Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

sniprk1.01-32-2005r

.pdf
Скачиваний:
41
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
3.6 Mб
Скачать

устанавливающий рациональную и стабильную технологию производства часто повторяющегося вида строительно-монтажных работ и используемый взамен проекта производства работ или в дополнение к нему.

Карта трудовых процессов – документ,

устанавливающий рациональную и стабильную технологию какого-либо производственного процесса с часто повторяющимися производственными операциями и определяющий методы, условия выполнения и материальнотехнического обеспечения этих операций.

Картон – разновидность бумаги; характеризуется большой удельной массой. Карьер – 1) горное предприятие по добыче полезных ископаемых открытым способом; 2) совокупность выемок в земной коре, образованных в результате ведения горных работ по добыче полезных ископаемых при открытой разработке.

Каталог единичных расценок – сборник единичных расценок на общестроительные и специальные работы, привязанных к законам строительства в области (регионе, республике) или для конкретных условий отдельных крупных строек, а также для специализированных и линейных строек.

Катанка – горячекатанная проволока диаметром 5-10 мм. Применяется при армировании железобетонных конструкций.

Каток дорожный – прицепная или самоходная машина для уплотнения укатыванием грунтов, дорожных оснований и покрытий и т.д.

Кафель – керамические плитки для облицовки стен, печей и т.д. Могут быть гладкие, рельефные, покрытые глазурью.

Качество строительной продукции

совокупность потребительских свойств строительной продукции и ее способность удовлетворять определенные потребности народного хозяйства или населения с точки зрения технических, эстетических, социальных требований, установленных в нормативных документах и стандартах.

Кварцевое стекло – силикатное стекло, получаемое плавлением природных разновидностей кремнезема – горного хрусталя, жильного кварца и кварцевого песка, а также синтетического диоксида кремния.

Керамзит – искусственный пористый материал в виде гравия (реже щебня), служащий заполнителем для легких бетонов, реже используемый в качестве теплоизоляционной и звукоизоляционной засыпки в конструкциях зданий.

Керамзитобетон – легкий бетон, в котором заполнителем является керамзит и песок, а вяжущим – цемент (реже строительный гипс, известь или синтетические смолы).

Керамика – изделия и материалы, получаемые спеканием глин и их смесей с минеральными добавками, а также оксидов металлов и др. неорганических соединений.

СНиП РК 1.01-32-2005

құрылыс-жинақтау жұмыстарының тиімді және тұрақты технологиясын белгілейтін және жұмыс өндіру жобасының орнына немесе оған қосымша ретінде пайдаланылатын құжат.

Еңбек процестерінің картасы – өндіріс операциялары жиі қайталанатын қандай да бір өндіріс процесінің тиімді және тұрақты технологиясын белгілейтін және осы операциялардың әдістерін, орындалу және материалдық-техникалық қамсыздандыру жағдайларын анықтайтын құжат.

Қатты қағаз – қағаздың түрі, үлкен меншікті массасымен сипатталады.

Карьер – 1) пайдалы қазбаларды ашық жолмен өндіретін тау-кен кәсіпорны; 2) пайдалы қазбаларды ашық жолмен өндіру кезінде тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде пайда болған жер қыртысы қазбаларының жиынтығы.

Жеке бағалар каталогі – облыстағы (аймақ,

республика) құрылыс заңдарына бекітілген жалпы құрылыс және арнайы жұмыстарға немесе жекелеген ірі құрылыстардың нақты шарттарына, сондай-ақ мамандандырылған және салалық құрылыстарға арналған жеке бағалар жинағы.

Катанка – бас кермесі 5-10 мм ыстықтай созылған сым. Темірбетон құралымдарын арматуралау кезінде қолданылады.

Жол аунағы – топырақты, жол негіздері мен қабаттарын және т.б. домалау арқылы нығыздауға арналған тіркелетін немесе өзі жүретін машина.

Кафель – қабырғаларды, пештерді қаптауға арналған керамикалық тақташалар. Тегіс, бедерлі, зертас жалатылған болуы мүмкін.

Құрылыс өнімдерінің сапасы – құрылыс өнімдерінің тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы және олардың нормативтік және стандарттық құжаттарда белгіленген техникалық, эстетикалық, әлеуметтік талаптар тұрғысынан халық шаруашылығының немесе халықтың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті.

Кварцтік әйнек – кремнийдің табиғи түрлерін

– тау хрусталін, желілі кварцті және кварц құмын, сондай-ақ кремнийдің синтетикалық диоксидін балқыту арқылы алынатын силикат әйнек.

Керамзит – жеңіл бетондарды толтырғыш, сирегірек ғимараттардың құралымдарында жылу ұстағыш және дыбыс ұстағыш толтырушы ретінде пайдаланылатын малтатас (сирегірек қиыршықтас) түріндегі жасанды кеуекті материал.

Керамзитобетон – толтырғышы - керамзит пен құм, тұтқырлаушысы – цемент (сирегірек - құрылыс гипсі, әк немесе синтетикалық шайырлар) болып табылатын жеңіл бетон.

Керамика – саз және оның минералды қоспалармен қоспасын, сондай-ақ металдардың және т.б. органикалық емес қосылыстардың оксидтерін пісіру арқылы алынатын бұйымдар мен материалдар.

73

Керамическая плитка – изготовленное из керамической массы плоское, как правило, тонкостенное глазурованное или неглазурованное изделие, применяемое для наружной или внутренней облицовки стен и стеновых панелей, а также для настилки полов.

Керамические краски – окрашенные минеральные вещества (обычно оксиды тяжелых цветных металлов или синтетические соединения типа корундов, гранатов, цирконов), стойкие при высоких температурах.

Керамические плитки для полов, метлахские плитки – прессованные плитки из полусухих порошкообразных керамических масс с последующей сушкой и обжигом до спекания, отличающиеся высокой прочностью, износостойкостью, водо- и химической стойкостью.

Керамические покрытия – тонкие (15-150 мкм)

керамические пленки (преимущественно на основе огнеупорных оксидов металлов и керметов), наносимые на металлическую или иную поверхность для повышения ее химической, термической и механической стойкости.

Керметы – композиционные материалы, содержащие металлы (или сплавы) и один или несколько видов керамики.

Керн – 1) керн в горном деле – цилиндрическая колонка горной породы, получаемая кольцевым разрушением забоя при бурении скважины; 2) керн в приборостроении – стальной стержень, запрессованный в буксы или в конце трубчатой оси подвижной части механизмов электроизмерительных приборов, часов и т.п.; 3) керн в металлообработке – точка, нанесенная кернером.

