Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккредиттеу.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.87 Кб
Скачать

15. Аккредиттеуге арыз беруге керекті құжаттар.

1. Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға мынадай құжаттар ұсынады:

1) аккредиттеуге өтінім ;

2) өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері;

3) мәлімделетін аккредиттеу саласының қағаздағы және электрондық жеткізгіштері;

4) сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорт ;

5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін).

Өтініш беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа байланысты тиісті ақпарат ұсынады. Өтінімді қоспағанда, құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.

2. 1-тармағының 1),3)-5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді .

3. Егер өтінім және (немесе) оған қоса берілген құжаттар белгіленген нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде ұсынылмаған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган құжаттарды қайтарудың себептерін көрсете отырып, олардың түскен күнінен бастап есептелетін бес жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайтарады.

3-блок

1. Техникалық реттеу туралы заң.

Техникалық реттеу туралы 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Соңғы өзгерістер ҚР 2013 ж. 4 шілдедегі № 130-V Заңын бойынша ресми жарияланғаннан кейін бір жыл өткеннен кейін қолданысқа енеді. Техникалық реттеу туралы заң 8 тараудан тұрады:

1-тарау. Жалпы ережелер (1- 16 баптар)

2-тарау. Техникалық регламенттер (17-19 баптар)

3-тарау. Стандарттау. Жалпы ережелер (20- 25 баптар)

4-тарау. Сәйкестікті растау (26- 34 баптар)

5-тарау. Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу (35- 36 баптар)

6-тарау. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау (37-43 баптар)

7-тарау. Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы (44- 45 баптар)

8-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер (46- 47 баптар)

Осы техникалық реттеу заңында аккредиттеу саласында қолданылатын негізгі ұғымдар:

аккредиттеу - аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім;

аккредиттеу саласы - аккредиттеу қолданылатын, ресми танылған сәйкестікті бағалау объектілері;

сәйкестікті растау саласындағы құжат - сәйкестікті растау жөніндегі аккредиттелген орган берген сәйкестік сертификаты немесе өнімді дайындаушы, беруші қабылдаған сәйкестік туралы декларация;

сәйкестік белгісі - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде, стандарттар мен өзге де құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар етуге арналған белгі;

сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат;

сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат;

сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторлар - уәкiлеттi орган айқындаған тәртiппен аттестатталған жеке тұлғалар;

сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрi - зертхана) - зерттеулердi, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін оның құрылымдық бөлiмшесi;

техникалық сарапшы - сәйкестігі расталатын объектіге қатысты арнаулы білімі немесе тәжірибесі бар жеке тұлға;

уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;