Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Экскурсоведение. Емельянов Б.В. //М.: Советский спорт, 2004//

2.Основы экскурсоведения. Дьякова Р.А., Емельянов Б.В., Пасечный П.С. //М.: Просвещение, 1985//

3.Экскурсионное дело. Долженко Г.П. //М. – Р-н-Д: Издательский центр «МарТ», 2006//

4.Туризм как объект управления. Квартальнов В.А., Зорин И.В.

//М.: Финансы и статистика, 2004/

5. Экскурсоведение. Савина Н.В., Горбынева З.М. //Минск: БГЭУ, 2004/

6.Экскурсионная работа. Сичинаева В.А. //М.: Просвещение, 1981//

Тақырып 15: Экскурсовод – туристік топ жетекшісі.

Туристiк қызмет көрсету - туристiк саяхат кезеңiнде және осы саяхатқа байланысты туристiң қажеттіліктерiн қанағаттандыру үшiн маңызы зор қызметтер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушылары, гидтер (гид-аудармашылар) көрсететін қызметтер және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер).

Экскурсант - бiр жерге, елдi мекенге, аумаққа немесе сол жердегi басқа елге туризм мақсатында жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа уақытша келген жеке тұлға.

Экскурсиялық қызмет – азаматтардың уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруiн ұйымдастыру жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет, ол туристердi орналастыру (түнету) жөнiндегi қызметтi көздемейдi және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзiмдi қамтиды.

Экскурсовод - уақытша болатын елдегi (жердегi) туристiк ресурстармен таныстыру жөнiнде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдық қызмет көрсетуге лайықты бiлiктiлiгi бар, кәсiби даярланған жеке тұлға.

Туристік қызметтер жазбаша түрдегі келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады.

 Келісім-шарттың негізгі шарттары мыналар болып табылады:

  • туристік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия туралы мәліметтерді қосқандағы туроператор немесе турагент туралы ақпарат, орналасқан жері, атауы және банк реквизиттері;

  • туристік өнімдерді іске асыруға қажетті көлемдегі турист туралы мәлімет;

  • келген елдегі барлық тоқтаған пункттерді көрсете отырып, саяхат маршруты мен бағдарламасы туралы, туристердің қауіпсіздік шарттары туралы, туристік қызметтерге арналған сертификаттың болуы туралы ақпараттарды қоса отырып, туристік өнімдердің тұтынушылық құрамы туралы деректі ақпарат беру;

  • саяхаттың басталу және аяқталу күні мен уақыты;

  • туристердің кездесу, аралау және шығарып салу тәртібі;

  • туристік азық-түліктің бағасы және оны төлеу тәртібі;

  • екі жақтың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;

  • келісім-шартты өзгерту мен бұзудың шарттары;

  • туристің жүгін қажетті пунктке жеткізу туралы мәлімет, шарттары және келісім-шарттың аталмыш пунктін орындауға жатпайтын құқықтық жағдайлар;

  • екі жақтың келісімен анықталатын келісім-шарттың басқа да шарттары.

Туроператор және турагент келісім-шартта қарастырылған міндеттемелердің өзгеруі мен келісім-шарт шарттарына қандай да бір өзгеріс жасау қажет болса, міндетті түрде туристке жазбаша түрде өзгертулер мен қажетті салдарының сипаты туралы хабарлауы тиіс. Туристік ұйым жолаушыны кез келген көлік түрімен тасымалдау кезінде туристке жүретін пункт пен баратын пункт атауы, жолаушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері жазылған жеке немесе топтық тасымалдау құжатын (билет) беруі тиіс. Егер туристік ұйым билетті, жүкті тасымалдауға қабылдауға байланысты жүк түбіртегі немесе жүкқұжатын беріп, олар дұрыс толтырылмаса немесе жоғалса, немесе басқа да себептермен көрсетуге мүмкіндік болмаса, тасымалдау келісім-шарты күшінде қалады. Өлшенуге ұсынылмаған жүкке жауапкершілік, оның сақталуы туристке міндеттеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]