Кессон в строительстве – преимущественно железобетонная конструкция для сооружения под водой или в водонасыщенном грунте глубоких массивных фундаментов.

Кессон в архитектуре – углубление (обычно квадратной формы) на потолке, на внутренней поверхности арки.

Кипрегель – геодезический прибор для измерения вертикальных углов, расстояний, превышений и графического построения направлений и нанесения их на план рельефа при топографической съемке.

Кирпич – искусственный камень правильной формы (обычно в виде прямоугольного параллелепипеда), сформированный из минеральных материалов, приобретающий камнеподобные свойства (прочность, водостойкость, морозостойкость) после обжига или обработки паром.

Кирпич нормативного формата (КФ, условный кирпич) – керамическое, силикатное или иное изделие нормального формата размером 250x120x65 мм, полнотелое или пустотелое.

Кирпич утолщенный – керамическое, силикатное или иное изделие размером 250x120x96 мм,

СНиП РК 1.01-32-2005

Керамикалық тақташа – қабырғалардың және қабырға панельдердің сырты мен ішін қаптауға, сондай-ақ еденге төсеуге пайдаланылатын керамикалық массадан жасалған жазық, әдетте жұқа ғана зертасталған немесе зертасталмаған бұйым.

Керамикалық сырлар – жоғары температураларға төзімді, боялған минералды заттар (әдетте ауыр түсті металдардың оксидтері немесе корундтер, гранаттар, циркондар сияқты синтетикалық қоспалар).

Еденге арналған керамикалық тақташалар,

метлах тақташалары – жоғары беріктігімен, тозуға төзімділігімен, суға және химиялық әсерге бекемдігімен ерекшеленетін жартылай құрғақ керамикалық ұнтақ тәрізді массалардан сығылып жасалған, одан кейін кептіріліп, піскенше күйдірілген тақташалар.

Керамикалық қабаттар – химиялық,

термикалық және механикалық төзімділігін жоғарылату үшін металл немесе басқа бетке жапсырылатын жұқа (15-150 мкм) керамикалық қабық (көбінесе металдар мен керметтердің отқа төзімді оксидтері негізінде жасалады).

Керметтер – құрамында металдар (немесе құймалар) және бір немесе бірнеше керамика түрі бар композициялық материалдар.

Керн – 1) тау-кен саласындағы керн – скважинаны бұрғылау кезінде жынысты шеңберлік қиратумен алынатын тау жынысының цилиндр пішінді өзегі; 2) аспап жасаудағы керн – буксілерге немесе электр өлшеуіш аспаптардың, сағаттардың және т.с.с. қозғалмалы механизмдерінің құбырлық осьінің аяғына сығымдалып салынған болат шыбық; 3) металл өңдеудегі керн – кернермен жасалған нүкте.

Құрылыстағы кессон – су астында немесе сулы топырақта терең ірі іргетас орнатуға арналған көбінесе темірбетон құралымдар.

Сәулеттегі кессон – төбедегі, арканың ішкі бетіндегі тереңдету (әдетте квадрат пішінді).

Кипрегель – тік бұрыштарды, арақашықтықтарды, артықшылықтарды өлшеуге және бағыттарды кескіндеме түрінде салуға және оларды топографиялық түсірілім кезінде бедер жоспарына түсіруге арналған геодезиялық аспап.

Кірпіш – минералдық материалдардан жасалған, күйдіру немесе бумен өңдегеннен кейін тастың қасиеттеріне ұқсас қасиеттерге (беріктік, суға төзімділік, аязға төзімділік) ие болатын дұрыс пішінді жасанды тас (әдетте тік бұрышты параллелепипед түрінде).

Нормативтік үлгідегі кірпіш (НК, шартты кірпіш) – қалыпты үлгідегі өлшемі 250х120x65 мм, толық немесе қуыс денелі керамикалық, силикат немесе басқа бұйым.

Қалыңдатылған кірпіш – өлшемі 250x120x96

мм қалыпты үлгідегі кірпіштен қалыңдығы

74

полнотелое или пустотелое, отличающееся от кирпича нормального формата по толщине.

Кислородная резка – газовая, автогенная резка металла в струе кислорода.

Кислотная коррозия бетона – коррозия бетона в результате взаимодействия его с кислотами.

Кислотостойкие материалы, кислотоупорные материалы – материалы, способные противостоять разрушающему действию кислот.

Кислотостойкий раствор (бетон) раствор

(бетон), состоящий из вяжущего в виде растворимых силикатов калия или натрия, инициатора твердения и кислотостойких заполнителей: пылевидного наполнителя, песка (щебня).

Кислотостойкость – способность материалов противостоять действию кислот.

Кислотостойкость керамической плитки –

способность плитки противостоять воздействию заданной кислоты определенной концентрации при определенных условиях без последующего появления дефектов на глазурованной поверхности и (или) разрушения черепка.

Кислотоупорные материалы – высокостойкие материалы против разрушающего действия кислот . Это могут быть высоколегированные стали, чугуны, сплавы, горные породы, керамика, резинка, стекло, специальные замазки и т.д.

Кислотоупорный цемент состоит из смеси тонко измельченной горной породы, в которую вводится жидкое стекло.

Кладка зимняя – возведение каменных конструкций при отрицательных температурах наружного воздуха на растворах с противоморозными добавками или способом замораживания.

Клеевые краски – краски на основе водных растворов эфиров целлюлозы, поливинилового спирта, крахмала, казеина. Образуют пористые, обычно неводостойкие покрытия. Применяются для отделки внутри помещений. Водостойкие казеиновые клеевые краски применяют для окраски фасадов и получения моющихся покрытий.

Клей, адгезивы – композиции на основе органических или неорганических веществ, способные соединять (склеивать) различные материалы за счет образования прочной адгезивной связи клеевой прослойки с поверхностями соединяемых материалов.

Клейстер – клейний раствор, получаемый нагреванием водной суспензии крахмала. Применяют в малярных, переплетных и др. работах.

Клепальная машина – машина, предназначенная для выполнения клепки.

Клепальный молоток – пневматическая ручная машина ударного действия для образования замыкающей головки на заклепке.

Клепаные конструкции – металлические

СНиП РК 1.01-32-2005

бойынша ажыратылатын, толық немесе қуыс денелі керамикалық, силикат немесе басқа бұйым.

Оттегімен кесу – металды оттегінің жіңішке ағысында газбен, автогендік кесу.

