Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sniprk1.01-32-2005r

.pdf
Скачиваний:
41
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
3.6 Mб
Скачать

зашиты от шума помещений, зданий и территорий населенных мест с использованием архитектурно-планировочных и строительноакустических (конструктивных) способов и средств.

Строительная геодезическая сетка –

геодезическая сеть в виде системы квадратов или прямоугольников, ориентированных параллельно большинству разбивочных осей сооружений.

Строительная индустрия – изготовление в промышленных условиях изделий для применения в качестве элемента строительных конструкций зданий и сооружений.

Строительная керамика – материалы и изделия из керамики, применяемые в строительстве.

Строительная конструкция – 1) часть здания или другого строительного сооружения, выполняющая определенные несущие, ограждающие и (или) эстетические функции; 2) часть здания, сооружения определенного функционального назначения (каркас здания, покрытие, перекрытие и др.), состоящая из элементов, взаимно связанных в процессе выполнения строительных работ.

Строительная площадка – производственная территория, выделяемая в установленном порядке для размещения строительных сооружений, а также машин, материалов, конструкций, производственных и санитарно-бытовых помещений и коммуникаций, используемых в процессе возведения строительных зданий и сооружений.

Строительная продукция – законченные строительством здания и другие строительные сооружения, а также их комплексы. Примечания: 1) применяемое на практике словосочетание «здания и сооружения» в Системе нормативных документов понимается как «здания и другие строительные сооружения»; 2) предметом рассмотрения в Системе нормативных документов в строительстве является строительная часть зданий и сооружений, а также инженерное оборудование, функцией которых является обеспечение нормальных условий для ведения соответствующих технологических процессов.

Строительная сталь – низкоуглеродистая сталь (содержит до 0,25%С с включением примесей до

0,055-0,06% S, до 0,07% Р), обладающая хорошей свариваемостью и удовлетворительными механическими свойствами без дополнительной термической обработки.

Строительная теплотехника – раздел строительной физики, изучающий процессы передачи теплоты и влаги и их влияние на другие физические процессы в зданиях, сооружениях и их конструкциях.

Строительная физика – комплекс научных дисциплин (разделов прикладной физики), изучающих физические процессы в ограждающих и других конструкциях, зданиях, сооружениях в зависимости от климатических условий и режима

СНиП РК 1.01-32-2005

әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, бөлмелерді, ғимараттарды және елді мекен аумақтарын шудан оқшаулау және шудан қорғау мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.

Құрылыстық геодезиялық тор –

құрылыстардың бөлгіш осьтерінің көбіне параллель орналастырылған шаршылар мен тік төртбұрыштардың жүйесі түріндегі геодезиялық желі.

Құрылыс индустриясы – ғимараттар мен имараттардың құрылыс құралымдарының бөлшегі ретінде пайдалануға арналған бұйымдарды өнеркәсіптік жағдайларда жасау.

Құрылыс керамикасы – керамикадан жасалған құрылыста пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар.

Құрылыстық құралым – 1) ғимараттың немесе өзге құрылыс имараттарының белгiлi бiр көтерушi, қоршаушы және (немесе) эстетикалық қызметтердi атқарушы бөлiгі; 2) құрылыс жұмыстарын орындау процесінде бір-бірімен байланыстырылған бөлшектерден тұратын ғимараттың, имараттың белгілі бір қызмет атқаратын бөлігі (ғимараттың қаңқасы, жабыны, аражабыны және т.б.).

Құрылыс алаңы – құрылысты жүргізуге, сондай-ақ ғимаратар мен имараттарды тұрғызу процесінде пайдаланылатын машиналарды, материалдарды, құралымдарды, өндірістік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен қатынастарды орналастыруға белгіленген тәртіпте бөлінетін аумақ.

Құрылыс өнімі – құрылысы біткен ғимараттар мен басқа да құрылыстар, сондай-ақ олардың кешендері. Ескертулер: 1) тәжірибе жүзінде қолданылып жүрген “ғимараттар мен имараттар” сөз тіркесі нормативтік құжаттар жүйесінде “ғимараттар мен басқа да құрылыстық имараттар” деп түсініледі; 2) құрылыстағы нормативтік құжаттар ғимараттар мен имараттардың құрылыстық бөлімі, сондай-ақ технологиялық процестерді жүргізудің жағдайларын жасауға арналған инженерлік жабдықтарды қарастырады.

Құрылыстық болат – жақсы пісірілетін және қосымша термиялық өңдеусіз қанағаттанарлық механикалық қасиеттері бар көміртегі төмен болат (0,055-0,06% дейін S, 0,07% дейін Р қосындылары бар 0,25% дейін С тұрады).

Құрылыстық жылу техникасы –

ғимараттардағы, имараттардағы және олардың құралымдарындағы жылу және ылғал өткізу процестері мен олардың басқа процестерге әсерін зерттейтін құрылыстық физиканың бөлімі.

Құрылыстық физика – қоршаушы және басқа да құралымдардағы, ғимараттардағы, имараттардағы климат жағдайлары мен пайдалану режиміне байланысты физикалық процестерді зерттейтін ғылым салаларының

203

эксплуатации.

Строительное изделие – 1) изделие,

предназначенное для применения в качестве элемента строительных конструкций зданий и сооружений; 2) элемент строительной конструкции (колонна, ферма, ригель, плита перекрытия, панель стены, арматурный каркас и др.), изготовляемый вне места его установки.

Строительное производство – выполнение комплекса подготовительных и основных строительно-монтажных и специальных строительных работ при возведении и реконструкции, техническом перевооружении, капитальном ремонте всех типов зданий и сооружений в любых климатических зонах.

Строительное сооружение – единичный результат строительной деятельности, предназначенный для осуществления определенных потребительских функций.

Строительно-технические свойства цемента –

совокупность свойств цемента, характеризующих его способность образовывать в результате твердения прочный и долговечный цементный камень.

Строительные материалы и изделия – природные

иискусственные материалы и изделия, применяемые при возведении и ремонте зданий и сооружений.

Строительные машины – машины,

предназначенные для выполнения подготовительных, планировочных, землеройнотранспортных и других работ при возведении зданий, мостов, прокладке дорог и т.п.

Строительные нормы и правила – нормативный документ в области строительства, принятый органом исполнительной власти и содержащий обязательные требования. Примечания: 1) строительные нормы и правила являются частным случаем технического регламента

(technical regulation); 2) в Системе нормативных документов в строительстве к области строительства относятся объекты нормирования

истандартизации.

