Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

Ұсынылаттын әдебиеттер

1.Экскурсоведение. Емельянов Б.В. //М.: Советский спорт, 2004//

2.Основы экскурсоведения. Дьякова Р.А., Емельянов Б.В., Пасечный П.С. //М.: Просвещение, 1985//

3.Экскурсионное дело. Долженко Г.П. //М. – Р-н-Д: Издательский центр «МарТ», 2006//

Тақырып 13: Экскурсия өткізудің ерекшеліктері

Қазіргі уақытта жиі қайталанып жатқан табиғат апаттарына қарамай, дүниежүзінде туризм өрістеп жатыр. Туризм экономиканың 30 саласымен тығыз байланысқан. Халықаралық туризмнің табысы триллион доллар, оның бөлігіне 8% дүниежүзілік экспорт, 31% халықаралық рынок қызметі және 100 млн бүкіл дүниежүзілік жұмыс орындар.

Қазақстан еліміздің үлкен мүмкіндіктері және перспективалары бар. Бізде табиғи қорықтар, ем сулар, археологиялық және тарихи ескерткіштер мен кесенелер бар.

Туризм - әрі демалу, әрі көпті білу, әрі спорт, әрі сан-салалы қарым-қатынас бастауы. Қазақ елі қазір әркімнің де назарында. Осыған орай Қазақстанға келушілер де көбейе түскен.

Тілашар туристер ғана емес, орыс тілі арқылы қазақша үйренгісі келгендердің бәріне де қажетті болатыны кәміл.

Осы айтылғандардың бәрінің де тамыры тереңде жатыр. Олар бастауын қазақтың көпті көрген көне даласының көне тарихынан, ежелгі мәдениетінен алып, бүгінгі күн шындықтарымен байланысып жатады. Жері мен суының, шөлі мен көлінің, көлі мен бауының, даласы мен қаласының, тіпті шағын ғана төбесі мен төмепешігінің атауы да талай зар заманды басынан кешкен тағдыр тақуетінен сыр шертіп тұрады. Даланың өзіне ғана жарасымды бірде аңырай соғатын, бірде жібектей есілетін, бірде сабдыр қағып сыбырлайтын желдей есілген ән-күйлер, тарих тұңшығынан атқылап жатқан жарлар, көне дүниеден үңіле қарап тұрған ескерткіштер қай туристің болса да шөлін қандырарлықтай.

Ұсынылатын әдебиеттер

1.Туристский справочник KZ – 2007 (информационно-рекламный каталог).

2.Большой иллюстрированный справочник «Страны и континенты». К. Гиффорд. М., 2005.

3.Роль туризма в устойчивом развитии РК. Сборник, посвящённый 60-летию С.Р. Ердавлетову. Алматы, 2002.

Тақырып 14: Экскурсия педагогикалық тәжірибеде

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 маусымындағы «Туристік қызмет туралы» заңында «Туризм» ұғымына мынандай анықтама берілген: «Туризм – жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен және тұрақты тұрумен байланысты емес мақсатта өтетін көпкүндік саяхат». Демек туризм жеке тұлғаның саяхаты болса, «туризм» деген сөз француздың «tour» деген сөзінен алынған яғни - қыдыру, алыс сапарға шығу, бос уақытта саяхаттау ұғымын қалыптастырады, яғни жеке тұлғаның әлеуметтік дамуына қажетті рухани танымдық сауықтыру мен дамудың тиімді түрлерін ұйымдастырады. Сондай-ақ, туризм – мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсіндіріледі.

Ал «Туристік іс-әрекет» ұғымына ҚР-ң туристік қызмет туралы заңында: «Жеке және заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекеті», - деп аныҚтама берілсе, осы ұғым туралы А.А. Бейсенбаева, Г.Т.Хайруллин, А.А. Саипов өздерінің «Туризм педагогикасына кіріспе» атты оқулығында былай дейді:

1.Туристік іс-әрекет барысында білім беру мен тәрбиенің міндеттерін жетілдіреді;

2. Туристік іс-әрекет өзіне тән табиғи жағдайда өткізіле отырып тәрбиелік, білімділік міндеттерді шешуді Қарастырады.

