Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккредиттеу.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.87 Кб
Скачать

8. Сәйкестікті бекіту және зертханаларды аккредиттеу ұйымдары

Сəйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханаларды аккредиттеу техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сəйкес жүзеге асырылады. Аккредиттеу субъектілері: сəйкестікті растау ұйымдары, зертханалар болып табылады. EN 45003 стандарты бойынша аккредиттеудің типтік схемасы:

Басқарушы кеңес: осы ұйымның жұмысына тәуелді министрліктер, кәсіподақ және басқа құрылымдардан тұрады.

Бақылаушы кеңес: аккредиттеу ұйымын құрған мұшелерден тұрады, кеңес ұйымды басқарады.

Ұйымның басқарушы дирекциясы: басшы,эксперт-аудиторлардан құрылған, секретариат және бухгалтерия.

Сапа жүйесін қамтамасыз етуші: сапаны басқару саласында тәжірибесі бар штаттық жұмыскер.

Апелляциялық комиссия: ұсынушылардың тарапынан түскен арыздарды қарастырады. Аккредиттеу комиссиясы: аккредиттеуді жүргізетін эксперттердің отчеттерін қарап шешім қабылдайды.

Секторлық комитеттер: аккредиттеу салалары бойынша әртүрлі ұйымдардың мамандарынан құралған, ережелер мен процедураларды жобалау үшін. Аккредиттеу кезеңінде егер керек болса, сырттан эксперттер шақырылады. Аккредиттеу ұйымының үш бөліктен тұратын құжаттары болады: 1) Аккредиттеу ережелері бойынша жалпы құжаттар. 2) Аккредиттеу процедураларына арналған ішкі құжаттар. 3) Ұйым және оның жұмысы туралы ақпараттық мәліметтер

9. Өлшеу, талдау және жақсарту

Мәліметтерді өлшеу фактілерге негізделген шешімдерді қабылдау үшін өте маңызды. Жоғарғы басшылық ұйымның нәтижелік жұмысы мен мүдделі тараптардың қажеттіліктері қанағаттандырылғанына сенім білдіру үшін мәліметтердің тиімді өлшенуін, жинақталуын және валидациясын қамтамасыз ету қажет. Бұл қызметке өлшеудің нақтылығы мен мақсаттары, сонымен қатар ұйымды құндылықтармен қамтамасыз етуге арналған мәліметтердің болжамды түрде қолданылуы кіреді.

Ұйым міндетті түрде өз қызметін жақсарту және олардың іске асырылуын тіркеу бойынша әрекеттердің мониторингін ұдайы жүзеге асырып отыруы тиіс, себебі бұл алдағы уақыттағы жақсартулар үшін мәліметтерді қамтамасыз етуі мүкін.

Жақсарту бойынша қызмет барысында алынатын мәліметтерді талдау нәтижелері сол ұйымның қызметін жақсарту жөніндегі ақпаратты қамтамасыз ету мақсатымен басшылық тарапынан талдау үшін кірістердің бір қызметін атқарады.

Өлшеу, талдау және жақсарту кезінде төмендегілерді ескерген жөн:

- өлшеу деректерін ұйым пайдасына шешілетін ақпаратқа және білімге түрлендіру қажет;

- өнім немесе үрдістердің өлшеу, талдау және жақсарту жұмыстарын ұйымның сәйкес приоритеттілігін орнатуда қолдану керек;

- ұйым қолданатын өлшеу әдістерін мезгілімен талдап отыру керек, ал деректерді тұрақты негізде дәлдік пен толықтығына верификациялау керек;

- жеке үрдістердің ең жақсы жетістіктерімен салыстырылуын үрдістердің нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту құралы ретінде пайдалану қажет;

- тұтынушылардың қанағаттануын өлшеуді ұйым қызметін бағалау үшін өмірлік маңызды құрал ретінде қарастыру қажет;

- өлшеулерді қолдану, алынған ақпаратты жинау, оны барлық мүдделі тараптарға жеткізу ұйым үшін өте маңызды және қызметті жақсарту, мүдделі тараптарды тарту негізін құрайды; мұндай ақпарат өзекті болуы және дәл анықталып тағайындалуы тиіс;

- өлшеулерді талдаудан шығатын ақпаратты жіберудің сәйкес құралдарын қолдану керек;

- мүдделі тараптармен байланысты қолдау нәтижелілігі мен тиімділігін ақпараттың уақытында және дәл түсініктілігін орнату үшін өлшеп отыру міндетті;

- егер үрдістер көрсеткіштерінің критерийлері мен өнім сипаттамалары тұтынушыларды қанағаттандыратын болса, бұрынғыдай мәнін толық түсіну мақсатында сипаттамалары туралы деректердің мониторингі мен талдауын жүргізу міндетті;

- сәйкесінше статистикалық немесе басқа да әдістерді қолдану үрдіс сияқты өлшеу ауытқуларын түсінуге, сонымен қатар осындай ауытқуларды басқару көмегімен үрдіс көрсеткіштері мен өнім сипаттамаларын жақсартуға мүмкіндік туғызады;

- менеджмент жүйесін дамыту толықтығын, ұйым қызметінің деңгейін бағалау, сондай-ақ қызметті жақсартуға арналған мүмкіндіктерді анықтау мақсатында өзіндік баға беруді уақытында қарастырған жөн.

