Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

Ұсынылаттын әдебиеттер

1.Экскурсоведение. Емельянов Б.В. //М.: Советский спорт, 2004//

2.Основы экскурсоведения. Дьякова Р.А., Емельянов Б.В., Пасечный П.С. //М.: Просвещение, 1985//

3.Экскурсионное дело. Долженко Г.П. //М. – Р-н-Д: Издательский центр «МарТ», 2006//

4.Туризм как объект управления. Квартальнов В.А., Зорин И.В.

//М.: Финансы и статистика, 2004/

5. Экскурсоведение. Савина Н.В., Горбынева З.М. //Минск: БГЭУ, 2004/

6.Экскурсионная работа. Сичинаева В.А. //М.: Просвещение, 1981//

Тақырып 12: Экскурсияның түрлері

Елбасы Н. Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасының басымды бағыттарының бірі ретінде туризмді дамыту қажеттілігін ерекше атап өткен болатын. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Маркетингтік сараптамалық зерттелім орталығы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен американдық консалтингтік компаниясы «Қазақстан экономикасының қызмет көрсетіп отырған бәсекеге қабілетті және потенциалды перспективті секторларына баға беру және олардың дамуы жөнінде үсыныс» жобасы іске асырылды. Жобаның мақсаты — Қазақстан экономикасының болашағы бар салаларының бәсекеге қабылеттілігін көтеру. Сарапшылардың қорытындысы бойынша Қазақстанның бәсекелестік басымдылығы оның таңғажайып мәдениетінде (мәдени-танымды), бай табиғи әлеуетіне (экологиялық туризм), қызмет белсенділігінің өсуіне байланысты қызмет туризмімен, сонымен қатар демалыстың белсенді түрімен, мысалы, спорт және сол сияқты басқа да туризм түрлерімен айналысуға болатындығымен ерекшеленеді. Туризм 2010 жылға дейінгі мемлекеттің экономикалық дамуының басым секторларының бірі деп атап көрсетілді. Осыған байланысты Үкімет туристік кластерін құру және дамыту бойынша іс-шаралар қабылдауды Туризм және спорт министрлігінің алдына қойды. Үкімет туристік кластердің қүрылуының маңыздылығын ескеріп, Қазақстан аумағында туристік мүмкіндіктерге маркетингтік зерттеу жүргізу үшін 65 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді. Туристік кластер дегеніміз — туризм инфрақұрылымындағы салалардыңжиынтығы. «кластер» ұғымы математика, астрономия және музыка салаларында қолданылатын, қазіргі кезде экономикалық әдебиетте де кең қолданысын тапты. «Кластер» термині (ағылшын тілінен «сіизіег» жиынтық) типтес нысандардың жиынтығы деген үғымды білдіреді. Мысалы, жұлдыздар жиынтығы, атом кластері. Соңгы онжылдықта әлеуметтік туризмге қарама-қарсы ширегінде туризмнің соншалықты серпінді түрде дамып келе жатқан секторының бірі – таймшер түрінде белгілі болып табылатын клубтық демалысты басқару жүйесінің елеулі дамуы байқалады. «Travel Industry Monitor» журналының 2006 жылдың қаңтар айының ақпараттары бойынша соңғы он жыл ішінде демалысты басқару индустриясының өсімі жалпы туризм индустриясының өсімімен салыстырғанда неғұрлым маңыздырақ болып табылады. Демалысты басқару жүйесі дүниежүзілік туристік бизнестің тез дамушы секторы болып табылады: бұл жүйе 81 елде дамыған,берілген