Строительные нормы и правила (Building regulations) – государственный норматив в области архитектуры, градостроительства и строительства, принятый уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства и содержащий требования, обязательные для выполнения пользователями. Примечания: 1) строительные нормы и правила являются частным случаем технического регламента (technical regulation); 2) к

государственным нормативам в области архитектуры, градостроительства и строительства относятся объекты стандартизации и технического нормирования.

Строительный генеральный план – часть проекта организации строительства (ПОС), регламентирующая организацию строительной площадки.

Строительный материал – материал (в т.ч.

штучный), предназначенный для создания строительных конструкций зданий и сооружений, а также изготовления строительных изделий.

СНиП РК 1.01-32-2005

(қолданбалы физика бөлімдерінің) кешені.

Құрылыстық бұйым – 1) ғимараттар мен имараттардың құрылыстық құралымдарының бөлшектері ретінде пайдалануға арналған бұйым; 2) құрылыс құралымының орнатылатын жерден тыс жасалатын бөлігі (ұстын, беларқа, жабу тақтасы, қабырға панелі, арматуралық қаңқа және т.б.).

Құрылыстық өндіріс – кез-келген климаттық аймақтарда ғимараттар мен имараттардың барлық түрлерін тұрғызу және қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру кезінде дайындық және негізгі құрылыс-жинақтау жұмыстарын ың және арнайы құрылыс жұмыстарының кешенін жүргізу.

Құрылыстық имарат – белгілі бір тұтынушылық қызметке арналған құрылыс жұмыстарының бірлік нәтижесі.

Цементтің құрылыстық-техникалық қасиеттері

цементтің қату нәтижесінде берік және ұзақ мерзімге жарамды цемент тасына айналу қабілетін сипаттайтын қасиеттерінің жиынтығы.

Құрылыс материалдары мен бұйымдары –

ғимараттар мен имараттарды тұрғызғанда пайдаланатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар.

Құрылыс машиналары – ғимараттарды,

көпірлерді тұрғызғанда, жолдар салғанда және т.с.с. дайындық, жобалық, жер қазу, тасымалдау және басқа да жұмыстарды жүргізуге арналған машиналар.

Құрылыс нормалары мен ережелері –

атқарушы билік огандары қабылдаған, міндетті талаптар қоятын құрылыс саласындағы нормативтік құжат. Ескертулер: 1) құрылыс нормалары мен ережелері техникалық регламенттің (technical regulation) жеке жағдайы болып табылады; 2) құрылыстағы нормативтік құжаттардың жүйесінде құрылыс саласына нормалау және стандарттау нысандары жатады.

Құрылыс нормалары мен ережелері (Building regulations) – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өкілетті орган қабылдаған және пайдаланушылар орындауға міндетті талаптардан тұратын мемлекеттiк норматив. Ескертулер: 1) құрылыс нормалары мен ережелері техникалық регламенттің

(technical regulation) жеке жағдайы болып табылады; 2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттiк нормативтерге стандарттау және техникалық нормалау нысандары жатады.

Құрылыстың бас жоспары – құрылыс алаңын ұйымдастырудың тәртібін белгілейтін құрылысты ұйымдастыру жобасының (ҚҰЖ) бөлігі.

Құрылыс материалы – ғимараттар мен имараттардың құрылыстық құралымдарын құруға және құрылыс бұйымдарын жасауға арналған материал (соның iшiнде даналық).

204

Строительный подъем – небольшой выгиб выпуклостью наружу (обратный прогиб), придаваемый некоторым строительным конструкциям с целью повышения эксплуатационных и архитектурных качеств сооружений.

Строительство – 1) отрасль материального производства, в которой создаются основные фонды производственного и непроизводственного назначения; 2) комплекс производственных процессов, включающий строительные, монтажные, вспомогательные, транспортные работы, а также работы, связанные с восстановлением, реконструкцией и ремонтом зданий и сооружений, их разборкой и передвижкой.

Строительство капитальное – строительство и оснащение оборудованием новых или реконструкция (расширение, переоборудование) действующих предприятий, зданий и сооружений производственного и непроизводственного назначения, во всех отраслях народного хозяйства, производимое за счет централизованных государственных капитальных вложений, банковских кредитов, фондов расширения производства и части амортизационных отчислений, в результате которого осуществляется воспроизводство основных фондов.

Строительство полносборное – возведение зданий и сооружений из крупных элементов высокой степени заводской готовности.

Стройка – совокупность зданий и сооружений (объектов), строительство, расширение и реконструкция которых осуществляется, как правило, по единой проектно-сметной документации, на которую в установленном порядке утверждается отдельный титул стройки (или заменяющий его документ).

Струг – 1) землеройная машина непрерывного действия с рабочим органом в виде двух вертикальных щитов, образующих двугранный угол, расположенный в торцовых частях машины; 2) рабочее оборудование экскаваторов, служащее для выемки (срезки) тонких пластов полезных ископаемых в карьере; 3) рабочий орган струговой установки для подземной добычи полезных ископаемых.

Ступень эскалатора – часть лестничного полотна, предназначенная для размещения пассажиров.

Стык – место соединения двух сопрягаемых деталей, продолжающих одна другую.

Стык зон (модулей) геометрический – плоскость,

определяющая место стыковки двух смежных зон (модулей) эскалатора.

Стяжка (основание под покрытие) — 1) слой пола, служащий для выравнивания поверхности нижележащего слоя пола или перекрытия, придания покрытию пола на перекрытии заданного уклона, укрытия различных трубопроводов, распределения нагрузок по нежестким нижележащим слоям пола на пере-

СНиП РК 1.01-32-2005

Құрылыстық көтерілім – имараттың пайдалану және сәулет сапасын жоғарылату мақсатында кейбір құрылыс құралымдарын дөңес жағын сыртқа қаратып (қарсы майысым)азғантай майыстыру.

Құрылыс - 1) өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорлар құрылатын материалдық өндіріс саласы; 2) құрылыс жұмыстары, жабдықтарды орнату, қосалқы, тасымалдау жұмыстары, сондай-ақ ғимараттар мен имараттарды қайта тұрғызу, қайта құру және жөндеу, бұзу және қозғалтуға байланысты жұмыстардан тұратын оларды тұрғызу процесі.

Күрделі құрылыс – нәтижесінде негізгі қорлар ұдайы өндірілетін орталықтандырылған мемлекеттік күрделі қаржыландырулар, банк несиелері, өндірісті кеңейту қорлары мен амортизациялық аударымдардың бөлігі есебінен халық шаруашылығының барлық саласындағы өндірістік және өндірістік емес жаңа кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттарды салып, жабдықтау немесе істеп тұрған кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттарды қайта құру (кеңейту, қайта жабдықтау).

Толық жинақталған құрылыс – зауыттық дайындығы жоғарғы дәрежелі ірі бөлшектерден ғимараттар мен имараттарды тұрғызу.

Құрылыс – белгіленген тәртіпте бөлек құрылыс титулы (немесе оның орнына басқа құжат) бекітілетін салу, кеңейту және қайта салу жұмыстары, әдетте бір жобалық сметалық құжаттар бойынша жүргізілетін ғимараттар мен имараттардың (нысандардың) жиынтығы.

Струг – 1) екі вертикль қалқан түріндегі жұмыс органы машинаның ұшында орналасқан үзіліссіз жұмыс істейтін машина; 2) карьерден пайдалы қазбалардың жұқа қабаттарын алуға (кесіп алуға) арналған экскаватордың жұмыс органы; 3) пайдалы қазбаларды жер астынан шығарып алуға арналған стругтік қондырғының жұмыс органы.

Эскалатор басқышы – жолаушыларды орналастыруға арналған баспалдақ тақтасының бөлігі.

Түйісу орны – бірін-бірі жалғастыратын екі қосылатын бөлшектің қосылған жері.

Аймақтардың (модульдердің) геометриялық жігі – эскалатордың екі іргелес аймағының (модулінің) түйісу орнын анықтайтын жазықтық.

Тартпа (жабынның астындағы негіз) – 1) еден астындағы немесе аражабын қабатын тегістеуге, аражабынның үстіндегі еденге берілген еңіс жасауға, түрлі құбырларды жасыруға, аражабынның үстіндегі еденнің қатты емес қабаттарына жүктемелерді таратуға арналған еден қабаты; 2) жұпталған

205

крытии; 2) изделие, служащее для обеспечения плотного соединения створок спаренных дверей или окон; 3) тонкий и относительно прочный слой в многослойных конструкциях перекрытий и покрытий зданий, предназначенный для восприятия и передачи нагрузок на нижележащий слой тепло- и звукоизоляции.

Субподрядчик – специализированная подрядная организация, привлекаемая генеральным подрядчиком на договорных условиях для выполнения на строящемся объекте отдельных видов строительных, специальных строительных, ремонтных, монтажных работ.

Суглинок – поверхностные рыхлые континентальные отложения (грунты, почвы) бурого или желто-красного цвета, содержащие до 40% песка, до 30% глинистых частиц; пластичны.

Сульфатная коррозия бетона – коррозия бетона в результате взаимодействия цементного камня с сульфатами.

Сульфатостойкость цемента – способность цементного камня противостоять разрушающему действию водных сред, содержащих сульфатионы.

Суммы возвратные – суммы, учитываемые за итогом сводной сметы и включающие: амортизируемую в течение строительства часть стоимости временных зданий и сооружений за вычетом затрат на их капитальный ремонт в период строительства: ликвидную часть стоимости временных зданий и сооружений; стоимость материалов, получаемых от разборки сносимых и переносимых зданий и сооружений.

Супесь – поверхностная рыхлая песчаноглинистая осадочная порода (грунт).

Суффозия – вынос мелких минеральных частиц и растворенных веществ из почвы и грунта фильтрующейся с поверхности водой в толщу горных пород.

Сухая штукатурка – листовой отделочный материал, изготовленный на основе гипсобетона, облицован картоном.

Сухость глазури (просвет глазури) – утонченный слой глазури, не обнажающий черепок.

Сфера – поверхность шара, замкнутая поверхность, все точки которой одинаково удалены от одной точки (центра сферы).

Схватывание цемента – необратимая потеря подвижности цементным тестом в результате гидратации.

Схема – 1) изображение, описание, изложение чего-либо в общих, главных чертах; 2) чертеж, являющийся частью конструкторской документации, разъясняющий основные идеи, принципы и последовательность процессов при работе узла, прибора, устройства, установки, сооружения и т.д.; 3) термин, часто употребляемый в качестве синонима электронного или радиоэлектронного устройства.

Схема расчетная – упрощенное изображение конструкций здания или сооружения,

СНиП РК 1.01-32-2005

есіктер мен терезелердің жақтауларын нығыздап жабылуын қамтамасыз ететін бұйым; 3) жүктемелерді қабылдауға және астыңғы жылу және дыбыс оқшаулаушы қабатқа беруге арналған ғимараттардың аражабындары мен жабындарының қөп қабатты құралымдарының жұқа және салыстырмалы берік қабаты.

Қосалқы мердігер – бас мердігердің шарт негізінде салынып жатқан нысанда құрылыс, арнайы құрылыс, жөндеу, жинақтау жұмыстарының жеке түрлерін орындауға шақыратын мамандандырылған мердігерлік ұйым.

Саздақ - 40% дейін құмнан, 30% дейін саз түйіршіктерінен тұратын қоңыр немесе сарғыш қызыл түсті,илемді жоғарғы қабаттық континеналды шөгінді (топырақ, жер қыртысы).

Бетонның сульфаттық тоттануы – цемент тасының сульфаттармен өзара әсерлесуі нәтижесіндегі бетонның тоттануы.

Цементтің сульфатқа төімділігі – цемент тасының құрамында сульфатиондар бар су орталарының бұзушы әсеріне қарсы тұру қасиеті.

Қайтарымды сомалар – құрылыс мерзімі кезінде уақытша ғимараттар мен имараттар бағасының, оларды күрделі жөндеуге кеткен шығындарды шегергендегі амортизацияланған бөлігін; уақытша имараттар мен ғимараттар бағасының өтімді бөлігін; бұзылған және көшірілген ғимараттарар мен имараттарды бөлшектеуден алынған материалдар бағасының және жинақ сметасының қосындыларында ескерілетін сомалар.

Құмайт - жоғарғы қабаттық борпылдақ құмды-сазды шөгінді жыныс (топырақ). Суффозия – ұсақ минералды бөлшектер мен еріген заттарды топырақ бетінен сүзілетін сумен тау жыныстарының қабатына ағызып жіберу.

Құрғақ сылау – гипсті бетон негізінде жасалған, беті қатты қағазбен қапталған табақ түріндегі өңдеуші материал.