Бетонның қышқылдық тоттануы –

қышқылдармен өзара әсерлесуі нәтижесінде болатын бетонның тоттануы.

Қышқылға төзімді материалдар, қышқылға берік материалдар – қышқылдың қирату әсеріне қарсы тұра алатын материалдар.

Қышқылға төзімді ерітінді (бетон) калийдің немесе натрийдің ерітілмелі силикаттары түріндегі тұтқырдан, қатаю инициаторынан және қышқылға төзімді толтырғыштардан: шаң түріндегі толтырғыштан, құмнан (қиыршықтастан) тұратын ерітінді (бетон).

Қышқылға төзімділік – материалдардың қышқылдардың әсеріне қарсы тұру қабілеті.

Керамикалық тақташаның қышқылға төзімділігі – нәтижесінде зертасталған бетінде ақау пайда болмайтын және (немесе) негізі қирамайтын тақташаның берілген қышқылдың белгілі концентрациясына белгілі жағдайда қарсы тұру қабілеті.

Қышқылға берік материалдар – қышқылдың қирату әсеріне төзімділігі жоғары материалдар. Қоспалары жоғары легирленген болат, шойын, қорытпа, тау жыныстары, керамика, резеңке, шыны, арнайы қойыртпақ зат және т.б. болуы мүмкін.

Қышқылға берік цемент – құрамына сұйық шыны енгізілген майдаланған тау жыныстарының қоспасынан тұрады.

Қысқы қалау – сыртқы ауаның төмен температурасында аязға қарсы қоспалар қосылған ерітінділермен немесе мұздату тәсілімен тас құралымдарды тұрғызу.

Желімдік сырлар – целлюлоза эфирі,

поливинил спирті, крахмал, казеиннің судағы ерітіндісі негізінде жасалған сырлар. Кеуекті, әдетте суға төзімсіз қабаттар түзеді. Ғимараттың ішін әрлеу үшін қолданылады. Суға төзімді казеин желімдік сырларды қасбеттерді сырлау үшін және жуылатын қабат жасау үшін қолданады.

Желім, адгезивтер – желімдік қабаттың жабыстырылатын материалдардың беттерімен берік адгезивті байланыс жасауы нәтижесінде түрлі материалдарды жабыстыратын (желімдейтін) органикалық немесе органикалық емес заттар негізіндегі композициялар.

Клейстер – крахмалдың су жүзгіндерін жылыту арқылы алынатын желімдегіш ерітінді. Сырлау, түптеу және т.б. жұмыстарында қолданылады.

Тойтармалаушы машина – тойтармалауды орындауға арналған машина.

Тойтармалаушы балға – тойтармаға тұйықтаушы бас тиек жасау үшін соққылы әрекет жасайтын пневматикалық қол машина.

Тойтармалық құралымдар – бөлшектері

75

конструкции зданий, сооружений, машин, технологического оборудования, элементы которых соединяются заклепками.

Клепка – образование неразъемных соединений элементов преимущественно из листового материала при помощи заклепок.

Клеть, сруб – простейшая деревянная конструкция, образованная положением один на другой венцами из бревен или брусьев.

Клин – деталь призматической формы, имеющая две рабочие поверхности, сходящиеся под углом. Клинкер дорожный – высокопрочный кирпич, полученный из специальных (клинкерных) глин обжигом до полного спекания.

Клинкер цементный – полуфабрикат в виде спеченной сырьевой смеси (например, известняка и глины) для изготовления цемента.

Клиновое соединение – разъемное неподвижное соединение деталей машин, затягиваемое или регулируемое при помощи клина.

Клиринг – система безналичных расчетов за товары и услуги, основанные на зачете взаимных требований.

Ключ – изделие, служащее для приведения в действие запирающих устройств замка или штифтов цилиндрового механизма, обеспечивающее выход засова из корпуса замка.

Ключ соединительных головок – устройство для облегчения смыкания или размыкания пожарных соединительных головок.

Ковер из керамических плиток – набор плиток,

наклеенных на ситообразный материал или на лист бумаги, предназначенный для облегчения работ при укладке.

Ковш землеройной и подъемно-транспортной машины – рабочий орган для захвата-отделения части материала от массива и переноса его к месту разгрузки (погрузки).

Ковшовый элеватор – машина непрерывного действия для подъема сыпучих материалов в ковшах, присоединенных к движущейся ленте (ленточные элеваторы) или цепи (цепные элеваторы).

Когезия – сцепление, притяжение между частицами одного и того же твердого тела или жидкости, приводящее к объединению этих частиц в единое тело и обусловленное межмолекулярным взаимодействием.

Козловый кран – грузоподъемный кран в виде моста на жестких опорах, передвигающихся по рельсовому пути или бетонному основанию.

Кокошник в архитектуре – ложная закомара,

имеющая лишь декоративное назначение. Колебания – изменения во времени какой-либо физической величины, характеризующиеся той или иной степенью повторяемости.

Колебания механические – колебания,

совершаемые твердыми телами, жидкостями или газами.

Колея – следы, образованные в мягком грунте или снегу при движении транспортных средств.

СНиП РК 1.01-32-2005

тойтармалармен қосылатын ғимараттардың, имараттардың, машиналардың, технологиялық жабдықтардың металл құралымдары.

Тойтармалау – тойтармалардың көмегімен көбінесе, табақ материалдардан ажыратылмайтын қосылыстар жасау.

Клеть, сруб – бөренелер немесе келтектерді бірінің үстіне бірін қойып жасалған қарапайым ағаш құралым.

Сына – бұрыш жасап түйісетін екі жұмыс беті бар призма пішінді бөлшек.

Жол клинкері – арнайы (клинкерлік) саздардан толығымен піскенше күйдіру арқылы алынатын беріктігі жоғары кірпіш.

Цементтік клинкер – пісірілген шикізат қоспасы (мысалы, әктас немесе саз) түріндегі цемент дайындауға арналған жартылай фабрикат.

Сыналық қосылыс – машина бөлшектерінің сынаның көмегімен тартылатын немесе реттелетін ажыратылмалы қозғалмайтын қосылысы.

Клиринг - өзара талаптарды есепке алу негізінде тауарлар мен қызметке қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі.

Кілт – ысырманың құлыптың корпусынан шығуын қамтамасыз ететін, құлыптың құлыптау құрылғыларын немесе цилиндрлік механизмінің штифтілерін қозғалту үшін қызмет ететін бұйым.

