үшін өзекті. Экскурсияның бұл түрі білімерін бекіту тәсілі болып табылады, пәнді терең меңгеруге көмектеседі.

Жарнамалық экскурсиялар жұртшылықққа қызмет етуде жаңа марштруттарды қолдануға, туристік кәсіпорындарың жарнамалауға бағытталған.

Экскурсия оқу жұмысының әдісі ретінде әр түрлі туристік топтар үшін қолданылады. Осы бағытта келесі экскурсия түрлері жіктеледі:экскурсия-дәріс, экскурсия-массовка, экскурсия- кеңес, экскурсия-демонстрация.

Мысалы, экскурсия-дәріс дегеніміз оқу бағдарламасына сәйкес аудиторияда білім беру түрі. Бұл шараны ұйымдастыру үшін аудитория ретінде табиғи жағдайлар( табиғат, кәсіпорындар, мұражайлыр, көрмелер) пайдаланады. Мұндай экскурсияларды өткізуге мамандарды да шақыруға болады.

Экскурсия-массовка оның қатысушылары маршрут бойынша бір мезгілде екі автобуспен немесе басқа да көлкпен жылжиды. Мысал ретінде көпшілік шараларға қатысу болады: қала тұрғындары үшін – мерекеге қатысу – халық шығармашылық фестивальдері “дожинки”, ауыл тұрғындары үшін— қала мерекелеріне, фестивальдерге қатысу. Бұл экскурсияларды экскурсия-қойылым, экскурсия-концерт ретінде қарастыруға болады.

Экскурсия-серуендеу мысалы ретінде демалыс элементтері бар маршруттар, әр түрлі мерекелік шараларға қатысу қарастырылады.Жылжу тәсілі бойынша экскурсиялар келесі топтраға жіктеледі; жаяу жіру, транспорттық.

Жаяу жіру экскурсиялар қазіргі кезде бірқатар ерекшеліктеріне байланысты кең түрде таралуда, себебі дер кезде маршрутты өзгертуге мүмкіндік болады, экскурсияға қатысушылар өздері сол кездегі жағдайға қатысушы ретінде сезініп, объектілерді терең зерттеуге мүмкіндік туады. Жаяу жіру экскурсия маршруты – логикалық, бірқалыпты қатар.Маршруттың ұзындығы 6 км. Қала сыртындағы экскурсиялар ұзындығы 10-12 км аспауы қажет.

Транспортты пайдалану арқылы өткізілетін экскурсияларға автобустар, трамвайлар, метро, т.б. жылжу көліктері пайдаланады

Транспорт құралдарың пайдалану арқылы ұйымдастырылатын экскурсиялар маршрутты терең талқылауды қажет етеді.

Жинақталған экскурсиялардың 2 түрін қамтиды: транспорт құралдарын пайдалану арқылы экскурсиға жаяу жүру экскурсия түрі қосылады. Экскурсияның бұл түрі обзорный, қалы сыртындағы экскурсияларда пайдалангады.

Өткізу циклі бойынша экскурсиялар бірреттік (бір тақырыпты қамтиды) және тақырыптық (бір атаумен біріккен). Мүндай жіктеу туристік кәсіпорындардың экскурсиялық қызметі үшін маңызхды және сапалы дайындық, өткізу іс-шараларын ұйымдастыруды талап етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]