Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккредиттеу.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.87 Кб
Скачать

24.Өнімнің қызметтің сәйкестігін растау.

Сәйкестікті растау- нәтижесі обьектінің техныкалық регламенттерде, стандарттарда немесе шарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім.

1.Өнім (дәрілік заттардан, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникадан басқа) , процестер сәйкестікті растау обьектілері болып табылады.2.Өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды:1) өнiмдi өндiрушi (орындаушы) сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау нысанында;2) өнiмдi тұтынушы оның тапсырмасы бойынша сәйкестiктi растау жөніндегі органның сертификаттау жүргiзуi нысанында;3) сәйкестiктi растау жөнiндегi орган сертификаттау жүргiзу және сәйкестiк сертификатын беру нысанында жүргiзедi.3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды басқару мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi шеңберiнде жүзеге асырылады.4. Мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесi сәйкестiктi растау саласында бiртұтас саясат жүргiзудi қамтамасыз етедi және сәйкестiктi растаудың, сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың, жүйе тiзiлiмiн жүргiзудiң негiзгi ережелерi мен рәсiмдерiн және сәйкестiктi растау мақсаттарын iске асыруға қажетті өзге де талаптарды белгiлейдi.5. Қазақстан Республикасының аумағында өнiмнiң сәйкестiгiн растау мiндеттi немесе ерiктi сипатта болады.6. Сәйкестікті растау саласындағы шетелдік үлгідегі құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептік тіркеуден өтуге тиіс.

25.Илак-тың жұмысы.

Сынақ лабораторияларын аккредиттеу бойынша Халықаралық конференция (ИЛАК) 1977жылы тұңғыш рет шақырылды (Дания). Конференция жұмысының мақсаты, саудадағы техникалық кедергілерді сынақ лабораторияларын аккредиттеу жолымен қысқартулар болып табылады, ал олар сынақ нәтижелеріне жетер жолда, халықаралық деңгейде өзара сенім үшін ең маңызды қадам болып табылады. Илак шегінде халықаралық келісімнің екі түрі көзделеді: -сынақ хаттамаларын, сертификаттарды лабраторияларды аккредиттеусіз өзара тану бойынша келісім; -сынақ лабораторияларын аккредиттеудің ұлттық жүйелерін өзара тану бойынша келісім. ИЛАК балық өзінің сипаттамаларымен- жарғымен, рәсімнің жөн-жосықтарымен, түпкілікті хатшылықпен, бютжетпен және т.с.с. халықаралық ұйым болып табылмайды, ол харықаралық форум болып есептеледі, оның жұмысына жеке елдердің мамандары, заң және техникалық аспект жөнінде ақпарат және тәжірибе алмасуда мақсат еткен халықаралық ұйымдар қатысады, олар сауда және өнімнің сынақ нәтижесіне өзара ықпалын тигізеді. ИЛАК- тың жұмысшы органдары болатын комитеттер: конференция өткізу, аккредиттеудің саудада қолданысы, аккредиттеудің практикасы, сынақ нәтижесін ұлттық аккредиттеу лабораторияларын жүргізген жұмыстар бойынша өзара тануға жәрдемдесу, сынақ лабораторияларын аккредиттеуге қатысты сұрақтар бойынша халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық бойынша. ИЛАК- тың тағы бір жүргізетін бағыты сынақ лабораториялары жүргізетін сынаудың сапасы бойынша ұсынымдамалар жасау.