Қосқыш бас тиектердің кілті - өрт сөндіруші қосқыш бас тиектердің тұтасуы мен ажыратылуын жеңілдететін құрылғы.

Керамикалық тақташалардан жасалған кілем

қалау жұмыстарын жеңілдетуге арналған елеуіш үлгісіндегі материал немесе қағаз бетке жапсырылған тақташалар жиынтығы.

Жер қазу және көтергіш-тасу машиналарының шөміші – материалдың бір бөлігін массивтен бөліп алып, тиеу (түсіру) орнына тасуға арналған жұмыс органы.

Шөмішті элеватор - үгітілгіш материалдарды жылжымалы таспаға (таспалық элеваторлар) немесе шынжырға (шынжырлы элеваторлар) қосылған шөміштермен көтеруге арналған үзіліссіз жұмыс істейтін машина.

Когезия – бір қатты дененің немесе сұйықтың ұсақ бөлшектерінің тұтас денеге біруігіне әкелетін және молекулалардың өзара әрекеті нәтижесінде болатын осы бөлшектердің бірбірімен ілінісуі, бір-біріне тартылуы.

Төрттағанды кран – рельстер немесе бетон негіздің үстінде қозғалатын қатты тіректерге орнатылған көпір түріндегі жүк көтеруші кран.

Сәулеттегі кокошник – тек әрлеуге ғана арналған жалған бөлшек.

Тербелістер – қайталану дәрежесімен сипатталатын қандай да бір физикалық өлшемнің уақыт аралығындағы өзгерістері.

Механикалық тербелістер – қатты денелердің,

сұйықтардың немесе газдардың тербелісі.

Соқпақ – көліктер жүрген жұмсақ топырақта немесе қардың бетінде пайда болатын із.

76

Коллектор коммуникационный – 1) подземное протяженное сооружение для транспортирования жидкостей и газов (без трубопроводов); 2) подземное протяженное сооружение для комбинированной прокладки трубопроводов и кабелей различного назначения.

Коллектор осушительных систем – дренажная труба или канал, которые принимают воду из регулирующей части осушительной сети и отводят ее за пределы осушаемой территории.

Коллектор канализационный – участок канализационной сети, собирающий сточные воды из бассейнов канализования.

Колодец – сооружение в виде вертикальной скважины, шахты или камеры. Колодцы гидротехнические устраивают с целью сбора подземных вод для водоснабжения и орошения – водозаборный колодец; для пополнения запаса подземных вод поверхностными или сброса дренажных и осветленных канализационных вод

– поглощающий колодец; для регулирования забора воды из рек, озер, водохранилищ – береговой колодец. Колодец канализационный сооружают на канализационной сети для ее осмотра, промывки, прочистки и пр. (смотровые, перепадные, промывные).

Колодец сетевой – элемент наружной сети водопровода или канализации, предназначенный для установки трубопроводной арматуры, приборов, устройств присоединений, для прочистки сети и др.

Колодец опускной – полая вертикальная конструкция, погружаемая в грунт, по мере его разработки под действием собственного веса.

Колонковое бурение – способ вращательного бурения скважин и шахтных стволов, при котором разрушение горной породы осуществляется по периферийной (кольцевой) части забоя с сохранением нетронутой центральной части (керна).

Колонна – 1) в архитектуре – вертикальная опора здания, сооружения (как правило, круглого сечения), воспринимающая вертикальные нагрузки от др. элементов; 2) в машиностроении

– стержневой вертикальный элемент несущей конструкции машин, на котором размещены рабочие органы, инструмент и т.п.

Колоннада – ряд или ряды колонн, объединенные горизонтальным перекрытием и расположенные снаружи или внутри здания.

Кольматаж – проникновение мелких взвешенных частиц в пористый материал при движении фильтрационного потока, осаждение наносов.

Комбинированное защитное покрытие –

защитное покрытие, образуемое путем сочетания металлического и лакокрасочного покрытий.

Комбинированное освещение — освещение, при котором к общему освещению добавляется местное.

Комбинированное естественное освещение

сочетание верхнего и бокового естественного освещения.

СНиП РК 1.01-32-2005

Қатынас коллекторы – 1) сұйықтар мен газдарды (құбырсыз) тасымалдау үшін қажет жерасты бойлық имараты; 2) арнаулы түрлі құбырлар мен кабельдерді қиылыстырып төсеуге арналған жерасты бойлық имараты.

Құрғату жүйелерінің коллекторы – құрғату торабының реттеу бөлімінен суды қабылдайтын және оны құрғатылатын аймағынан тыс жерге әкететін құрғатқыш құбыр немесе канал.

Канализациялық коллектор – канализациялау бассейндерінен ақаба суларды жинайтын канализация торабының телімі.

Құдық – тік ұңғыма, шахта немесе камера түріндегі құрылыс. Гидротехникалық құдықтарды жерасты суын жинау арқылы сумен жабдықтау және суару үшін – су алғыш құдық ретінде орнатады; жерасты су қорын жер беті суларымен толықтыру немесе дренаж және тазартылған канализация суларын ағызып жіберу үшін – жұтқыш құдық; өзендерден, көлдерден, су қоймаларынан алынатын су мөлшерін реттеу үшін – жағалық құдық орнатады. Канализациялық құдықты канализациялық торапта оны тексеру, жуу, тазалау және т.б. (тексеру, сарқырама, жуғыш құдықтар) үшін орнатады.

Торап құдығы – құбырлық арматураларды, аспаптарды, қосу, торапты тазарту қондырғыларын орнатуға және т.б. арналған су құбырлары торабының немесе канализацияның сыртқы элементі.

Түсірмелі құдық – жерді қазған сайын өз салмағының әсерінен төмен батырылатын іші қуыс тік құралым.

Бағаналық бұрғылау – тау жынысы қазбасы шеткі (сақиналық) жағынан қирап, ортаңғы бөлігі (керн) өз қалпында қалатын ұңғымалар мен шахталардың оқпандарын айналмалы бұрғылау әдісі.

Ұстын – 1) архитектурада – басқа бөлшектерден тік жүктемелерді қабылдайтын ғимараттың, имараттың тік тірегі (әдетте қиысы дөңгелек болып келеді); 2) машина жасауда – жұмыс органдары, аспаптар орналастырылған машинаның көтеруші құралымының шыбықты тік элементі.

Ұстындар қатары – горизонталь жабынмен біріктірілген ұстындардың ғимараттың ішінде немесе сыртында орналасқан қатары немесе қатарлары.

