Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sniprk1.01-32-2005r

.pdf
Скачиваний:
41
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
3.6 Mб
Скачать

СНиП РК 1.01-32-2005

СТРОИТЕЛЬНЫЕ НОРМЫ И ПРАВИЛА

СТРОИТЕЛЬНАЯ ТЕРМИНОЛОГИЯ

BUILDING TERMINOLOGY

Аэфф – удельная эффективная активность естественных радионуклидов в строительных материалах.

Абак – верхняя плита капители, воспринимающая нагрузку от антаблемента.

Абляция – унос вещества с поверхности твердого тела потоком горячего газа в результате оплавления, сублимации, испарения, разложения и эрозии материала.

Абляционные материалы – материалы,

предохраняющие конструкцию от непосредственного контакта с атмосферой или продуктами сгорания. Например: наиболее часто применяющиеся обугливающиеся пластмассы на основе фенольных, кремнийорганических и др.синтетических смол, содержащих в качестве наполнителя углерод (в т.ч. графит), диоксид кремния (кремнезем, кварц) и др.

Абонемент – 1) заранее приобретенное право пользоваться в течение фиксированного срока услугами, благами, посещать отдельные заведения; 2) документ, удостоверяющий право на получение услуг.

Абонент – потребитель, пользователь распространенного вида массовых услуг (связи, отопления и т.д.); лицо, обладающее абонементом.

Абонентская задолженность – обязанность абонента оплатить уже предоставленные услуги, срок оплаты которых истек.

Абонентская плата – плата, вносимая юридическими или физическими лицами за многократное, длительное пользование предоставляемыми услугами.

Абразивные материалы – твердые горные породы и минералы (природные и искусственные), используемые в виде куска или в измельченном состоянии для механической обработки (шлифования, притирки, заточки и т.п.) изделий из металла, дерева, стекла, пластмассы и др. материалов. Природные абразивные материалы – алмаз, корунд, наждак, гранат, кварц, пемза; искусственные – электрокорунд, карборунд, синтетический алмаз и др.

Абразивная обработка – механическая обработка изделий из металла, дерева, пластмассы, стекла и др. материалов абразивным инструментом.

Абрис – линейное очертание предмета, контурное изображение.

Абсолютная прибыль – прибыль, равная доходу, который предприниматель получил от реализации всех товаров и услуг за вычетом расходов.

АЭФФ – құрылыс материалдарындағы табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі.

Абак – сәнмаңдайшадан түсетін жүктемені қабылдап алатын капительдің жоғарғы тақтасы.

Абляция – материалдардың балқытылуы, сублимациялануы, булануы, ыдырауы және мүжілуі нәтижесінде қатты дененің бетінен ыстық газдың ағынымен заттың әкетілуі.

Абляциялық материалдар – құралымды атмосферамен немесе жанатын өнімдермен тікелей жанасудан қорғайтын материалдар. Мысалы: толтырғыш ретінде көміртегі (с.б. графит), кремний диоксиді бар (кремнезем, кварц) фенолдық, кремнийорганикалық және басқа синтетикалық шайырлардың негізіндегі жиі пайдаланылатын көмірленген пластмассалар.

Абонемент – 1) қызметтерді, игіліктерді, жеке мекемелерді белгілі мерзім бойынша пайдаланудың күні бұрын иеленген құқығы; 2) қызметтерді пайдалану құқығын куәландыратын құжат.

Абонент – жаппай көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрін тұтынушы, пайдаланушы (байланыс, жылыту және т.б.); абонементті иелінуші тұлға.

Абоненттік берешек – абоненттің өзіне көрсетілген, төлеу мерзімі біткен қызметтерді төлеуге міндеттілігі.

Абонементтік төлемақы – заңды және жеке тұлғалардың абонемент бойынша көрсетілетін қызметтерді ұзақ уақыт, бірнеше рет пайдаланғаны үшін төлейтін ақысы.

Түрпілі материалдар – темірден, ағаштан,

шыныдан, пластмассадан және басқа да материалдардан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеу (тегістеу, үйкеу, қайрау және т.с.с.) үшін кесек түрінде немесе ұнтақталған қалпында пайдаланылатын қатты тау жыныстары және минералдар (табиғи және жасанды). Табиғи түрпілік материалдар – алмас, корунд, зімпара, анартас, кварц, көбіктас; жасандылары – электрокорунд, карборунд, синтетикалық алмас және т.б.

Абразивтік өңдеу – металдан, ағаштан,

пластмассадан, шыныдан және басқа материалдардан жасалған бұйымдарды түрпілеу құрал-сайманмен механикалық өңдеу. Абрис (жиек сызба) – заттың сызба кескіні, контурлық кескінделуі.

Абсолюттік пайда – шығынды шегеріп тастағанда кәсіпкердің барлық тауарлары мен қызметтерін жүзеге асырғанынан алған табысына тең пайда.

3

Аванс – предварительная выплата денежных средств за предстоящие работы.

Аварийно-восстановительные работы в чрезвычайной ситуации – первоочередные работы в зоне чрезвычайной ситуации по локализации отдельных очагов разрушений и повышенной опасности, по устранению аварий и повреждений на сетях, восстановлению минимально необходимых условий для жизнеобеспечения населения, а также работы по санитарной очистке и обеззараживанию территории.

Аварийно-спасательные работы в чрезвычайной ситуации – действия по спасению людей, материальных и культурных ценностей, защите природной среды в зоне чрезвычайных ситуаций, локализации чрезвычайных ситуаций и устранению опасных воздействий и факторов. Аварийно-спасательные работы характеризуются наличием факторов, угрожающих жизни и здоровью проводящих эти работы людей, требуют специальной подготовки, экипировки и оснащения.

Аварийный тормоз эскалатора – устройство,

предназначенное для остановки лестничного полотна эскалатора при срабатывании блокировки скорости и самопроизвольном изменении направления движения, а также отказе рабочего тормоза.

Авария – событие, заключающееся в переходе объекта с одного уровня работоспособности или относительного уровня функционирования на другой, существенно более низкий, с крупными нарушениями режима работы объекта.

Автобетоносмеситель – установленный на шасси автомобиля бетоносмеситель, обеспечивающий дозированное приготовление смеси и непрерывное ее перемешивание при перевозке.

