Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аккредиттеу.docx
Скачиваний:
85
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
118.87 Кб
Скачать

16. Серификаттауға қатысатын тәжірибелік зертханалардың критерилері.

Тәжірибелік зертханалар өз қызметін аккредиттеу туралы Заңға, ҚР Техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігінің тұтастығын қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Тәжірибелік зертханалары өнім (көрсетілетін қызмет) өндірушілерден(орындаушылардан), өнімді берушілерден (көрсетілген қызметті) берушілерден және тұтынушалардан тәуелсіз болуы тиіс. Тәжірибелік зертханалары ҚР-ның өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңнамасына сәйкес – шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарынан, олар жоқ болған жағдайда басқа елдердің шама бірліктері ұлттық эталондарынан шама бірліктерінің өлшемдерін алу арқылы өлшемдердің қадағалануын қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Кез келген зертхананың заңдық статусы болуы тиіс

  2. Зертхананың тәуелсіздігі,әділдігі және қолсұқпаушылығы

  3. Тәжірибе жүргізуге зертхананың мамандалуы

  4. Барлық жұмысқа жауап беретін техникалық басшылықтың болуы

  5. Зертхананың белгілі бір бағытта жұмыс істеуіне арналған құжаттардың болуы тиіс

  6. Сәйкес білімдері,мамандары болуы тиіс

Зертхана сәйкес замандық қондырғылармен жасақталуы тиіс. Аккредиттеу органдарымен бірге жұмыс істеуі тиіс.

17. Сапа менеджментінің негізгі принциптері.

Ұйымның қызметі табысты болу үшін оны жүйелі түрде және сырттан бақылай отырып басқару керек. Ұйымды басқаруға менеджменттің басқа аспектілерімен қатар сапа менеджменті де кіреді. СМЖ – бұл мекемеде сапа саласындағы мақсаттар мен саясатты қалыптастыру және сол мақсаттарға жету үшін жасалған жүйе. СМЖ басқа жүйе секілді өзінің міндетімен, құрылымымен, элементтер құрамымен және өзара байланысымен сипатталады.

Сапа менеджментінің принціптері

9000 ИСО сериялы халықаралық стандарттары 8 сапа менеджменті принціптеріне негізделеді:

  1. Тұтынушыға бейімделу;

  2. Басшылық жетекшілігі;

  3. Персоналды қызықтыру;

  4. Үрдістік тәсілдеме;

  5. Менеджментке жүйелі тәсілдеме;

  6. Ұдайы жақсарту;

  7. Факторларға негізделген шешімдерді қабылдау әдісі;

  8. Жеткізушілермен өзара тиімді орта құру.

1 принціп: Тұтынушыға бейімделу. Кәсіпорын тұтынушыдан тәуелді болып табылады. Тұтынушының қазіргі болашақтағы қасиеттерін түсінуі керек. Олардың ойларынан асып түсуге ұмтылуы керек.

2 принціп: Басшылар кәсіпорында бірыңғай мақсаттар, бағыттар болуын ондағы микроклиматты тағайындайды. Басшылар адамдардың кәсіпорын алдында тұрған мақсатқа жетуге тұтас бірадамдай қатысуына қол жеткізетіндей ішкі жағдайларды қалыптастыра бастауы қажет.

3 принціп: Қызметшілерді қызықтыру. Адамдар барлық деңгейде кәсіпорынның негізгі күші болып табылады. Оларды жұмысқа толық тарту олардың қабілетін кәсіпорынға көптеп жұмсауға мүмкіндік береді. Жұмысшы- қызметкер тек ғана жалақы алу үшін ғана жұмыс істеуші емес кәсіпорынның жанашыры болатындай жағдай жасауы керек. Әр адамның жеке мақсатының кәсіпорын алдындағы мақсатпен үйлесуі керек.

4 принціп:Үрдістік тәсілдеме. Ойлаған нәтижеге әрекет тиісті қорларды үрдіс ретінде басқарған жағдайда тиімді түрде жетуге болды. Үрдіс бір немесе бірнеше оларды жүзеге асырғанда кірістер шығысқа айналатын әрекет түрлері болып табылады.

