Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экскурсиятану.doc
Скачиваний:
66
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
501.25 Кб
Скачать

5. Глоссарий

Гид(гид-аудармашы) - уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;

Жіктелу— мәнді белгілер бойынша құбылыстарды, нәрселерді орналастыру, жіктеу.

Экскурсиялардың жіктелуі— белгілер бойынша саяхаттарды жіктеу

Тур- белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені;

Туризм- жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты;

Туризм нұсқаушысы- осы қызмет түріне лицензиясы, тиісті біліктілігі және туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға;

Турист- уақытша болатын елге (жерге) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі кезеңге келетін және ақылы қызметпен айналыспай, сол елде (жерде) сауықтыру, танымдық, кәсіби-іскерлік, спорттық, діни және өзге де мақсаттарда кемінде бір рет түнейтін жеке тұлға;

Туристік қызмет- жеке немесе заңды тұлғалардың туристік қызмет көрсету жөніндегі кәсіпкерлік қызметі;

Туристік қызмет көрсету- туристің саяхаты кезеңінде және осы саяхатқа байланысты оның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын қажетті қызмет көрсетулер (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушыларының, гидтердің (гид-аудармашылардың) қызмет көрсетулері және сапар мақсатына байланысты көрсетілетін басқа да қызметтер);

Туристік маршрут- туристің (саяхат кезінде) танымдық, спорттық, эстетикалық не өзге де мақсаттармен өту, қарау үшін белгіленген барлық географиялық мекендердің, болу объектілерінің тізбесін көрсететін жүру жолы;

Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімі- туристік маршруттар мен соқпақтарды есепке алу құжаты;

Туристік өнім- саяхат барысында туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруға жеткілікті туристік қызмет көрсетулер жиынтығы;

Туристік ресурстар- туристік көрсету объектілерін қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру объектілері, сондай-ақ туристердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін қалпына келтіріп, дамытуға жәрдемдесетін өзге де объектілер;

Экскурсант- уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көретін жеке тұлға;

Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып, көруі;

Экскурсиялық қызмет- уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарға танымдық мақсатта келуді ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру (түнету) жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды;

Экскурсовод- уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстармен таныстыру жөнінде туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсетуге сай біліктілігі бар, кәсіби даярлықтан өткен жеке тұлға.

6. Дәрістер кешені

«Экскурсиятану» пәні бойынша дәрістер кешені

Тақырып 1: Туризм және экскурсиялық істің даму кезеңдері

Туризмнің бірінші мағынасы бар. Туристік саяхатқа, туристік далаға, демалысқа шығу, басқа да жерлерді барып көретін адамды турист деп атайды . Жалпы туризм категориясының дамуына экономика мен саясат зор ықпалын тигізеді .

Туризм – көптік топтың саяхаттауы . Ол тек қана туристермен асыра алатын белгілі бір мақсат . Туристерді саяхатқа даярлаумен айналысатын туристік агенттер бар . Қазіргі қалыпта туризм 19 ғасырдан бері дамып келеді. Ол 20 ғасырдың 2 – ші жартысында қарқынды дамыды . Осы ғасырда туризм туризм « 20 ғасырдың феномені » деген атаққа ие болды . Өйткені техниканың , технологияның және ортақ қоғамның дәрежелері өте жоғары көтерілді . Қазір туризм үлкен дүниежүзілік индустрия . Ол дүниежүзілік кірістің 10 % құрайды .

Туризм – экономиканың көзі деп айтуға болады . Бүкіл дамып отырған мемлекеттер туризмнің жоғары қарай өрістеуіне назар аударуда . Дүниежүзілік экономикада туризм 1 орында тұр . Ол тек қана мұнай өндіруімен ғана бәсекеге түседі .