Автовокзал – комплекс сооружений и различных технических средств для обслуживания пассажиров на конечных и узловых пунктах междугородних автобусных линий.

Автогрейдер – самоходная колесная дорожностроительная машина, оснащенная вспомогательным органом для разрушения дорожных покрытий и сменным оборудованием бульдозера, снегоочистителя и др.

Автодорожный мост – мост, предназначенный для движения безрельсовых транспортных средств и пешеходов. К автодорожным мостам в городах относят также мосты, пропускающие трамвай.

Автодром – территория со специально оборудованными трассами для спортивных соревнований, испытаний автомобилей и тренировки (обучения) водителей. В состав автодрома входят также трибуны для зрителей, помещения для технического обслуживания автомобилей, гаражей и пр.

Автозаправочная станция блочно-контейнерного

СНиП РК 1.01-32-2005

Аванс – атқарылатын жұмыстарға алдын ала төленетін ақшалай төлем.

Төтенше жағдайдағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары – төтенше жағдай аймағындағы бірінші кезектегі жұмыстар: кейбір бұзылу және жоғары қауіпті ошақтарын оңашалау, желілердегі апаттар мен зақымдарды жою, халықтың өмір сүруінің ең қажетті жағдайларын қалпына келтіру, сондай-ақ аймақты санитарлық тазарту және залалсыздандыру.

Төтенше жағдайдағы апаттық-құтқару жұмыстары – төтенше жағдай аймағындағы адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, табиғи ортаны қорғау, төтенше жағдайды оқшаулау және қауіпті әсерлер мен факторларды жою. Апаттық-құтқару жұмыстарында бұл ісқимылды атқарып жатқан адамдардың өміріне және денсаулықтарына қауіп төндіретін факторлар болады, олардан арнайы дайындық, жабдықтану мен құралдану талап етіледі.

Эскалатордың апаттық тежегіші

жылдамдық бұғауы іске қосылғанда және өз еркімен қозғалу бағыты өзгергенде, сондай-ақ жұмысшы тежегіш істен шыққанда, эскалатордың баспалдақ тақтасын тоқтатуға арналған құрылғы.

Апат – нысанның жұмыс қабілеттілігінің бір деңгейден немесе салыстырмалы түрде бір қызмет ету деңгейінен екінші өте төмен деңгейге нысанның жұмыс тәртібінің көлемді бұзылуымен өтуін тұжырымдаушы оқиға.

Автобетонараластырғыш -қоспаларды мөлшерлеп дайындайтын және олардың тасылуы кезінде үздіксіз араластыруын қамтамасыз ететін автомобильдің шассиіне орнатылған бетонараластырғыш.

Автовокзал – автобустардың қалааралық бағыттарында шеткі және тораптық жерлерінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін қойылған имараттар кешені және әр түрлі техникалық жабдықтар.

Автогрейдер – жол жабынын талқандайтын қосалқы құрылғысымен жабдықталған және бульдозердің, қар тазалағыштың және т.б. ауыстырмалы аспабы бар өзі жүретін дөңгелекті жол құрылысының машинасы.

Автомобиль жолының көпірі – рельссіз көлік құралдарының және жаяулардың жүруіне арналған көпір. Қалаларда трамвай жүретін көпірлерді де автомобиль жолы көпірінің қатарына жатқызады.

Автодром – спорттық жарыстар, автомобильдерді сынау және жүргізушілердің тәжірибе алуы (үйренуі) үшін арнайы жабдықталған жолдары бар аумақ. Автодром құрамына сондай-ақ, көрермендер мінбелері, автомобильдерді техникалық күтуге арналған бөлмелер, гараждар және т.б. енеді.

Блок-контейнерлі типті автожанармай құю

4

типа – комплекс зданий, наземных резервуаров и других сооружений, выполненных в виде блокконтейнеров, предназначенных для приема, хранения и заправки нефтепродуктами автомототехники.

Автозаправочная станция стационарного типа

комплекс зданий, подземных и наземных резервуаров и других сооружений, предназначенных для приема, хранения и заправки нефтепродуктами автомототехники.

Автокар – безрельсовая самоходная тележка с двигателем и грузовой платформой. Применяется для механизации погрузочно-разгрузочных работ. Нередко оборудуется подъемными платформами, грузоподъемными кранами и др.

Автоклав – герметичный аппарат (плотно закрывающийся котел) для проведения различных физико-химических процессов при нагревании и повышенном давлении.

Автоклавные материалы – строительные материалы и изделия на основе силикатных вяжущих (извести, цементов и их смесей) и неорганических заполнителей (кварцевого песка), твердеющие при повышенной температуре и давлении.

Автомагистраль, автострада – автомобильная дорога обычно большой протяженности, с высокой пропускной способностью и разделительной полосой для разобщения встречных транспортных потоков, не имеющая пересечений на одном уровне с другими путями.

Автоматизация – применение автоматических технических средств и систем управления, освобождающих человека частично или полностью от непосредственного участия в процессах получения, преобразования, передачи и использования энергии, материалов или информации. Автоматизируются: производственные процессы, процессы расчета, проектирования, обработки статистических данных, планирования, управления и многое другое.

Автоматизация проектирования – применение средств вычислительной техники и оргтехники при проектировании приборов, машин, систем, сооружений и т.п. Автоматизация проектирования позволяет повысить качество конструкторской документации и существенно сократить сроки проектирования.

Автоматизация производства – способ организации производства, при котором функции управления и контроля, ранее выполнявшиеся человеком, передаются автоматическим устройствам. Осуществляется путем перевода технологии на использование автоматизированных агрегатов, механизмов, промышленных роботов и робототехнических комплексов, автоматических линий и т.п.

Автоматизированная система проектирования -

совокупность математических методов

СНиП РК 1.01-32-2005

станциясы – жерүстілік резервуарлар және мұнай өнімдерін автомототехникаға құюға, сақтауға, қабылдауға арналған блокконтейнерлер түрінде жасалған өзге де ғимараттар кешені.

Стационарлық типтi жанармай станциялары

автомототехникаға мұнай өнiмдерiн құю, сақтау және қабылдауға арналған жерасты мен жерүстілік резервуарлар және басқа да құрылыс ғимараттарының кешенi.