5 принціп. Өзара байланысындағы үрдістерді жүйе ретінде шығарып алу, тану, басқару. Ұйымның мақсатқа жетуіне, нәтижелік тиімділігіне үлес қосады.

6 принціп. Ұйымның тұрақты мақсаты оның әрекетін ұдайы жақсарғаны болып табылады. Бұл принціпті жүзеге асыру түзетуші, алдын алушы әрекеттер жүргізуі керек. Ұйымның сапа менеджментінің жүйенің тиімділігін жоғарылату өлшеу үрдісін кеңінен қолдау нәтижесінде алынған фактілерінде негізделу керек.

7 принціп. Тиімді шешімдер, деректер, ақпараттар талдауына негізделген. Басқарушы шешімдер мен әрекеттер өнімдердің максимал және минимал шығындарын қамтамасыз етуі керек. Бұл әрекеттер шығындарды көбейтуді көрсетеді.

8 принціп. Ұйым мен оның жеткізушілері өзара байланысты, олардың өзара пайда қатынасы екі тарап “ұйым-орта” құруға мүмкіндік береді. Бұл принціп екі жақтың арадағы бағдарлық-серіктестік қарым-қатынастар орнатуға негізделеді. Бұл қарым-қатынастар техникалық процестерді әзірлеу, жетілдіру жұмысына екі жақтың да қатысуын жеңілдетеді. Өзара сенімділік тудырады. Бұл процесті қамтамасыз ету үшін кәсіпорын жеткізушілер алдында процестер құжаттанған талаптар қоюы керек. Сол жеткізушіге оған қойылған талаптарды орындауға қабілеттілігін талдау үшін баға беру процестерін жеткізу керек. Бұл жерде кәсіпорын мен жеткізуші бірлесіп жұмыс істеуі керек. Екі жақтың да әрекеттерінің бір мақсатпен басқарылуы нәтижесінде ұдайы жақсартуға қол жеткізуге болады.

18. Сертификаттау кезінде қолданылатын бақылау түрлері. Бақылаудың мақсаты – өнімнің нормативтік құжаттарда көрсетілген тәжірибе нәтижелерімен сәйкестігін бекіту.Кейде бұл мақсаттарды эксперттер шешеді,мұны эксперттік бағалау д.а. Бақылаудың сапасы – белгіленген шекарада параметрлерді табудың сенімділік деңгейі болып табылады. Бақылау бойынша дәлдік көрсеткіші – 1 және 2 қателіктердің болу ықтималдылығы. Бақылау түрлері негізгі үш топқа бөлінеді: бақылау кешеніне тәуелділігі, бақылау құралдарына тәуелділігі,бақылау әдісі мен сипатына тәуелділігі. Бақылау кешеніне тәуелділігі үшке бөлінеді:өнім,қызмет,сапа және өндіріс жүйелері. Өнімге: материалдар мен шикізаттарды бақылау;құрама бөлшектерді бақылау; тәжірибе және өлшеу құралдарын бақылау; техникалық қондырғылар, жабдықтар;өнімді қабылдау жатады. Қызметке: қызмет көрсетудегі технологиялық процесстерді бақылау;қызметтің нәтижесін бақылау жатады.Сапа және өндіріс жүйелеріне:өндірістік кезеңді және сапа жүйесінің элементтерін бақылау;персонал,мамандардың квалификациясын бақылау жатады.Бақылау құралдарына тәуелділігі үшке б.ді:сырттай бақылау;сезім мүшелері арқылы бақылау;инструменталды бақылау.Бақылау әдісі мен сипатына тәуелділігіне байланысты үшке б.ді:1)Өнім көлеміне сәйкес:тұтас бақылау;таңдап бақылау.2)Кешенге әрекет ету сипатына байланысты: активтік; пассивтік; бұзатын; бұзбайтын. 3)Тексерілетін параметрлердің жиындығы: геометриялық; физикалық; механикалық; химиялық; металлографиялық және т.б.