Зертастың құрғақтығы (зертастың саңылауы)

негізді жауып тұратын жұқа зертас қабаты. Сфера – шардың беті, барлық нүктелері бір нүктеден (сфераның центрінен) бірдей қашықтықта орналасқан тұйық бет.

Цементтің ұсталынуы – гидратация нәтижесінде цемент қамырының қозғалмалылығын қайтарымсыз жоғалтуы.

Сұлба – 1) бір нәрсені жалпы, басты түрде бейнелеу, сипаттау, мазмұндау; 2) түйіннің, аспаптың, құрылғының, қондырғының, имараттың және т.б. жұмысының негізгі идеяларын, принциптері мен процестердің кезегін түсіндіретін конструкторлық құжаттардың бөлігі болып табылатын сызба; 3) электронды немесе радиоэлектронды құрылғының синонимі ретінде жиі пайдаланылатын термин.

Есептік сұлба – ғимараттардың немесе имараттардың есебін орындау үшін

206

принимаемое для выполнения их расчета.

Схемы инженерной защиты (генеральные, деталь-

ные, специальные) – проектный материал, разработанный с целью определения и обоснования оптимального комплекса инженерной защиты, его укрупненной ориентировочной стоимости и очередности осуществления.

Сырой осадок сточных вод - осадок из первичных отстойников.

Съемка (топографическая съемка) – комплекс работ, выполняемых с целью получения съемочного оригинала топографической карты или плана, а также получение топографической информации в другой форме.

Съемочная точка – точка, с которой выполняют съемку данного участка местности.

СЭС – санитарно-эпидемиологическая служба.

Таль – подвесное грузоподъемное устройство, укрепленное стационарно на неподвижной конструкции либо закрепленное на приводной тележке, перемещающейся по подвесному монорельсовому пути (ездовой балке).

Тамбур – проходное помещение между дверями, служащее для защиты от проникания холодного воздуха, дыма и запахов при входе в здание, лестничную клетку или другие помещения.

Тамбур-шлюз – тамбур, оборудованный специальными устройствами, устраняющими возможность проникания огня, дыма, газов, паров, пыли и других вредных веществ из одного помещения в другое, а также для поддержания заданных параметров воздушной среды в помещениях.

Тампонаж – процесс нагнетания твердеющих растворов в трещинах горных пород.

Тампонажный цемент – разновидность портландцемента, изготовляемая совместно тонким измельчением клинкера и гипса, иногда с включением специальных добавок.

Тарификация работы – отнесение видов труда к тарифным разрядам или квалификационным категориям в зависимости от сложности труда.

Тарифная сетка – шкала тарифных коэффициентов, отнесенных к 1-му разряду рабочего.

Тахеометр – геодезический прибор для измерения горизонтальных и вертикальных углов, длин, превышений измеряемых точек, горизонтальных положений, приращений координат при топографических съемках, а также в инженерной геодезии.

Тахеометрическая съемка – способ определения положения точки на местности в плане и по высоте одним визированием трубой тахеометра на геодезическую рейку, установленную в определяемой точке (пикете). Тахеометрическая съемка, как один из видов топографической съемки, называется тахеометрией.

Твердая агрессивная среда – среда, агрессивное воздействие которой определяется составом и

СНиП РК 1.01-32-2005

қабылданған олардың ықшамдалған бейнесі.

Инженерлік қорғаныш сұлбалары (негізгі,

бөлшектелген, арнайы) инженерлік қорғаныштың оңтайлы кешенін, оның ірілендірілген бағдарлау бағасын және жүзеге асыру кезегін анықтау мен негіздеу мақсатында әзірленетін жобалық материал.

Ақаба сулардың шикі тұнбасы – алғашқы тұндырғыштардағы тұнба.

Түсіру (топографиялық түсіру) –

топографиялық картаның немесе жоспардың түсіру түпнұсқасын алу үшін, сондай-ақ басқа да түрде топографиялық мәліметтер алу үшін жүргізілетін жұмыстар кешені.

Түсіру нүктесі – берілген жер телімінің түсіруін жүргізетін нүкте.

СЭҚ – санитарлық-эпидемиологиялық қызмет.

Таль – қозғалмайтын құрылымға орнықты бекітілген, не аспалы жалғыз рельсті жолмен (жүріс арқалықтарымен) жылжитын жетек арбаға бекітілген аспалы жүк көтеретін құрылғы.

Тамбур – ғимаратқа, баспалдақ алаңшасына немесе басқа бөлмелерге кіруде суық ауаның, түтіннің және иістің енуінен қорғайтын есіктер арасындағы өтпелі бөлме.

Тамбур-шлюз – оттың, түтіннің, газдың, будың, шаңның және басқа да зиянды заттардың бір бөлмеден екінші бөлмеге өтуін болдырмайтын, арнайы құрылғылармен жабдықталған, сондай-ақ бөлмелерде берілген ауа параметрлерін сақтауға арналған тамбур.

Тығындау – тау жыныстарының сызаттарында қатайатын ерітінділерді айдау процесі.

Тығындаушы цемент – клинкерді және гипсті бірге жұқалап майдалау, кейде арнайы қоспаларды қосу арқылы дайындалатын портландцементтің түрі.

Жұмысты тарифтеу – еңбек күрделілігіне байланысты еңбек түрлерін тарифтік разрядтарға немесе біліктілік санаттарына жатқызу.

Тариф торы – жұмысшының 1-і разрядына жатқызылған тарифтік еселеуіштер шкаласы.

Тахеометр – топографиялық түсірулер кезінде горизонталь және вертикаль бұрыштарды, ұзындықтарды, өлшенетін нүктелердің биіктік айырымдарын, горизонталь орналасуын, координаталар өсімшесін өлшеуге арналған, сондай-ақ инженерлік геодезиядағы геодезиялық аспап.

Тахеометриялық түсірім –анықталатын нүктеде (пикетте) орнатылған геодезиялық рейкаға тахеометр түтігімен бір рет сызу арқылы биіктігі бойынша және планда жер бетіндегі нүктенің орнын анықтау тәсілі. Тахеометриялық түсірім топографиялық түсірудің бір түрі ретінде тахеометрия деп аталады.

Қатты жеміргіш орта – жеміргіш әсері оның қатты фазасының құрамымен және қасиетімен

207

свойствами ее твердой фазы.