Автокар – қозғалтқышы және жүк платформасы бар рельссіз өзі жүретін арба. Тиеу-жүк түсіру жұмыстарын механикаландыру үшін пайдаланылады. Көтеру платформаларымен, жүккөтергіш крандармен және т.б. жиірек жабдықталады.

Автоклав – қыздыру және жоғары қысым кезінде түрлі физикалық-химиялық процестерді жүргізуге арналған герметикалық аппарат (тығыз жабылатын қазандық).

Автоклав материалдары – силикат тұтқырғыштары (әк, цемент және олардың қоспалары) және органикалық емес толықтырғыштары (кварцты құм) негізіндегі жоғары температура мен қысым жағдайында қатаятын құрылыс материалдары мен бұйымдары.

Автомагистраль, автострада – бір деңгейде басқа жолдармен қиылыспайтын, өткізу мүмкіндігі жоғары және көліктердің қарсы ағынын оңашалау үшін бөлуші жолақтары бар үлкен ұзындықтағы автомобиль жолы.

Автоматтандыру – энергияны, материалдарды немесе ақпараттарды пайдалану, беру, өзгерту, алу процесстерінде адамды тікелей қатысудан жарым-жартылай немесе толық босататын автоматикалық техника құралдарының және басқару жүйелерінің қолданылуы. Өндіріс процестері, есептеу процестері, жобалау, статистикалық мәліметтерді әзірлеу, жоспарлау, басқару және басқа да көп әрекеттер автоматтандырылады.

Жобалауды автоматтандыру – құралдарды,

машиналарды, жүйелерді, имараттарды т.с. жобалауда есептеу техника құралдарының және ұйымдастыру техникаларының қолданылуы. Жобалаудың автоматтандырылуы конструкторлық құжаттардың сапасын көтеруге және жобалаудың уақытын елеулі қысқартуға мүмкіндік тудырады.

Өндірісті автоматтандыру - бұрын адам орындайтын басқару және бақылау функцияларын автоматтандырылған құрылғыларға беру арқылы өндірісті ұйымдастыру тәсілі. Автоматтандырылған агрегаттарды, механизмдерді, өнеркәсіптік роботтарды және робототехникалық кешендерді, автоматтандырылған линияларды және т.с.с. технологияларды пайдалануға беру арқылы іске асырылады.

Жобалаудың автоматтандырылған жүйесі –

нысандардың жобалау сметалық құжаттарын

5

технических средств (ЭВМ, средств связи, устройств отображения информации и т.д.) и организационных комплексов, обеспечивающих рациональную разработку проектно-технической, сметной документации объектов в соответствии с заданием.

Автоматизированная система управления (АСУ)

– совокупность математических методов, технических средств (ЭВМ, средств связи, устройств отображения информации и т.д.) и организационных комплексов, обеспечивающих рациональное управление сложным объектом (процессом) в соответствии с заданной целью.

Автоматизированная система управления строительством (АСУС) – совокупность административных, организационных, экономико-математических методов, средств вычислительной техники, оргтехники и средств связи, взаимосвязанных в процессе своего функционирования для принятия соответствующих решений и проверки их исполнения.

Автоматизированное рабочее место (АРМ)

рабочее место оператора, диспетчера, конструктора, технолога и др., оснащенное средствами вычислительной техники (ПК) для автоматизации процессов переработки и отображения информации, необходимой для выполнения производственного задания.

Автоматическая линия – комплекс рабочих машин и вспомогательного оборудования, автоматически выполняющих в определенной технологической последовательности и с заданным ритмом весь процесс изготовления или переработки продукта производства или его части.

Автоматический пожарный извещатель –

пожарный извещатель, реагирующий на факторы, сопутствующие пожару.

Автоматическое управление – поддержание нормального функционирования управляемого объекта (машины, прибора, системы и др.) в соответствии с заданным алгоритмом без непосредственного участия человека. Осуществляется с помощью технических средств, обеспечивающих автоматический сбор, хранение, передачу и переработку информации, а также формирование управляющих воздействий (сигналов) на объект управления.

Автомобилеразгрузчик, автомобилеопрокидыватель – устройство для выгрузки сыпучих грузов (зерна, щебня, гравия и др.) из кузовов бортовых автомобилей.

Автомобильная дорога – дорога,

предназначенная главным образом для безопасного и удобного движения автомобилей. Основные элементы автомобильной дороги: земляное полотно, проезжая часть с дорожной одеждой, обочины для временной остановки автомобилей.

Автомобильный кран, автокран – самоходная погрузочно-разгрузочная машина,

СНиП РК 1.01-32-2005

тапсырысқа сәйкес тиімді әзірлеуді қамтамасыз ететін математикалық әдістердің, техникалық құралдардың (ЭЕМ, байланыс тәсілдері, ақпаратты бейнелейтін құрылғылар және т.с.с.) және ұйымдастыру кешенінің жиынтығы.

Басқарудың автоматтандырылған жүйесі

(БАЖ) – күрделі нысанды (процесті) қойылған мақсатқа сәйкес тиімді басқаруды қамтамасыз ететін математикалық әдістердің, техникалық құралдардың (ЭЕМ, байланыс тәсілдері, ақпаратты бейнелейтін құрылғылар және т.с.) және ұйымдастыру кешенінің жиынтығы.

Құрылысты басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ҚБАЖ) – тиісті шешім қабылдауға және оның орындалуын тексеруге арналған өзінің істеу процесіндегі өзара байланыстағы әкімшілік, ұйымдастырушылық, экономикалық-математикалық әдістерінің, есептеу-техникалық құралдарының ұйымдастыру, техниканың және байланыс құралдарының жиынтығы.

Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) -

өндірістік тапсырманы орындауға қажет ақпаратты өңдеу және бейнелеу процестерін автоматтандыру үшін есептеу техникасы құралдарымен (ЖК) қамтамасыздандырылған оператордың, диспетчердің, конструктордың, технологтың және т.б. жұмыс орны.

Автоматтандырылған желі – өндіріс өнімін немесе оның бөлігін бүкіл дайындау немесе қайта өңделу процесін белгілі технологиялық жүйелілікпен және тапсырманың ырғағымен өзі автоматты түрде орындайтын жұмыс машиналарының және көмекші жабдықтардың кешені.