жүйе бойынша қызмет атқаратын 4500-ден артық курорттар бар,демалыс жүйесінің иелері әлемнің 174 елінде тұрады,дүниежүзінің 3,14 миллионнан артық отбасы демалыс жүйесінің иелері басқарады,сату көлемі шамамен 4,76 миллиард АҚШ долларын құрайды. Клубтық демалыстың жүйесі 25 жыл бойы өмір сүріп келеді және осы уақытқа шейін туристтік бизнестің өзінің төтенше түрде тиімді екендігі дәлелдеген және озық түрде дамып келе жатқан секторының бірі болып табылады.Жыл сайын барлық жаңа клубтар қолданысқа енгізіледі,және отбасылар санының көбі басқа түріне қарағанда демалыстың осы түрін таңдайды. Таймшер – демалыс үйінің бөлмесін сол жерде немесе басқа жерде бір немесе одан да көп аптаға ұзақ уақыт бойы қолдану құқығы.Сонымен қоса,демалыс орындарын айырбастауға арналған жағдайлар жасалады,бұл таймшер иелеріне үніме ауыстырып отыруларына мүмкіндік береді. Өкінішке орай,Қазақстанда таймшер нарығының таралуы нашар дамыған.Қазіргі кезде ең өзекті мәселе – демалыстың осы түрін реттейтін құқықтық база мәселесі болып табылады. Бірақ осы сала бойынша ақпараттың шектеулігі бұл мәселеге аз назар аудартады.Таймшерді қолданудың басты құрамдық  элементі  артықшылықтарды, кемшіліктерді, сатып алу, иелік ету   мен өкімдік ету кезінде болатын қауіп,мүмкіндіктері жайлы ақпаратты білу болып табылады. Таймшер жүйесі бойынша қазақстандық және шетелдік азаматтарының демалысын ұйымдастырудың қосымша жұмыс орын санын көбейтуге үлкен мағынасы бар,өйткені оның жұмысына банктер,сақтандыру,трасттық  және туристік компаниялары,әуе компаниялары,заң агенттіктері, қонақ үйлер, құрылыс компаниялары және тағы басқалары қатысады. Дәл  осы  жоғарыда  көрсетілген  факторлар біздің   қөзқарасымыз  бойынша тақырыптың өзектілігін айқындайды. Клубтық туризм арнайы туристік әдебиеттерде жеткіліксіз түрде қарастырылған.Берілген мәліметтерде қысқаша түрдегі ақпараттық және анықтамалық-энциклопедиялық сипатта берілген.Тұтынушы үшін сатудың қаржы-ұйымдастыру механизмі түсініксіз.  Ең бастысы,қызметтің құқықтық базасының жоқтығы клубтық туризм жүйесіндегі ұйымдардың статистикалық,сол сияқты ұйымдастыру,қаржылық және  экономикалық сипаттағы нақты деректерді жасыруын себеп болды.Кеңес кезіндегі туристік әдебиеттерде таймшерді ең бірінші рет ашып,жеткізгендердің ішінен                   М.Б. Бираков болды. Профессор Чудновский А.Д. қайта жасалған және қосымша баспаларында өзінің алдыңғы оқулықтарында клубтық демалысты ұйымдастыруға байланысты мәселелерді қарастыра бастады. Бірақ, жалпы түрде,клубтық туризмге зерттеушілер жағынан аз назар аударылады деп айтуға болады.Егер Ресей оқымыстылары осы кезде таймшердің әртүрлі жақтарын аша бастаса,Қазақстанда туризм индустриясы секторы жайлы жүйелендірілген жан-жақты ақпараттың өткір тапшылығы байқалады. Қазақстанда  ол енді ғана  жарыққа шыға бастады.  Біз барлық  жетістіктерді ептілікпен қолданғанда және келеңсіз зардаптарды азайтқан жағдайда,таймшер қазақстандық туризмнің дамуын сапалы жаңа дәрежеге көтеретіндігіне сенімдімін.