Твердение полимеров – процесс, при котором реакционноспособные олигомеры необратимо превращаются в твердые нерастворимые и неплавкие трехмерные полимеры.

Твердение цементного теста – процесс формирования прочной структуры цементного камня.

Твердое покрытие – дорожное покрытие в составе дорожных одежд капитального, облегченного и переходного типов.

Твердое тело – агрегатное состояние вещества, отличающееся стабильностью формы и характером теплового движения атомов, которые совершают малые колебания вокруг фиксированных положений равновесия.

Твердость – свойство материалов сопротивляться пластической деформации или хрупкому разрушению в поверхностном слое при местных контактных силовых воздействиях.

Твердые растворы – однородные кристаллические и аморфные вещества, состоящие из нескольких компонентов и сохраняющие однородность при изменении соотношений между компонентами в определенном интервале концентраций.

Твердые сплавы – износостойкие материалы с высокими твердостью, прочностью, режущими и другими свойствами, сохраняющимися при нагреве до высоких температур.

Текстолит – слоистый пластик на основе ткани, пропитанной полимерным связующим, например, фенолоили крезоло-формальдегидной смолой.

Текстура – преимущественно ориентация кристаллических зерен (кристаллов) в поликристаллах или молекул в твердых аморфных телах (жидких кристаллах, полимерах), приводящая к анизотропии свойств материалов.

Текстура древесины – естественный рисунок древесины; зависит от направления разреза и породы дерева.

Тектонические дизъюнктивные нарушения

нарушения сплошности массива горных пород, выражающиеся в перемещении блоков пород относительно друг друга по плоскости разрыва сместителя.

Текучесть – свойство сред пластически или вязко деформироваться под действием механических напряжений. Текучесть – величина, обратная вязкости.

Текущий ремонт здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищнокоммунального назначения) – ремонт,

выполняемый для восстановления исправности или работоспособности здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения), частичного восстановления его ресурса с заменой или восстановлением составных частей ограниченной номенклатуры в объеме, установленном нормативной и технической документацией.

СНиП РК 1.01-32-2005

анықталатын орта.

Полимерлердің қатаюы - реакцияға түсуге қабілетті олигомерлер қатты ерімейтін және балқымайтын үш өлшемді полимерлерге айналатын қайтымсыз процесс.

Цемент қамырының қатуы – цемент тасының берік құрылымының қалыптасу процесі.

Қатты жабын - күрделі, жеңілдетілген және өтпелі типті жол төсеніштері құрамындағы жол жабыны.

Қатты дене – тепе-теңдіктің орнықты қалпы маңайында шағын тербелістер жасайтын атомдардың пішіні мен жылулық қозғалысы сипатының тұрақтылығымен ерекшеленетін заттың агрегаттық күйі.

Қаттылық – материалдардың пластикалық деформацияға немесе жергілікті түйіскен күштер әсері кезіндегі морт бұзылуларға қарсы тұру қасиеті.

Қатты ерітінділер – бірнеше компоненттерден тұратын және концентрацияның белгілі бір аралығында компоненттер қатынасын өзгерту кезінде біртектілікті сақтайтын кристалл және аморфты біртекті заттар.

Қатты қорытпалар – жоғары температураға дейін қыздыру кезінде кесетін және басқа қасиеттері сақталатын, қаттылығы, беріктігі жоғары, тозуға төзімді материалдар.

Текстолит – полимерлі байланыстырғышпен, мысалы, фенолнемесе крезолоформальдегидті шайыр сіңірілген мата негізіндегі қатпарлы пластик.

Текстура – материалдар қасиетінің анизотропиясына әкеп соқтыратын қатты аморфты денелердегі (сұйық кристалдарда, полимерлерде) молекулалардың немесе поликристалдардағы кристалл түйіршіктердің (кристалдардың) басты бағдары.

Ағаш текстурасы - ағаштың табиғи суреті; ол ағаш түріне және қима бағытына байланысты.

Тектоникалық дизъюнктивтік бұзылулар –

ығыстырғыштың үзілу беті бойынша жыныстар блогының бір-біріне қатысты орын ауыстыруы негізінде тау жыныстары массиві тұтастығының бұзылуы.

Аққыштық – ортаның механикалық кернеу ықпалынан пластикалық немесе тұтқыр деформациялану қасиеті. Аққыштық – тұтқырлыққа кері шама.

Ғимаратты (имаратты, жабдықты, коммуникацияларды, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы нысандарды) ағымдық жөндеу -

ғимараттың (имараттың, жабдықтың, коммуникациялардың, тұрғын үйкоммуналдық мақсаттағы нысандардың) жарамдылығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, құраушы бөлшектердің шектеулі атаужүйесін нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген көлемде ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы оның ресурсын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу.

208

СНиП РК 1.01-32-2005
Теледидар мұнарасы – төбесінде хабар беретін теледидар станцияның антеннасы. сондай-ақ радиохабар, радиотелефондар және радиорелелік байланыс антенналары, кейде метеорологиялық бақылауға арналған аспаптар орнатылатын тірек (әдетте металл, темірбетон немесе құрама).

Телевизионная башня – опора (обычно металлическая, железобетонная или комбинированная), на вершине которой устанавливаются антенны передающей телевизионной станции, а также антенны радиовещания, радиотелефонов и радиорелейной связи, иногда приборы для метеорологических наблюдений.

Телевизионный центр, телецентр – комплекс

Теледидар

орталығы,

телеорталық

сооружений с техническим оборудованием для

теледидар

 

хабарлары

бағдарламаларын

подготовки и передачи программ телевизионного

дайындауға және беруге арналған техникалық

вещания.

 

 

жабдықтары бар имараттар кешені.

 

 

Телефонная сеть – комплекс технических

Телефон

 

желісі

-

байланыстың

телефон

сооружений и оборудования для осуществления

тораптарынан

 

(телефон

станцияларынан,

телефонной связи, состоящий из телефонных

қосалқы

 

 

телефон

 

станцияларынан,

узлов связей (телеф. станций, подстанций,

шоғырландырғыштардан және т.б.), байланыс

концентраторов и др.), линий связи и телефонных

жолынан

 

және

телефон

аппараттарынан

аппаратов (абонентских установок).

(абоненттік қондырғылардан) тұратын телефон

 

 

 

байланысын

жүзеге

асыруға

арналған

 

 

 

техникалық имараттар мен жабдықтар кешені.

Температура возгорания – самая низкая

Жану

температурасы

материалдың

температура, при которой материалы могут

тұтандыру көзінен жанатын ең төменгі

возгораться от источника зажигания.

