Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

Ұсынылаттын әдебиеттер

1.Экскурсоведение. Емельянов Б.В. //М.: Советский спорт, 2004//

2.Основы экскурсоведения. Дьякова Р.А., Емельянов Б.В., Пасечный П.С. //М.: Просвещение, 1985//

3.Экскурсионное дело. Долженко Г.П. //М. – Р-н-Д: Издательский центр «МарТ», 2006//

Тақырып 11: Мәдени-танымдық туризмнің дамуындағы негізгі бағыттар

Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр. Баяндамада бүгінгі таңдағы мемлекеттік және жеке меншік секторлардың өзара әрекеттерінің кластерлік моделі өзін өзі ақтағаны баяндалған. Мұның нақты факторы ретінде «Туризм» кластерінің пилоттық жобасын іске асыру болып табылады. Кластерлік инициатива шеңберінде туристік инфрақұрылымды дамыту үшін инвестиция жұмылдыру мүмкіндігі маңызды болып саналады. · Қонақүйлер жүйесін, Ұлы Жібек Жолы үлгісінде керуен-сарайлар мен өзге де маңызды туристік маршруттардың құрылысына жағдай жасалатын болады. · Инвестжобалар бойынша ұсыныстар негізінде аймақтық мөлшерде база қалыптасқан. Алғашқы кезеңде 90 инвестжоба сарапталып, жинақталды. Олардың 11 – і 386 млн АҚШ долларына өзектірек саналып алынды, және «Қазына» тұрақты даму қорына мемлекеттік қолдау көрсету үшін жіберілді. · Алматы, Ақмола және Маңғыстау облыстарында әлемдік деңгейдегі заманауи көпфункционалды туристік орталықтар құрудың Тұжырымдамасы жасалды, оны Елбасы мен ел Үкіметі мақұлдап отыр. Аталмыш жоба бойынша инвестиция жұмылдыруға жоспарланып отырған сома 30 млрд АҚШ долларын құрайды. 1. Таушаңғы туризмінің болашағы Алматы және Шығыс-Қазақстан облыстарында таушаңғы базасын салу. Алматы облысында – 5 (Шымбұлақ, Алматау, Табаған, ЦСКА); Шығыс-Қазақстанда – 2 (Изумруд Алтай, Алтай Альпілері). Алматы облысы, Талғар ауданындағы Әскери шатқалда әлемдік стандартқа сай келетін «Ақбұлақ» таушаңғы базасы салынған. Туризмнің инфрақұрылымын дамыту көліктік инфрақұрылым желісін құрумен тікелей байланысты. Ішкі және сыртқы туризмді дамытудың басты алғышарты барлық санаттағы туристерге арналған авиа, теміржол, автомобиль және су көлігіне қолжетімділік болып табылады. 2. Туристік кадрларды даярлау деңгейін жоғарылату. Бүгінгі күні кадрларды даярлау деңгейін көтеру жұмыстарына айрықша көңіл бөлінеді. 2006 жылы туристік фирмалардың саны 921 ді құрады және өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға көтерілген. Министрлік туристік кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын өткізіп тұрады. Бұл жылы Астана қаласында бірінші республикалық ақпараттық туристік орталықты ашу, келесі жылы Алматы, Түркістан, Атырау және Ақтау қалаларында ашу жоспарланып отыр. 2005 жылдан бастап ҚР Үкіметінің қолдауымен «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде туризм саласына кадрлар даярлануда. ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Білім және ғылым министрлігімен бірлесе отырып жоғарыда аталған Бағдарлама аясында білім алушыларға арналған квотаны арттыратын болады.

3. Қазақстанның тартымды туристік имиджін нормалау

Әлемдік туристік рыноктағы Қазақстанның тартымды туристік имиджін қалыптастыру мақсатында Қазақстанның туристік әлеуетін ілгерілетудің мақсатты Бағдарламасын жасалды. Онда халықаралық туристік форумдарға қатысуды, көрме, жәрмеңке өткізу, әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейнероликтерді орналастыру және беру, сонымен қатар шетелдік БАҚ өкілдеріне инфотурлар өткізу және жарнамалық-ақпараттық өнім шығаруды қарастырылған. Имиджді жоғарылату үшін Қазақстанның 2007 жылы Дүниежүзілік туристік Ұйымының атқарушы кеңестігіне (ЮНВТО) өтуі мен 2009 жылы Астана қаласында ЮНВТО-ның Бас Ассамблеясын өткізу маңызды роль атқарады. Өткен жылғы туризм саласындағы негізгі көрсеткіштер:

· Сырттан келу туризм 8 пайызға артып, 4 млн. 706 мың адамды құрады; · Ішкі туризм 7% артты, 3 млн. 495 мың адамнан тұрды; · Сыртқа шығу 23% және 3 млн. 687 мың адамды құрады. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік рынок жүйесіне кіруіне әсер ететін болады. Ел экономикасының шикізаттық салалары арасындағы секторлардың маңызды кіріс көзі бола алатын, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құралу жоспарда бар. Республикада Қазақстанның Ортаазиялық аймақ туризмінің орталығы болуына жағдай мен мүмкіндік жасалатын болады.

