Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккредиттеу.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.87 Кб
Скачать

13.Аккредиттеудің ұлттық жүйесі.

Аккредиттеу жүйесiне:1) Қазақстан Республикасының Үкiметi; 2) уәкiлеттi орган; 3) аккредиттеу жөнiндегi орган; 4) аккредиттеу субъектiлерi; 5) аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар, техникалық сарапшылар кiредi. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сәйкестiктi бағалау саласында аккредиттеу аясындағы құзыретiне: 1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2) аккредиттеу жөнiндегi органды айқындау жатады. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде: 1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 2) аккредиттеу жөнiндегi органды айқындау немесе оны осы мәртебеден айыру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзедi; 3) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 1. Аккредиттеу жөнiндегi орган - акциялары не жарғылық капиталындағы үлестерi мемлекеттiк меншiкте болатын акционерлiк қоғам не шаруашылық серiктестiк ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға.

Акцияларға не жарғылық капиталындағы үлестерге иелiк ету және оларды пайдалану құқығын уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Аккредиттеу субъектiлерiне:

сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар;

сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары);

өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар жатады. . Аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар осы Заңға сәйкес сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады. Аккредиттеу, сәйкестiктi растау жөнiндегi, өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар өз қызметiн еңбек не азаматтық-құқықтық шарттың негiзiнде жүзеге асырады.

14. Тәжірибелік зертханаларға қойылатын жалпы талаптар.

Тәжірибелік зертханалар өз қызметін аккредиттеу туралы Заңға, ҚР Техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігінің тұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Тәжірибелік зертханалары өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден(орындаушылардан), өнімді берушілерден (көрсетілген қызметті) берушілерден және тұтынушалардан тәуелсіз болуы тиіс. Тәжірибелік зертханалары ҚР-ның өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес – шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Кез келген зертхананың заңдық статусы болуы тиіс

  2. Зертхананың тәуелсіздігі,әділдігі және қолсұқпаушылығы

  3. Тәжірибе жүргізуге зертхананың мамандалуы

  4. Барлық жұмысқа жауап беретін техникалық басшылықтың болуы

  5. Зертхананың белгілі бір бағытта жұмыс істеуіне арналған құжаттардың болуы тиіс

  6. Сәйкес білімдері,мамандары болуы тиіс

Зертхана сәйкес замандық қондырғылармен жасақталуы тиіс. Аккредиттеу органдарымен бірге жұмыс істеуі тиіс.