3.Туристік іс-әрекет – өте қысқа уақытта өтетін туризмнің нақты құрамды субъектісі болса, оқу-тәрбие үрдісі әлде қайда ұзақ уақытта және тәрбие жұмысын жүргізу үшін жағымды жағдай тудыру көзқарасын қалыптастырады.

4.Әдетте туристердің құрамы, білімі, жас ерекшелігі т.б. жағынан әр түрлі болады. Сондықтан олармен жүргізілетін жұмыстардың формалары мен әдістерін таңдауда қосымша қиындық тудырады. Ал, оқу-тәрбие үрдісіндегі сынып оқушыларының құрамы жас ерекшелігі біркелкі болады.

5.Оқу-тәрбие үрдісінде тәрбие жұмысының тиімділігін бағалау жүргізіледі. Ал туристік іс-әрекетте бағалау интегративті түрде жүргізіледі.

6.Оқу-тәрбие үрдісі арнайы педагогикалық қызмет субъектісін даярлауға бағытталған болса, туризм нұсқаушыларын туристік іс-әрекеттердің білімділік-тәрбиелік міндеттерін шешудегі мақсатты бағытын қиындатады. Өйткені олар жоғарғы оқу орындарында жүйелі дайындықтан өтпеген.

Міне, осындай анықтамаларға талдау жасау бізге туристік іс-әрекетті ұйымдастырушы, туристік нұсқаушылар мен оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыратын педагог мамандығының бір-біріне ұқсас қызметтер екендігін дәлелдеуге мүмкіндік берді. Дегенменде, ҚР-ның «Туристік қызмет туралы» Заңында туристік нұсқаушы ұғымына: «тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар кәсіби даярланған жеке тұлға»,- деп анықтама берілген, олай болса, туристік іс-әрекет барысында оқушылардың көңіл күйін көтеретіндей жағымды психологиялық, педагогикалық жағдай туғызуға, балалардың өзін-өзі басқаруын қалыптастырып, дамытуға, әрбір жеке баланың өзін-өзі танып қоршаған ортаға қатысты танымын оятуға жетекші, сондай-ақ шынайы әлеуметтік өмірмен қарым-қатынас жасауға аса көңіл бөлуші, ұйымдастырушы,- деп тұжырымдауымызға толық мүмкіндік береді..

Қазіргі таңда ХХI-ғасырға аяқ басқан кезімізде адамзат баласының айналасын қоршаған орта мен оның күрделі экологиялық мәселелерін шешу – Қазақстан Республикасының мемлекеттік көлемдегі саяси-экономикалық маңызы зор проблемаларының бірі.

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Орта білім берудің басты мақсаты – жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзіөзі іске асыруға, дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Демек, жалпы білім беретін мектептердегі жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу, әрбір шәкіртті жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту ұстаздардың алдына қойылған мақсаттары.

Қазақстан Республикасының географиялық жағынан Еуразияның орталығында орналасқан. Жер көлемі жөнінен әлемде Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейінгі тоғызыншы орын алады. Осындай кең байтақ еліміздің, табиғат байлықтары мол жеріміздің қаймағын бұзбай келер ұрпаққа жеткізу бүкіл қазақ халқының аманаты. Осыған байланысты ел басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында: «Табиғатқа жанашырлық жасау, бұл адамзаттың келешегіне жақсылық жасау болып табылады. Қазіргі кезде экологиялық жағдайдың нашарлауы адам денсаулығына өз әсерін тигізіп отыр, сондықтан болашақ ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруді үздіксіз жүргізу қажет» - делінген.

Соңғы жылдары републикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған экологиялық дағдарыстарға ұшырап отыр. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері: сарқылатын табиғат байлықтарын тиімсіз пайдалануы, ауаның ластануы, судың тартылуы, топырақтың тозуы, ормандардың азаюы, биосфераның зиянды қалдықтармен ластануы қоршаған табиғи ортаға үлкен зиянын тигізіп отыр. Адамнан басқа ешбір тірі жан иесі өз ұясын осыншама жылдам ластай алмас еді!

Ендеше бүгінгі таңдағы мектеп мұғалімдерінің басты міндеттері – оқушылардың санасына Отанға, атамекенге, туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, ол арқылы туған өлке табиғатының байлығын сақтауды, оны аялап, қорғауды барынша насихаттап, үздіксіз жұмыс жүргізулері қажет. Осыған байланысты жастарға жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейге қойылып отыр.

Туған өлке табиғатын қорғау және тиімді пайдалану, оны ластану мен бүлінуден қорғау үшін адамзамтты жауапкершілікке тәрбиелеу, табиғатпен қарым-қатынас жасаудың азаматтық негіздерін қалыптастыру Отанға деген сүйіспеншілікке байланысты. Патриоттық сезімді тәрбиелеу өз Отаныңды терең танудан басталады. Бұл жайлы М.И.Калинин: «Отанына патриоттық сезімін тәрбиелеу дерексіз ұғымдарға емес, нақты заттарға негізделуі керек. Осыған орай біздің жеріміз, орман, тауларымыз, өзендер мен көлдеріміз, өндіріс орталықтары, біздің мектептеріміз – осылардың барлығы тәрбиелеудің құнды материалы болып табылады» - деп тұжырымдайды. Елінің нағыз азаматы болу үшін ең алдымен өз өлкесін, оның табиғатын, байлығын, тарихы мен мәдениетін, өнерін біліп, зерттеу қажет. Тек халықтың еңбек әрекетін, ауыл немесе қаланың экономикалық өмірін ғана емес, сонымен қоса өлкенің орманды, далалы, таулы, шөлді жерлерінде не болып жатқанын білу керек. Ал туған өлкенің табиғатында оқушылардың психологиялық, логикалық ойлау қабілетінің дамуына нақты ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуына ықпалын тигізетін сарқылмайтын материалдары көп.

Өлкетану – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың туған өлкесінің (мектеп маңын, ауыл, аудан, қала, облыс, өлке, Қазақстан) табиғи, тарихи, әлеуметтік және экономикалық жағдайларын жан-жақты зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиені өмірмен, қоршаған ортамен тығыз байланыста қарастыруға болады.

Өлкетанудың зерттеу объектісіне: ауа, су, топырақ, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі және сол өлкенің тарихы, мәдениеті, шаруашылығы жатады.

Туған өлке табиғатын зерттеудің ғылыми-педагогикалық негізін салған орыстың классик педагогы К.Д.Ушинский болды. Ол туған өлкені зерттеудің білімдік және тәрбиелік маңызын көрсетіп, оқытудағы «Отантану» ұстанымын ғылыми тұрғыда дәлелдеді. К.Д.Ушинский баланың бойында табиғатты қорғау сезімдерін оятып, оның адамгершілік, эстетикалық дамуындағы табиғаттың маңызын аша түскен. Ол: «Табиғатпен егесу, зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалады» - деді.

Қазақстанда өлкетану білімінің алғашқы негізін салған – Шоқан Уәлиханов болды. Ол адамды табиғаттың туындысы деп ұғынып, орман мен тоғайды, өзен мен көлді, далалы мен таулы жерлердің тіршілік үшін қажеттігін, біртұтастығын байқаған. Ш.Уәлиханов қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрыптарын жете зерттеп, олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін былай деп суреттейді: «Көшпелі қазақ халқы табиғаттағы кейбір аңдар мен құстарды киелі деп қастерлейді. Оларды «обал, сауап» деп, ұстамайды, атып өлтірмейді. Осындай құрмет тұту, ата-дәстүрін сақтау адам баласына бақыт пен байлық, құт пен береке әкеледі» - деп қазақ халқының өмірін табиғатпен жақын байланыстығын көрсетеді.