температурасы.

 

 

 

 

 

 

Температура самовозгорания – самая низкая

Өзі жану температурасы – материалдың

температура, при которой материалы могут

тұтандыру көзінсіз жануы мүмкін ең төменгі

возгораться без источника зажигания.

температура.

 

 

 

 

 

 

 

Температурные

напряжения,

термические

Температуралық

кернеулер,

термиялық

напряжения – напряжения механические,

кернеулер – қатты дене бөліктерінде

возникающие в твердом теле, вследствие

температураның

біркелкі

таралмауы немесе

неравномерного

распределения

температуры в

дененің қоршаушы бөліктері тарапынан немесе

различных его частях или из-за ограничения

осы дене айналасындағы басқа денелер

возможности теплового расширения (или сжатия)

тарапынан (мысалы, тұрақты тіреулер

со стороны окружающих частей тела или со

арасында керілген сымның салқындауы кезінде

стороны других

тел, окружающих данное тело

созылу кернеуі) жылулық кеңею (немесе

(напр., растягивающие напряжения в натянутом

сығылу) мүмкіндігінің шектелуі салдарынан

между неподвижными опорами проводе при его

туындайтын механикалық кернеу.

 

 

 

охлаждении).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Темплет – изделие, являющееся двухразмерным

Темплет

 

-

 

белгіленген

масштабтағы

изображением предмета в виде упрощенной

оңайлатылған

 

ортогональдық

 

проекция

ортогональной

проекции в

установленном

түріндегі заттың екі өлшемді кескіні болып

масштабе. В зависимости от материала

табылатын бұйым. Материалға байланысты

различают: прозрачный темплет; непрозрачный

мөлдір темплет; мөлдір емес темплет болып

темплет.

 

 

бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тендерная документация – комплект документов,

содержащих исходную информацию о технических, коммерческих, организационных и иных характеристиках объектов строительства и предметов торгов, а также об условиях и процедуре торгов.

Тендерлік құжаттама – құрылыс нысандарының және саудаласу затының техникалық, коммерциялық, ұйымдастыру және өзге сипаттамалары туралы, сондай-ақ саудаласу шарттары мен рәсімдері туралы бастапқы ақпараттан тұратын құжаттар жиыны.

Тензодатчик – датчик, воспринимающий деформацию твердого тела, преобразующий ее в электрический сигнал и передающий для регистрации.

Тензометр – прибор, применяемый для исследования распределения деформаций в деталях машин, конструкций и сооружений, а также при механических испытаниях материалов.

Теодолит – геодезический прибор для измерения на местности горизонтальных и вертикальных углов.

Теодолитная съемка – горизонтальная геодезическая съемка местности, выполняемая при помощи теодолита и мерной ленты (или

Тензодатчик – қатты дененің деформациясын қабылдайтын, оны электр сигналына айналдыратын және тіркеу үшін беретін датчик.

Тензометр – машина бөлшектерінде, құралымдарда және имараттарда, сондай-ақ материалдарды механикалық сынау кезінде деформацияның таралуын зерттеу үшін қолданылатын аспап.

Теодолит – жер бетінде горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге арналған геодезиялық аспап.

Теодолиттік түсірім – теодолиттің және өлшеуіш таспаның (қашықтық өлшеуіштің) көмегімен орындалатын жер бетінің

209

дальномера).

Тепловая изоляция – защита зданий, тепловых промышленных установок (или их отдельных частей), холодильных камер, трубопроводов и т.п. от нежелательного теплового обмена с окружающей средой.

Тепловая сеть – система теплоизолированных трубопроводов (теплопроводов) централизованного теплоснабжения, по которым теплота переносится теплоносителем (горячей водой или паром) от источника к потребителям.

Тепловая электростанция (ТЭС)

электростанция, вырабатывающая электрическую энергию в результате преобразования тепловой энергии, выделяющейся при сжигании органического топлива.

Тепловое движение – беспорядочное

(хаотическое) движение микрочастиц (молекул, атомов, электронов и др.), из которых состоят все тела.

Тепловое излучение – электромагнитное излучение, испускаемое веществом (телом) за счет его внутренней энергии; определяется термодинамической температурой и оптическими свойствами вещества.

Тепловое напряжение поверхности нагрева

отношение теплового потока, проходящего сквозь тепловоспринимающую поверхность, к площади этой поверхности.

Тепловое равновесие, термическое равновесие – состояние термодинамической системы, при котором все ее части имеют одну и ту же температуру. Иногда под тепловое равновесие понимают равновесие термодинамическое.

Тепловое расширение – изменение размеров и формы тела при изменении его температуры (обычно при постоянном давлении).

Тепловой баланс – сопоставление прихода и расхода тепловой энергии при анализе тепловых процессов в различных тепловых устройствах (котлах, паровых и газовых турбинах, печах и пр.).

Тепловой пожарный извещатель –

автоматический пожарный извещатель, реагирующий на определенное значение температуры и (или) скорости ее нарастания.

Тепловой поток – поток энергии, переносимый в процессе теплообмена.

Тепловыделение цемента – количество теплоты,

выделяемое при гидратации цемента.

Теплоемкость – величина, равная отношению количества теплоты δQ, сообщаемого телу (системе) при бесконечно малом изменении его состояния в каком-либо процессе, к вызванному им приращению температуры Т тела: С = δ Q /d Т.

Теплозащитный пожарный костюм – пожарный защитный костюм от тепловых воздействий при подходе и кратковременном пребывании в очаге пожара.

Теплоизоляционные материалы – материалы,

имеющие низкую теплопроводность.

СНиП РК 1.01-32-2005

горизонталь геодезиялық түсірімі.

Жылу оқшаулау – ғимараттарды, жылулық өнеркәсіптік қондырғыларды (немесе олардың жекелеген бөліктері), тоңазыту камераларын, құбырларды және т.с.с. қоршаған ортамен қажетсіз жылу алмасудан қорғау.

Жылу желісі – жылу жылу көзінен тұтынушыларға жылу тасымалдағыштармен (ыстық су немесе бу) тасымалданатын орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың жылу оқшауланған құбырлар (жылу құбырлары) жүйесі.

Жылу электростанциясы (ЖЭС) –

органикалық отынды жағу кезінде бөлінетін жылу энергиясын түрлендіру нәтижесінде электр энергиясын өндіретін электр станциясы.

