Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prav НШПС дип (1).docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.44 Mб
Скачать

1.1 Илемделетін өнім сортаменті және негізгі орнақтың қолданылуы

НШПС-1700 ЛПЦ-1 пен салмағы 23 тоннаға дейін орамдықтарды орауға, қалындығы (1,2-14) мм , ені (700-1550) мм жолақтарды өңдіру үшін арналған, сонымен қатар қалындығы (1,2-12) мм, ені (700-1550) мм қаңылтырларды өңдіру үшін арналған, келесі мөлшерлерінде [20]:

- суықтай илемдеу цехтары үшін орамдықтар – 2200 мын. т;

- қаңылтырлар цехтары үшін орамдықтар – 345 мын. т;

- құбырлыэлектрпісіру цехтары үшін орамдықтар 999,5 мын. т;

- иілген профилдердің цехтары үшін орамдықтар – 279 мын. т;

- тауарлы ыстықтайиленген орамдықтар және қаңылтырлар – 552 мын. т.

Салмағы 23 т дейін орамдыққа оралған, қалындығы 1,2-12 мм, ені 700-1550 мм, ыстықтайиленген жолақтарды өңдіру үшін арналған, сонымен қатар қалындығы 1,2-12 мм, ені 1550 мм дейін қаңылтырды өңдіру үшін арналған.

Бұл арнайы орнақ болаттын келесі маркаларын илемдеу үшін арналған, олар:

1. МЕСТ 501-58 және МЕСТ 500-58, қарапайым сапасымен көміртекті болат МЕСТ 380-71 бойынша (қайнаған, тыныш және жартылайтыныш):

2. Құрылымды азкөміртекті болат МЕСТ 5058-65; 16ГС; ЮГ2С1; 09Г2С; 12ГС; Г7ГС; 18Г2; 15ГФ бойынша және т.б.

3. Құрылымды азкөміртекті болат МЕСТ 1050-60; 05кп,08кп, 10кп, 10, 15кп, 15, 20кп, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 20Г бойынша.

Техникалық талаптарына сай ыстықтай иленделген илем сипаттамасы МЕСТ 19903-74 [60] және СТИ 309-ПГ-11-2000 [48], қосымшада келтірілген.

1.2 Жабдықтар құрамы және олардың сипаттамасы

Цех құрамына мыналар кіреді: қыздыру пеш участоктары, НШПС-1700, айналмасоққышты-ажарлау және жөңдеу – механикалық шеберханалар, адьюстаж.

Пеш участогы төрт әдістемелік бесаумақты итергіш қыздыру пештерден құралады. Пештер коксдомна қоспалардан жағылады. Қыздырылуы екіжақты жүзеге асады. Пештің активті оттық ұзындығы 30,5 м құрайды. Пешті слябтармен толтырылуы итергіштер арқылы рольгангтардан жүзеге асады. Қыздырылған слябтардың берілісі соққылы болып келеді, оны пеш астындағы қабылдағыш рольганг арқылы іске асады.

НШПС-1700 қаралық, тазалық қапас топтарынан, ыстықтай илемделген металды алып тастау тізбектерінен құралады.

Қаралық қапас топтары тік және көлденен отқабыршықсындырғыштардан құралады, олар сляб беттеріндегі отқабыршықты қирату үшін арналған; сонымен қатар кварто қапастардың; төрт әмбебапты қапастардың арасындағы отқабыршықты соғып түсіру үшін қондырылған.

Тазалық үздіксіз қапастар тобына алдынғы және артқы илемдердің тегіс емес ұштарын кесу үшін ұшқын қайшыларынан; көлденен отқабыршықтысындырғыштан «дуо»; жеті «кварто» қапастарынан; жұмысшы және балталық біліктерді ауыстырып тұратын механизмдерден тұрады. Соңғы қапастар қыспақты гидравликалық құралдармен жабдықталған – ГҚҚ, бұл жолақтардыі әртүрлі қалындығын төмендетуге мүмкіндік береді.

Қаралық қапастан тазалық қапас тобынан кенейжаюды тасымалдау үшін аралықты рольганг бар. Ол рольгангтегі кенейжаюлардағы жылулық шығынын азайту үшін қорғау экрандармен жабдықталған, илемделмей қалған илемдерді жинау үшін, ыстық илемделмей қалған илемдердің кесінді сызықтарын жөңдеу үшін арнайы қалталармен жабдықталған.

Ыссы илемделген металдың жинау тізбегіне мыналар кіреді: қайтару рольгангі; қалындығы 5 мм дейін жолақтарды орамдықты орау үшін 3 орағыштан және қалыңдығы 5 мм астам жолақтарды орау үшін 2 орағыштардан тұрады; көтеріп-айналдыратын үстелдері конвейер жүйесі бар, бұл ыстық орамдықтарды қоймаға, адъюстаж немесе ЛПЦ-2 тасымалдау үшін арналған.

Айналмасоққышажарлау шеберханасы жұмысшы және тіреу мойынтіректерді құрастыру, жинау үшін, сонымен қатар біліктердің өздерін қайтақайрау және ажарлау үшін арналған. Жөңдеулі-механикалық шеберханасында ауысатын жабдықты монтаждау және жөңдеуі жүзеге асады.