Өлкетану – қызықты және тірі мектеп. Өлкетану жұмыстарымен айналысқан мұғалімнің өзіне де өте пайдалы. Олар өз білімдері мен педагогикалық шеберліктерін тереңдетуге, оны әрі қарай дамытуға, сабақ әдістемесін түрлендіруге мүмкіндік алып, экологиялық білім мен тәрбие беруде нақтылық пен сенімділікті енгізеді. Өлкетану – бұл мұғалімдердің білімдерін жетілдірудің ең тиімді жолы. Өлкетану жұмысының құрылымы мемлекеттік, мектептік және қоғамдық болып бөлінеді

Діни экскурсиялар

ХХ ғасырда, әсіресе, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған кейін, туризм индустриясы қарқынды дамыды, транспорт және байланыс жүйесі мейлінше жетілдірілді. Осы кезде адамдардың да өздерінің діни әулие орындарына баруға үлкен мүмкіндіктері туды. Cонымен қатар басқа елдердің халықтарының рухани жетістіктеріне араласу ниеті туды, олар бір – бірінің дінінің мәнін түсінгісі келді. Адамзаттың соңғы он жылдықта өмірінің барлық жағы қарқынды өзгеріске ұшырауымен байланысты діндерде де белгілі бір қиындықтар туды.

Діни мақсаттағы туризм географисының нақ белгіленген шектеулері бар, ол мынадай негізгі діндердің болуымен байланысты: христиандық, мұсылмандық , иудаизм, буддизм. Басқа кішігірім діни бағыттардың топтары туристік ағымның көп бөлігін құрамайды.

Діни бағыттағы саяхаттар ежелде басталды.Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим құдайлары өз тұрғындарын ұлы орындарға баруға мәжбүрлеген. Ерте ортағасырларда діни себептегі миграция ерекше бір жаңа белгілерге ие болды. Осы кезде қажылық формасы Крестілер жорықтары кеңінен таралды.

Олар мұсылмандарға қарсы бағытта жүргізілді.Жорықтарға кедей батырлар мен саудагерлер барған.

Әлемде қажылықтың 11 макроаймағы бөлінеді:

1, Христиандық Еуропа

2. Христиандық басымдылығымен және көптеген діндерімен Солтүстік Америка

3. Христиандық басымдылығымен және жергілікті дәстүрлі діндерімен Латын Америкасы

4. Ислам дінінің басымдылығымен Солтүстік Африка

5. Ислам, христиан және дәстүрлі діндер басымдылығымен Батыс және Шығыс Африка

6. Христиан, иудаизм бағыттары және ислам басымдылығымен Батыс Азия

7. Оңтүстік Азияда иудаизм, буддизм таралған және христиан, джайнизм, сикхизм, ислам орталықтары бар

8. Ислам, христиан, иудаизм діндерімен және буддизм басымдылығымен Оңтүстік Шығыс Азия

9. Буддизм, конфуций, синтоизм басымдылығымен Шығыс Азия

10. Буддизм басымдылығымен негізінде ламаизм бағытымен Орталық Азия

11. Ислам басымдылығымен Орта Азия

Әрбір аймақ қажылық орталықтарымен танымал. Олар сенушілердің халықаралық туристік ағымын қабылдайды және көбіне діни мамандануды, әкімшілік, кәсіптік, мәдени, туристік орталықтар қызметтерін біріктіреді.[5 б.]

Діни (қажылық) туризм қазіргі уақытта жақсы танымал.Оның бірнеше түрі бар:

1.Қажылық (қасиетті жерлерге саяхат)

2.Танымдық саяхат (діни ескерткіштермен, дін тарихымен танысу)

3.Ғылыми саяхат (дін сұрақтарымен айналысатын тарихшылардың,басқа мамандардың саяхаттары)

Бұл ғылыми жұмыста діни тақырыптағы экскурсиялық туризм туралы айтылады. Бұл мақсатта сапарға шығатындарды монастырлерге, храмдарға, мұражайларға, ескерткіштерге, көрмелерге бару бағытындағы экскурсиялар қызықтырады.

Діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамытуға байланысты төмендегідей мақсаттар қойылады:

Экскурсиялық туризмді дамыту үшін мүмкіндіктерді зерттеу.

Діни туристер, бірінші орында қажылар саяхатқа өздері өмір сүретін үйреншікті жағдайлардағы діни іс әрекеттен артығырақ бір нәрсе жасау қажеттілігіне байланысты шығады. Ал адамдардың діни әулие орындарға сапарға шығуы да әр түрлі себептермен туындайды: сиынып жалбарынуға, жеке басының мәселелерін шешуге, құндылықтар жүйесін иемденуге, рухани бағытын бекіту, елдің мәдени мұрасымен танысу. Діни туристерді қызықтыру обьектілері әулие орындар және діни орталықтар болып табылады. Мұндай сапарлар жылдың бір мезгілінде болатын мейрамдармен, фестивальдармен түсіндіріледі. Халықаралық сапарларда туристерге кеден, валюттік, визалық және т.б. тексерулерден өтуге тура келеді.

Діни туризм ұғымын қызмет түрін ұсыну және туристердің қажеттілігін қанағаттандыратын, әдеттегі ортадан тыс жерде, әулие орындарға және діни орталықтарға бағытталған шаруашылық түрі деп түсіну керек.

Діни туризмнің бірнеше формасы бар, олар: қажылық, діни тақырыптағы экскурсиялық турлар, мамандандырылған турларда қажылар мен экскурсанттар бірігеді. Халықаралық статистика мәліметі бойынша әр жыл 200 млн-нан артық адам қажылыққа барады. Соның ішінде 150 млн. христиан, 20-30 млн.индуистер, 40 млн. буддистер, мұсылмандар, синтоистер және т.б.

Сенушілер әулие орындарына жан дүниесін тыныштату үмітінде, ауыр сырқаттан арылу, жан дүниесі жақын адамдармен бірлікті сезінуге, тағзым етуге барады. Олар сапарға кесілген жазаны орындауға, жоғарғы күштерге иемденген игіліктер үшін немесе өмірлерін мәнді ететін діни – сенімге алғысын білдіру үшін барады.

Қажылыққа бейім топтар діни тақырыптағы экскурсиялық туризмнен құралады, оның мақсаты мәдениет пен салт – дәстүрін тану және т.с.с. Мұндай сапарлар әдетте сенушілердің саяхаттауы сияқты ұзақ емес, жылдың кез – келген мезгілінде ұйымдастырылады және діни мейрамдарға қатысы жоқ, балалар мен ересектерге арналған. Маршруты бойынша олар діни әулиелер орнын және бұрынғының архитектуралық ескерткіштерін көруге барады, ол жаны таза ақсүйек адамдарға рухани дәстүрлерге араласуға мүмкіндік туғызады.

Соңғы жылдары Қазақстанда діни және қажылық турларды ұйымдастыратын туристік фирмалардың қалыптасуы байқалады. Кейінгі жылдары республикамыздағы әулие орындарға қажылыққа баратын туристер және де жақын шетелге діни – танымдық мақсатта барушылар саны көбейді.

Статистика мәліметтері Қазақстанда айрықша таралған мынадай діни бағыттарды айтуға болады, олар:христиан (православтық және католиктік), ислам және иудаизм.

Ертеректе ( 2000 – 2002 жылдары) жүргізілген зерттеулер бойынша респонденттер, әсіресе шетелдік туристер рекреациялық туризмнен кейін мәдениетін зерттеп білу туризмін екінші орынға қоятынын көрсетті. Бұл Қазақстанда туризмнің жоғарыда айтылған түрін қалыптастыру және дамыту қажеттілігін тағы да дәлелдейді. Діни ескерткіштер, тарихы және мәдени орындар ﴾мешіттер, соборлар, діни мұражайлар, діни орталықтар т.с.с.﴿ - бұлар әрқашанда туристер баратын туристік обьектілер болып саналады. Өкінішке орай, бүгінгі күнгі аймақтың туристік нарығында осындай ерекше турөніммен жұмыс жасайтын, өңделген маршруты бар, арнайы дайндалған гидтары т.с.с. бар турфирмалар өте аз. Сондықтан да бұл әлеуметтік – экономикалық зерттеу бағытын әлі нашар зерттелген және сөзсіз өзекті мәселе деп есептейміз. Бұл жерде сонымен қатар таза экономикалық зерттеудің аспектілері қорында рухани – адамгершілік бағыт байқалады.