Жылулық қозғалыс – денелерді құрайтын микробөлшектердің (молекулалардың, атомдардың, электрондардың және т.б.) ретсіз (хаостық) қозғалысы.

Жылулық сәулелену – заттың (дененің) ішкі энергиясы есебінен шығарылатын электромагниттік сәулелену, ол заттың термодинамикалық температурасымен және оптикалық қасиеттерімен анықталады.

Қыздыру беттерінің жылулық кернеуі – жылу қабылдайтын бет арқылы өтетін жылу ағынының осы беттің ауданына қатынасы.

Жылулық тепе-теңдік, термиялық тепе-теңдік

– термодинамикалық жүйенің барлық бөліктерінде бірдей температура болатын күйі. Кейде жылулық тепе-теңдік термодинамикалық тепе-теңдік дегенді білдіреді.

Жылулық ұлғаю – дене температурасының өзгеруі кезінде (әдетте, тұрақты қысым кезінде) оның өлшемі мен пішінің өзгеруі.

Жылу балансы – түрлі жылу құрылғыларында (қазандықтарда, бу және газ турбиналарында, пештерде және т.б.) жылу процестерін талдау кезінде жылу энергиясының кірісі мен шығысын салыстыру.

Жылулық өрт хабарлағыш – температураның және (немесе) оның жоғарылау жылдамдығының белгілі бір мәніне қатысты автоматты өрт хабарлағыш.

Жылу ағыны – жылу алмасу процесінде тасымалданатын энергия ағыны.

Цементтің жылу бөлуі – цементті гидратациялау кезінде бөлінетін жылу мөлшері.

Жылу сыйымдылығы – қандай да бір процесте дене күйінің шексіз аз өзгеруі кезінде денеге (жүйеге) берілетін жылу мөлшерінің δQ оның әсерінен туындайтын дене температурасы Т өсімшесіне қатынасына тең болатын шама: С = δ Q /d Т.

Жылудан қорғайтын өртке арналған костюм -

өрт ошағына жақындау және онда қысқа уақыт болу кезінде жылулық ықпалдан қорғайтын өртке арналған костюм.

Жылу оқшаулағыш материалдар – жылу өткізгіштігі төмен материалдар.

210

Теплоноситель – движущаяся жидкость или газообразная среда, применяемая для передачи теплоты от более нагретого тела к менее нагретому.

Теплообмен – самопроизвольный необратимый процесс переноса энергии (в форме теплоты) в пространстве от наиболее нагретых тел (или участков тела) к менее нагретым.

Теплообменник – аппарат для передачи теплоты посредством теплоносителя от среды с более высокой температурой к среде с более низкой температурой (нагреваемое тело).

Теплоотдача – конвективный теплообмен между движущейся средой и поверхностью ее раздела с другой средой (твердым телом, жидкостью или газом).

Теплопередача – теплообмен между двумя теплоносителями или иными средами через разделяющую их твердую стенку или через поверхность раздела между ними.

Теплопоглощающее стекло – стекло, содержащее оксид железа, благодаря чему обладает способностью поглощать тепловые (ИК) лучи.

Теплопроводность – 1) перенос энергии в форме теплоты в неравномерно нагретой среде в результате теплового движения и взаимодействия составляющих ее частиц (см. Теплообмен); 2) величина, характеризующаяся теплопроводящие свойства материала и входящая в виде коэффициента пропорциональности в Законе Фурье (обозначается λ).

Теплоснабжение – снабжение теплом с помощью теплоносителя (горячей воды или пара) систем отопления, вентиляции, горячего водоснабжения жилых, общественных и промышленных зданий и технологических потребителей.

Теплота, количество теплоты – энергетическая характеристика процесса теплообмена, измеряемая количеством энергии, которое получает (отдает) рассматриваемое тело (физическая система) в процессе теплообмена.

Теплота фазового перехода – количество теплоты, которое необходимо сообщить (или отвести) в равновесном процессе веществу для его перехода из одной фазы в другую.

Теплотехника – отрасль науки и техники, занимающаяся методами получения и непосредственного использования тепловой энергии в промышленности, сельском хозяйстве, на транспорте, в быту.

Теплоустойчивость здания – способность здания сохранять в допустимых пределах постоянство температуры воздуха в помещениях при периодических колебаниях температуры наружного воздуха и теплового потока, проходящего через ограждающие конструкции.

Теплофильтр, теплозащитный фильтр – отдельное приспособление или составная часть оптической системы, предназначенное для поглощения или отвода (напр., с помощью зеркал с интерференционным покрытием) ИК (тепловых) лучей из светового потока, проходящего через эту

СНиП РК 1.01-32-2005

Жылу тасымалдағыш – барынша қызған денеден қалыпты қызған денеге жылудың берілуі үшін қолданылатын қозғалмалы сұйықтық немесе газтәріздес орта.

Жылу алмасу – кеңістікте барынша қызған денелерден (немесе дене бөліктерінен) қалыпты қызған денелерге энергия тасымалдануының (жылу түріндегі) өзінен-өзі пайда болатын қайтымсыз процесі.

Жылу алмастырғыш – жоғары температуралы ортадан төмен температуралы ортаға (қыздырылатын денеге) жылу тасымалдағыш арқылы жылу беруге арналған аппарат.

Жылу беру – қозғалмалы орта және оны басқа ортадан (қатты денеден, сұйықтықтан немесе газдан) бөлетін беті арасындағы конвективті жылу алмасу.

Жылу беріліс – екі жылу тасымалдағыш немесе өзге орталар арасында оларды бөлетін қатты қабырға немесе олардың арасындағы бөлетін бет арқылы жылу алмасу.

Жылу сіңіретін шыны – құрамында темір тотығы бар шыны, соның нәтижесінде жылу (ИК) сәулелерін сіңіреді.

Жылу өткізгіштік – 1) біркелкі қыздырылмаған ортада жылулық қозғалыс және оны құрайтын бөлшектердің өзара әсері нәтижесінде жылу түрінде энергия тасымалдануы (Жылу алмасуды қараңыз.); 2) материалдың жылу өткізу қасиетін сипаттайтын және Фурье Заңына пропорционалдық еселеуіші түрінде кіретін шама (λ белгіленеді).

Жылумен жабдықтау – тұрғын үй, қоғамдық,

өнеркәсіптік ғимараттарды және технологиялық тұтынушыларды жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу тасымалдағышының (ыстық су немесе бу) көмегі арқылы жылумен қамтамасыз ету.

