Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prav НШПС дип (1).docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.44 Mб
Скачать

5.5 Шығындардың кешенді статьялары

Кешенді статьяларға мыналар кіреді:

- Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындар;

- Цехтық шығындар;

- Жалпы зауыттық,өндірістік шығындар;

- Өндірістен тыс шығындар.

Ал бір ғана элементтен тұратын статьяларды- жай статьялар деп атайды.Оларға мына статьялар жатады:

- Негізгі материалдар;

- Жалақы қоры.

Кешенді статьялары бірнеше элементтерден тұрады.Олардың экономикалық тұрғысы әр түрлі болғанымен,негізгі өндірістік мақсаты біреу - өндірістік.

5.6 Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындарды есептеу

Өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтардың күтімі мен пайдалануына қаржы жұмсалады.

  • Жабдықтарды күту үшін жұмсалатын материалдық шығынның мөлшерін негізгі материалдың құнынан 3 пайыз ретінде алуға болады:

4402·0.03=132,06

- Өндірістік мақсатқа жұмсалатын энергиялар есептелген.

- Кәсіпорындағы көмекші жұмысшылардың жартысы жабдықтарға қызмет етумен айналысады.

- Амортизациялық жарналар келтірілген.

- Ағындағы жөндеуге арналған шығындардың мөлшерін элементтердің алғашқы құнынан 2 пайыз шамасындай алынған.

- Аз құнды тез тозғыш аспаптар мен қондырғыларды күтуге,жөндеуге,жаңартуға жұмсалатын шығындардың мөлшерін негізгі жұмысшылардың жалпы жалақыларынан 1 пайыз шамасында алу керек.

Цехтардың шығынын есептеу.Цехтық шығындарға өндіріс жұмыстарымен байланысты барлық шығындар жатады.

Мұндағығы шығындарды есептеу әдісі:

1)Көмекші жұмысшылардың,қызметкерлердің жалақылары есептелген.Әлеуметтік қамсыздандыру жарнасының және зейнетақы қорының мөлшерін жалпы жалақыларынан 26 пайыз шамасындай алу керек.

2)Техника инженерлердің,инженер-экономистердің және есепшот пен кіші қызметкерлердің жалақылары да есептелген.Әлеуметтік қамсыздандыру жарнасының және зейнетақы қорының мөлшерін жалпы жалақыларынан 26 пайыз шамасында алу керек.

3)Жарық түсіруге,тұрмыстық қажетке энергиялардың шығындары да есептелген.

4)Өндірістік және шаруашылық инвентарьларды күту үшін қажетті шығынның мөлшері элементтердің алғашқы құнынан 8 пайыз шамасындай алынады.

5)Амортизациялық жарналарда қарастырылған.

6)Ағындағы жөндеуге арналған шығындардың мөлшерінің элементтерін алғашқы құнынан 2 пайыз шамасындай алу керек.

7)Басқа шығындардың мөлшері негізгі жұмысшылардың негізгі жалақыларынан 3 пайыз шамасындай алынады.

Жалпы зауыттық шығындарды есептеу.Кәсіпорынның басқару мен жобалау жұмыстарын жасаған кезде жалпы зауыттық шығындардың мөлшерін негізгі жұмысшылардың жалақысынан 70 пайыз мөлшерінде алуға болады:

15142,52012·0,7=10599,76408 мың теңге.

Өндірістен тыс шығындарды есептеу.Өндірістен тыс шығындарға тұтынушыларға бұйымдарды тиеу,жіберу және тасымалдау шығындары жатады.Орта есеппен бұл шығындардың мөлшері зауыттық өзіндік құнынан 1 пайыз мөлшерінде алынады:

65858,7·0,01=658,587 мың теңге.

5.7 Өзіндік құнды есептеу

Өнімнің өзіндік құны екі түрлі әдіспен есептеледі.Бірінші әдіс бойынша калькуляциялық статьялар есептеледі.Мұндағы әр түрлі бұйымдарды өндіруде және оларды ақшаға айналдыруда жұмсалатын шығындарды анықтап білуге болады.

Екінші әдіс бойынша шығындар экономикалық элементтер бойынша есептеледі.

Мұндағы барлық өндірілетін бұйымдарға жұмсалатын шығындарды әрбір экономикалық элемент бойынша анықтап алуға болады.Егер де бір атаулы бұйым өндірілетін болса,онда осы екінші әдісті қолдануға болар еді,бірақ курстық жұмыстың мақсаты - өзіндік құнды есептеуде барлық әдістерді игеру,сондықтан берілген тапсырма бойынша өзіндік құнды есептеуде екі әдісті де міндетті түрде қолданған жөн.