Ұсынылатын қызмет көрсетудің талаптарға сәйкестігін растау сол қызметтің операциялық және шығыс бақылауының үрдісінде іске асырылады. Кәсіпорында көрсетілетін қызмет сапасының өзгерісіне уақытында мониторинг жасалады және оған талдау жүргізіледі, соның ішінде, нәтижесінде жақсарту бойынша ұсыныстар қалыптасатын статистикалық әдістерді қолдану арқылы талдау ең маңыздысы болып есептеледі.

10. Импорттық өнімдерді сертификаттау. ҚР техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінде импортталатын өнімге қатысты келесі іс әрекеттер бекітілген:

  • Келісімге қатысушылар ТМД елдері берген сәйкестік сертификатын мойындау.

  • Қазақстан Республикасы Мемстандартымен аккредиттелген шетелдің сертификаттау бойынша органдарының берген шетел сертификаттарын мойындау

  • Сертификат ұстаушы болып келетін заңды тұлға немесе сертификат беруші сертификаттау органымен расталған, келісімге қатысушылар ТМД елдері берген сәйкестік сертификаттар көшірмесін мойындау

  • Қазақстан Республикасы ТР МЖ бекітілген талаптарға сәйкес өнімді сертификаттау.

ҚРда аталған құжаттар болмаған жағдайда өтінім беруші ұсынған, импорттаушы елдің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізіледі. Халақаралық, мемлекетаралық, ұлттық және аймақтық жүйелер немесе ҚР саудадағы серіктес елдерінің сертификаттау органдары берген шетел сертификаттарын мойындау туралы шешімді ҚР Мемстандарты осы жүйелерге қосылу немесе сол жүйелермен сәйкес келісім жасау арқылы қабылдайды. Келісімге қол қойылғаннан кейін Мемстандарт қол қойылғанын және мойындау шарттарын сертификаттау органдарына мәлімдейді. ҚР территориясына әкелінген өнім, кедендік мағлұмдамалау органдарында бекітілген ретпен кедендік рәсімдеуден өтеді. Сырттан әкелінген өнімді кедендік тексеруден өткізуге қажетті құжаттардан басқа негіз болатын құжаттар:

  • Келісімге қатысушы: ТМД елі сертификаттау органының сертификаты немесе сәйкестік белгісі;

  • ҚР ТР МЖ орнатылған рет бойынша аккредиттелген шетел ұйымдарының сертификаты немесе сәйкестік белгісі;

  • Сертификаттау органдарында тіркелеген өнімнің қауіпсіздігі туралы өтінім декларация.

11.Тәжірибелік зертханалар орындарына қойылатын талаптар. Тәжірибелік зертханалар өз қызметін аккредиттеу туралы Заңға, ҚР Техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігінің тұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Тәжірибелік зертханалары өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден(орындаушылардан), өнімді берушілерден (көрсетілген қызметті) берушілерден және тұтынушалардан тәуелсіз болуы тиіс. Тәжірибелік зертханалары ҚР-ның өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес – шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Кез келген зертхананың заңдық статусы болуы тиіс

  2. Зертхананың тәуелсіздігі,әділдігі және қолсұқпаушылығы

  3. Тәжірибе жүргізуге зертхананың мамандалуы

  4. Барлық жұмысқа жауап беретін техникалық басшылықтың болуы

  5. Зертхананың белгілі бір бағытта жұмыс істеуіне арналған құжаттардың болуы тиіс

  6. Сәйкес білімдері,мамандары болуы тиіс

Зертхана сәйкес замандық қондырғылармен жасақталуы тиіс. Аккредиттеу органдарымен бірге жұмыс істеуі тиіс.

12.Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары. ГОСТ 8. 009 бойынша өлше құралдарының төмендегідей сипаттамалары бар:

  1. Шкала бөлігінің ұзындығы

  2. Шкала бөлігінің құны

  3. Өлшеу аспабының көрсетуінің өзгергіштігі

  4. Өлшеу құралының өлшеу аумағы

  5. Өлшеудің номиналды мәні

  6. Өлшеу құралының сезгіштігі

  7. Өлшеу құралының сезгіштік сатысы

  8. Өлшеу құралының қателігі

Өлшеу құралының тұрақтылығы