Мұражайлық экскурсия

Тәуеп ету (дiни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседi. Оларға түркi әлемiндегi қасиеттi Түркiстан қаласы., Қожа Ахмет Иасауи кесенесi, Абаб-Араб мешiтi, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейiтi, т.б. жатады. Адамдар бұл қасиеттi жерлерге тәуеп етiп, Аллаға сиыну үшiн келедi. Одан басқа Қоғам а. маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесi, Ибраһим-ата бейiтi, Қарашаш ана кесенесi, Тұраба а-нда — Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында — Айша бибi кесенесi мен Қарахан кесенесi, Қызылорда облысында — Артық, Айтман кесенелерi, Балқаш қаласы маңында — Тектау ата, Әуез бақсы, т.б. киелi орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресi жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгiсi мемориалдар мен ескерткiштерде көрсетiлдi. Бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткiштерi (Алматы обл.) Қордайдағы (Жамбыл обл.) Өтеген батыр, Ақтөбедегi Есет батыр, Солт. Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткiштерi, Астанадағы Қаракерей Қабанбай ескерткiштерi, т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздiң басын қосқан жер, тарихи орындар ретiнде Жошы және Алаша хан кесенелерi, Алматыдағы тәуелсiздiк монументi, Астанадағы үш би ескерткiштерi қастерлi орындар санатында туристiк нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткiштер қатарына: Қозы Көрпеш — Баян сұлу, Еңлiк-Кебек кесенелерi, Ш.Уәлиханов, Қ.Мұңайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д.Нұрпейiсова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, I.Жансүгiров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, т.б. көптеген естелiк орындар жатады.

Экологиялық экскурсия

Отандық және шетелдік ақпарат көздерінде экологиялық туризмге әр түрлі анықтама беріледі: «жасыл туризм», «техникаландырылмаған туризм», «табиғатқа жақындатылған», «бейімделген туризм». Әрине, «экологиялық туризм» ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек. Экологиялық туризмнің басқа туризмдерден принциптік айырмашылығы – табиғатта туристердің берілген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың деградациясын болдырмау. Бүкіл әлемге танымал  болып келе жатқан экологиялық туризмді жалпы туризмнің тұрақты дамуының және де мәдени, табиғи ресурстарды қолданудың экологиялық қауіпсіз әдісі ретінде қарастыруға болады. Бүкіләлемдік банктің ұйымдастыруымен өткізілген әр түрлі шаруашылық істерге баға беруде экологиялық туризмді дамытуға бағытталған жобалардың басқалардан айырмашылығы қарастырылды: бұл жобалар табиғатты және мәдени ескерткіштерді қорғауды бірге ұйымдастырады,  экономикалық пайда табады және толыққанды демалуды қамтамасыз етеді. Орнитолог, археолог және көркем өнерпаздар сияқты ғылыми қызығышулығы бар туристерді қанағаттандыруға арналған экологиялық туризмге қарағанда рекреациялық туризм өзі қажет ететін қонақжай комплекстерімен, спорттық қарулануымен нәзік экожүйелерге көбірек зардабын тигізеді. Экологиялық туризмнің объектілері табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді. Экологиялық туризмнің ең өзекті бағыттары:

-танушылық; -ғылыми; -спорттық; Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік жұмыстардың территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін анықтайды. Экологиялық туризмнің ресурстары болып табылады: - табиғи – климаттық факторлар: рельеф, су объектілері, флора және фауна, ерекше және қызықты қарапайым табиғи аймақтар. - тарихи-мәдени ескерткіштер: белгілі бір аймақтағы адамзаттың материалдық және рухани мәдениеті, айналадағы ортамен тығыз байланысты тарихи, археологиялық, мәдени ескерткіштер. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030 Барлық қазақстандықтардың  өсіп -өркендеуі, қауіпсіздігі, және әл-ауқатының артуы» атты жолдауында «тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін жеңіл және тамақ өнеркәсібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістерді, қызмет ету саласын, туризмді, оның ішінде экологиялық туризмді бұрыннан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз»; «жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл басымдық тәртібімен айтатын болсақ – ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін шешеміз, бұл қазіргі кезде ерекше және маңызды нәрсе» деген, кедейшілік және жұмыссыздыққа қарсы күрес мәселелерін көтере отырып, Президентіміз өз стратегиясының маңызды мәселесі ретінде қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді дамытуға негізделгенін атап көрсеткен болатын.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]