Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Туристский справочник KZ – 2007 (информационно-рекламный каталог).

2.Большой иллюстрированный справочник «Страны и континенты». К. Гиффорд. М., 2005.

3.Роль туризма в устойчивом развитии РК. Сборник, посвящённый 60-летию С.Р. Ердавлетову. Алматы, 2002.

Тақырып 7: Экскурсиялық-туристік маршруттар және олардың туризм дамуындағы маңызы

Туристік кәсіпорындар қызметі келесі қызмет көрсету түрлеріне жіктеледі: қабылдау, жібері, экскурсия, ақпарат, жарнама, туристік тауарларды өндіру және т.б. Туристік қызмет етудің бір түрі ретінде экскурсиялық-туристік маршруттарды құрастыру болып табылады. Туристік маршрут — бағдарламаға сәйкес нақты уақыт ішінде алдын ала жоспарланған туристің қозғалу трассасы.

Экскурсия маршрутты— экскурсиялық топтың жүру жолы, ол объектілерді көрсету үрдісімен байланысты.

Экскурсиялық-туристік маршруттарды ұйымдастыру туристердің және экскурсанттарға қызмет жасау сапасына байланысты.

Экскурсиялық туризм рекреациялық қызметтің бір түрі болып табылады. Рекреациялық қызмет құрылымдында экскурсиялық туризм 10—20 % құрайды.

Әр жастағы топтардың рекреациялық қажеттіліктер келесі кестеде көрсетілген:

Туризм түрлері

Жастық топ, жасы

16-24

25-29

30-39

40-49

50 және одан жоғары

Емдік

2

3

6

18

49

Сауықтыру

10

23

43

52

37

Спортттық

68

62

39

21

3

Экскурсиялық

20

12

12

9

11

Жалпы

100

100

100

100

100

Туристердің сапарларға шығуы төмендегідей формада жүзеге асады:

― жеке немесе топтық

― турфирмалардың немесе діни ұйымдардың қатысуымен ұйымдастырылғае және ұйымдастырылмаған

― әр түрлі орналасу түрлері – қонақ үйде және басқа жерде

― өз елі ішінде немесе шетелде қысқа мерзімге немесе ұзақ мерзімге т.с.с.

Ұйымдастырылған туризмнің нағыз кең тараған формасы – бұл туристік-экскурсиялық мекемелер ұйымдастырған маршруттар бойынша сапарға шығу. Жасы, кәсіби мамандығы, тілек – талабы, қоғамдық жағдайы әр қилы адамдар жыл сайын жақын және алыс туристік сапарларға да шығып отырады.

Қазіргі кезеңде туристік маршруттың белгілі бір классификациясы қалыптасты. Ең алдымен олар ұйымдастыру ерекшелігіне қарай, діни туризм жоспарланған және жоспарланбаған болады. Кейбір туристер жоспарланған турларды қалайды. Мұндай турлардың қалыптасқан немесе ұйымдастырылатын тур жоспары болады. Ұйымдастырылмаған турларда туристер туристік фирмалардың көмегіне жүгінбейді. Олар турды өздері жоспарлап, өздері жүзеге асырады.

Саяхатқа қатысушылар санына қарай турлар жеке және топтық болып бөлінеді.Жеке турға қатысушы адамның саны 1-5 адам, топтықта 6 адам және одан да көп болуы мүмкін.

Ұзақтығына қарай сапарлар: біркүндік, екікүндік, көпкүндік болады.Біркүндік сапарлар ұзақтығына қарай: 3 сағаттан аз уақыт, 3-5 сағат, 6-8 сағат, 9-11 сағат, 12 сағат.

Саяхатшылар жас ерекшелігіне байланысты: балалар, олар көбіне ата-аналарымен саяхаттайды; жастар (15-24 жас); орта жастағы жастар; экономикалық белсенді адамдар (25-44 жас); орта жастағы экономикалық белсенді адамдар (45-64жас аралығы); зейнеткерлер (58-63 жастан) болып бөлінеді.

Діни тақырыптағы экскурсиялық туризм әр түрлі жастағы саяхатшыларды қызықтыруы мүмкін.

Құрылуына қарай туристік маршруттар линиялы, айналмалы, радиалды болып бөлінеді.

Линиялы маршрут бір пункте басталып, екіншісінде аяқталады, ең аз дегенде екі, көбіне бірнеше туристік шаруашылықтарды ( пунктерді) басып өтеді. Линиялы маршруттың міндетті шарты туристердің бастапқы пунктісіне келуінің және ақырғы пункттен кетуінің ыңғайлы қалыптасуы.

Айналмалы маршрут та бірнеше туристік базадан өтеді, бірақ оның бастапқы және ақырғы пункті біреу.

Радиалды маршруттың ерекшелігі мынада – туристер барлық уақытта бір базада тұрады, осы жерден жаяу, автобуспен немесе теплоходпен сапарға шығады және базаның жақын айналасындағы экскурсияға шығады. Барлық туристік маршруттарды қозғалыс тәсіліне қарай төмендегіше бөлуге болады: бір жағдайда ол транспорттың, автобустың, поездың, теплоходтың, ұшақтың көмегімен атқарылады, ал екінші бір жағдайда туристер жаяу жүреді, немесе шаңғыны, қайықты пайдаланады, барлық жағынан өздерін - өзі қамтамасыз етіп, палаткаларда түнеп шығады.

Қозғалыс тәсілі бірнеше жағдайға: сапардың ұзақтығына, маршруттың алыс – жақындығына, табиғат жағдайына т.б. байланысты да болады.

Туристік маршруттар табиғат және климат жағдайларына, материалдық базаның жағдайына, сондай – ақ туристердің қажет етуіне қарай жыл бойғы және маусымдық болып бөлінеді. Кейбір жағдайда маршрут жыл бойы жұмыс істейді, бірақ оның жұмысының бағыты жыл маусымдарына қарай өзгеріп отырады.

Туристік саяхат – белсенді демалудың ең жақсы түрлерінің бірі, туған елімізді білу, тану және тәрбие беру формасы. Дегенмен, туристік маршруттың әрқайсысының өзіндік дара қайталанбас ерекшеліктері болады, бұлар ең алдымен бір тақырыпқа, табиғи және климаттық факторларға, тағы сол сияқтыларға тәуелді өте сирек кездесетін экскурсиялық обьектілердің болуына байланысты.

Кез – келген маршруттың тартымдылығы 3 факторға байланысты:

1.демалу мүмкіндігіне;

2.экскурсияның мазмұнына;

3.экскурсияның бағдарламасына болады.

Экскурсиялық мекемелер туристер үшін экскурсия ұйымдастярады. Жоспарлы экскурсияның құны туристік жолдама құнына кіреді. Туристердің қалауы бойынша олардың өздері қаржысы есебінен қосымша экскурсия ұйымдастырылуы мүмкін.Оның басты маңызы мынада:

• Діни туризм арқылы халықаралық инвестицияның тартылуын қамтамасыз етеді;

• Шетел валютасының ел қазынасына түсуіне мүмкіндік береді;

• Халықты жұмыспен қамтамасыз ету жүзеге асырылады;

• Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытады;

• Экспорттың дамуына оң әсерін тигізеді;

• Әлеуметтік – саяси жағдайға оң әсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]