Кольматаж – фильтрациялық ағым жылжыған кезде ұсақ өлшенген бөлшектердің кеуекті материалға өтуі, үйінділердің тұнуы.

Құрастырылған қорғаныш қабаты – метал және сырлы лакты қабаттарды үйлестіру жолымен жасалатын қорғаныш қабаты.

Құрастырылған жарық – жалпы жарыққа жергілікті жарық қосылатын жарықтандыру.

Құрастырылған табиғи жарық – жоғарғыдан және жанынан түсетін табиғи жарықтың үйлесімі.

77

Комбинированные системы в строительной механике – системы, представляющие собой сочетания несущих конструкций различных типов.

Комбинированный огнетушитель – огнетушитель с зарядом двух и более огнетушащих веществ.

Комиссия по чрезвычайным ситуациям (комиссия по ЧС) – функциональная структура органа исполнительной власти Республики Казахстан и органа местного самоуправления, а также органа управления объектом народного хозяйства, осуществляющая в пределах своей компетенции руководство соответствующей подсистемой или звеном ЧС либо проведением всех видов работ по предотвращению возникновения чрезвычайных ситуаций и их ликвидации.

Комиссия государственная приемочная

комиссия, назначаемая в установленном порядке для приемки в эксплуатацию законченного строительством объекта.

Комиссия рабочая приемочная – комиссия,

назначаемая в установленном порядке для приемки выполненных работ по законченному строительством объекту и предъявления его государственной приемочной комиссии.

Коммуникации – пути сообщения: маршруты движения транспорта, каналы связи, сети подземного городского хозяйства и т.п.

Компенсатор – устройство для устранения (компенсации) влияния различных факторов на состояние и работу сооружений.

Комплекс мобильных (инвентарных) зданий и

(или) сооружений – совокупность мобильных (инвентарных) зданий и (или) сооружений, предназначенных для выполнения взаимосвязанных эксплуатационных задач.

Комплекс нормативных документов –

совокупность взаимосвязанных нормативных документов, объединенных общей целевой направленностью и устанавливающих согласованные требования к взаимосвязанным объектам стандартизации (нормирования).

Комплекс пусковой – группа объектов (или их частей) основного и дополнительного производственного назначения, энергетического, транспортного и складского хозяйства, связи, внутриплощадочных инженерных коммуникаций, благоустройств и других объектов, являющихся частью стройки или ее очереди, ввод которых в эксплуатацию обеспечивает выпуск продукции или оказание услуг, предусмотренных проектом, и нормальные условия труда для обслуживающего персонала согласно действующим актам.

Комплекс технических средств для ведения работ в зонах чрезвычайной ситуации (комплекс технических средств для ведения работ в зонах ЧС) – взаимно увязанные по производительности и работающие под единым управлением основные и вспомогательные технические средства, предназначенные для выполнения отдельных работ или определенных

СНиП РК 1.01-32-2005

Құрылыс механикасындағы құрастырылған жүйелер – әр түрлі типтегі көтеруші құралымдардың үйлесімі түріндегі жүйелер.

Құрастырылған отсөндіргіш – екі және одан да көп отсөндіргіш заттармен зарядталған отсөндіргіш.

Төтенше жағдайлар бойынша комиссия (ТЖ бойынша комиссия) Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органының және жергілікті басқару органының, сондай-ақ халық шаруашылығы нысанын басқару органының өз өкілеттігі шегінде ТЖ тиісті шағын жүйесін немесе буынын басқаратын немесе төтенше жағдайларды болдырмау үшін және олардың салдарын жою үшін барлық жұмыс түрлерін жүргізетін қызметтік құрылым.

Мемлекеттік қабылдау комиссиясы

белгіленген тәртіпте құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау үшін тағайындалатын комиссия.

Қабылдаушы жұмыс комиссиясы – құрылысы аяқталған нысанда орындалған жұмыстарды қабылдап және мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін белгіленген тәртіпте тағайындалатын комиссия.

Қатынастар – қатынас жолдары: көліктің қозғалу бағыттары, байланыс каналдары, қалалық жерасты шаруашылығының тораптары және т.с.с.

Компенсатор – құрылыстардың жағдайы мен жұмысына түрлі факторлардың әсерін жоюға (компенсациялауға) арналған құрылғы.

Жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар және (немесе) имараттардың кешені – бір-бірімен байланысты пайдалану жұмыстарын орындауға арналған жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттардың жиынтығы.

Нормативтік құжаттардың кешені – бірыңғай бағыттағы мақсаттармен біріктірілген және стандарттау (нормалау) нысандарына өзара байланысты келісілген талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар жиынтығы.

Іске қосу кешені – құрылыстың немесе оның кезегінің бөлігі болып табылатын негізгі өндірістік немесе қосалқы мақсаттағы энергетикалық, көлік және қойма шаруашылығы, байланыс, ішкі алаңдық инженерлік катынастар, абаттандыру және басқа да нысандардың тобы (немесе олардың бөлігі), олардың іске қосылуы жоба бойынша белгіленген өнім шығаруды немесе қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және күші бар актілерге сәйкес қызмет көрсетушілердің жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді.

Төтенше жағдай аймақтарында жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар кешені (ТЖ аймақтарында жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар кешені) – төтенше жағдайлар аймағында бір процесс аясында жеке жұмыстар немесе жұмыстардың белгілі бір түрін орындауға арналған өнімділіктері бойынша өзара

78

видов работ в рамках одного процесса в зонах чрезвычайной ситуации.

Комплекс (блок) эскалаторов – эскалаторы,

установленные в одном наклонном ходе с общим машинным помещением.

Комплект мобильных (инвентарных) зданий и сооружений – совокупность мобильных (инвентарных) зданий и сооружений, необходимых для организации строительной площадки.

Комплектация производственно-технологическая

– комплектная поставка в рабочие зоны материалов, изделий и конструкций, доведенных на специально организуемых базах до полной готовности к производственному применению.

Композиционные материалы – материалы,

образованные объемным сочетанием химически разнородных компонентов с четкой границей раздела между ними.

Компонент – составная часть, элемент чего-либо.

Компоновка – взаимное расположение различных элементов изделия, устанавливаемое на основе закономерностей и приемов художественной композиции с учетом техникоэкономических и потребительских требований.

Компрессорная станция – комплекс агрегатов для получения сжатого воздуха или газа на промышленных предприятиях, магистральных трубопроводах и строительных объектах.

Конденсация – переход вещества из газообразного состояния в жидкое или твердое вследствие его охлаждения или сжатия.

Кондиционер – аппарат для обработки и перемещения воздуха в системах кондиционирования воздуха.

Кондиционирование воздуха – создание и автоматическое поддержание в закрытых помещениях, транспортных средствах и т.п. температуры, относительной влажности, чистоты, состава, скорости движения воздуха, наиболее благоприятных для самочувствия людей или ведения технологических процессов, работы оборудования и приборов.

Кондоминиум – совместное владение. Кондуктор монтажный – устройство для выверки и временного закрепления монтируемых конструкций или их элементов в проектном положении.

Конек – верхнее горизонтальное ребро крыши, образующее водораздел.

Конек в архитектуре – верхний гребень двухскатной или четырехскатной крыши. Консервация – 1) консервация металлов и металлических изделий – комплекс мер, обеспечивающих временную противокоррозионную защиту на период хранения и транспортировки металлов и изделий, с использованием консервационных масел и смазок; 2) консервация древесины – обработка древесины антисептическими средствами, обугливание или окрашивание ее для придания

СНиП РК 1.01-32-2005

байланыстырылған және бір жерден басқарылатын негізгі және қосалқы техникалық құралдар.

Эскалаторлар кешені (блогы) – ортақ машина бөлмесімен бір еңіс жүрісте орнатылған эскалаторлар.

Жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттардың жиынтығы – құрылыс алаңын ұйымдастыруға қажет жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттардың жиынтығы.

Өндірістік-технологиялық жинақтау – арнайы ұйымдастырылған базаларда өндірісте қолданылуға толығымен дайын жағдайға келтірілген материалдарды, бұйымдарды және құралымдарды жұмыс аймағына жинақтап жеткізу.

Композициялық материалдар – химиялық әртекті құрауыштарды араларын нақты бөліп көлемді біріктірумен жасалған материалдар.

Құрастырушы - бір нәрсенің құраушы бөлігі, элементі.

Құрастырылым – көркемдік құрастыру әдістері мен заңдары негізінде техникаэкономикалық және тұтынушылардың талаптарын ескере отырып, бұйымның түрлі бөлшектерін өзара орналастыру.

Компрессорлық станция - өндірістік кәсіпорындарда, магистральдық құбырларда және құрылыс нысандарында сығылған ауа мен газ алуға арналған агрегаттар кешені.

Конденсация – суу немесе сығу нәтижесінде заттың газ түрінен сұйық не қатты түрге көшуі.

Кондиционер – ауаны кондициялау жүйелерінде ауаны өңдеуге және тасуға арналған аппарат.

Ауаны кондициялау – жабық бөлмелерде,

көлік құралдарында және т.с.с. адамдардың күйіне неғұрлым қолайлы немесе технологиялық процестерді, жабдықтар мен аспаптардың жұмысын жүргізуге арналған температура, салыстырмалы ылғалдылық, тазалық, ауаның құрамы мен қозғалу жылдамдығын жасау және автоматты ұстап тұру.

Кондоминиум – бірлесіп иемдену.

Орнату кондукторы – орнатылатын құралымдар немесе олардың бөлшектерін жобалық орындарына дәлдеп, уақытша бекітіп қоюға арналған құрылғы.

Шатыржал - суайырық құрайтын төбенің жоғарғы көлденең қабырғасы.

Сәулеттегі шатыржал – екі еңісті немесе төрт еңісті шатырдың жоғарғы қыры.

Бұзылудан сақтау – 1) металдар мен металдан жасалған бұйымдарды бұзылудан сақтау – бұзылудан сақтайтын майларды пайдалану арқылы орындалатын металдар мен бұйымдарды сақтау және тасымалдау мерзімі уақытында тоттанудан сақтау шараларының кешені; 2) ағашты бұзылудан сақтау – ағашты антисептикалық құралдармен өңдеу, шіруге төзімді қылу үшін оны қарауыту немесе бояу.

79

стойкости против гниения.

Консоль – 1) строительная конструкция или ее часть, выступающая за опору, служащая для поддержания балкона, устройства козырька над входом и т.п.; 2) элемент интерьера жилого помещения – прикрепленный к стене столик, подставка для цветов или статуэтки.

Консольные системы в строительной механике

несущие конструкции, основные элементы которых имеют выступающие за опоры части – консоли.

Консольный кран – грузоподъемный кран с несущей конструкцией в виде консольной фермы, по которой перемещается грузовая тележка.

Конструктивно-унифицированный ряд – изделия,

одинаковые или различные по функциональному назначению, но имеющие конструктивную общность деталей, блоков и агрегатов.

Конструкторская документация – графические и текстовые документы, которые содержат данные об изделии, детали, плане, схеме, необходимые для их разработки, изготовления, контроля, приемке, эксплуатации и ремонта.

Конструкции комплексные – строительные конструкции, состоящие из частей различного назначения, функционально связанные друг с другом (например, плита покрытия с утеплителем и кровлей ).

Конструкции легкосбрасываемые – наружные ограждающие конструкции (или их элементы) зданий, сооружений и помещений с взрывоопасными производствами, которые при возможном взрыве должны сбрасываться (или разрушаться), образуя открытые проемы для уменьшения давления при взрыве и обеспечения сохранности конструкций здания и сооружения.

Конструкции монолитные – строительные конструкции (главным образом, бетонные и железобетонные), основные части которых выполнены в виде единого целого (монолита) непосредственно на месте возведения здания и сооружения.

Конструкции несущие – строительные конструкции, воспринимающие нагрузки и воздействия и обеспечивающие прочность, жесткость и устойчивость зданий и сооружений.

Конструкции ограждающие – строительные конструкции, предназначенные для изоляции от внешней среды или между собой с учетом нормативных требований по прочности, теплоизоляции, гидроизоляции, пароиэоляции, воздухопроницаемости, звукоизоляции, светопрозрачности и т.д.

Конструкции ограждающие вентилируемые

конструкции в наружной стене или покрытии здания, имеющие полости, сообщающиеся с воздухом, для удаления пара, излишнего тепла, подсушки утеплителя.

Конструкции плоскостные – конструкции,

способные воспринимать только такую приложенную к ним нагрузку, которая действует

СНиП РК 1.01-32-2005

Консоль – 1) балконды ұстап тұруға, кіре беріске күнқағарды орнатуға және т.с.с. арналған тіректен шығып тұратын құрылыс құралымы немесе оның бөлігі; 2) тұрғын бөлменің интерьерінің элементі – қабырғаға бекітілген гүл, статуэтка қоюға арналған сөре.

