Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккредиттеу.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.87 Кб
Скачать

2.En45003 стандартына сәйкес аккредиттеудің типтік сұлбасы.

Басқарушы кеңес - ұйымның жұмысына тәуелді министрліктер кәсіподақ және басқа құрылымдарынан тұрады.

Бақылаушы кеңес - аккредиттеу ұйымын құрған мүшелерден тұрады, кеңес ұйымды басқарады.

Ұйымның дерекциясы - басшы, эксперт аудиторлардан құрылған және сектетариат, бугалтерия.

Сапа жүйесін қамтамасыз етуші - сапа басқару саласында тәжірибесі бар штабтық жұмыскер.

Операциялық комиссия - ұсынушылардың тарапынан түскен арыздарды қарастырады.

Аккредиттеу комиссиясы - аккредиттеу жүргізетін эксперттердің есептерін қарап, шешім қабылдайды.

Секторлық аккредиттер - аккредитеу саласы бойынша әртүрлі ұйымдардың мамандарынан құрылған ережелер мен процедураларды жобалауға қатысады.

Аккредитеу керек болса, сырттан экспорттар шақырылады. Операциялық комиссияның 3 түрлі құжаты болады:

  1. Акредиттеу ережелері бойынша жалпы құжаттау.

  2. Аккредиттеу процедураларына арналған ішкі құжаттар.

Ұйым және оның жұмысы туралы ақпараттық хабарламалар.

3.Эксперт аудитордың атқаратын қызметі. Аккредиттеу жұмыстарына эксперт -аудиторлар қатысады – жоғары білімі бар , аккредиттеу мен аттестациялау салаларында жұмыс істеуге үшін , арнайы оқыған сəйкестікті бағалау жəне экономика салаларынада тəжірибелері бар мамандар . Эксперт - аудиторларды аккредиттеу бойынша Мемлекеттік ұйым Госстандарт келесі əрекеттер бағыты бойынша жүргізеді : - сапа жүйесін немесе өндірісті сертификаттау ; - өнімдерді сертификаттау ; - қызмет көрсетуді сертификаттау ; - сертификаттау мен тəжірибелік лабораторияларды аккредиттеу ұйымдары . Эксперт -аудиторларға қойылатын талаптар : а) эксперт -аудитор білуі тиіс жəне түсінуі : - Қазақстан Республикасының заңдар негіздерн ; - стандарттар , сертификаттау ережелекрі жəне тағы басқа нормативтік құжаттарды ; - өнім сапасын бағалау принциптері мен əдістерін , қарай , сұрау , тексеру , өндірістің жағдайын талдау , отчетті дайындау ; - тексерістерді өткізуді ұйымдастыру принциптері мен өткізу ( жоспарлау , ұйымдастыру , танысу жəне басқару ); - этика мен психологияның негіздері ; - сертификация саласындағы халықаралық ынтымақтастық; - практикалық əрекеттердің экономикалық жəне басқа бағыттары ; - Қазақстан Республикасының стандарттау , метрология жəне сертификаттау Комитетінің жəне ЕС инструкциялары . б) эксперт -аудиторлардың білімі кең, логикалық, аналитикалық ойлау қабілеттері бар , төзімді , ситуацияны объективті талдай білетін күрделі процестерді түсіне білетін жеке қасиеттері болуы тиіс . ндалады.

4.ҚР СТ ИСО 9001 стандартын қолдануға қойылатын талаптар. ИСО стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым. ИСО қызметі: әлемде халықаралық тауар мен қызметпен алмасуды қамтамасыз ету мақсатымен қызмен түрлері мен стандарттаудың дамуына үлес қосу , сонымен қатар, ғылыми техникалық, экономикалық, интеллектуалдық салаларды әріптестік қатынасты орнату. ИСО 9000 талаптары нақты жасалуы керек жұмыстарға негізделеді. Кәсіпорынның қалай жұмыс істеп, бекітілетінін өзі анықтайды және ол сапа үшін мекеме басшысы жауапкершілік деңгейін бекітеді. Ұйымды ИСО 9000 стандартымен сертификаттау үшін бірқатар талаптарды орындауы қажет:

  1. Мекеменің жоғарғы басшылығының қажетті ресурстар мен дайын персоналды сәйкес түрде қолдана отырып, мекеменің алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуге ИСО 9000 стандартына сәйкестігіне жету міндеттерін қабылдауы;

  2. Басшылық кеңесін ИСО 9000 стандартын оқыту және оның талаптарын түбегейлі түсінуі қажет;

  3. Сертификаттау бойынша агенттікті таңдау және бағалау. Бұл талап тіркеушіні табумен байланысты, яғни ИСО 9000 сәйкестігіне сертификаттауға уәкілетті тіркеушіні табу және регистрге тіркеу;

  4. Сапаға жауапкершілікті орнату. Тапсырма мен оқытудан кейін басқарушы сапаға және ұйымдағы сәйкес процестерге жауапкершілікті орнатады.

  5. Процедуралардың құрылымын жасау. Әрбір ұйымда бөлімшелер арасындағы өзара функционалды байланыстарды көрсететін құрылым болуы тиіс;

  6. Құжаттаманың стандартын анықтау;

  7. Мекеменің барлық қызметкерлерін ИСО 9000 саласында дайындау. Әрбір қызметкер оның талаптарын және мағынасын түсінуі қажет. Себебі сертификаттауға дайындау және оны жүргізу кезінде қызметкерлердің бәрі қатысуы талап етілген;

  8. Ішкі аудит топтарын дайындау. Топ мүшелері қызметкерлер арасынан алынады және ішкі аудит жүргізу сұрақтары бойынша оқытылады.

5.ҚР СТ ИСО 9001-2001 сапа менеджмент жүйелері. Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның қабылдаған ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар жиынтығында белгіленген. Стандарттау бойынша халықаралық ұйымы стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылады. ИСО 9000 халықаралық стандарты Қазақстанда ҚР СТ ИСО 9001-2001 жеке стандарттар түрінде енгізілген. ИСО 9001-2000 «Сапа менеджмент жүйесі. талаптар », ИСО 9004-2000 «Сапа менеджмент жүйесі. Іс әрекеттерді жақсарту үшін ұсыныстар.», ИСО 9000-2000 «Сапа мен. Жүйесі. Негізгі жағдайлар»,т.б. Қазақстанда менеджмент жүйесінің одан əрі дамуы екі бағытта жүргізілуге тиіс: 1. Белгілі бір қызмет саласы кəсіпорындары мен ұйымдарында ISO 9001; ISO 14001; ISO 22000; OHSAS 18001; SA 8000; ISO/IEC 16949; ISO 13485; ISO/IEC 27001 жəне т. б. сəйкес келетін жекелеген менеджмент жүйесін əзірлеу жəне енгізу. 2. Біріккен менеджмент жүйесін əзірлеу жəне енгізу. Сапа менеджмент жүйесі Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту өндірісті дамытудың жаңа басымдықтарын анықтады: Қазақстанда өндірілетін өнімнің бəсекеге қабілеттілігін арттыру; өндіруші өнеркəсіптен қайта өңдеуші кəсіпорынға көшуді жүзеге асыру; халықтың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру; тұтынылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін құру басты мақсаты болып табылады.