Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prav НШПС дип (1).docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.44 Mб
Скачать

6.6 Жыл мезгілінің жылы кезеңінде қалыптайтын цехта, жылу артығы бойынша керекті ауа алмасуды анықтау

Цехтағы құрал-жабдықтың жалпы қуаты Nқұр = 120 кВт. Жұмыскерлердің саны 15 адам. Бөлменің көлемі 1020,5 м3. Нақты ауаның температурасы tнак = 22,3 °С, ылғалдылық  = 84%. Күн радиациясының жылуы Qкр = 9 кВт. Құрғақ ауаның меншікті жылу сыйымдылығы С = 0,237 Вт/кг·К; нақты ауаның тығыздығы Р = 1,13 кг/м3, сорып алатын ауаның температурасы tсор = 25,3 °С. Бір адаммен бөлінетін жылудың санын қабылдау, 0,116 кВт; құрал-жабдықтан 0,2 кВт – тан қуаты 1 кВт – қа дейін.

  1. Қажетті ауа алмасу, м3/сағ

  1. Адамдардан түскен жылу саны, кВт

= 0,116·15 = 1,74

  1. Құрал-жабдықтан түскен жылу саны, кВт,

= 120·0,2 = 24

  1. Қажетті ауа алмасу, м3/сағ,

6.7 Санитарлы-гигиеналық іс-шаралар

Өндірістік өнеркәсіптердің 1.01.00-94 санитарлы нормаларына сәйкес ыстықтай көлемді қалыптау әдісімен типті соғылмалар өндіретін цех ҚР-ның территориясында орналасқан. Қауіпті және зияндылығы жағынан өндіріс бірінші классқа жатады. Өндіріс орналасқан аймақ табиғи желдету, тура күн түсу ұатынасы бойынша санитарлық талаптарды қанағаттандырады, ағын сулардың ағып кетуін қамтамасыз ететін салыстырмалы түрде тегіс және еңкіш бетте орналасқан.

6.8 Микроклимат көрсеткіштерінің қолайлы және ықтимал мөлшері

Жабық өндіріс ғимараттарының (микроклимат) метерологиялық шарттарын сипаттайтын келесідей көрсеткіштер болып табылады:

  • ауаның температурасы;

  • ауаның орташа ықтималдылығы;

  • ауаның жүру жылдамдығы;

  • жылудың интенсивті сәул шығаруы.

Жұмыс аумағындағы тұрақты және тұрақты емес жұмыс орындарында рұқсат етілген көрсеткіштер орнатылады. Ықтималды және рұқсат етілген температура көрсеткіштері, қалыпты ылғалдылық, ауаның жүру жылдамдығы, өндіріс ғимаратының жұмыс аумағындағы көрсеткіш мөлшерін сәйкес келуге тиіс.

6.9 Жарықтандыру. Табиғи жарықтандыру

Табиғи жарықтандыру – бөлмелерді сыртқы қоршайтын құрылымдардағы жарық ойықтары арқылы көретін аспан жарығымен (тік немесе шағылған) жарықтандыру.

Адамдар тұрақты болатын бөлмелерде, қағида бойынша, табиғи жарықтандыру болуға тиіс.

Табиғи жарықтандырусыз ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға белгіленген тәртіпте бекітілген құрылыстық нормалар, өнеркәсіптің жекеленген салаларының ғимараттары мен құрылыстарын құрылыстық жобалаудың нормативтік құжаттары айқындаған бөлмелерді, сондай-ақ ғимараттардың үйасты қабаты және шығыңқы ірге қабаттарында орналастыруға рұқсат етілген бөлмелерді жобалауға жол беріледі.

Табиғи жарықтандыру бүйірлік, үстіңгі және құрастырылған (жоғарғы және бүйірлік) болып бөлінеді.

Кішігірім цехтарда біржақты бүйірлік табиғи жарықтандыру жағдайында ТЖК-нің минималды мәні бөлмелердің сипаттық тілігінің тік жазықтығы мен шартты жұмыс бетінің қиылысында жарық ойықтарынан неғұрлым алыстатылған қабырғадан 1м қашықтыққа орналасқан нүктеде, ал екіжақты бүйірлік жарықтандыру жағдайында – бөлмелердің ортасындағы нүктеде нормаланады.

Табиғи жарықтандырудың бірқалыпты еместігі бүйірлік жарықтандыруы бар бөлмелер үшін, үстіңгі және бүйірлік жарықтандыру жағдайында VII және VIII разрядтардың жұмыстары ордалып жатқан өндірістік бөлмелер үшін және бүйірлік жарықтандыру жағдайында Г, Д разрядтарының жұмыстары орындалып жатқан қосалқы бөлмелер мен қоғамдық ғимараттардың бөлмелері үшін нормаланбайды.

Еңбекке қолайлы жағдай жасауға, жұмыс орнының рационалды жарықтандырудың маңызы зор.

Өндірістегі жарық, жұмысшы ұзақ мерзім жұмыс істегенде көздің толуына шалдықпай, барлық операцияларды бақылау қажет.

Өндірістегі табиғи жарық бүйір терезелерден кіреді, ал жасанды – электр көзі арқылы енеді.

Электрлік жарық уақыттың қараңғы тәулігінде жұмыстарды жүргізу үшін немесе табиғи жарық көзінің жеткіліксіз жағдайында қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]