5.3 – кесте - Өнімнің өзіндік құны

Шығынның калькуляциялық статьялары

Жылдық сомасы,мың теңгемен

1 Негізгі материалдар

4402

2 Негізгі жұмысшылардың жалақысы:

а)негізгі;

ә)қосымша

б)әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы қоры

50,670

3937,055231

3 Жабдықтарды күту мен пайдаланудағы шығындар

17765,5568

4 Цехтық шығындар

24396,61634

Барлығы-цехтық өзіндік құн

∑=65643,74849

5 Жалпы зауыттық шығындар

10599,76408

6 Жаңа бұйымдардың өндірісін әзірлеу мен игерудегі шығындар

211,99

Барлығы (цехтық өзіндік құнға соңғы екі статьяны қосып есептеу керек) - зауыттық өзіндік құн

∑=76455,5

7 Өндірістен тыс шығындар

764,555

Барлығы (зауыттық өзіндік құнға соңғы статьяны қосып есептеу керек) -толық өзіндік құн

∑=77220,057

5.4 – кесте - Өндірістік шығындардың сұлбасы

Экономикалық элементтердің шығындары

Жылдық сомасы,мың теңгемен

1 Негізгі материалдар

4402

2 Көмекші материалдар

88,04

3 Энергия (электроэнергия,тығыз ауа,су,бу)

14755,236

4 Негізгі және қосымша жалақы (сыйлықтар және қосымша төлемдер)

23926,13398

5 Әлеуметтік қамсыздандыру мен зейнетақының қоры

6220,794835

6 Өндірістік негізгі қордың амортизациясы

1996,0572

7 Басқа да шығындар

311,1476736

Барлығы - өндіріс барысында жұмсалған шығындар

∑=51699,41

    1. Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері

Экономикалық көрсеткіштерін есептеу үшін ең алдымен күрделі қаржының мөлшерін анықтап алу қажет.Күрделі қаржы былайша есептеледі:

Кқ=НӨҚ + АҚН, (5.10)

мұндағы НӨҚ - негізгі өндірістік қордың құны,мың теңгемен (31201,61)

АҚН - айналым қаражатының нормативы,мың теңгемен (1211,184)

Кқ=31201,61+1211,184=32412,794 мың теңге.

Күрделі қаржы - бұл осы кәсіпорынды ұйымдастыруға жұмсалатын қаражат,оны қайтару - кәсіпорын пайдасының қайнар көзі.Кәсіпорында жылдық пайданың мөлшерін өндіріп отырған бұйым пайдалылығының (рентабельдігінің) нормасы бойынша анықтайды.Мысалы,осы бұйымға норма бойынша қойылған пайдалылық 20 пайыз болатын болса,онда пайданың мөлшерін анықтау үшін мына формулаларды қолдануға болады:

Р = (П:Өтқ) 100, (5.11)

П = (Р:100) Өтқ, (5.12)

мұндағы Р - пайдалылықтың нормасы,пайыз;

П - пайданың мөлшері,теңгемен;

Өтқ - толық өзіндік құн,теңгемен.

Қазіргі уақытта бұйымдарға пайдалылықтың нормасын монополияға қарсы комитет белгілейді.Жоғарыда келтірілген мысалда пайданың мөлшері:

П = (20:100) Өтқ, (5.13)

П = 0,2 77220057=15444011,4 тенге

Сонда өндіріліп отырған өнімнің бағасы:

Б = Өтқ+П (тенгемен), (5.14)

Б = 77220057+15444011,4=92664068,4 тенге

Қазіргі уақытта бұйымдарды ақшаға айналдырған кезде мынандай салықтар салынады - қосылған құнға салық сату бағасынан 16 пайыз мөлшерінде,сұранысы мол бұйымдарға 10 пайыз шамасында.Сондықтан өндіріліп отырған бұйымдардың,тауарлардың толық бағасы:

Бт=Б+16%Б=1,16Б, (5.15)

Бт=1,16·92664068,4=107490319,3 тг.

Сұранысы мол тауарлардың сату бағасы:

Бс=1,26Б, (5.16)

Бс=1,26·92664068,4=116756726,2 тг.

5.5 – кесте - Технико-экономикалық көрсеткіштер.

Көрсеткіш

Мәні

1 Өндіріс үйдің өлшемдері

10х13 м

2 Қабаттар саны

5

3 Қабаттың биіктігі

2 м

4 Жұмыс ауданы

80 м2

5 Өндірістік үйдің құны

1330 мың теңге

6 Жердің ауданы

2500 м2

7 Негізгі жабдықтың саны

2 дана

8 Жылғы өнімнің құны

90000 мың теңге

9 Жұмыскерлердің жалпы саны

15 адам

10 Негізгі жұмысшылар саны

10 адам

11 Жылдық өнім бағдарламасы

40000 дана

12 Жылдық өнімнің пайдасы

90000000 мың теңге

13 Бұйымның құны

2250 теңге

14 Негізгі 1 жұмысшының еңбек ақысы (айлық)

24346 теңге

15 Қосымша 1 жұмысшының еңбек ақысы (айлық)

19150 теңге

16 ИТЖ еңбек ақысы (айлық)

34417 теңге

17 Цехтың шығындары

24396 мың теңге

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]