Автоматты өртті хабарлаушы - өртке ілеспелі факторларді қабылдап өртті хабарлаушы.

Автоматты басқару – тікелей адамның қатынасуынсыз берілген алгоритмге сәйкес басқарылатын нысанның (машиналардың, аспаптардың, жүйелердің және т.б.) қалыпты қызмет атқаруын қолдау. Ақпаратты автоматты жинау, сақтау, беру және әзірлеумен қамтамасыздандыратын техникалық құралдардың көмегімен, сондай-ақ басқару нысанына басқару ықпалын (сигналдарын) қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.

Автомобильден түсіргіш, автомобильден аударғыш – бортты автомобильдің шанағынан сусымалы жүкті (түйірлерді, қиыршықтастарды, малтатастарды және т.б.) түсіруге арналған құрылғы.

Автомобиль жолы – ең алдымен автомобильдердің қауіпсіз және ыңғайлы жүруіне арналған жол. Автомобиль жолының негізгі бөлшектері: жер төсемі, жамылғысы бар жүру жолағы, автомобильдердің уақытша тоқтауына арналған жол жағасы.

Кран орнатылған автомобиль, автокран –

автомобильдің шассиінің үстіне жинақталған

6

смонтированная на автомобильном шасси, с рабочим органом в виде поворотной консольной стрелы.

Автомобильный полигон – участок местности,

оборудованный для испытаний автомобилей.

Автомобильный транспорт – транспорт,

осуществляющий перевозку грузов и пассажиров по дорогам с различными видами покрытий, а также в условиях бездорожья.

Автономная (индивидуальная) котельная

котельная, предназначенная для теплоснабжения одного здания или сооружения.

Автопогрузчик – самоходная подъемнотранспортная машина с приводом от двигателя со сменным рабочим оборудованием (ковшами, вилочными захватами и др.); служит для погрузки, разгрузки, укладки в штабеля и перемещения штучных и сыпучих грузов.

Автостоянка открытого типа — сооружение без наружных стеновых ограждений или открытое, по крайней мере, с двух противоположных сторон. Сторона считается открытой, если общая площадь отверстий, распределенных по стороне, составляет не менее 50 % наружной поверхности этой стороны в каждом ярусе (этаже).

Автостоянки с пандусами (рампами) —

сооружения, которые имеют ряд постоянно повышающихся (понижающихся) полов или ряд соединительных пандусов между полами, которые позволяют автомашине на своей тяге перемещаться от и на уровень земли.

Агломерат – рыхлые скопления обломков горных пород.

Агломерация – фактическое слияние многих городов и населенных пунктов.

Агрессивная среда – среда, воздействие которой вызывает коррозию строительного материала в изделии или конструкции.

Агрессивное воздействие – воздействие агрессивной среды, вызывающей коррозию строительного материала.

Адаптация (в технике) – способность технических устройств или систем приспосабливаться к изменяющимся внешним воздействиям или (и) к изменениям собственной структуры либо алгоритма функционирования.

Адгезия – сцепление (слипание) разнородных твердых или жидких тел, соприкасающихся своими поверхностями.

Административный штраф – штраф, налагаемый налоговым органом на плательщика, который не подал в срок налоговую декларацию или вообще не подал ее, не заплатил в срок причитающийся налог или вообще не заплатил его, а также совершил другие нарушения. Штраф обычно взымается в виде твердой надбавки или определенного процента от причитающегося налога.

Адресант – 1) отправитель почты или телеграфный отправитель; 2) грузоотправитель.

СНиП РК 1.01-32-2005

бұрылатын аспа жебелі жұмыс құрылғысы бар өзі жүретін, жүк тиейтін-түсіретін машина.

Автомобиль полигоны – автомобильдерді сынақтан өткізу үшін жабдықталған жер телімі.

Автомобиль көлігі - әр түрлі жабынды жолдармен, сондай-ақ жолсыз жағдайларда жүктер мен жолаушыларды тасуды жүзеге асыратын көлік.

Дара (жеке) қазандық – жеке ғимаратты немесе имаратты жылумен жабдықтауға арналған қазандық.

Автотиегіш – қозғалтқыштан жетегі мен ауыстырмалы жұмыс құрылғысы (шөміштері, айыр қармауыштары және т.б.) бар өзі жүретін көтергіш-тасымалдаушы машина; тиеу, жүк түсіру, қатарға қалау және дара немесе сусымалы жүктерді бір жерден бір жерге ауыстыру үшін қызмет етеді.

Ашық типті автотұрақ – сыртқы қабырғасы қоршаусыз немесе тым болмағанда, екі қарамақарсы жақтары ашық имараттар. Бетке таратылған тесіктердің жалпы аумағы сол беттің сыртқы аумағының 50%-нан әр қабатта артық болса ғана бет ашық деп есептелінеді.

Көлбеушелері (жарыққалқандары бар)

автотұрақтар – автомашиналарға жер бетінен көтерілуіне және түсуіне мүмкіндік туғызатын ұдайы көтерілетін (төмендейтін) еден немесе еден араларында көлбеу еңістер қатарлары бар имараттар.

Агломерат – тау жыныстары сынықтарының борпылдақ жинақтары.

Агломерация – көптеген қалалар мен елді мекендердің шын мәнінде бірігуі.

Жеміргіш орта – бұйымдарда немесе құралымдарда құрылыс материалының тоттануын тудыратын әсерлі орта.

Жеміргіш әсер – құрылыс материалының тоттануын тудыратын ортаның жеміргіш әсері.

Бейімделу (техникада) – сыртқы әсерлердің өзгеруіне немесе (және) өзінің құрылымының не қызмет атқару алгоритмінің өзгеруіне техникалық жабдықтардың немесе жүйелердің бейімделу қабілеттілігі.

Адгезия – әр текті қатты немесе сұйық денелердің беттерімен өзара ілінісуі (жабысуы).

Әкімшілік айыппұл – салық мағлұмдамасын мерзімінде бермеген немесе мүлде бермеген, тиісті салықты уақытында төлемеген немесе мүлде төлемеген, сондай-ақ басқа да жолсыздық жасаған төлеушіге салық органы салатын айыппұл. Айыппұл әдетте, тұрақты үстеме немесе тиесілі салықтың белгілі бір пайызы түрінде өндіріліп алынады.