Әр жыл сайын туристердің саны көбеюде . 1996 жылы саяхатшылар саны 594 млн , 1997 жылы 616 млн – ға жетті. Болжау бойынша 2010 жылы демалушылар саны 937 млн – ға жетпек. Жас саяхатшыларға тоқталатын болсақ , саяхаттау жастарға қоғамдық әсер етеді . кейбір жас адамдар 25 –тен кейін тұрмыс құрайды . Оған дейін көбі саяхаттап жүреді . Олар басқа ұлттың адамдарының жерлерін көреді. Әрине , бұның бәрі ізсіз қалмайды . Жас демалушының ой – қабілетін арттырады . Күндіз оқу – қабілетін арттырады . Күндіз оқу бөлігінің студенттері және 25 жасқа келмеген жастарға льготпен саяхат жасауға мүмкіндік береді . Мысалы : музейге бару . Әр түрлі транспортпен жүру . Әдейі жатақханаларда тоқталу және тағы басқа.

Алғашқы тайпалар өзінің өмір сүріп жатқан жерлерінің шекарасынан тыс кетпеуге тырысқан . Олар басқа да тайпалармен кездеспеуге әдеттелген . Тайпаның өмір сүріп жатқан жері үлкен болған . Өзінің территориясындағы адамдар өзін - өзі асыраған : мал бақты , балық аулаған . Жейтін өсімдіктер жинады . Тайпаның осыларға дейтін өз мезгілдері болған . Мысалы : өсімдік жинау бірнеше км – ге баратын . Ол да саяхат жасаудың басталуы деп айтуға болады . Бертін келе әр тайпа бір – бірімен қарым – қатынас жасай бастады . Тайпа саудамен айналысты . Бұрынғы адамдар 100 км – ге немесе одан да көп жерлерге сауданың жайымен барып қалатын .

Орта ғасырлар дәуірінің бас саяхатшылары : Бальтазар , Мельхиор, Каспар. Осы адамдар қасиетті жерлерге көп саяхат жасады. Орта ғасырларда қажылық өрістеп дамыған, 3 – 4 ғасырларда пилигримдердің саяхаттарынан басқа, Палестинаға Константин императордың тірі кезінен бастап Иерусалимде мазарлар салына бастады . Негізгі Константиннің анасы ханшайым Елена үлкен жасында Иерусалимге саяхат жасаған. Древо Христа Господня деген көпіріне үлкен үлес қосты .

Ең бірінші туристік саяхат 150 жылдан бұрын Англияда қалыптаскқан. Сол кезде 1841 жылы Томас Кук 600 адамды демалу мақсатында теміржол көлігімен Лейстрерадан Лабрадорға дейін және ке»ін алып барған. Ол осымен Англиядағы темір жол компаниясын аз болғанымен көп адамды тасымалдау көп мөлшердегі болғанмен аз адамды масымалдау тиімді екеніне көзін жеткізген. 1845 жылы Томас Кук эксурсия жасау мақсатымен Ливерпульға саяхат ұйымдастырған. 1847 жылы жолдама беретін Англияға және одан тыс жерлерге шығуға болатын туристік қоғам ұйымдастырылған. 1863 жылы Кук ең алғаш рет туристік қоғам ұйымдастырды, топ құрып, Швейцарияға сапарға шықты. 1865 жылы Томас Кук АҚШ – қа ағылшындарды, Еуропаға американдықтарды апару мақсатымен АҚШ барды. 1867 жылы «Квейкер – сити» параходымен бес айлық саяхаты теңіз туристеріне баурының бастамасы болды. 60 туристің ішінде осы саяхатқа қатысушыларда танымал жазушы Марк Твен де болған.

1882 жылы дүние жүзінде алғаш рет «Куктің дүниежүзілік саяхаты ашылды.

Темір жол және параход компанияларымен келісім – шартқа тұруды тоқтатпай, мейрамхана және қонақжай иелерімен байланыс қоғамның сұранысы болды. Қазіргі кезде Томас Кук атындағы халықаралық туристік компания барлық аймақта туристік қызметті жүзеге асыруда және осының негізінде туризмнің кезеңдерінің екі ғасырлық дамуын анықтауға болады.

Томас Кук ең алғаш рет спецификалық туристік негізінтеміржол және пороход компанияларымен келісім – шартқа тұру, туристерге қызмет көрсетуді қалыптастырады. Сонымен қатар, ол туристік қызмет көрсетудің жүйелі сұранысын туристік маркетинг, туристік менеджмент негіздерін сала отырып үйренген болатын. Томас Кук ең алғашқы туризмнің менеджелері болып саналады.