Құрылыс механикасындағы консольдік жүйелер – негізгі бөлшектерінде тіректен шығып тұратын бөліктері – консолдері бар көтергіш құралымдар.

Консольді кран – консольді ферма түріндегі көтергіш құралымы бойынша жүк тасушы арба жылжитын жүк көтергіш кран.

Құралымы бойынша бірыңғайланған қатар –

қызметтік тағайыны бойынша бірдей немесе әр түрлі, бірақ бөлшектері, блоктары және агрегаттары құралымы бойынша бірдей бұйымдар.

Конструкторлық құжаттар – бұйым, бөлшек,

жоспар, сызбалар туралы, оларды жасауға, тексеруге, қабылдауға, пайдалануға және жөндеуге қажетті деректер көрсетілген кескіндемелік және мәтіндік құжаттар.

Кешенді құралымдар – тағайындалуы жағынан түрлі бөліктерден тұратын, функционалдық өзара біртұтас байланысқан (мысалы, жылытқыш және төсемі бар төбе жабын тақтасы) құрылыс құралымдары.

Жеңіл түсетін құралымдар – жарылыстар болуы мүмкін кезінде жарылыстан болған қысымды азайту және ғимарат пен имарат құралымдарын сақтап қалуды қамтамасыз ету үшін ашық қуыстар жасап түсуге (қирауға) тиісті ғимараттар, имараттар және бөлмелердің сыртқы қоршаушы құралымдары (немесе олардың элементтері).

Тұтасқұйма құралымдар –ғимараттар және имараттар салынып жатқан жерде негізгі бөліктері біртұтас (монолит) етіліп жасалған құрылыс құралымдары (негізінен, бетон және темірбетон).

Көтергіш құралымдар – жүктер мен әсерлерді қабылдайтын және ғимараттар мен имараттардың беріктігін, қаттылығын және орнықтылығын қамтамасыз ететін құрылыс құралымдары.

Қоршаушы құралымдар – беріктігі, жылуды оқшаулауы, суды оқшаулауы, буды оқшаулауы, ауа өткізуі, дыбыстарды оқшаулауы, жарық мөлдірлігі және т.б. бойынша қойылатын нормативтік талаптарды ескере отырып, сыртқы қоршаған ортадан немесе өзара оқшаулауға арналған құрылыс құралымдары.

Желдетілетін қоршаушы құралымдар – буды,

артық жылуды сыртқа шығаруға, жылытқышты кептіруге арналған ауамен қатынасқан қуыстары бар ғимараттың сыртқы қабырғасындағы немесе қабатындағы құралымдар.

Жазық құралымдар – тек белгілі бір жазықтықта әсерін тигізетін түсірілген жүктемелердің әсерін қабылдауға қабілетті

80

в одной определенной плоскости.

Конструкции пневматические – мягкие оболочки из армированных пленок или воздухонепроницаемых синтетических тканей с резиновым или полимерным покрытием, во внутренний замкнутый объем которых нагнетается воздух.

Конструкции пространственные – конструкции,

способные воспринимать приложенную к ним пространственную систему сил.

Конструкции самонапряженные – разновидность предварительно напряженных железобетонных конструкций, напряжение арматуры которых достигается в результате увеличения объема бетона на расширяющемся цементе в процессе его затвердевания.

Конструкции сборные – строительные конструкции, изготовленные на предприятиях и используемые при возведении зданий и сооружений.

Конструкции совмещенные – конструкции,

применяемые при строительстве зданий и сооружений различного назначения и выполняющие несущие и ограждающие функции.

Конструкции строительные – элементы здания и сооружения, выполняющие несущие, ограждающие либо совмещенные (несущие и ограждающие) функции.

Конструкционная прочность – свойство конструкционных элементов в определенных условиях воспринимать, не разрушаясь, те или иные воздействия.

Конструкционные материалы – материалы,

применяемые для изготовления конструкций, воспринимающих силовую нагрузку.

Контактная сварка – сварка, при которой свариваемые детали нагреваются проходящим в месте контакта электрическим током и сдавливаются (осаживаются).

Контейнер – стандартная емкость, служащая для бестарной транспортировки грузов различными видами транспорта без промежуточной перегрузки при смене транспортных средств.

Контракт трудовой – срочный трудовой договор между работодателем и работником, в котором оговариваются индивидуальные условия работы.

Контрнаправляющая ступени – элемент трассы лестничного полотна, предназначенный для предотвращения опрокидывания ступени, ее случайного подъема и препятствующий складыванию тяговой цепи внутри полотна при ее обрыве.

Контролируемая зона – расположенная за границей полосы предоставления полоса местности, на которой устанавливаются ограничения пользования землей.

Контроль качества производственный – входной,

операционный и приемочный контроль за соблюдением заданных проектом и требуемых нормативными документами и стандартами геометрических, физико-технических и технологических параметров и свойств конструкций зданий и сооружений и их составных элементов в процессе строительства объекта.

СНиП РК 1.01-32-2005

құралымдар.

Пневматикалық құралымдар – тұйықталған

ішкі көлемі қысылған ауамен толтырылатын арматураланған үлдірлерден немесе резеңке не полимермен қапталған ауа өткізбейтін синтетикалық маталардан тұратын жұмсақ қабықтар.

Кеңістік құралымдары – түсірілген кеңістіктегі күштер жүйесін қабылдауға қабілетті құралымдар.

Өздігінен кернеуленген құралымдар – алдын ала кернеуленген темірбетон құралымдарының бір түрі, оларда арматура кернеуі қату кезінде ұлғаятын цемент негізінде жасалатын бетонның көлемінің ұлғаюы нәтижесінде пайда болады.

Құрастырмалы құралымдар – кәсіпорындарда жасалған, ғимараттар мен имараттарды тұрғызуда қолданатын құрылыс құралымдары.

Біріктірілген құралымдар – түрлі мақсаттарда салынатын ғимараттар мен имараттардың құрылысында қолданылатын және көтергіш және қоршаушы қызметтер атқаратын құралымдар.

Құрылыс құралымдары – көтергіш және қоршаушы немесе біріктірілген (көтергіш және қоршаушы) функцияларын атқаратын ғимараттар мен имараттардың элементтері.

Құралымдық беріктік – құралымдық элементтердің белгілі бір жағдайларда әлдебір әсерлерді қирамай қабылдау қасиеті.

Құралымдық материалдар – күштік жүктемені қабылдайтын құралымдарды жасауға пайдаланылатын материалдар.