Адресант – 1) пошта жөнелтуші немесе телеграф жөнелтімдерін жолдаушы адам; 2)

7

Адресат – получатель отправленного груза, товара, письма.

Аквариум – специальные резервуары (застекленные ящики и банки, крупные бассейны), приспособленные для содержания водных животных и растений.

Акведук, мост-водовод – сооружение в виде моста или эстакады с водоводом (трубой, лотком, каналом); строят в местах пересечения водовода с оврагом, ущельем, рекой, дорогой и др.

Аккредитование – открытие кредита для какоголибо учреждения, его лица.

Активные красители – красители, обладающие способностью образовывать прочную химическую связь с волокном.

Активный ил – ил, образующийся при очистке сточных вод в аэрационном бассейне (аэротенке) из частиц, не задержанных первичным отстойником, и адсорбирующих коллоидных веществ с размножающимися на них микроорганизмами.

Активы – учетная категория, включающая стоимость собственного имущества рыночного субъекта, а также средства и запасы, предназначенные для уплаты задолженности.

Активы предприятия (организации) – все активы,

используемые для предпринимательской деятельности.

Акустика – звуковая (акустическая) характеристика какого-либо помещения.

Акустические материалы – материалы,

предназначенные для снижения шума и создания оптимальных условий слышимости в помещении; подразделяются на звукопоглощающие и звукоизоляционные.

Акционер – владелец акций акционерного общества, приобретая которые он становится его членом. Акционер имеет право участвовать в общих собраниях, избирать и быть избранным в руководство акционерного общества, получать свою долю прибыли общества (в виде дивиденда) и часть имущества (в размере стоимости акции) при ликвидации общества, в то же время акционер отвечает по обязательствам общества своей долей капитала, представленного в стоимости его акций.

Акционерное общество – юридическое лицо,

выпускающее акции с целью привлечения средств для осуществления своей деятельности.

Акция – ценная бумага, выпускаемая акционерным обществом и удостоверяющая право на участие в управлении акционерным обществом, получение дивиденда по ней и части имущества акционерного общества при его ликвидации.

Алебастр – 1) одно из названий строительного гипса; 2) природный гипс в виде тонкозернистого агрегата снежно-белого цвета (гипсовый камень); сырье для получения полуводного (строительного) гипса путем обжига при 140180оС.

Алкидные лаки – растворы алкидных смол в органических растворителях. Применяются в

СНиП РК 1.01-32-2005

жүк жөнелтуші.

Адресат – поштаны, тауарды және жөнелтілген жүкті алушы.

Аквариум – су жануарлары мен өсімдіктерін ұстау үшін бейімделген арнайы қоймалар (шыныланған жәшіктер мен банкалар, ірі бассейндер).

Арна көпір – көпір немесе суарнасы (құбыры, науасы, арнасы) бар эстакада тәрізді имарат; суарнасы саймен, шатқалмен, өзенмен, жолмен және т.б. қиылысқан жерде салынады.

Аккредитивтеу – қандай да бір мекеме, оның жеке тұлғасы үшін несие ашуы.

Әсерлі бояғыштар – талшықпен берік химиялық байланыс туғызатын қасиеті бар бояғыштар.

Әрекетті лай – ағын суды аэрациялық бассейнде (аэротенкте) тазартқандағы бірінші деңгейдегі тұндырғыш бөгемеген түйіршіктерден және көбейетін микроорганизмдері бар сіңіруші коллоидтық заттардан түзілген лай.

Активтер – есепке алу категориясы, құрамына нарық тұлғасының жекеменшікті мүліктерінің құны, сондай-ақ қарыздарды төлеуге арналған қаржы мен қорлары кіреді.

Кәсіпорынның (ұйымның) активтері

кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын барлық активтер.

Акустика – қандай да бір бөлмелердің дыбыстық (акустикалық) сипаттамасы.

Акустикалық материалдар – шуды азайту және бөлмеде естілу жағдайын тиімді жасау үшін арналған материалдар; дыбыссіңірушілерге және дыбысоқшалауғыштарға ажыратылады.

Акционер – акционерлік қоғамның акциялар иесі, акция иемдену арқылы акционерлік қоғамның мүшесі болады. Акционер жалпы жиналысқа қатысуға, акционерлік қоғамның басшылық қызметіне сайлануға және сайлауға, қоғам таратылғанда өзіне тиісті түсім үлесін алуына (дивиденд ретінде) хұқы бар, сонымен бірге акционер акцияның құны ретіндегі өзінің капитал үлесіне қоғамдағы міндеттемесі бойынша жауап береді.

Акционерлік қоғам - өзінің қызметін атқару үшін қаражат келтіру мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға.

Акция – акционерлік қоғамның шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатынасуға, акционерлік қоғам таратылғанда оның мүліктерінің бөлігін және дивидендін алуға құқығын куәландыратын құнды қағаз.

Алебастр – 1) құрылыстық гипс атауларының бірі; 2) түсі қардай ақ ұнтақталған агрегат тәрізді табиғи гипс (гипс тасы); 140-180оС күйдіру арқылы жартылайсулы (құрылыс) гипсін алу үшін арналған шикізат.

Алкид лактары – органикалық еріткіштердегі алкид шайырларының ерітіндісі. Тоттануға

8

качестве антикоррозионных и атмосферостойких покрытий для защиты и отделки различных изделий из дерева и металла, приготовления эмалевых красок и грунтовок.

Алюминиевые конструкции - строительные конструкции, основным материалом которых служат алюминиевые сплавы или технический алюминий.

Алюминирование – нанесение на поверхность металлических изделий алюминия или сплавов на его основе с целью защиты изделий от коррозии, улучшения внешнего вида, придания им специальных физико-химических свойств.

Аминопласты, карбамидные пластики

пластмассы на основе мочевино- и меламиноформальдегидных смол. Прочные, трудногорючие, светостойкие, легко окрашиваемые материалы с хорошими физикомеханическими и электроизоляционными свойствами. Аминопласты используют в качестве отделочных, тепло- и звукоизоляционных материалов в строительстве.

