Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккредиттеу.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.87 Кб
Скачать

15. Өлшеу құралдарын аттестаттау.

Метролгиялық аттестация ҚР СТ 2.30-2007 «Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі» талаптарына сай жүргізіледі

Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшем құралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:

−автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;

−республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;

−осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үшін метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимде қолданылатын сериялап шығарылған өлшем құралдарының жеке даналары;

−сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінушілер) ұсынады.

Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі

Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады:

−өлшем құралдарына метрологиялық аттесттау жүргізуге өтініш;

−өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса);

−пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);

−өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы;

−өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде);

−әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.

Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынады:

−жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);

−метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеуіш каналдың құраушы элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар.

Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексеруші қондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады.

Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеру әдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін келісім шарт негізінде МҒМОның әзірлеуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауға ұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.