Түйіспелік пісіру – пісірілетін бөлшектер түйісу жерінен өтетін электр тогімен қыздырылатын және жаншылатын (отырғызылатын) пісіру түрі.

Контейнер – көлік түрі ауысқан кезде жүк қайта тиелмейтін, түрлі көлік түрлерімен жүктерді орамасыз тасу үшін қызмет ететін стандартты сыйымдылық.

Еңбек келісімшарты – жұмыс беруші мен қызметкер арасында жұмыстың жеке шарттары аталып көрсетілетін мерзімдік еңбек шарты.

Басқыштың бақылау бағыттағышы

басқыштың төңкерілуін, оның кездейсоқ көтерілуін болдырмауға және тарту шынжыры үзілгенде төсем ішінде жиналуына кедергі жасайтын баспалдақ төсемі трассасының элементі.

Бақыланатын аймақ бөлінген жолақтың шекарасынан тыс орналасқан жерді пайдалануға шектеу қойылатын жер алқабы.

Өндірістік сапасын бақылау – жобада көрсетілген және нормативтік құжаттар мен стандарттар талап ететін ғимараттар мен имараттардың және олардың құрама элементтерінің геометриялық, физикатехникалық және технологиялық шамаларының нысанды салу кезіндегі кіріс, операционалдық және қабылдау бақылауы.

81

Контрфорс – поперечная стенка, вертикальный выступ или ребро из камня, бетона или железобетона, укрепляющие основную несущую конструкцию (преимущественно наружную стену) и воспринимающие главным образом горизонтальные усилия.

Контрфорсная плотина – плотина, в которой давление воды верхнего бьефа, воспринимаемое напорными перекрытиями, передается контрфорсам и через них основанию.

Концентрация напряжений – значительное увеличение механических напряжений, возникающее в местах резких изменений формы тела.

Коробление древесины – деформирование пиломатериалов, заготовок и деталей при их высыхании или увлажнении.

Корпус – основная деталь изделия, внутри которой помещаются детали его механизма.

Коррозионная стойкость – 1) способность металлических и неметаллических материалов сопротивляться коррозии; 2) способность материала не вступать в реакции с другими веществами, т.е. способность материала сопротивляться воздействию кислот, щелочей, солей, газов.

Коррозионная стойкость строительного материала

– относительная способность строительного материала в изделии или конструкции в течение определенного срока сопротивляться воздействию агрессивной среды.

Коррозионная усталость – понижение предела выносливости материала при одновременном воздействии циклических переменных напряжений и коррозионной (агрессивной) среды.

Коррозионное разрушение строительного материала – изменение массы, сечения, прочности или ухудшение других количественных характеристик и показателей качества строительного материала и (или) конструкции вследствие коррозии.

Коррозионные испытания – испытания строительных материалов, изделий и конструкций или защитных покрытий с целью определения их коррозионной стойкости и (или) их защитной способности в агрессивной среде.

Коррозия – самопроизвольное разрушение твердых тел вследствие химического или электрохимического взаимодействия их с внешней средой.

Коррозия бетона – ухудшение характеристик и свойств бетона в результате вымывания (выщелачивания) из него растворимых составных частей (коррозия первого вида); образования продуктов коррозии, не обладающих вяжущими свойствами (коррозия второго вида), и накопления малорастворимых кристаллизующихся солей, увеличивающих объем его твердой фазы (коррозия третьего вида).

Коррозия выщелачивания бетона – коррозия бетона в результате растворения и вымывания (выщелачивания) из него растворимых составных

СНиП РК 1.01-32-2005

Контрфорс – негізгі көтеруші құралымды (көбінесе сыртқы қабырғаны) нығайтатын және негізінен горизонталь күштерді қабылдайтын тас, бетон немесе темірбетоннан жасалған көлденең қабырға, вертикаль кертеш немесе қабырға.

Контрфорстық бөгет – арындық жабу қабаттары қабылдайтын жоғарғы бьефтегі су қысымы контрфорстарға және олар арқылы негізге берілетін бөгет.

Кернеудің шоғырлануы – зат пішінінің күрт өзгерген жерлерінде пайда болатын механикалық кернеулердің едәуір ұлғаюы.

Ағаштың қисаюы – құрғау немесе ылғалдану нәтижесінде кесілген материалдардың, дайындамалар мен бөлшектердің деформациялануы.

Корпус – ішіне өзінің механизмінің бөлшектері орнатылатын бұйымның негізгі бөлшегі.

Тоттану төзімділігі – 1) металл және металл емес материалдардың тоттануға қарсы тұру қабілеттілігі; 2) материалдың басқа заттармен реакцияға түспеуі, яғни материалдың қышқыл, сілті, тұздар, газдар әсеріне қарсы тұру қабілеті.

Құрылыс материалының тоттануға төзімділігі

бұйым немесе құралымдағы құрылыс материалының белгілі бір мерзім аралығында жеміргіш ортаның әсеріне қарсы тұратын салыстырмалы қабілеттілігі.

Тоттанып қажу - айнымалы циклдық кернеулер мен тоттанатын (жеміргіш) ортаның бір уақытта әсер ету кезінде материалдың төзімділік шегінің төмендеуі.

Құрылыс материалының тоттанып бұзылуы –

тоттану салдарынан құрылыс материалының және (немесе) құралым массасының, қимасының, беріктігінің өзгеруі немесе басқа да сандық сипаттамалары мен сапалық көрсеткіштерінің төмендеуі.

Тоттану сынақтары – құрылыс материалдары, бұйымдары мен құралымдары немесе қорғаныш қабаттарының тоттану төзімділігін және (немесе) жеміргіш ортаға қарсы тұру қабілетін анықтау үшін өткізілетін сынақтар.

Тоттану – сыртқы ортамен химиялық немесе электрохимиялық өзара әрекеттесу нәтижесінде болатын қатты заттардың өздігінен бұзылуы.

Бетонның тоттануы – құрамынан ерітілмелі құрама бөліктерін жуып шығару (тоттанудың бірінші түрі); тұтқырлық қасиеттері жоқ тоттану өнімдерінің пайда болуы (тоттанудың екінші түрі), және бетонның қатты фазасының көлемін ұлғайтатын аз еритін кристалданатын тұздардың жиналуы (тоттанудың үшінші түрі), нәтижесінде бетонның сипаттамалары мен қасиеттерінің төмендеуі.

Бетонның жуылып тоттануы – ерітілмелі құрама бөліктерінің құрамынан еріп шығуы нәтижесінде болатын бетонның тоттануы.

82

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]