Адъюстаж құрамына мыналар кіреді:

  • металл АПР-1 көлденен кесу агрегаты, бұл қалындығы (4-16) мм қаптама қаңылтырды кесу үшін арналған;

  • көлденен кесу агрегаты АПР-2, қалындығы (1,6-4) мм қаптама қаңылтырды кесу үшін арналған;

  • тік кесу агрегаты, үлкен диаметрлі құбырларды өңдіру үшін қолданатын, штрипс орамдықтарды көлденен кесу үшін арналған;

  • лонжерон жолағын пішу үшін, тік-көлденен кесу агрегаты АПР-4.

Имеется печь для нормализационного отжига металла с роликовым подом, отапливаемая коксодоменной смесью.

Илемдеу үрдісін және өнім сапасын бақылау үшін орнақ тізбегінде енөлшегіштер, қалындықөлшегіштер және пирометрлер қондырылған. Орнақ бірқатар автоматты жүйелермен қамтылған:

  • жолақты автоматты реттеу жүйесімен (ЖАРЖ);

  • жолақтын тартуын автоматты реттейтін жүйесімен (ЖТАРЖ);

  • илемдеу жылдамдығын автоматты реттеу жүйесімен (ИЖАРЖ);

  • дистанционды қайтақұру жүйесімен (ДҚЖ);

  • жолақты орау және илемдеудің аяқталу температурасын автоматты реттеу жүйесімен (ЖОИАТЖ).

    1. Илемдеудің технологиялық үрдісі

      1. Слябтарды илемдеу кезіңдегі технологиялық операциялардың тәртібі және олардың ары қарай өңделуі

Жолақтарды НШПС-1700 өңдіру үшін дайындама ретіңде қалындығы 180, 200, 220 мм, ені 820 мм дан 1550 мм дейін, ұзындығы 7100 дан 7900 мм дейін және 7100 ден 7900 мм дейін салмағы 23 тоннаға дейін келесі болат маркалардың үздіксіз құйылған слябтар қолданылады: қайнаған және жартылай тыныш көміртегі құрамы 0,37% дейін; тыныш көміртегі құрамы 0,37% дейін; тыныш көміртегі құрамы 0,37% дан 0,50% дейін; тыныш көміртегі құрамы 0,50% кем емес; азлегірленген және легірленгендерқолданады. ҰҚД (ККЦ) құйылған сляб теміржол вагондарда ЛПЦ-1 тасымалданады және қыздыру үшін әдістемелік пештерде қыздырылады. Керекті температураға дейін қыздырылған сляб пештен алынып рольганг арқылы орнаққа тасымалданады.

Қаралық қапас топтарында слябтар илем қалындығы бойынша жаншылады, бұл дайын қаңылтырдың тазалық қапастарда алу үшін қолданылады. Жаншу кенейжаю шеттерінен басқа жолақтың керекті енінің өлшемдерінен басқа жаншуы тік отқабыршықсындырғышта және тік әмбебапты қапас біліктерде №2-5 жүзеге асады. Пеш отқабыршығы гидроалудың толығымен алынуы дұрыс. Тазалық топ алдында кенейжаюда алдынғы және артқы ұштары қайшыларда кесіледі.

Керекті жағдайда тазалық орнақ топтар алдында кенейжаюды қалтаға алыптастағыш көмегімен және жүккөтергіш арқылы содан кейін алынады.

Қапас қозғалтқыштарына керекті жүктеулерді қамтамасыз ететіндей, нақты илемдеудің аяқталуының температурасы илемдеу жылдамдығының өзгеру жолымен, содан кейін тазалық топ жаншуларының режімдерін және илем қалындығын қамтамасыз ететіндей ғып жүзеге асырады.

Тазалық топтарда илемделген жолақтар, орамдыққа орау алдында керекті қасиеттерін қамтамасыз ету үшін сумен суыту үшін арнайы қондырғымен іске асады, бұл қондырғы орағыштар және орнақтың тазалық топ арасында орналасқан болады.

Суытуға жолақтардың құйма құрамына байланысты және арнайы режімдер бойынша қолданылуына байланысты жүзеге асады.

Орнақта илемделген барлық жолақтар (бүрмелермен және суып қалғандарды ескермегенде), бес орағыштарда оралады. Оралған орамдықтардың салмақтары өлшенеді.

Орағыштарда профиль сапасын бақылауы үшін жолақ беттерінің сынақтары іріктелінеді.

Конвейер бойынша ыссы илемделген орамдықтар ораудан кейін ыссы илемделген орамдықтар қоймасына жеткізіледі, одан мыналарға беріледі:

а) кесу агрегаттарына №I жіне №2 орамдықтарды қаңылтырларға бөлеміз;

б) экспорт металдардың қаптама стеллаждарына;

в) орамдықтарды тапсырыс берушілерге тапсыру үшін дайын өнім қоймасына жеткізу.

Көлденен кесілген пачка қаңылтырлар агрегаттарынан шенмен қаптау үшін дайын өнім қоймасына жеткізіледі, сонымен қатар қаңылтырларды термиялық өңдеу үшін нормалау агрегатына да жеткізіледі.

Пачкадағы қаңылтырларды және орамдағы дайын өнім тапсырыс берушілерге жіберілуі үшін теміржол транспорттарына тасымалданады. Суықтай илемдеу цехы ашылғаннан кейін ыссыилемделген орамдары суықтайилемделген қаңылтыр қайта өңдеу үшін 2200 мын.т/жылына мөлшерінде цех арасындағы конвейер арқылы суықтай илемдеу цехына тасымалданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]