ХХ ғасырдың екінші жартсында халық аралық және ұлттық туризм жаң елдерге өзінің жеелін негіздей отыра дамуда. Экскурсия және туризмге тұрғындардың барлығы бара алмайды, себебі демалу, елдердуң бағасының мөлшері көптің көңілімен шыға бермейді.

Туризмнің жаңа заманда қалыптасуы

Географиялық ашылуларда дүние жүзілік экономикада бірлестікке жэне үлкен бір жер шарының цивилизациясына экелді.Географиялық ашылымдарға дұрыс көзқараспен қарау керек. Жаңа Корабелла деген кеме (ХУғ) қүрастырылды. Осы кеме жерге қарсы да жүре алды. Еуропаның адамдары компасты да ойлап тапты, картографияны да іске өндіре бастаған. ХУғ - да Пауэлло Тосканелли флорент картографы теңіз Атлантикасы бір жағынан Еуропаны, екінші жағынан Жапония мен Қытайды алып жататын картаны жасаған. Тосканелли былай деп жазған: " Мен білемін осы жолдың бар екеніне, жер шар тэріздес формасы бар екеніне дэлелдеймін ".

Ең бірінші Еуропалық мемлекеттердің бірі Португалия саяхатқа шықты. Принц Генрих жүзуші саяхатқа үлкен жауапкершілікпен қарады. Оның арқасында үлкен флот салынды. 1438 жылы Согрид қаласында теңіз жүзушілер мектебі ашылды, обсерватория қүрастырылды. ОНда жүлдыздарға қарап, жолды тауып үйренді. ХУғ Португалдықтар экваторды кесіп өтті. Карталарда Перечный жағалауы, Невольничий жағалауы, Берег слоновой кости жағалау аттары пайда болды. Жаңа жолдар 1471 жылы Португалдықтар Гвинея жеріне жетті. Әскери флотилия салып кейін оны Алтын жагалауы деп атады. Жаңа жолдар арқылы Генрих басқа саяхатшыларға қарағанда көп жерлерді ашты.

Оның қайтқан жылы 1460 жыл. Осы жылы Васко де Гама саяхатшысы дүниеге келді. Васко де Гама Генрих теңіз жүзушіден Индияға өтетін теңіз жолды жоспарлаған экспедициясын жүзеге асыруға кейін өз қолына алды. Ең бірінші экспедиция 1497 жылы Португалиядан Индияға жаңа маршрут ашты. Васко де Гама басшылық жасаған 4 кемесі болды. Португалдықтардың кемелері Моозамбикті өткесін олар Африка мен Индия арасында өтетін сауда жолына шықты. 1495 жылы көктемде саяхатшылар Индияның Батыс Калькутта қаласына келіп тоқтайды. ПортугалдардыКалькутта қаласында бэсекелес саудагерлер ретінде карсы алды.

2 жылдан астам Васко де Гама саяхат жасап, кейін Португалияға оралып келеді. Васко де Гама үшін осы саяхат өте олжалы болды. Индияға ашылған жол маңызды болды. Португалдыктар үлкен сауда жолдарын өз қарамағына алды. Ол Адем ( Қызыл теңізден Үнді мүхитына дейін ), Перситск шығанағы XVIғ. Олар Зонд архипелагын жаулап алып ҮндіҚытайға, Индонезия аралдарына, Оңтүстік Америкаға еніп үлкен империя құрды. Еуропаның ең басты орталығы Лиссабон болды. Ал осы уақыттағы португалдықтар Африканың батыс жаңа Индияға саяхат жасап жатқанда Испанияда Индияға жаңа жол қарастырылып болды. Осы экспедицияны Христофор Колумб басқаруын үсынды. Колумб Генуяның орташа тоқымашы жанүясында дүниеге келген. Оқығаның оқығаның оқымағаның ешкім білмейді. Колумб өз бетінше оқыған деген ой бар. Христофор Колумб төрт тілде оқи алған. Ол Итальян, Латын, Испан, Португал тілдерін жетік білген. Ол Пьер де Альи кардиналдың "Карта Мира" деген кітабын өте қызығушылықпен оқыды. Колумб Батыс мүхитына жол ашуды үсынды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]