Әуе көлiгi саласында

Халықаралық туризмдi дамытуға ықпал етушi негiзгi факторлардың бiрi жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазiргi уақытта республикаға алыс шетелдiң алты авиакомпаниясы ("КLМ", "Lufthansa", "British Airlinees", "Asiana Air Arabia", "Сhiпа South Airlines", "Turkish Аirlinеs") тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы "Эйр Астана" Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстiк Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндiстан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды.  Қазiргi уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткiзе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.       Статистикалық деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлiгi қызмет көрсетулерiн 248578 турист (57,1 процент) пайдаланған.        Сапарлардың басым көпшiлiгiнiң әуе көлiгiн пайдалану арқылы жүргiзiлетiнiн ескерсек, авиапарктi жаңарту, жолаушыларды әуе көлiгiмен тасымалдау географиясын кеңейту, туристiк ағынды көбейту мақсатында елеп-екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.

Темiр жол көлiгi саласында

       Соңғы жылдары темiр жол көлiгi билет құнының қолжетiмдiлiгiне байланысты республика халқының негiзгi жол жүру құралына айналды.       Статистика деректерi бойынша, 2005 жылы темiр жол көлiгiн 87615 турист (10,27 процент) пайдаланған. Қазақстан аумағы бойынша өзiмiзде жасақталған 132 бағдар жолаушылар поезы жүрiп өтедi. Оның iшiнде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша; жергiлiктi қатынаста - 49, мемлекетаралық қатынаста - 11, халықаралық қатынаста - 3 поезд жүредi. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы  арқылы ТМД елдерiнде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтедi.       Жолаушыларға темiр жол көлiгiнде сервистiк қызмет көрсету деңгейiн арттыру мақсатында бiрқатар iс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар поезында жолаушылар үшiн ланч-бокстар құрудың технологиялық процесiнiң жобасы қарастырылуда, "ЖВ купе", "РИЦ купе" санатындағы вагондардың жолаушылары үшiн безендiрiлiп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару бағдарламасының жобасы әзiрлендi.       Сонымен қатар "Жолаушылар тасымалы" акционерлiк қоғамының поездарындағы қызмет көрсету деңгейi халықаралық стандартқа сәйкес келмейдi. Вагон паркiнiң әбден тозуы және бiршама бөлiгiнiң ұзақ уақыт пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттiлiгi жолаушылар тасымалының өзiн-өзi ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатындығымен түсiндiрiледi. 

Автокөлiк саласында

       Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары тiзбесiне iрi туристiк oбъектiлерге апаратын және туризмдi одан әрi дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгiзiлуiне байланысты соңғы жылдары туристiк мақсатта автокөлiк белсендi түрде пайдаланылып жүр:      Статистика деректерi бойынша 2005 жылы қалааралық автобустардың қызмет көрсетулерiн 87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.        2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлiнген жолақта мынадай объектiлер жұмыс iстейдi: 925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 - тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ. 

Су көлiгi саласында

       Каспий теңiзiндегi Ақтау порты Қазақстанды Ресей,  Түркiменстан, Әзiрбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен iшкi су жолдары бойынша қатынастар бар.        Шығыс Қазақстандық су жолдары республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристiк қызметке кiрiктiрiлген кемелер yшiн Өскемен мен Бұқтырма шлюздерi арқылы шлюздеу құнының 25 процентi мөлшерiнде жеңiлдетiлген тариф белгiледi. Бұл ретте Өскемен және Бұқтырма шлюздерi арқылы aз мөлшерлi флотты шлюздеу ұзындығы 10 м. дейiнгi кеменi - шлюздеу құнының - 10%-iмен және 10 метрден ұзын кеменi - шлюздеу құнының 20%-iмен жеңiлдетiлген тариф бойынша белгiленген кестемен жүргiзiледi. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсiпорын 276 туристке қызмет көрсеткен.        Елдiң басқа да су артериялары туристiк мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде Еуропадан келген туристердiң Каспий теңiзi бассейнi аумағында үлкен қызығушылығы жағажай туризмiнде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]