Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

айырымдылы шарасы 19.02.2015

.docx
Скачиваний:
15
Добавлен:
08.03.2016
Размер:
2.51 Mб
Скачать

Ақпан айының 19-шы жұлдызы күні Луганск 95 көшесінде орналасқан «SOS» Алматы балалар қалашығына топпен барып, қайырымдылық іс-шарасын өткіздік.

Қайырымдылық шарасы

Жүректен жүрекке» қайырымдылық іс-шарасы

Қайырымдылық шарасы

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық іс-шарасы

І-кезең

« Жүректен жүрекке » қайырымдылық іс-шарасын өткізу барысында ЕШТ: 303 (25) тобы 36 000 теңге көлемінде қаржы жинап, балалар үйіне қажетті азық-түлік, мектепке қажетті құрал-жабдықтар және балалар үйіне қажетті картридж алдық. Және де балалар үшін өз қолымыздан тәттілер, бауырсақ, торт-бәліштер, самса, қытырлақ нан, және тағы басқадай үй тағамдарын жасап, балаларға дастархан жайып бердік.

ІІ-кезең

Балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдартырдық. Концерттік бағдарламаны ұйымдастыруға барлық студенттер белсене атсалысты. Концерттік бағдарлама 1 сағат көлемінде жалғасып, ән айтудан, балаларға арналған ойындармен, флэшмоб-би ұйымдастырумен, қызықты сұрақ-жауаптармен өтті. Ойындардың нәтижесіне қарамастан барлық балаларға сыйлықтар бердік. Студенттер қолдарынан келгенше шын жүректерінен балаларға бақыт, шаттық, қуаныш үлестірді.

ІІІ-кезең

Концерттік бағдарламадан соң, балалармен емін-еркін, ашық-жарқын сұхбат жүргіздік. Балалар іс-шарамыз туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Және де олардың өмірлері, қызығушылықтары, болашаққа деген жоспарлары туралы әңгімелестік. Балалар үйіне барып, қайтқан соң біздің өмір туралы түсінігіміз түбегейлі өзгерді және өмір туралы тереңінен ойтолғаныс жасайтын болдық.

« Жетім көрсең, жебей жүр » - деп, дана халқымыз айтқандай көмекке мұқтаж балаларға әрдайым қол ұшын беріп жүрейік!

SOSАЛМАТЫ БАЛАЛАР ҚАЛАШЫҒЫна бара жатырмыз: