Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sillabus_Tekhn__1179_aza_1179_tili__3.doc
Скачиваний:
12
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
251.9 Кб
Скачать

1. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

1.1. Пәнді оқытудың мақсаты:

«Техникалық қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешеннің басты мақсаты – біріншіден, мемлекеттік тілдің өрісін кеңейту, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін жасау. Екіншіден, болашақ техникалық мамандықтардың кәсіби біліктілігін арттыру. Тілдің тұрмыс-тіршіліктегі қолданылу деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу, инженер мамандықтардың ұлттық техникалық ғылымының дамуына тікелей өз үлестерін қосуларына бағыт беру, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін жақсартуға дағдыландыру, өздерінің болашақ мамандықтарымен кәсіби бағытта жұмыс істеулерін қалыптастыру.

Осы айтылғандардан шығу үшін ұсынылып отырған кешеннің мақсаты – бір нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.

1.2. Пәнді оқытудың міндеті:

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:

- жұмыс орнында, өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада қазақша қарым-

қатынасқа үйрету;

- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді, терминологиялық

сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;

- қазақша дұрыс сөйлеу әуезділігіне жету, сауатты жазуға дағдыландыру;

- қазақ тілінің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету;

- қазақ тіліндегі жарнамаларды, іс-қағаздарды, мамандыққа байланысты

әдебиеттерді оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыру;

- оқылған мәтінді аударып, сөздіктермен жұмыс істей отырып, оның

мазмұнында берілген ойды ауызша айту, ойды жазбаша құра білу дағдысын

қалыптастыру.

1.3. Пререквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Техникалық қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешен оларды кәсіби мамандықтарына бағыттап оқытады, болашақта кәсіби тілді қатынас құралы ретінде игеріп шығуларына көмектеседі. Бұл пәнді білу үшін техника саласының даму тарихын, өндіріс технологиясының негіздерін, әртүрлі тәсілдерін оқып білулері қажет. Студенттерге өздерінің таңдап алған техникалық мамандықтарына сай тау-кен, металлургия, құрылыс-сәулет, экономика, машинажасау, ақпараттану технологиясы, автоматика және басқару жүйесі, мұнай-газ және т.б. салалардан мәлімет алып, меңгереді.

1.4. Постреквизиттері: Техника саласындағы кәсіби мамандықтарға қажетті пәндерді білу үшін оқу бағдарламасы бойынша арнайы дайындалған курсты меңгеру қажет.

2. Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық курс пен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады. Пайыздық-рейтингтік жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін шкала түрінде беріледі.

Қорытынды бақылау кезінде мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарымен сәйкес пайыз бөлудің (1-кесте) үш нұсқасының бірі ғана таңдалынып алынады.

Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 пайыздық шкаламен бағаланады.

Әрбір пәнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.

Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, семестрлік тапсырма, коллоквиум, лабораториялық жұмыстарды орындау және басқалар жатады. Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрлерінің балдық көрсеткіштері қолданылады (1-кесте).

Бақылау түрлері бойынша пайызға % бөлу

Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

Пайыз %

1

Емтихан

Қорытынды бақылау

Аралық бақылау

Ағымдық бақылау

100

100

100

Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша күнтізбек кестесі

«Қазақ тілі» пәні бойынша

1-кесте

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Бақылау түрлері

ЛТ

ЛТ

ӨЖ

ЛТ

ЛТ

ЛТ

ӨЖ

ЛТ

ЛТ

АБ

ЛТ

ЛТ

Р

ЛТ

ЛТ

ЛТ

Р

ЛТ

Р

АБ

Бақылау-дың апталық саны

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бақылау түрлері: ЛТ – лексикалық тақырып, Р – реферат, ӨЖ – өздік жұмыс, АБ – аралық бақылау.

Студенттердің білімін бағалау

Баға

Әріптік эквивалент

Пайызбен %

Балмен

Өте жақсы

А

А-

95-100

90-94

4

3,67

Жақсы

В+

В

В-

85-89

80-84

75-79

3,33

3,0

2,67

Қанағаттанарлық

С+

С

С-

D+

D

70-74

65-69

60-64

55-59

50-54

2,33

2,0

1,67

1,33

1,0

Қанағаттандырарлықсыз

Ғ

0-49

0

3. Пәннің мазмұнында әр техника саласындағы мамандықтарға

негізделген материалдар қамтылған. Сан-салалы жұмыстың түрлерін орындау арқылы студенттер тілді дамытудың жан-жақты қамтылған көптеген шараларын іске асыруға өз үлестерін қосады, мамандықтарына деген сүйіспеншіліктерін қалыптастырып, кәсіби сөздерді меңгеріп, тіл заңдарын орындауға атсалысады.

Студенттер кешеннің мазмұнында қамтылған жұмыстарды орындау арқылы техникалық ғылым тіліндегі ұғымдарын жетілдіреді. Ал мәтіндер арқылы танымдық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асырады, кәсіби мамандықтарынан нақты деректер алады. Осы айтылғандарға орай аталған пәнді меңгерулері үшін, төмендегі мәліметтерді білу қажет:

  • Дүниежүзілік және Ресейдегі тау-кен ісінің даму тарихын;

  • Қазақстандағы тау-кен ісінің ғылыми даму жолдарын;

  • Тау-кен өнеркәсібінің өркендеу тарихын;

  • Кен орындарын жерасты арқылы қазудың болашағын;

  • Пайдалы қазынды кен орындарының кен-геологиялық сипаттамасын;

  • Металлургия саласының зерттелуін;

  • XVIII ғасырға дейінгі Ресейдегі металлургияның дамуын;

  • Қазақстандағы металлургияның дамуын;

  • Геология ғылымын;

  • Гелогияның даму тарихын;

  • Өздері оқитын институттың ашылу тарихын;

  • Геологиялық зерттеу әдістерін;

  • Геологияның халық шаруашылығындағы маңызын;

  • Мұнай мен газ көздерінің пайда боуын;

  • Қазастандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы мен зерттелуін;

  • Экология ғылымы мен оның құрылымын;

  • Экологиялық шараларды;

  • Дүниежүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелерді;

  • Қазіргі замандағы экологияның пәні мен міндеттерін;

  • Қоршаған ортаны қорғаудың аймақтық проблемаларын;

  • Сәулет өнері мен оның зерттелуін;

  • Ғимараттар мен имараттардың түрлерін;

  • Сәулеттік құрылыс жүйелерін;

  • Экономикалық дамудың жалпы негіздерін;

  • Машинажасау ғылымы саласының дамуын;

  • Ақпараттық технология саласын;

  • Автоматика және басқару жүйесін және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]