Жеке зерттеу нәтижесінен, арнайы әдебиеттерді зерттеу, статистикалық мәліметтерді талдай отырып, төмендегідей қорытындыға келуге болады:

1.Көп ғасыр бұрынғы кезеңдегідей бүгінгі күні де дін саяхаттаудың басты себептерінің бірі болып табылады.

2.Ұйымдастыру және діни – экскурсиялық туризмнің табысты функциялануы үшін кең көлемде зерттеулер жүргізілу.

3.Қазақстан базасында діни туризмді, соның ішінде діни тақырыптағы экскурсиялық туризмді дамытуға болатын орындар көп.

Қазіргі таңдағы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру үрдісіндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу болашақ маман тұлғасының жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты және бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.

Себебі, жариялылық пен нарықтық қатынастардың одан әрі дамуы, жеке тұлғаның мәдени ортаны игеруі ғылыми жаратылыс пен гуманитарлық мәдениеттің құрамдас бөліктерінің өзара байланыстырылуы арқылы жүзеге асырылмақ.

Демек, бүгінгі болашақ мамандар, әсіресе туристік іс-әрекетті ұйымдастырушы немесе туризм нұсқаушыларының даярлығындағы әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық және этнопедагогикалық деректерді нығайтуда іргелі білім мен ғылыми-кәсіптік мамандандыру ісінің біріктірілуінің қажеттілігі бұрынғыдан да айқындала түсуде.

Өйткені, туризм қазақстанның халық шаруашылығының жетекші саласы ретінде елдің экономикасына, әлеуметтік жағдайына, сонымен қатар жасөспірімдерге білім және тәрбие беру үрдісіне белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылықты жүргізуші субьектілердің құрылуы және жұмыс істеуі туризм инфрақұрылымының жол көлігі, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-рухани және медициналық қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы әлеуметтік-экономикалық феномен ретінде халық шаруашылығының барлық салаларының көпшілігімен салыстырғанда, интегративті неғұрлым пәрменді көпсалалы тиімділікке ие болып отыр.

Туризм өз нысандарының танымдық үрдіс әмбебабтығымен жеке және ұжымдық тәлім-тәрбие құралы ретінде жоспарланып, туристік іс-әрекеттерді ұйымдастыру тәжірибесінде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты тиімді өткізумен, салауатты өмір салтын құра білумен тікелей байланысты қызмет. Сондай-ақ, ол өз бетімен білім мен тәрбие алудың және халықтар мен олардың әртүрлі мәдениеттерінің арасындағы өзгешеліктерін танып білудің бірден бір факторы болып табылады.

Туризмнің қарқынды және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әлауқатына, болашақ қоғам иелері жеткіншек жас ұрпақтардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына күшті әсерін назарға ала отырып Қазақстанның ұзақ даму бағдарламасында Үкімет туристік саланы басымдық ретінде белгіледі.

Осыған орай, бүгінгі күні туризмді дамытуға байланысты төмендегідей мемлекеттік құжаттар қабылданды: «Ұлы Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау мен сабақтастыра дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау»; Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін туризмді дамытудың стратегиялық бағдарламасы; Туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары туралы ; ҚР-ның « Туристік қызмет туралы заңы» (2001 ж. 13 маусым, № 211-11), ҚР-ның «Туризмді дамыту тұжырымдамасы» 2001ж., «Туристік саланы дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы», «ҚР-сы аймағында туристік жорықтарды, экскурсияларды және экспедицияларды ұйымдастыру және өткізу туралы нұсқау», «Республикалық «Атамекен» туристік-өлкетану экспедициясы туралы ереже» және т.б..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]