Аммонийная коррозия бетона – коррозия бетона

врезультате его взаимодействия с растворами солей аммония.

Амортизатор – устройство для смягчения ударов

вмашинах, сооружениях с целью уменьшения их колебаний и защиты от воздействия динамических нагрузок.

Амортизационные отчисления – право на уменьшение дохода на амортизационные отчисления предоставляется в знак признания факта уменьшения стоимости средств производства в течение срока их службы. Благодаря предоставлению права на амортизационные отчисления стоимость основного средства распределяется на несколько лет таким образом, что на каждый год приходится соответствующая часть его стоимости.

Амортизационный срок – срок полного погашения стоимости средств производства за счет амортизационных отчислений. Амортизационный срок регулируется государством.

Амортизационный фонд – денежные средства,

предназначенные для просмотра и расширенного производства основных фондов; имеет двойную экономическую природу, т.е. одновременно обслуживает процесс износа основных фондов и процесс их расширенного воспроизводства.

Амортизация – постепенное перенесение стоимости основных фондов на производимые с их помощью товары или услуги; целевое накопление денежных средств и их последующее применение для возмещения изношенных фондов. В процессе использования основные фонды подвергаются износу, теряют свою потребительскую стоимость. После реализации производственной продукции часть выручки

СНиП РК 1.01-32-2005

қарсы және атмосфера әсеріне тұрақты жабын ретінде ағаштан және металдан жасалған әртүрлі бұйымдарды қорғау және әрлеу, эмаль бояулары және астарламаларды дайындау үшін қолданылады.

Алюминий құралымдар – негізгі материалдары болып алюминий қорытпалары немесе техникалық алюминий қызмет ететін құрылыстық құралымдар.

Алюминийлеу – бұйымдарды тоттанудан сақтау, сыртқы көрінісін ажарлау, оларға арнайы физика-химиялық қасиеттерді беру үшін алюминийді немесе оның негізіндегі қорытпаларды металл бұйымдардың беттеріне түсіру.

Аминопластар, карбамид пластиктері – несеп және меламиноформальдегид шайырлары негізіндегі пластмассалар. Жақсы физикалықмеханикалық және электроқшалауғыш қасиеттері бар, беріктігі мол, қиын жанатын, күнге тұрақты, жеңіл боялатын материалдар. Аминопластарды құрылыста әрлеу, жылу және дыбысоқшалауғыш материалдар ретінде пайдаланады.

Бетонның аммонийлық тоттануы – аммоний тұздарының ерітінділерімен әрекеттесу нәтижесіндегі бетонның тоттануы.

Бәсеңдеткіш – машиналардағы, құрылыстардағы соққыларды жұмсарту мен олардың тербелісін азайтуға және динамикалық жүктемелердің әсерінен қорғауға арналған құрылғы.

Амортизациялық аударым – табысты амортизациялық аударымға азайту құқығы, өндіріс құрал-жабдығының құнын оның бүкіл жұмыс істеу мерзімі бойына азайту фактісін мойындау белгісі ретінде беріледі. Амортизациялық аударым құқығын берудің арқасында негізгі құрал-жабдықтың бағасы оның құнының тиісті бөлігі әр жылға тура келетіндей етіп бірнеше жылға бөлінеді.

Амортизациялық мерзім – өндіріс құрал-

жабдықтарының құнын бөлінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеу үшін қажет мерзім. Амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады.

Амортизациялық қор – негізгі қорларды қарауға және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты; экономикалық табиғаты екі жақты, яғни бір мезгілде тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесін және оларды кеңейте көбейту процесін қамтамасыз етеді.

Амортизация – негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру; ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану. Пайдалану процесінде негізгі қорлар тозады, өзінің тұтыну құнын жоғалтады. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бір бөлігі

9

зачисляется в специальный амортизационный фонд, предназначенный на восстановление (реновацию) основных фондов.

Амортизация (в технике) –поглощение

(смягчение) ударов, вибраций и т.п. в машинах и сооружениях.

Ангар – сооружение для стоянки, технического обслуживания и ремонта летательных аппаратов.

Анкер – деталь (анкерная плита, анкерный фундамент, анкерный болт и т.п.) для скрепления элементов сооружений и машин.

Анкерная плита – металлическая плита, закладываемая в основание фундамента сооружения и служащая для предохранения фундамента от разрушения головкой анкерного болта.

Анкерный болт – болт с прямоугольной головкой, вставляемый в отверстие анкерной плиты и поворачиваемый на 90о вокруг вертикальной оси.

Антаблемент – балка перекрытия, обычно лежащая на колоннах; верхняя часть архитектурного ордера: состоит из архитрава, фриза и карниза.

Антикоррозионные покрытия – тонкослойные покрытия на изделиях и конструкциях для защиты от коррозионного воздействия внешней среды и придания изделиям декоративного вида. Основные виды антикоррозионных покрытий: металлические, лакокрасочные, стеклоэмали, оксидные пленки, резиновые пленки, пластмассовые и битумные смазки.

Антипирены – вещества или смеси, предохраняющие материалы от воспламенения и самостоятельного горения. Антипирены наносят на поверхность изделий в составе красок или (и) используют в виде растворов, которыми пропитывают материал.

Антипирирование древесины – глубокая или поверхностная пропитка древесины раствором химических веществ или смесей (антипиренов) с целью повышения ее сопротивляемости воздействию огня.

Антисептирование – обработка химическими веществами (антисептиками) различных неметаллических материалов (древесины и изделий из нее, пластмасс и др.) с целью улучшения их биостойкости и повышения срока службы конструкций.

Антисептические средства, антисептики

химические вещества, обладающие противомикробным действием, придающие устойчивость против гниения материалов.

Антресоль площадка внутри здания, на которой размещены помещения различного назначения (производственные, административнобытовые или для инженерного оборудования): 1)

СНиП РК 1.01-32-2005

негізгі қорларды қалпына келтіруге (реновация) арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады.

Амортизация (техникада) –машиналарда және ғимараттарда соққыны, дірілдеуді және т.с.с. өшіру (жұмсарту).

Ангар – ұшу аппараттары тұруға, техникалық қызмет қабылдауына және жөнделуіне арналған имарат.

