Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
prav НШПС дип (1).docx
Скачиваний:
29
Добавлен:
25.05.2015
Размер:
1.44 Mб
Скачать

6.4 Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Цехта 2 буауалы тоқпақ,1 гильотинді қайшы және жүк көтергіш 1 тонналық кран электр тогымен жұмыс істейді.Электр тоғымен жарақаттанудан сақтандыру үшін,электр тоғы түйіскен жағдайда жерге қосылғыш қондырғы (қолданылған) былай түсіндіріледі:жабдықтың метеллдың тоқ өткізбейтін беттерін жерге қосу,өйткені олар желіде электр тоғының кернеуі 24 В болуы мүмкін және одан да көп болуы мүмкін.

Электротехникалық құрылғыларды пайдалану және құрылғылар электротехникалық құрылғылардың барлық ережелеріне сәйкес келу қажет.

Электротехникалық құрылғылардың пайдалану қауіпсіздігі үшін, қоршаған орта ерекшеліктерімен сипатталатын өндірістік жағдайлар, электр жабдығының жеткілікті деңгейімен, электр тогының кернеу болуы қажет. Сондықтан электр жабдығы орнатылған бөлмелер, электр тогымен зақымдану қауіпсіздік деңгейі жағынан мына топтарға бөлінеді: жоғары қауіпсіз; аса қауіпті; жоғары қауіпті.

Электрлік жүйелер төменгілерді қамтамасыз ететін түрде жобалауға тиіс:

  • қызметкерлер мен жабдық үшін қауіпсіздік;

  • іске пайдалану сенімділігі;

  • өрт туындаудың ең төмен тәуекелі.

6.5 Желдету

Желдету– артық жылуды, ылғалды, зиянды және т.б. заттарды жояды, бөлмедегі ауаның алмасуын реттейді және ұйымдастырады, сондай-ақ микроклиматтық жағдайларды жұмыс немесе қызмет ету аймағында жақсартады. Желдету жергілікті және жалпы алмасу болып табылады.

Жалпы алмасу желдетуі бөлмесіндегі зиянды буларды, газдарды, шаңды, артық ылғалды, жылуды жоюға арналған немесе бөлменің бүкіл көлеміндегі зияндылықтардың мүмкіндігінше мәніне жеткізілуін қамтамасыз етеді.

Бөлмеге бір уақытта бірнеше зиянды заттар түсуі мүмкін. Бұл уақытта ауа алмасу әр зияндылыққа есептелінген, ал жобаланатын желдету жүйесі үшін, алынған ауаның көп мөлшерін қабылдайды. Егер бөлінетін заттар адам ағзасына бір бағытта әсер етсе, онда есептелінген ауаның көлемдері ұлғаяды.

Есептелінген ауаның көлемін бөлменің жұмыс аймағына жылытылған күйде беруі керек, ал ластанған ауа – бөлменің жоғарғы аймағынан бөлінетін зияндылықтарды жояды.

Ауаның көлемі, бөлмедегі көмірқышқылдың жоюлуын талап етеді, м/сағ,

L = G/(x2-x1), (6.1)

мұндағы G – бөлмеде бөлінетін көмірқышқылдың саны, г/сағ немесе л/сағ;

x2 – ауадағы жұмыс аймағының шоғыры, г/м3 немесе л/м3;

x1 – сыртқы ауадағы көмірқышқылдың шоғыры.

Бөлмеден зиянды буларды, газдарды және шаңды жою кезіндегі ауаның саны, м/сағ,

L = G/(с12), (6.2)

мұндағы G – бөлмеде бөлінетін газдардың, булардың және шаңдардың саны, мг/сағ;

с1 – сыртқы ауадағы көрсетілген зияндылықтардың шоғыры, мг/м3;

с2 – ауадағы жұмыс аймағында газдың, будың немесе шаңның мүмкін болатын шекті шоғыры, мг/м3.

Бөлмеден артық ылғалды жою кезіндегі ауаның саны, м3/сағ,

L = G/р · (d2-d1), (6.3)

мұндағы G – бөлмеде буланатын ылғалдың саны, г/сағ;

р – бөлмедегі ауаның тығыздығы, кг/м3;

d2 – бөлмеден жойылатын ауаның ылғал құрамы, құрғақ ауа г/кг;

d1 –ауаның нақты шамасының ылғал құрамы, құрғақ ауа г/кг.

Бөлмеден артық жылуды жою кезіндегі ауаның саны, м3/сағ,

, (6.4)

мұндағы Qар – бөлмеге түсетін артық жылудың саны, Вт;

С– ауаның меншікті жылу сиымдылығы, Дж/(кг*К);

г– бөлмедегі ауаның тығыздығы, кг/м3;

tсор– сорып алу жүйесіндегі ауаның температурасы, °С;

tна– нақты ауаның температурасы, °С.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]