Жылу, жылу мөлшері жылу алмасу процесінде қарастырылатын дене (физикалық жүйе) алатын (беретін) энергия мөлшерімен өлшенетін жылу алмасу процесінің энергетикалық сипаттамасы.

Фазалық өту жылуы – тепе-теңдік процесте заттың бір фазадан басқа фазаға өтуі үшін берілетін (немесе шығарылатын) жылу мөлшері.

Жылу техникасы – жылу энергиясын алумен және оны өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлікте, тұрмыста тікелей пайдалану әдістерімен айналысатын ғылым мен техника саласы.

Ғимараттың жылу тұрақтылығы –қоршау құралымдары арқылы өтетін жылу ағыны мен сыртқы ауа температураның өзгерістері кезінде ғимараттың бөлмелердегі ауа температурасының тұрақтылығын белгіленген шектеуде сақтау қабілеті.

Жылусүзгі, жылу сақтайтын сүзгі –оптикалық жүйенің осы жүйе арқылы өтетін жарық ағынынан ИК (жылу) сәулелерді сіңіруге немесе шағылыстыруға (мысалы, интерференциялық жабыны бар айналар көмегімен) арналған құрама бөлігі немесе жеке

211

систему.

Теплоэнергетика – отрасль теплотехники, занимающаяся преобразованием теплоты в другие виды энергии (механический, электрический).

Теплый период года – период года,

характеризующийся среднесуточной температурой наружного воздуха выше 8 оС. Терминал – 1) площадка на территории порта, грузовой ж/д станции, предназначенная для обработки контейнеров и пакетированных грузов; 2) помещение в крупных аэропортах, где размещаются пассажиры во время досмотра, во время ожидания груза, дозаправки самолета и т.п.

Термограф – метеорологический прибор для автоматической записи изменений температуры. Чувствительным элементом термографа является биметаллическая пластина или сплющенная металлическая трубка, заполненная толуолом, способные деформироваться при изменении температуры воздуха.

Термопласты, термопластичные пластмассы – пластические массы, способные размягчаться при нагревании и затвердевать при охлаждении.

Термостойкие волокна – синтетические волокна, пригодные для эксплуатации в воздушной среде при температурах, превышающих пределы термической стабильности обычных текстильных волокон.

Термостойкость, термическая стойкость – способность хрупких материалов (главным образом, огнеупорных) противостоять, не разрушаясь, термическим напряжениям. Обычно оценивается числом теплосмен (циклов нагрева и охлаждения), выдерживаемых образцом (изделием) до появления трещин или разрушения, либо (реже) температурным градиентом, при котором возникают трещины.

Термостойкость керамической плитки –

способность плитки противостоять резким изменениям температуры при определенных условиях без появления дефектов на глазурованной поверхности и (или) разрушения черепка.

Терраса – огражденная открытая пристройка (площадка) к зданию или эксплуатируемая кровля нижележащих помещений в виде площадки для отдыха, которая может иметь крышу (навес) или перголу.

Территориальная укрупненная норма расхода це-

мента – чистый расход и типовые трудноустранимые потери цемента, необходимые для выполнения укрупненных видов работ, технологических этапов и пусковых комплексов возведения зданий, сооружений или их частей, рассчитанные на единицу стоимости, единицу мощности, прироста мощности, на 1000 м2 приведенной площади зданий и другие показатели, рассчитанные по территориальным усредненным нормам расхода цемента и выраженные в натуральных или приведенных показателях, с учетом видов строительства, природно-климатических, экологических и

СНиП РК 1.01-32-2005

құрал.

Жылу энергетикасы – жылуды энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік) түрлендірумен айналысатын жылу техникасының саласы.

Жылдың жылы кезеңі – орташа тәулік ауа температурасы 8 оС жоғары болатын жыл мезгілі.

Терминал – 1) порт, жүктерге арналған теміржол станциялары аумағындағы контейнерлерді және пакеттелген жүктерді өңдеуге арналған алаң; 2) ірі әуежайлардағы тексеру кезінде, жүктерін тосу, ұшаққа май құю кезінде және т.б. жағдайларда жолаушылар орналастырылатын бөлме.

Термограф – температура өзгерістерін автоматты түрде жазып алуға арналған метеорологиялық аспап. Ауа температурасы өзгергенде деформацияға ұшырайтын биметалл табақша немесе толуол толтырылған, майыстырылған металл түтікше термографтың сезімтал элементі болып табылады.

Термопластар, термопластық пластмассалар – қыздыру кезінде жұмсаратын және салқындату кезінде қатаятын пластикалық масса.

Қызуға төзімді талшықтар – кәдімгі тоқыма талшықтардың термиялық тұрақтылық шектерінен жоғары температура кезінде ауа ортасында пайдалануға жарамды синтетикалық талшықтар.

Қызуға төзімділік, термиялық төзімділік – морт сынғыш материалдардың (негізінен, отқа төзімді) бүлінбей термиялық ықпалға төзу қабілеті. Әдетте сызаттар пайда болғанға және бүлінгенге дейін үлгілер (бұйым) шыдайтын жылу ауысым санымен (қызу және салқындау циклдері), болмаса ( сирек жағдайда) сызаттар пайда болатын температуралық градиентпен бағаланады.

Қыш тақташалардың қызуға төзімділігі –

тақташаның белгілі бір жағдайларда температураның кенеттен өзгеруіне зертасталған бетте ақау түспей және (немесе) қыштың бүлінбей төзу қабілеті.

Терраса – ғимаратқа жапсарластырып салынатын қоршалған ашық жапсаржай (алаң) немесе төмен орналасқан бөлмелердің демалуға арналған алаңша түріндегі, төбесі (қалқасы) немесе перголы бар пайдаланылатын жабыны.

Цементтің аумақтық іріленген шығыс нормасы

жұмыстың іріленген түрлерін, технологиялық кезеңдерді және ғимараттарды, имараттарды немесе олардың бөліктерін салудың іске қосу кешендерін орындауға қажетті, келтірілген ғимараттың 1000 м2 алаңдарына және басқа көрсеткіштерінің құны бірлігіне, қуаты бірлігіне, қуатының өсуіне есептелген нақты аумақтағы құрылыс түрлерін, табиғаттық-климаттық, экологиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, цемент шығысының нақты түрде немесе келтірілген көрсеткіштерде көрінетін аумақтық орташаландырылған нормасына есептелген

212

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]