Анкер – имараттар мен машиналардың элементтерін байланыстыруға арналған бөлшек (анкерлік тақта, анкерлік іргетас, анкерлік бұрандама және т.б.).

Анкерлік тақта – имараттың іргетасының негізіне салынатын және іргетасты анкерлік бұрандамасының басымен бұзуынан сақтау үшін қойылатын металл тақта.

Анкерлік бұрандама – анкерлік тақтаның тесігінен өткізіліп тік білікті 90о айнала бұралып орнатылатын тікбұрышты басы бар бұрандама.

Сәнмаңдайша - әдетте ұстынға орналасқан аражабын арқалығы; сәулет ордерінің үстіңгі бөлігі: архитрав, фриз және карнизден тұрады.

Тоттанудан қорғайтын жабындар – сыртқы ортаның тоттандыратын әсерінен қорғау және бұйымдарға сәндік көрініс беру үшін жасалатын бұйымдар мен құралымдардың жұқа жабындары. Тоттанудан қорғайтын жабындардың негізгі түрлері: металл сырлы бояу, шыныэмаль, оксидтық пленкалар, резеңке пленкалар, пластмасса және битум майлары.

Антипирендер – материалдарды тұтанудан және өзінен өзі жануынан сақтандырушы заттар мен қоспалар. Антипирендерді бояулардың құрамында бұйымдардың бетіне жағады немесе (және) материалдарға сіңдірілетін қоспалар түрінде пайдаланады.

Ағаштарды антипирендеу – оттың әсеріне төзімділігін үлғайту үшін ағаштарға химиялық заттардың (антипирен) ерітіндісін не қоспасын толық немесе үстүртін сіңіру.

Антисептиктеу – түрлі металл емес материалдардың (ағашты және одан жасалған бұйымдарды, пластмассаны және т.б.) биотөзімділігін және құралымдардың пайдалану мерзімін ұзарту мақсатымен химиялық заттарды (антисептиктермен) өңдеу.

Антисептиктік заттар, антисептиктер – шіруге қарсы материалдардың тұрақтылығын күшейтетін, микробтардың әсеріне қарсы тұратын химиялық заттар.

Антресоль – түрлi мақсатта пайдаланылатын бөлмелер (өндiрiстiк, әкiмшiлiк-тұрмыстық немесе инженерлiк жабдықтарға арналған) орналасқан ғимарат iшiндегi алаң: 1) тұрғын

10

в жилом доме – полка под потолком квартиры для размещения объемных и редко востребуемых вещей; 2) полуэтаж, занимающий верхнюю часть высокого помещения жилого, общественного или производственного здания, увеличивающий полезную площадь помещения.

Анфилада, анфиладное построение – ряд залов,

комнат, последовательно примыкающих друг к другу, дверные проемы которых расположены на одной оси, что создает при открытых дверях сквозную перспективу в интерьере и облегчает доступность для маломобильных лиц.

Апсида, абсида – выступ здания, полукруглый, граненый или прямоугольный в плане, перекрытый полукуполом или сомкнутым полусводом.

Арболит – легкий бетон, состоящий из смеси органических заполнителей, минерального вяжущего и воды.

Аргиллит – осадочная горная порода, образовавшаяся в результате уплотнения, обезвоживания и цементации глин.

Аренда – право временного владения и пользования определенным в договоре имуществом за плату (ГК РК ст. 540).

Арендатор – юридическое или физическое лицо, принимающее имущество в аренду.

Арендная плата – производимые в течение срока аренды регулярные платежи арендатора арендодателю за сданное в аренду имущество.

Арендодатель – собственник имущества или орган (лицо), уполномоченный законодательным актом или собственником сдавать имущество внаем.

Арка – криволинейное перекрытие проема в стене или пространство между двумя опорами (столбами, колоннами и др.).

Аркада – ряд одинаковых арок, опирающихся на столбы или колонны.

Аркатура – ряд декоративных ложных арок на фасаде здания или на стенах внутренних помещений.

Аркбутан – подпорная наружная каменная полуарка, передающая распор свода опорным столбам – контрфорсам, что позволяет значительно уменьшить площадь поперечного сечения внутренних опор и увеличить полезный объем здания.

Арматура – устройства и детали, не входящие в состав основного оборудования, но обеспечивающие его нормальную работу. Различают арматуру трубопроводную, электротехническую, печную и т.д.

Арматура (в конструкциях) – элементы усиления,

включенные в материал строительных конструкций.

Арматура железобетонных конструкций

составная часть железобетонных конструкций для восприятия главным образом растягивающих усилий и создания предварительных напряжений. Распространение получили стальная арматура

СНиП РК 1.01-32-2005

үйде көлемді және сирек қолданылатын заттарды қою үшін пәтердің төбесінен төмен жасалынатын сөре; 2) бөлменің пайдалы ауданын көбейтетін тұрғын, қоғамдық немесе өндірістік ғимараттың биік бөлмесінің жоғарғы бөлігінде орналасатын жартылай қабат.

Анфилада, анфиладалық құрылым – есіктері ашық болса интерьерде алшақтық көрініс тудыратын және мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға жүруін жеңілдететін, есіктерінің ойықтары бір бағытта орналасқан бір біріне жалғасатын залдар, бөлмелер қатары.

Апсида, абсида – жартылай күмбезбен немесе иілген тоғыспамен жабылған, жайғасымында жартышеңберлі, қырлы немесе тікбұрышты ғимараттың шығыңқы жері.

Арболит – органикалық толтырғыштардың, минералдық тұтқырғыштардың және судың қоспасынан тұратын жеңіл бетон.

Аргиллит – балшықтардың тығыздалынғанынан, сусызданғанынан және цементтелуінен пайда болған шөгінді тау жынысы.

Жал – жалға беру шартта көрсетілген ақыға мүлікті уақытша иемдену мен пайдалану құқығы.

Жалгер – мүлікті жалға алушы заңды немесе жеке тұлға.

Жалдау ақысы – жалға берілген мүлік үшін жалдау мерзімі ішінде жалға берушіге жалға алушының тұрақты төлейтін төлемдері.

Жалға беруші – мүлікті жалға беруге өкілеттілігі заңды актімен немесе мүлік иесімен бекітілген меншік иесі немесе орган(тұлға).

Арка – қабырғадағы ойықтың немесе екі тіректердің (діңгектердің, ұстындардың және т.б.) аралығындағы кеңістіктің қисық сызықты аражабыны.

Аркада – діңгектерге немесе ұстындарға тірелген бірдей аркалардың қатары.

Аркатура – ғимараттың қасбетіндегі немесе ішкі бөлмелерінің қабырғасындағы әшекейлік жалған аркалардың қатары.

Аркбутан – тоғыспа кермесінің күшін тіреу діңгектеріне – контрфорсына беретін тіреуші сырттағы тас жартылай арка, ішкі тіреулердің көлденең қимасының ауданын едәуір азайтуына мүмкіншілік береді және ғимараттың пайдалы көлемін ұлғайтады.

Арматура – негізгі жабдықтардың құрамына кірмейтін, бірақ оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін құрылғылар мен бөлшектер. Арматураларды құбырлық, электротехникалық, пештік және т.б. деп ажыратады.

Арматура (құралымдарда) – құрылыс құралымдары материалдарына енетін күшейту элементтері.

Темірбетон құралымының арматурасы – ең алдымен созатын күштерді қабылдау және алдын ала кернеуді тудыру үшін салынатын темірбетон құралымдары құрамының бөлшегі. Темірбетон құралымдарының болат

11

железобетонных конструкций (стержни, проволока, сетки, каркасы), а также стекловолокно, стеклопластики.

Арматура косвенная – поперечная (спиральная, кольцевая) арматура центрально-сжатых элементов железобетонных конструкций, предназначенная для повышения их несущей способности.

Арматура несущая – арматура железобетонных конструкций, способная воспринимать монтажные и транспортные нагрузки, возникающие при производстве работ, а также при нагрузке от собственного веса бетона и опалубки.

Арматурная сталь – сталь, усиливающая (армирующая) железобетонные конструкции.

Арматурные работы – комплекс работ по изготовлению, укладке в форму (опалубку) или установке на место бетонирования арматурных каркасов железобетонных конструкций.

Арматурный станок – машина для резки, сгибки и правки изделий из арматурной стали.

Армирование – усиление материала или конструкции элементами (арматурой) из другого, более прочного материала.

Армированное стекло – листовое силикатное стекло с запрессованной при формовании металлической сварной сеткой из стальной проволоки.

Армированные пластики – пластмассы,

содержащие в качестве упрочняющего наполнителя волокнистые материалы в виде нитей, жгутов, тканей и др.

Армокаменные конструкции –

строительные

конструкции

(перекрытия,

стены, столбы,

простенки и

др.), выполненные из камней или

кирпичной кладки со стальной арматурой (сетки, стержней, проволоки).

Армоцементные конструкции – тонкостенные

(толщиной 15-20 мм) конструкции из мелкозернистого бетона, армированного частыми ткаными или сварными сетками из тонкой проволоки.

Арочная плотина – криволинейная в плане (в виде арки) плотина, прочность которой обеспечивается в основном ее работой как свода с передачей горизонтального давления воды берегам реки или устоям (крайним опорам).

Арочный мост – мост с пролетными строениями, основными несущими конструкциями которых служат арки или своды, работающие на сжатие с изгибом.

Архитектура – искусство проектировать и строить сооружения и их комплексы в соответствии с назначением.

Архитектура малых форм – небольшие сооружения, используемые для организации

СНиП РК 1.01-32-2005

арматурасы (шыбықтары, сымдары, торлары, қаңкалары), сондай-ақ шыныталшықтар, шыныпластиктер кеңінен таралған.

Жанама арматура – темірбетон құралымдарының орталық сығылған элементтерінің төзімділік қасиетін арттыруға арналған көлденең (шиырма, сақиналы) арматура.

Көтергіш арматура – жұмыс істеліп жатқан кезде пайда болған жинақтау, тасымалдау жүктемелерді, сондай-ақ, бетон мен калыптың өздерінің салмағын көтере алатын темірбетон құралымдарының арматурасы.

Арматуралық болат – темірбетон құралымдарын күшейтетін (арматуралайтын) болат.

Арматуралау

жұмыстары

қалыпқа

(опалубкаға)

салу

немесе

темірбетон

құралымының

арматурадан

жасалған

каңкасының

бетондайтын

жеріне

орнықтыруды

дайындау

жұмыстарының

кешені.

 

 

 

 

Арматуралық білдек – арматуралық болаттан жасалған бұйымдарды кесуге, майыстыруға және түзетуге арналған машина.

Арматуралау – материалдарды немесе құрылымдарды басқа беріктігі артық материалдан жасалған элементтермен (арматурамен) күшейту.

Арматураланған шыны – қалыптау кезінде болат сымнан пісірілген металл тор қыспақтап салынған табақты силикат шыны.

Арматураланған пластиктер – беріктігін арттыратын толтырғышы жіп, жгут, мата және т.б. тәрізді талшықты заттар құрайтын пластмассалар.

Арматураланған тас құралымдар – болат арматурамен (торлармен, шыбықтармен, сыммен) қамтылған тасты және кірпіш қалаулардан тұратын құрылыс құралымдары (аражабындар, қабырғалар, діңгектер, аралықтар және т.б.).

Шегенделген цементтік құралымдар – жиі тоқылған немесе жіңішке сымнан пісірілген торлармен арматураланған ұсақ түйіршікті бетоннан жасалған жұқақабырғалы (қалыңдығы 15-20 мм) құралымдар.

Аркатәрізді бөгет – беріктігі тоғыспа тәрізді жұмыс атқаруы негізінде қамтамасызданып судың горизонталь қысымының өзен жағаларына немесе ұстындарына (шеткі тіреулеріне) берілісімен қамтылатын жайғасымындағы қисықсызықты (арка тәрізді) бөгет.

Аркатәрізді

көпір –

негізгі көтеретін

құралымдары

қысылып

майысумен қызмет

атқаратын аркалардан немесе тоғыспалардан тұратын аралық құралымдары бар көпір. Сәулет – имараттар мен олардың кешендерін тағайындауларына сәйкес жобалау және салу өнері.

Кіші пішіндер сәулеті – ашық кеңістіктерді ұйымдастыру үшін (фонтандар, баспалдақтар,

12

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]